Образование: исследование устойчивое развитие



Pdf көрінісі
бет45/126
Дата03.03.2017
өлшемі11,35 Mb.
#7397
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   126

References

1.   Alderson, J.C. (2000) Assessing Reading, Cambridge, C.U.P. 

2.  Bamford, J. “Beyond grammar translation: Teaching students to really read.” A Handbook 

for Teaching English at Japanese Colleges and Universities. Ed. P. Wadden. New York: 

Oxford University Press, 1993, 63-72.

3.  Berardo Sacha Anthony, THE USE OF AUTHENTIC MATERIALS IN THE TEACHING 

OF READING, Vol. 6, No. 2, September 2006.

4.  Davis, C. (1995). ER: An expensive extravagance? ELT Journal, 49(4), p 329–336. 



301

5.  Day,  R.,  &  Bamford,  J.  (2004).  Extensive  reading  activities  for  teaching  languages, 

Cambridge University Press.

6.  Day, R., & Bamford, J. Top ten principles for teaching Extensive Reading, Reading in a 

foreign language. Volume 14/2, October 2002.

7.  Day,  R.,  &  Bamford,  J.  (1998).  Extensive  reading  in  the  second  language  classroom. 

Cambridge: Cambridge University Press.

8.  Grabe, W. F. Stoller (2002) Teaching and researching reading. Pearson Education. New 

York

9.  Hafiz, F.M. and Tudor, I. (1989) Extensive reading and the development of language skills. 



ELT Journal, 34(1), 5-13. 

10. Hedge, T. (2000). Teaching and Learning in the Language Classroom. Oxford: OUP.

11. Ianiro,  Sally  (September  2007),  authentic  materials,  Developed  by  the  California Adult 

Literacy Professional Development Project (CALPRO), under contract with the California 

Department of Education. Fact Sheet No.1

12. Jack C. Richards, Willy A. Renandya, Extensive Reading: Why Aren’t We All Doing It? pp. 

295-302, Cambridge Books Online, Cambridge University Press,2012.

13. Nuttall, C.  (1996)  Teaching  Reading  Skills  in  a  foreign  language  (New  Edition)  

Oxford, Heinemann.  

14. PAN Lichen,  Sub-skills Approach and Extensive Approach to Reading in TEFL, East China 

University of Political Science and Law, Journal of Cambridge Studies,112, 4/3 September 

2009.


15. Peacock, M.  (1997) The  Effect  of  Authentic  Materials  on  the  Motivation  of  EFL  

Learners  in English Language Teaching Journal 51.

16. Powell Steve, EXTENSIVE READING AND ITS ROLE IN JAPANESE HIGH SCHOOLS, 

The Reading Matrix ,5/2, September 2005 ,

17. Scharle, A. and Szabo, A. (2000). Learner Autonomy. Cambridge: CUP. 

18. Wallace, C. (1992) Reading Oxford, O.U.P. 

19.  www.erfoundation.org 

ТОПТЫҚ ЖҰМЫСТА ОРЫНДАЛАТЫН ТАПСЫРМАЛАРДЫ 

БАҒАЛАУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Ибраева А. М.

 Шымкент қаласындағы химия-биология бағытындағы

Назарбаев Зияткерлік мектебі

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ



Аңдатпа

Сабақ  барысында  жеке  жұмыстармен  салыстырғанда  топтық  жұмысты  бағалаудың 

өзіндік ерекшеліктері бар. Мұғалім үшін оның қиындығы топтық жұмысты ұйымдастыруда 

әр  оқушының  жұмысқа  түгел  қатысуы,  оқушының  тапсырманы  орындаудағы  белсенділігін 

бақылау,  оның  топ  жұмысы  талдауында  ұсынған  білімін  нақты  білу.  Топтық  жұмыс 

ұйымдастырылған сабақта әдеттегіден оқушылар талқылауы қызу жүретіндіктен, топтардың 

бір-біріне кедергі келтірмеуі де мұғалім назарында болуы қажет. Топта отырған оқушылардың 

деңгейінің  де  әркелкі  болуы  кейбір  оқушылар  өз  бетінше  тапсырманы  жақсы  орындаса, 

әлсіз оқушылар топқа арқа сүйеп, ортақ тапсырмаға жеткілікті үлес қоспауы мүмкін. Топтық 


302

5

жұмысты бағалауға қойылатын критерий де осы мәселелерді қамтуы тиіс. Топтық жұмысты 

бағалау  тақырыбын  сабақ  барысында  зерттей  келіп,  туындайтын  қиындықтарды  шешудің 

жолдарын қарастырдым.



Аннотация

В процессе урока проведение групповых работ в отличие от индивидуальных имеют свои 

особенности.  Сложность  заключается  в  определении  знаний  учащихся,  их  активности  при 

организации групповой работы, а также  насколько каждый ученик участвовал в выполнении  

задания, предложенного учителем. Учитель при выполнении заданий должен вести наблюдение 

за деятельностью групп с тем, чтобы при бурном анализе, увлеченном выполнении задания 

группы не мешали друг другу. Уровень учащихся в группах может быть разным. При групповой 

работе  слабо  мотивированные  учащиеся,  опираясь  на  активных  одноклассников,  чаще    не 

участвуют  или  не  проявляют  заинтересованность  в  выполнении  задания.  При  составлении 

критериев  оценивания  групповых  заданий  должны  учитываться  перечисленные  ситуации. 

Изучая проблемы оценивания групповых работ, мною были проанализированы пути решения 

данного вопроса.



Abstract

Group work and individual work both have their own distinctive characteristics. There are some 

difficulties in the organization of group work for teachers for example ensuring the participation of 

each student in all work. Supervising the activity of each student and ensuring that they perform the 

task according to their role in the group can be challenging. In lessons where the group work takes 

place students usually are involved in animated discussion and the teacher must try to keep students 

from interrupting each other. There is a possibility that weaker students will not contribute toward the 

common goal of the group and that they will leave the work to the stronger students. And the criteria 

for the assessment of the group work should consider these problems. Researching the issue of group 

work assessment during the lessons I considered the ways of solving possible problems.

                                                                                                                                                 

Республикамыздың білім саласына келіп жатқан өзгерістер мұғалімге оқу, оқыту, бағалау 

бойынша  жаңа  мақсаттар  мен  міндеттер  қойып  отыр.  Бағалау-оқыту  дағдысын  жақсарту 

мен  оқушылардың  білімдерін  жетілдіруді  анықтау  үшін  керек  болса,  сабақтың  тақырыбы, 

оқушылардың деңгейі, қойылған оқу мақсаты, арнайы сұрақтар мен тапсырмалар, ақпараттың 

кең мағынасы, барлығы осы үдерісте маңызды. Мұғалімдер сабақты жоспарлауда бағалау үшін 

қолданылатын әдіс-тәсілдерді терең түсінуі  қажет. Бағалау оқуды дамыту үшін жүргізіледі, 

алда орындалатын әрекеттердің барлығы, бұл қағиданы ескере отырып жоспарлануы қажет 

[1].  Сабақ  барысында  біз  тапсырмаға  негізделген  бағалау  тәсілдерін  қолданамыз.  Олар 

бізге оқушылардың негізгі білімдерінің дамуын және оны тиімді жолмен қолдану қабілетін, 

сонымен қатар, менің пәнімде тарихи тұрғыдан ойлау дағдыларын бағалауға мүмкіндік ашады. 

Оқушыларды бағалау жүйесі мінсіз, оңтайлы, тиімді, дәл болған сайын олардың білімі де артады 

[1].  Оқу бағдарламасындағы оқу мақсаттарының кейбіреулерін жетілдіру мен бағалау арқылы 

дамытуға қатысты өзгертулер мұғалімдерден алынған кері байланыстар мен мониторингтер 

негізінде жүргізіліп отыр. Дегенмен, осы бағдарлама мен критериалды бағалауды күнделікті 

қолданып жүрген практик-мұғалімдердің іс-әрекеттегі зерттеуі мен ұсыныстары, шешімдері 

маңызды екені түсінікті. Кейде керекті білім мен дағдыны бағалаудың орнына, оқу мақсатына 

жетуде  өзіміз  жасаған  критерийлердің  жетегінде  кетіп  қалатын  сәттеріміз  аз  емес.  Біздің 

алдымызда  оқушының  жұмысы  және  тапсырманың  критериі  жатады,  бағалау  арқылы 

білімдерін  жетілдіру,  оқушылардың  ойлау  қабілеттерін  дамыту,  білімді  таңдау  мен  арнайы 

ақпаратты қолдануын ескермеу орын алады [2].  Ілгерілеу әр тапсырмада тек концептуалды 

ойлау жағынан анықталмайды, сондай-ақ тарих пәні бойынша мазмұндық білімнің тереңдігі 



303

анықталады. Осы орайда кіріктірілген білім беру бағдарламасындағы оқу мақсаттары пәндік 

білімді  де,  дағдыны  да  дамытуға  бағытталған.  Кембридждік  әріптестеріміздің  тарих  пәнін 

концепттер  мен  арнайы  фокусқа  негіздеп  оқыту  тәжірибесі  оқушылардың  аналитикалық 

дағдысын дамытуға жақсы ықпал ететіндігін өз тәжірибеме енгізе отырып, анықтадым.

Мұғалім  оқу  бағдарламалары  мен  жоспарларына  сәйкес  пәндер  бойынша  табыс 

критерийлері негізінде оқыту мақсаттарын бағалауды жүзеге асырады. Оқушылар жұмысты 

жеке, жұппен, топпен атқарады. Осы жұмыстарды бағалауда мұғалім неге сүйенеді? Әрине, 

жетістік  критериіне  және  ПӨО  мен  мұғалімдердің  кәсіби  қауымдастығы  жасаған  жетістік 

критерийлерінің нұсқаулығына деп жауап беруге болады, бірақ топтық жұмыста әр оқушының 

жетістігін бағалауға негізделген нақты модель біздің қолымызда жоқ. Дегенмен, мұғалімдердің 

көпшілігі сабақ барысында топтық жұмыстарды ұйымдастырады. Ал осы жұмысты бағалауға 

келгенде кейбір қиындықтар туындайды. 

Менің  зерттеуімнің  мақсаты,  топтық  жұмыстарды  бағалауға  сыни  пікір  мен  басқа 

мұғалімдердің  жұмыстарынан  нұсқалы  ақпаратты  таба  отырып,  олардың  әрқайсысына 

басқаларынан артық қол жеткізетін бағалаудың әдіс-тәсілдерді анықтау. Топтық жұмыс тарихи 

тұрғыдан ойлау мен коммуникация дағдысын дамытуға көмектеседі

Топтық жұмыстың постер жасап қорғау, бірлесе презентация дайындау, топтық зерттеу 

жұмысы,  рөлдік  ойын,  бағалауда  қиындықтар  кездесетіндіктен,  осы  тақырыпты  іс-әрекетте 

зерттеу  арқылы,  шешу  жолдарын  анықтауды  мақсат  еттім.  Осы  тақырыпты  зерттеуге  алып 

келген себептер:

1.  Оқушылар  топтық  жұмысты  атқарғанда,  кейбір  оқушылардың  топтық  жұмысқа  ат 

салыспайтындығы;

2.    Сыни  ойлауға  бағытталған  кейбір  тапсырмаларда  пікірлердің  әртүрлілігі  топтық 

ортақ шешімді табуды қиындатып, жұмысқа қызығушылықты төмендетуі мүмкін;  

3.  Кейде  жақсы    жауаптар  мен  пікірлер  тыңдалмай  қалады,  себебі  топта  белсенді 

оқушылар бар, сондай-ақ ұяң оқушылардың да болуы; 

4.  Оқушылардың  көпшілігі  жеке  жұмысты  ұнатады,  себебі  коммуникациялық  дағды 

төмен;

5.  Топтық жұмыс барысында топтың кейбір оқушыларына сенім артуы;



6.   Топтық жұмыста дифференциациялық оқытуды жүзеге асырмау; 

7.  Топтық  тапсырмаға  қойылатын  критерийдің  топтық  жұмыс  жасап  отырған 

оқушылардың барлығы үшін тиімділігіне қалай қол жеткізу моделінің жоқтығы;

Зерттеу жоспары:

1.  Мұғалімдердің  топтық  жұмысқа  қатысты  пікірлері  (surveymonkey  сауалнамаcы 

арқылы)


2.  Топтық жұмыс жоспарланған сабақты бейнекамерамен түсіріп, сырттай талдау жасау

3.  Оқушылардың топтық жұмысқа берген кері байланысы

4.  Әріптестерімнің сабағындағы топтық жұмысты бағалау әдістерін көру

5.  Топтық жұмысты бағалаудың жетістік критерийерін жасап, осыны сабақта қолдану

6.  Проблеманы шешу жолдарын табу және оны тәжірибеге енгізіп көру

Осындай күнделікті байқалатын қиындықтар басқа әріптестерімде бар ма, осыны анықтау 

үшін сауалнама жүргіздім. 

Сауалнама сұрақтары төмендегідей:

1. Сіз өз сабағыңызда топтық жұмысты қаншалықты жиі ұйымдастырасыз?

•  жиі 


•  тақырыпқа байланысты 

•  өте сирек 

•  ұйымдастырмаймын 

2. Сізде топтық жұмысты бағалауда қиындық туындай ма? 

•  Туындамайды 


304

5

•  иә, кейде туындайды 

•  топтық жұмысты бағалау қиын 

•  Басқа жауап

3. Топтық жұмысты бағалауда негізінен көп кездесетін қиындық: 

•  Оқушылардың жұмысты теңдей орындамауы 

•  Топтық жұмысты бағалау объективті емес 

•  Жеке оқушылардың қиындығы мен деңгейін толық анықтай алмаймын

•  Басқа жауап

4.  Топтық  жұмысты  бағалап  болған  соң,  оқушылардан  алынған  кері  байланыста  көп 

кездесетін пікірлер қандай? 

•  Мен бағаммен келіспеймін, себебі мен басқалардан көп жұмыс жасадым

•  Топ менің ойымды ескермеді 

•  Келесі жолы мен жеке жұмыс жасағым келеді 

•  Маған топтық жұмыс ұнайды 

•  Басқа жауап

5.  Топтық  жұмысты  бағалауда  қандай  жетістік  критериін  қолданасыз?  (Ойыңызды 

жазыңыз)


6.Топтық  жұмысты  бағалауда  бағалау  объективті  болу  үшін  қандай  бағалау  тәсілі 

қолайлы? 

•  Нақты критерий құру 

•  Әр топта эксперт болуы керек 

•  Мұғалім кейбір оқушылардың жұмысқа қатысқандығын білу үшін, қосымша сұрақ 

қояды


7. Топтық жұмысты бағалаудың жеке жұмысты бағалаудан ерекшелігі неде? 

•  Топтық жұмыс арқылы оқушылар білім алмасып, бір деңгейге жетеді 

•  Топтық  жұмыс  коммуникацияны  дамытқандықтан,  баланың  осы  дағдысы 

тексеріледі 

•  Оқушылар өз қабілетіне қарай рөлді бөлісіп, тапсырма орындайды, қабілетіне қарай 

бағаланады. 

•  Топтық жұмыс арқылы көбірек идеяны талдап, бағалауға болады. 

•  Басқа жауап

Сауалнама бойынша:

Сауалнама  бойынша,  жауап  берген  56  мұғалімнің  40  пайызында  топтық  жұмысты 

бағалауда қиындық туындайды, 32 пайызы топтық жұмысты бағалау үнемі объективті емес, 

28 пайызы «дегенмен, топтық жұмыста оқушылардың коммуникациялық дағдысы  дамиды, 

оқушылар өз қабілетіне қарай рөлді бөлісіп, тапсырма орындайды, қабілетіне қарай бағаланады.

Топтық жұмыс арқылы көбірек идеяны талдап, бағалауға болады» деп санайды.

8  «D»  сыныбында  оқушылармен  топтық  зерттеу  жұмысы  ұйымдастырылған  сабақтан 

кейінгі  рефлексияларында,    «Мен  бағаммен  келіспеймін,  мен  басқалардан  көп  жұмыс 

жасадым»-32 пайыз, «маған жеке жұмыс ұнайды»-15 пайыз, «топ менің идеямды, ұсынысымды 

ескермеді»-39  пайыз,  «топтық  жұмыс  маған  ұнайды»-14  пайыз  болды.  Осы  зерттеулерден 

кейін менде мынадай ойлар қалыптасты:

•  Оқушыларда командамен жұмыс жасау дағдысын жетілдіру керек;

•  Топтық жұмысқа әр оқушының өзін көрсетуіне мүмкіндік беретіндей жетістік критериін 

жасау;


•  Оқушылардың барлығы бірдей топта өзінің талдауын, аргументін жариялай алатындай 

мүмкіндік беру;

•  Топтық жұмысқа арналған нақты критерий жасау;

•  Мұғалімнің топтық жұмыста әр оқушының жұмысқа қатысуын бақылауы;

•  Рөлдік тапсырмалар арқылы жасырын дифференциациялық оқытуды іске асыру қажет;


305

Топтық  жұмысты  бағалауды  жақсарту  мақсатында  8  сыныптарда  сабақ  барысында 

ұйымдастырылған топтық жұмыстарды бейнекамераға түсіріп, осы процесте топтық жұмысқа 

оқушылардың  қатысуын  бақыладым.  Осы  сабақтардың  әрқайсысында  топтық  жұмысқа 

жасалған жетістік критерийлерін өзгертіп отырдым. Топтық жұмысқа ортақ критерий жасалса, 

бағалау тиімсіз болады, егер оқушыларға рөлдік тапсырма ұсынып, «аналитик», «редактор», 

«журналист»  сияқты  рөлдерге  және  әр  рөлге  жетістік  критериі  жеке  жасалса,  бағалаудың 

тиімділігі артатынын анықтадым және оқушылардың дағдысы мен білімін бақылауға тиімді. Іс-

әрекеттегі зерттеуге кірісер алдында жасалған жоспар бойынша, алдағы уақытта әріптестерімнің 

сабақтарында топтық жұмысты бағалау тәсілдерін көру арқылы және өз сабақтарымда топтық 

жұмысты  бағалауды  түрлендіре  отырып,  зерттеу  толыға  түсетініне  сенімім  бар.  Сондай-ақ 

осы топтық жұмысты бағалауды жетілдіре түскісі келетін мұғаімдермен зерттеу тобын құрып, 

жұмысты бірге жүргізу.

•  Топтық жұмысты (топтық зерттеу жұмысы)  бағалау критериі:

•  Оқушының топтағы рөлі нақты анықталады (тапсырманың теңдей бөлінуі)

•  Топтағы ынтымақтастық және бірлесе зерттеу (топ мүшелері жұмысқа түгел қатысуы)

•  Белгіленген уақыттан аспау

•  Топтың әрбір мүшесінің зерттеліп жатқан мәселе бойынша терең ақпараттануы

•  Нақты тарихи фактілерді білуі және жауапта қолдануы

•  Зерттеу қорытындысын анық және логикалық құрылыммен жеткізіп, түсіндіруі

•  Тәртіптері  (өзге  топқа  кедергі  жасамау,  айқайлап  сөйлемеу,  басқа  жұмыспен 

айналыспау)

•  Басқа топтардың жауабын тыңдауы, жауапты толықтыруы 

Әдебиеттер тізімі

1.  Мұғалімге арналған нұсқаулық. Үшінші (негізгі) деңгей.  

2.  «www.sk.nis.edu.kz» сайты.

3.  Система критериального оценивания учебных достижений учащихся. Методическое 

пособия. Астана, 2013.

4.  Шакиров  Р.Х.,  Буркитова  А.А.,  Дудкина  О.И.  Оценивание  учебных  достижений 

учащихся. Методическое руководство. Бишкек. 2012.

ТОПТЫҚ ЖҰМЫС БАРЫСЫНДА ФОРМАТИВТІ БАҒАЛАУДЫ

 ТИІМДІ ҚОЛДАНУ

Игильманов М.Р.

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ 

Педагогикалық өлшеулер орталығы

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ



Түйінді  сөздер:  бағалау,  формативті  бағалау,  топтық  жұмыс,  стратегиялар,  оқушы, 

мұғалім.


Аңдатпа

Мақалада формативті бағалаудың әр түрлі әдістері топтық жұмыс аясында қарастырылған. 

Сонымен қатар, формативті бағалау әдістері оқушылар мен ересектерді бағалауды қамтиды. 


306

5

Аннотация

В данной статье рассматривается вопрос о различных методах формативного оценивания 

в  рамках  групповой  работы.  Кроме  того,    формативное  оценивание  охватывает  оценивание 

учеников и взрослых.



Abstract

The report is about different ways of estimation within the group.Also, this estimation is used 

to evaluate pupils and adults.

Бүгінгі таңда Қазақстандық білім беру жүйесінде формативті бағалау түрлері сындарлы 

оқу теориясының негізгі бөліктерінің болып табылады. Бұл бағалау түрлері негізінен оқушы 

білімін бағалауда және ары қарай дамытуда қажетті құралдардың негізі болып отыр. Сонымен 

бірге,  деңгейлік  курс  барысында  тыңдаушылардың  тәжірибесін  жақсарту  және  қолдау 

үшін  қажетті  тетіктердің  бірі.  Қазіргі  уақытта  әр  мұғалімнің  жеке  жетістіктерін  қасындағы 

әріптесімен  салыстырмай,  оны  білім  мазмұнын  меңгерудегі  кемшіліктерді  анықтауға  және 

шешу жолдарын табуға бағыттау керек. Сонымен бірге, мұғалім мен оқушы арасында сапалы 

кері байланысты орната отырып оқу материалын меңгергендігі жөнінде шынайы ақпарат алуға 

мүмкіндік жасайды.

Бұл мақалада топтық жұмыс барысында оқушыларды және ересектерді  сенімді, валидті 

бағалау  мәселесі  қарастырылады.  Топтық  жұмыс  оқушылардың  бойында  сыни  тұрғыдан 

ойлау  қабілетін  дамытуға,  білімді  өздік  меңгеруге  мүмкіндік  беретін  коммуникативтік 

қарым-қатынастың көп жақты түрі (оқушы+оқушы/ тыңдаушы+тыңдаушы, оқушы+мұғалім/ 

тренер+тыңдаушы,  оқушы+аудитория/  тыңдаушы+аудитория,  оқушы+топ/  тыңдаушы/топ). 

Педагогикалық тұрғыдан ең оңтайлысы топпен қарым -қатынасқа түсу, осы арқылы мұғалім 

мейлінше  көп  оқушымен  жұмыс  жасай  алады.  Осы  бағытта  Л.Выготскийдің  еңбектерінің 

орнын ерекше айтуға болады. Оның айтуынша, топтық жұмыс ол ең біріншіден қарым-қатынас 

болып  табылады.  Топтық  жұмысты  барлық  жастағы  топтармен  ұйымдастыруға  болады. 

Топтық  жұмыс  бірқатар  тәрбиелілік  мәселелерді  шешуге  мүмкіндік  береді.  Топпен  жұмыс 

барысында,  оқушылар/тыңдаушы  пікір  таласуға,  өз  көзқарасын  қорғауға,  өзгенің  пікірімен 

санасуға, дау-дамай жағдайларды шешуге, мақсатқа жету үшін топ болып, ақылдаса жұмыс 

жасауды үйренеді. Осы арқылы оқушылар қоғамға бейімделеді, тыңдаушылар (тыңдаушылар 

– деңгейлік курс аясындағы мұғалімдер) өздерін оқушы ретінде сезініп, әдістерді тереңірек 

түсінуге  мүмкіндік  туады.  Оқыту  үрдісіндегі  тағы  да  бір  маңызды  мәселе  бағалау  болып 

табылады. Бағалау туралы ой қозғамас бұрын, «бағалау не үшін керек?» деген сұраққа жауап 

беріп көрелік. Бағалау оқу процесін жақсартуға септігін тигізе алады ма? деген сұрақтар туады. 

Тақырып аясындағы зерттеулер нәтижесі мұның әбден мүмкін екендігін көрсетеді. Бұл жерде 

бағалаудың қай түрі екенін анықтап алу керек. Оқу үрдісінде қалыптастырушы бағалаудың 

ролі мен маңызы, алатын орны ерекше. Бағалау бойынша зерттеулерде формативті бағалауды 

оңтайлы қолдану арқылы оқу жетістіктерін жоғарылатуға болады деп көрсетілген. Формативті 

бағалау  сыныптағы  күнделікті  жұмыс  барысында  жүзеге  асырылып,  оқушының  ағымдағы 

оқу үлгерімінің көрсеткіші болып табылады. Формативті бағалау стратегия түрлері арқылы 

оқыту үрдісін жақсарту үшін бағалау формасы. Мұндағы ерекшелік оқушының тікелей өзін 

емес, оның жұмысын бағалау болып табылады. Бұл бағалауда ең негізгісі жетіспеушіліктер 

мен кемшіліктерді көру емес, олардың жақсы жақтарын көре отырып бағалау үрдісін жүргізу 

маңызды болып табылады.

Топтық жұмыс түрін қолданғанда   топтың қол жеткізген  нәтижесі  ғана  маңызды емес, 

қандай жолдармен  жеткендігі маңызды. Бұл бағалауда жұмыстың нәтижесі ғана емес,  сонымен 

қатар жұмыстың  үрдісі  маңызды  екендігін   білдіреді. Топта жұмыс жасай білу - маңызды 



307

құзіреттілік,  сондықтан оны  оқушылардың   бойында қалыптастырып  және  қалыптасуына 

жағдай жасап отыру  қажет. Формативті бағалау берілген жәйтте оқыту үрдісінің  бір бөлігі 

болып саналады,  өйткені  топтық жұмыс талқылауды,  сұрақ қоюды,  кері байланыс орнатуды   

қажет етеді.  Мұғалімнің    топтық  жұмыстарды бағалауда  міндетті түрде баға қою керек   

еместігін есте ұстағаны  маңызды.Топтық жұмыс барысында бағалау бірнеше топқа бөлінеді:

•  Мұғалімнің әр топты бағалауы;

•  Бағалау қызметін кейбір қатысушы мұғалімдермен атқару;

•  Өзін-өзі бағалау, өзара бағалау, мұғалім мен қатысушының бірігіп жасалған топтық 

жұмысының бағалауы.

Топтық жұмыс жасау үшін бірнеше шарт орындау керек. Мұғалім басынан  қатысушыларға 

бәрін түсіндіру керек.

•  Топтық жұмыс жасау үшін бағыты мен тақырыбы сәйкес келу керек.

•  Тапсырмаларды  бағалау  (жасап  жатқан  топтағы  жұмыстың  бағасы  және 

қорытындының бағасы)

•  Кім  бағалайды  (мұғалім,  мұғалім  және  қатысушылар,  тек  қатысушылар,арнайы 

қазылар алқасы)

•  Уақыттың  мерзімі  және  топтық  жұмыстың  нысаны  (егер  топ  қалыптасса  ұзақ  

мерзімді, бір сабақтан кем емес, тапсырма)

•  Бағалау үдерісін хабарлау;

•  Міндетті түрде жеке жұмысты бағалауы(егер ол бағаланса)

•  Жалпы  топты  бағалауы  (бір  адам  бәріне  жауап  береді,  ал  барлығы  біреуіне  жауап  

береді)

Егер де мұғалім алдын ала бағаны шығаруға жоспарлап қойса, топқа әр түрлі бағаны 



қоюға  қажет  емес,  тұжырымдама  топтық  жұмысқа  сәйкес  келмейді.  Осындай  жағдайда  да 

мұғалім жұмыстарын көтермелеу керек. Топтың қатысушылары өздерінің нақты міндеттерін 

білгенде, өте ыңғайлы. Топтың жұмысын бағалау кезінде мұғалім құрастырған критерийлер 

негізінде жасалған бағалау парақтарымен топтарды алдын ала таныстырғаны абзал. 2012 жылы 

USAID баспасынан шыққан Шакиров Р. Х., Кыдыралиева М. Ф., Сахарова Г. Н., Буркитова А.А. 

«Формативное  оценивание  на  уроках  математики»  әдістемелік  нұсқаулығында  көрсетілген 

тәсілдерді әр мұғалім өзінің пәніне бейімдеп алуға болады.

 Мысал ретінде, жоғарыдағы аталған нұсқаулықта көрсетілген кестені ұсынамын: (бұл 

форманы тоқсан бойына, жарты жылдыққа пайдалануға болады)

Топтың жұмысын бағалау

Топтың 



Топтағы 



ынтымақтастық

(міндеттердің 

бқлініп орындалуы)

Тәртібі


(басқа топтың 

жұмысына 

кедергі 

келтірмеу, 

тапсырманы 

орындап 


отырғанда 

алаңдамау, 

дауыс 

көтермеу)



Тапсырма, 

тақырып 


мазмұнының 

ашылуы


Басқа топтардың 

таныстырылымын 

тыңдауы, сұрақ 

қойып, қосымшамен 

толықтыруы

Жалпы 


балл

І

ІІ



ІІІ

308



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   126




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет