Қарастырылатын мәселелер
Мәтіндегі көрінісі және
кейіпкерлер сипаты
1
2
3
Мыңбұлақ тұрғындарының басына түскен қиындық түрлері
Ұлттық құндылықты танытатын 3 маңызды деталь
Автордың көзқарасын айқындайтын 3 идея шығарыңыздар
Айқындалған ұлттық және адами құндылықты автор қай кейіпкер
арқылы берген? Оның 3 сипатын анықтап, баға беріңіз.
Жетістік критерийі: Ұлттық құндылықты танытатын 3 маңызды детальді анықтап,
автордың көзқарасын айқындайтын 3 идея туындата алады. Бас кейіпкер әрекетіне (3 түрлі
сипатын анықтап) баға бере алады.
Ықтимал жауаптар: Қиындық сипаттары: соғыс, «ақ мылтық» - сұрапыл боран, суықтан
тоңу, ауыру, көкжөтел. Ұлттық құндылықтар:
шаңырақ (қара шаңырақ ұғымы - отбасының амандығы, ұрпақ жалғасы, ұрпақ
сабақтастығы, ел болашағы) «Шаңырағың биік болсын, босағаң берік болсын! Шаңырағың
шайқалмасын!» деп тілек айтқан.
Табиғат байлығын сақтау. Байшынарға қол тигізбеу.
Ұлт саулығын сақтауға көмектескен, ұрпақ сабақтастығына жанашырлық танытқан
емшілік қасиетті дәріптеу. Қиындық кезінде сынға түскені: ұлттық және адами құндылықтар.
«Тілшілер» тобының тапсырмасы: 1.Зерттеушілер, экологтар, кейіпкерлер тобынан
сұхбат алу үшін шығармадағы құндылықтар мен кейіпкерлер ұғымындағы кереғарлықтар мен
ұқсастықтарға байланысты (Неге?) 2-3 сұрақ құрастырыңыздар. Сұхбатты жүргізіңіздер.
2.Ұлттық және адамгершілік құндылыққа қайшы келетін әрекеттердің туындауының
себеп-салдарын сұрап, анықтап, автор көзқарасын талдап, нәтижесінде шағын мақала немесе
сұхбат жазып, газет немесе журнал түрінде ұсыныңыздар.
Жетістік критерийлері: Құндылыққа қайшы келетін әрекеттердің туындауының себеп-
салдарын сұрап, анықтай алады. Сұхбат нәтижесінде шағын мақала немесе қызықты сұхбат
жазып (Сөз саны-70), жазылым жұмыстарын газет түрінде ұсынады. «Кейіпкерлер үні»
тобының тапсырмасы:
1.Белгілі бір кейіпкерлердің (Байшынар, Кенжекүл, Бахтияр баба бағы, Ахмет,т.б.)
рөлін иемдене отырып, ұлттық құндылықтар мен автордың көзқарасын айқындайтын идея
тұрғысынан әсерлі монолог немесе диалаог құрастырыңыздар. Ең үздік монолог даярлаушыны
таңдап алыңыздар.
2. Кейіпкер үнін жеткізіп, әсерлі түрде ортада орындаңыздар.
Жетістік критерийлері: Өзіне лайықты белгілі бір рөлді таңдай алады. Ұлттық
құндылықтар мен автордың көзқарасын айқындайтын идея тұрғысынан әсерлі монолог
немесе диалаог құрастыра алады. Кейіпкер үнін әсерлі жеткізе алады.
«Экологтар» тобының тапсырмасы:1.Шығармадағы биоалуантүрлілікті (шөптың,
ағаштың атаулары мен сан алуан түрлерін) жазушы не үшін қолданған? Одан қандай
құндылықтарды танисыздар? Талқылаңыздар.
2.Биоалуантүрлілікті ұлттық құндылық және кейіпкерлер бейнесімен байланыстырып,
постер әзірлеңіздер.
Жұмыстарын қорғауға 15 минут уақыт беріледі. (Әр топқа 3 минут,«Кейіпкерлер үні»
365
тобына 5-6 минут) Сабақта «Дербес пікірді» бағалаудың критерийлері бойынша өздеріне баға
беріп, топта талқылап, сөйледі [6,194-б.].
Тапсырмалар
Критерийлер
Көрсеткіштер
+ -
Пікір/
көзқарас
Нақты айқындалған.
Басқалардың түсінуі үшін қиындық туғызбайды.
Дәлел/
аргумент
Қоғамдағы кең қолданыстағы құндылықтарға, сілтеме
жасалады.
Нанымды және сенуге тұрарлық.
Мысал
Қоғам өмірі үшін салдарын, артықшылықтары мен зардабын
анық көрсетеді.
Қорытын-дылау
Көзқарас пен пікір мәні нақты, қысқа әрі нұсқа.
Проблеманы шешуде қолданыс табатын нақты ұсыныстар
келтірілген.
Барлығы:
Күрлендірілген оқу тапсырмалары арқылы оқушыларымның ойлау қабілетінің
жылдамдығы артты, жауапкершілігі мен белсенділігі, өзін-өзі өзектілендіруі, мақсат қоя
отырып, нәтижеге қол жеткізуі мен талпынысы дамыды. Байқағанымыздай күнделікті сабақ
барысында тілді тиімді меңгертуде белсенді әдіс-тәсілдерді түрлендіріп қолдану, сондай-ақ,
сұрақты біртіндеп күрделендіріп қоюға (Блум таксономиясы бойынша) мән беру арқылы
оқушылардың сыни ойлауы, тілдік дағдыларын арттыру тиімді жүзеге асатынына көз жеткіздік.
Оқу тапсырмаларын «Өзгеріс» концептісіне негіздеп құрғанда, тапсырманың күрделенетініне
көз жеткіздік. Дегенмен, дарындыны дамытуда алдағы уақытта үйренеріміз көп.
Қорытындылай келгенде, оқу тапсырмаларын күрделендіру арқылы оқушыларымыз
идеялар туындата отырып, пікір қалыптастыра алатын орта құра алдық. Бұл - бірлесіп
жоспарлаудың нәтижесі. Әр мектепте дарындылықты дамытуға байланысты арнайы
зертханалар жұмыс жасаса, креативтілікті дамытуға жол ашылмақ.Болашақтың нұрлы болуы
бүгінгі педагог мамандардың бірлескен қажырлы еңбегі мен оңтайлы бастамаларды қолдай
отырып, іс-тәжірибеге батыл енгізе алуында екенін баса айтқым келеді.
Әдебиеттер тізімі
1. ҚР педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курстарының бағдарламасы.
Мұғалімге арналған нұсқаулық.Үшінші (негізгі) деңгей. «НЗМ» ДББҰ, 2012.
2. Мирсеитова С., Іргебаева Ә. Әрекеттегі RWCT философиясы мен әдістері. Алматы:
ИздатМаркет, 2004.
3. Развитие одаренности детей. АОО «Назарбаев Интеллектуальные школы». 2012.
4. «Қазақ әдебиеті» пәні бойынша оқу бағдарламасы. Негізгі мектеп. «Назарбаев
Зияткерлік мектептері» ДББҰ. Астана, 2014.
5. Әдебиет. Жалпы білім беретін мектептің 7-сыныбына арналған оқулық. Алматы,
Мектеп, 2013.
6. Әлімов А.Қ. Интербелсенді әдістемені ЖОО-да қолдану мәселелері. Оқу құралы.
Алматы, 2013.
7. «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ. Қазақ әдебиеті бойынша оқу жоспары.
Астана, 2014.
366
5
КОЛЛАБОРАТИВТІК ЗЕРТТЕУ АРҚЫЛЫ САБАҚТЫ ЗЕРДЕЛЕУ
Іскендірова С. А.
Бейнеу гимназиясы
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
Түйінді сөздер: коллаборативтік зерттеу, Lesson study, циклді жоспарлау, сыни тұрғыдан
ойлау әдістері.
Ключевые слова: коллаборативное исследование, Lesson study, планирование цикла,
методы развития критического мышления.
Keywords: collaborative research, Lesson study, planning the cycle, methods of developing
critical thinking.
Аңдатпа
Аталған мақалада ауылдық жердегі мектеп-гимназия мұғалімдерінің мектептегі
тәжірибені жетілдіру мақсатында бірлесе жоспарлап өткізген Lesson study – жаңаша түрде
сабақты зерделеу тәсілінің нәтижесі сипатталған.
Аннотация
В данной статье на основе исследования инновационного подхода Lesson study
определены итоги модернизации и усовершенствования школьной практики, осуществленной
группой учителей школы-гимназии сельской местности.
Abstract
The article, based on a study of the innovative approach Lesson study determines the outcome of
the modernization and improvement of school practice, held by the teachers at the school gymnasium.
Мектептегі шығармашылық топтың кезекті отырысында мектепті дамыту жоспары
бойынша бойынша Lesson study өткізу жоспарланды. Ол бірнеше қадамдардан тұрды: Бірінші
LS бірлесіп жоспарлау; Проблемалық тақырып және стратегия таңдау. Бұл жерде LS тобы
зерттеу жұмысының проблемалық тақырыбын А,В,С оқушыларының мүмкіндіктерін СТО
әдістерін қолдану арқылы дамыту деп алды.
“Бақылаудағы” оқушыларды, олардың деңгейін анықтау барысында А оқушы ретінде
Искендирұлы Айбек, В оқушы ретінде Ақбатыров Еламан, С оқушы ретінде Умашев Алдан
қабылданып, әр пән мұғалімі осы оқушылардың өз пәндері бойынша білім деңгейлерін
нақтылап жазды. Бақылаушылар арасында кім қай оқушыны бақылайтынын келісім жасалып,
Жеткізгенова Күнжақсы А оқушыны, Дүйсенғалиева Анар В оқушыны, Іскендірова Сәния С
оқушыны бақылайтын болды. Утегенов Жұмабек сырттай бақылаушы ретінде шақырылды.
Бірінші деңгей мұғалімі Аймағамбетова Сәнім LS тобының жетекшісі ретінде циклдерді
ұйымдастыру міндетін қолға алды. Бақылаудағы оқушылардың табыс критерийлерін сабақ
құрылымына қарай шығарылды [1, 44-б.]; Сабақ беруші мұғалім сабақ соңында күтілетін
нәтижені сипаттап жазып келді. Сабақтан соң өткізілетін сұхбаттасуға сұрақтар дайындалды.
Бірінші LS –ті өткізу/ қадағалау, бұл жерде бірінші сабақ информатика сабағы болды. Сабақтан
соң оқушылармен сұхбат жасалынды.
Бірінші LS талқыланып, екінші LS циклі бірлесіп жоспарланды. Екінші циклде ағылшын
тілі сабағы өтті. Әр бақылаушы мұғалімге алдын-ала төмендегі үлгідегідей кесте таратылды.
367
Бақылаушы мұғалім жауап беру кезінде олар қалай бақыланды деген бос тұрған графаны сабақ
үстінде толтырып отырды.
Сабақты жоспарлау, бақылау және талқылау кестесі
Пән: Ағылшын тілі Сабақтың тақырыбы: Seaweed and beaches
Мұғалім: Іскендірова Сәния / бақылаушы: Дүйсенғалиева Анар
Проблема: А, В, С тұлғаларының мүмкіндіктерін СТО әдістерін қолдану арқылы дамыту
Lesson Study-дегі оқу мақсаты қандай? СТО әдістерін қолдану арқылы меңгеруге мүмкіндік жасау,
компьютерде қолдана білу дағдыларын үйренуге жағдай туғызу
Ағымдағы жетістіктер мен
табыс критерийлері
Бақылаудағы В оқушы
Ақбатыров Еламан тақырып бойынша жаңа сөздер мен сөз тіркестерін
игеріп, айту, мақсатты білдіру үшін инфинитивті қолдана алуы керек.
Тізбектелген сабақтар
топтамасының кезеңі
Оқушы қалай жауап береді
деп күтесіз?
Жауап беру кезінде олар қалай
бақыланды?
Мы-
сал-
дар
І. Ой шақыру кезеңі.
Топқа бөлу
Оқушы ой шақыру
сұрақтарына жауап бере
алады.
Оқушы адасқан әріптерді қойып,
сөз құрастыруда тек екі сөзге
үлгере алмады.
ІІ. Қызығушылықты ояту
кезеңі. Теңіз бізге не береді?
Топ ішінде жұмысқа белсене
араласады.
Еламан өз ойын жақсы жеткізе
білді.
ІІІ. Мағынаны тану кезеңі.
Оқушы ойын нақты жеткізіп,
ағылшын тілінде жақсы
сөйлей алады.
1. Постер жасау
2.Сәйкестендіру
3.Мақсатты тұйық етістікті
қолдану арқылы сөйлем
құрастыру.
4. «ДЖИГСО» әдісі
5.Бейнебаян
Еламан постер жасауда
белсенділік танытады.
Жақсы араласады.
Сөйлем құрай алады.
Мәтінді анық айта алады
Ұғынып, оқушы жақсы
нәтиже көрсетеді.
Еламан постер жасауда белсенділік
танытты, ол тек өзі орындағысы
келетінін де байқатты, біліп
отырып,айтпай қойған тұстары да
болды.
Сөйлем құрудан «4»алды.
Мәтінді анық айтуы-5,
мазмұндылығы-5, дыбыстауы-5.
ІV. Ой толғаныс кезеңі
Бейнебаяннан көргенін,
сабақтан алған әсерін
байланыстыра алады.
Әңгіме жаза алды.
Оқушылар не істей алады?
Жаңа тақырыпқа байланысты
сөздерді еске сақтай
отырып,топтық жұмыстардың
барлығына қатыса алды.
Барлық тапсырмаларға қатыстары
ескріліп, бағаланды.Еламан «4»
алды. Ол «Постер» ұнады, басқа
топта жұмыс жасағым келді»,-деп
жазды.
Алғашқы ойлар
Еламанға ағылшын тілі пәнінен қызығарлықтай тапсырмалар берілсе
Сабақтың білімділік мақсаты теңіздің адамзатқа беретін құнды дүниелері және олардың
қолданылу мақсаттары туралы сөз қозғауды көздесе, тәрбиелік мақсаты, идеясы біз өз кезегімізде
теңізге қандай қамқорлық туғызып жатырмыз деген сыни ой қозғау еді. Сабақта қолданылатын
модульдердің бірі оқыту мен оқудағы жаңа әдіс-тәсілдер болғандықтан ұжымдық оқудың
негізі болатын топтық жұмыстар таңдалып алынды. Алдымен құрылымдалмаған топқа бөліну
үшін ұйымдастыру кезеңінде сыныптағы оқушылар өткен сабақта өткен жаңа сөздер бойынша
екі топқа бөлінді. Оқушылар қиылған шаян және теңіз жұлдызының суреттерін алып, оларды
құрастырды. Олар суреттерді құрастырып болғаннан соң, оның атын атап, суреттеді. А оқушы
мен С оқушы бір топқа түсті. B оқушы Еламан өзінің түскен тобына көңілі толмай қалды.
368
5
Екі топ оқушылары бір-біріне өткен сабақ тақырыбы бойынша сұрақтар қойды, бірінші
жауап берген оқушы топ басшысы болды. Starfish тобында Жадыра, Crabs тобында Айбек топ
басшысы болып белгіленді.
Warm-up. Оқушыларға өтіліп жатқан тақырыпқа байланысты www.youtube.com/
watch?v=MWUMVM9wBtY сайтынан “The Sea” [2] атты өлеңнің бейнежазбасы көрсетілді.
Оқушыларға бейнежазба ұнады. Теңіз мақұлықтарының аттары түрлі-түсті жазулармен, ірі
әріптермен жазылып тұрғандықтан олар оны қайталап отырды. Олар jellyfish, seahorse, octopus,
turtle сияқты өтпеген, бірақ түсінуге болатын жеңіл сөздерді ұғынды. Бірақ өлең қимыл-
қозғалысқа бағытталмағандықтан, екінші шумақ басталғанда оқушыларды орындарынан
тұрғызып, ән ырғағына қарай қимылдауға шақырдым.
Ағылшын тілі атмосферасын қалыптастырып, оқушыларда жақсы көңіл-күй қалыптасқан
соң, үй жұмысына берілген өткен сабақта игерілген лексикалық бірліктермен жұмыс жалғасты.
Ол үшін оқушылар компьютерден 19а ойынды ашып, әріптерді дұрыс орын тәртібімен қойып,
сөздер құрады. Көп жағдайда мен бұл электронды оқулықпен жұмысты бекіту ретінде
интерактивті тақтада орындататын едім. Бірақ бүгінгі сабақ информатика кабинетінде өтетін
болғандықтан әр оқушы жұмысты жеке өз компютерінде уақытқа сай орындай алды. Бұл
уақытты үнемдеп, оқушылардың білімін тез тексеріп шығуға мүмкіндік беріп қана қоймай,
тексеріс үрдісін қызықты етуге де жағдай жасады (әр дұрыс жауаптан соң сол заттың суреті
қимыл-қозғалысқа келіп, жауаптың дұрыс екенін көрсетеді). Тапсырмаға 3 минут уақыт берілді.
Тапсырманы А оқушы уақытынан бұрын дұрыс орындап, компьютердің берген Well done деген
бағасын алды. Жалпы сынып шекті уақыттан соң өздерінің дұрыс жазған сөздерінің санын
есептеп, бағалау критериіне сәйкес өздеріне баға қойды. Бұл бағалар тақтаның бір шетіндегі
«Бағалау кестесіне» қызыл, көк, жасыл түсті маркерлермен белгіленіп тұрды.
Evocation
Қызығушылықты ояту кезеңі. Бұл қайталаған өсімдіктер мен жануарлар қайда
мекендейді? (Теңіздер мен мұхиттарда) Ал теңіздер мен мұхиттар бізге не береді деген
ашық сұрақтар арқылы оқушыларға алдағы өтетін сабақ тақырыбы бойынша ой тасталды,
оларға өз жауаптарын постерге түсіруге тапсырма берілді. Топтық жұмысқа топ мүшелері
ұйымшылдықпен кірісті. Бұл тапсырманың қызықты және бейнелеумен байланысты
болғандығынан деп тұжырымдадым.
Менің осы жерде алдыма қойған мақсатым – С оқушыны қозғау болды. Сондықтан
постерді қорғау үшін Алданды шығару мақсатында оқушылар қызу жұмыс жасап жатқан
кезде осы топтан Алданның, бірінші топтан активтілігі төмендеу оқушылардың бірі Аяжанның
орындықтарының артына магнит жапсырып кеттім. «Теңіз жұлдыздары» тобы заттардың
тек суреттерін салғандықтан, ол топтан шыққан Аяжанға қорғау қиындау болды. Екінші топ
атынан шығуға Алдан жүрексініп, басқа оқушы шығуын сұрады, бірақ тақта алдына барғасын
салныған суреттер мен жазылған атауларына қарап тұрып жақсы қорғап шықты.
Мағынаны тану кезеңінде бірінші жаңа лексиканы енгізу, екінші грамматикалық
құрылымды түсіндіру жоспарланды. Introducing the new words, яғни жаңа лексиканы
игерту кезінде «Сәйкестендіру» стратегиясы арқылы жаңа сөздер мен олардың суреттерін
транскрипциясына сәйкестендіру және оларды таңбаларына қарап дұрыс оқи білу дағдылары
қалыптастырылды.
Осылайша алдын-ала А3 форматтағы қағазға сабақта өтетін жаңа сөздерді суреттерімен
бірге бір бағанға, оқылу транскрипцияларын екінші бағанға жазып, оқушыларға сәйкестендіруге
бердім. Бұл жұмысты да бір оқушы топтың ортақ шешімімен тақтаға шығып оқыды, егер
транскрипция дұрыс оқылса басқа оқушылар қайталады. Оқушылар тапсырманы тез
орындағанымен, оқу кезінде В оқушы екі сөзді қате оқыды. Сөздердің оқылуын қате жаттамау
369
үшін оларға қайтадан слайдтағы суреттер мен сөздерге қарап отырып қайталау сұралды. Осы
жерде диалогқа деп алып келген маржан алқа, Тынық мұхитының ұлу қабыршағы, балдырлы
аквариум және тағы да басқа заттарды көрсетуім оқушыларды заттай артефактілерге, сол арқылы
олардың ағылшынша атауларын қайталауға ынталандырды. Сабақтағы жаңа грамматикалық
тақырып «Case study» стратегиясы арқылы іс-әрекетті бақылата отырып түсіндірілді. Сіріңкені
тұтатып, оқушылардан «Біз сіріңкені не үшін пайдаланамыз?» деп ағылшынша сұраймын да,
өзім «От жағу үшін» деп жауап беріп, тақтаға «Біз сіріңкені от жағу үшін пайдаланамыз» деп
жазып, ішіндегі тұйық райлы етістіктің астын сыздым. Тағы бірнеше мысалдарды заттар мен
қимылдың көмегімен көрсете отырып сөйлем құрап, тақтаға жаздым. Кайшы, қалам, флеш
карта, полиетилен қалтасы, фен, сөздік кітап секілді заттар әр оқушыға бір-бірден бөлініп
беріліп, олар тұйық райлы етістікті қолдана отырып сөйлем құрды. Әсіресе зерттеудегі А
оқушы тез және дұрыс жауап беріп отырды. Әр оқушыға таратылған заттармен сөйлем құрауда
С оқушы Алданға шаш кептіргіш түсті, бірақ ол сөйлемді қатесіз құрады.
Жаңа лексикалық бірліктер мен грамматикалық құрылымдардың сөйлеу барысында
қолданылуын қалыптастыру үшін олар қолданылған мәтінді «Jigsaw» стратегиясы арқылы
оқыту жоспарланды. Оқушылар үшке бөлінген мәтінді өз беттерінше оқып шығып, бірінші
бөлікті оқығандар бір үстелге, екінші бөлікті оқығандар екінші үстелге, үшінші бөлікті
оқығандар үшінші үстелге отырып, өзара талқылады. Топқа қайтып келіп, бірінен соң бірі
мазмұндады. Топ мүшелерінің мәтінді түсінуі мен толық жеткізе алуын топ басшылары
критерийлер бойынша бағалады.
Ашық сабақта бұл әдісті қолдану оқушылардың орын ауыстыруына байланысты сәл
қиындықтар тудырса да, ол уақыт үнемдеуге мүмкіндік берді. Оқушылар түсініп оқып,
мазмұндады. Оқыған мәтіннің жалғасы ретінде олар оқулықтағы жаттығуды оқып, адамдар
теңізден алған өнімдерін не үшін пайдаланатынын айтты. Оқушылар рет-ретімен оқыды.
Интернеттегі http://www.youtube.com/watch?v=1qT-rOXB6NI сайтынан алынған «Great
Pacific garbage patch» атты бейнежазба көрсетіліп, 2 топқа екі түрлі тапсырма беріледі.
Бейнежазба осы сынып оқушыларының деңгейіне лайықталып таңдап алынды. Балаларға
бейнежазба қатты әсер етті. Әсіресе Искендирұлы Айбек сабақ соңында пікірлерін айтқан
кезде «Мен бүгін әр секунд сайын 1500 пластикалық бөтелке қоқыс болып мұхиттар мен
теңіздерге түсетінін білдім» деп өзінің білген жаңа мәліметін дәл жеткізді. Бірінші топқа әңгіме,
екінші топқа диалог жазуға тапсырма берілді. Әңгіме жазуда «Дөңгелек үстел» стратегиясын
қолдануым тиімдірек болар еді, себебі бұл топтағы Еламан сөйлемді басқаларынан азырақ
құрады, топ оқушыларының сөйлемдері өзара байланыспай, жеке пікірлер болып қалды. Бірақ
екінші топтың құрған диалогтары өте жақсы болды. Кейбір оқушыларға сұрақ құрылымдарын
тағы да қайталатып, сұрақ қоя білу дағдыларын қалыптастыруым керек екен деген ой түйдім.
Рефлексия жасату үшін оқушыларға «Екі жұлдыз, бір тілек» жазу тапсырылады.
Оқушыларға компютермен жұмыс жасаған, топта ұжымдаса постер салған және бейнежазба
көрген қатты ұнапты. Зерттеудегі А оқушы өз ойын ағылшын тілінде жазып, сабақтың керемет
болғанын және өзін осы сабақта өте жақсы көрсете алғанын айтқан. Басқа балалар да сабақ
ұнағанын айтып, сабақтан алған түйіні - табиғатты ластамау керек екенін достарына ұран
ретінде жеткізген. Еламан өзінің басқа топқа түскенін қалайтынын айтқан, себебі ол сабақта
тапсырманы жақсы орындай алмаса немесе түсінбей қалса көңіл-күйі бұзылып, сабаққа
ынтасы төмендеп кетеді.
Сабақтан соң ауызша кері байланыс кезінде оқушылардың пікірі сабақтың тәрбиелік
мақсатының орындалғандығын өз нәтижесіне жеткендігін көрсетті. Бағлан бүгінгі сабақтан
теңіздерді көптеген адамдар ластап жатырғанын, барлық жер бетіндегі қоқыстың сонда барып
түсетінін білгендігін айта келіп, өз тарапынан пластикалық бутылкаларды өңдейтін зауыттар
салу арқылы олардың табиғатта қоқыс көлемін көбейтуге қосатын үлесін азайта алатындығын
370
5
дәлелдеді. Ол балаларға қоқысты кез-келген жерге тастамайық деген үндеу айтты. Ержан атты
оқушы сабақтың барысы ұнағанын айтса, Айбек бірі бәрі үшін, бәрі бірі үшін жұмыла жұмыс
істегендіктерін атап өтті. Бұл топтық жұмыстың сәтті шыққандығын дәлелдейді деп ойлаймын.
Ал жалпы сыныптың барлығы бірін-бірі бағалағау, өзін-өзі бағалау ұнағандықтарын айтты,
бұл оқыту үшін бағалаудың оқушы ынтасын көтеруге деген тиімділігін тағы бір рет дәлелдеді.
Сабақта қолданылған сын тұрғысынан ойлау технологиялары оқыту үрдісінде жақсы
нәтижелер көрсетті. Оқушылар бұрынғы дәстүрлі сабақтардағыдай мұғалімді тыңдап,
шектелген көлемде ғана білім алып кеткен жоқ, олар жаңа білімге өздері қол жеткізіп, өз
беттерімен игерді. Бірақ бұл тіл сабағы болғандықтан, дәптермен, тақтамен жұмыс аз болып,
жаттығуға уақыт жетпей қалды. Бірақ тараудың бірінші сабағы боғандықтан бұл сабақта
сөйлеу, тыңдау, оқу дағдыларына көп мән берілді. Келесі сабақтарда жұмыс кітаптарымен
көптеген жазба жұмыстарын орынду қажет. Алдағы уақытта осы стратегиялардың ішінде жазу
сауаттылығын дамытатын түрлерін көбірек пайдалануым қажет деген ой түйдім.
Әдебиеттер тізімі
1. «Назарбаев зияткерлік мектептері» ДББҰ. Қазақстан Республикасы педагог
қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курсының бағдарламасы. 2012.
2. www.youtube.com/watch?v=MWUMVM9wBtY (20.04.2014)
МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ТІЛІН ДАМЫТУДА
М.ЖҰМАБАЕВ ПОЭЗИЯСЫНЫҢ МАҢЫЗЫ
Кажиакбарова Р.Б., Балажанова Ж.Б.
Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институты
Қ
АЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
Достарыңызбен бөлісу: |