Образование: исследование устойчивое развитие



Pdf көрінісі
бет6/126
Дата03.03.2017
өлшемі11,35 Mb.
#7397
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   126

5

        Жас ұрпаққа білім беруде, оларды болашақ еліміздің тұтқасы етіп тәрбиелеу әр ұстаздың, әр 

бір мектептің ең қасиетті міндеті. Осы міндеттерді орындау мақсатында білім беру саласында 

да  елеулі,  әрі  ауқымды  өзгерістер  өрістеуде.  Осы  мақсатта  мемлекетіміздің  білім  сапасын 

арттыратын  түрлі  құжаттар  қабылданып,  бағдарламалар  енгізілуде.  Мемлекет  тарапынан 

көптеген  қаражаттар  бөлініп,  еліміздің  көп  жерлерінде  мұғалімдердің  біліктілігін  көтеру 

курстары  өткізілуде.  Мемлекеттік  білім  беру  жүйесін  әлемдік  үздік  үлгіге  сәйкес  деңгейге 

көтеру көзделген. Жеке тұлғаның білім алу және рухани қажеттіліктерін, оның мүмкіндіктерін 

ескеріп қанағаттандыру.Оқушылардың сапалы білім алуы мұғалімдердің білімділік және кәсіби 

шеберілігін  қажет  етеді.  Үлгілі  ұстаз  ғана  қабілетті,  жан  -  жақты  шәкірт  тәрбиелей  алады. 

Шәкіртті қарапайым бала деп емес, жеке тұлға ретінде дамыту қажет. Әр ұстаз оқу тәрбие 

жұмысына шығармашылықпен қарап, жаңа заман талабына сай, осы бағдарлама мазмұнына 

сай, сабақты түрлендіру мақсатында оқытудың түрлі әдістерін пайдаланса, игі нәтижеге жетері 

сөзсіз.


Қай кезеңде, қай қоғамда болсын жеке тұлғаның  қалыптасуы ұстаздан басталады. Осы 

орайда  2011  жылдан  бері  жүргізіліп  келе  жатқан  білім  саласындағы  түбегейлі  өзгерістер 

ұстаздан үлкен жауапкешілікті талап етеді.

Оқу мен оқытудың инновациялық ортасын құрудың негізгі жағдайы, ол мұғалімдердің 

кәсіби даму барысында бір-бірімен тиімді қарым –қатынастары болып табылады. 

Осы  мақсатта  мектепте  мектеп  көшбасшылығын  атқарып,  желіні  кеңейтіп, 

әріптестеріміздің көзқарастарын өзгертуге және  оқытуда белгілі бір нәтижелерге жету үшін 

оқытудың тиімді әдіс-тәсілдерін үйрету барысында  мектепте, аудан мектептерінде коучингтер 

өткізіп,  тәлімгерлік  жасадық.  Әріптестеріміздің  тамыры  тереңге  кеткен  ұстанымдары  мен 

көзқарастарын  аз да болса өзгерту оңай емес, үлкен шеберлікті талап етеді.

  Ақадыр  аймағында  Қазақстан  Республикасы  педагог  кадрларының  біліктілігін 

арттырудың  деңгейлі  бағдарламасы  аясында  І  (ілгері)  деңгей  бағдарламасы  бойынша  3 

мұғалім  сертификатталды.  Аудандық  білім  бөлімінің    әдістемелік  кабинетінің  меңгерушісі 

Жанат  Ақмолдаевнаның  ұйымдастыруымен  өткізілген  дөңгелек  столда  педагогтар  бірлесіп 

жұмыс  жасау үшін «Шуақ» кәсіби қоғамдастығын құрдық. Алға қойылған негізгі мақсат:  Оқу 

мен  оқытудың  жаңа  тәсілдерін  меңгере  отырып,  іс-тәжірибеге  енгізу,  мұғалімдердің  кәсіби 

біліктілігін жетілдіру.

Желілік байланысты құру және кеңейту- осы заманға педагогикалық тәжірибенің  негізгі 

құрама  бөліктерінің  бірі.  Иновацияларды  жүзеге  асыру,  лоарды  тұрақты  педагогикалық  

тәжірибеге айналдыру жаңа  әдіс-тәсілдер және идеялармен ұдайы танысусыз, әріптестермен 

кәсіби байланысты ұстап тұрусыз мүмкін емес. Кәсіби байланысты ұстап тұрудың кең таралгған 

формаларына мыналар жатады: 

•  Әріптестермен  әңгімелесу;

•  Жалпы мектепішілік іс-шараларға қатысу;

•  Әдістемелік  қызметтермен    педагогтарды  кәсіби  дамыту  орталықтарымен 

ұйымдастырылатын түрлі іс-шараларға қатысу

•  Педагогикалық  шеберлік  конкурстарына  ,  әдістемелік  әзірлемелер,  көрмелер  , 

байқауларға қатысу;

•  Өзінің  және басқа білім беру мекемелеріндегі әріптестердің  сабақтарына қатысу, 

түрлі мектеп аралық жобаларға қатысу;

Әріптестер жұмысы тәжірибесімен танысу, өз тәжірибесін сипаттау, сол сипаттамаларды 

талқылау.

Қарқынды  өзгеріп  жатқан  әлемде  «ХХІ  ғасырда  нені  оқыту  керек?»,  «Мұғалімдер 

оқушыларды қалай дайындау керек?» деген сұрақтарға жауап беру үшін желілік қоғамдастық 

құрып,  иновациялық  оқу  технологиясын  аудан  мұғалімдеріне  үйрету  І  (ілгері)  деңгей 


33

бағдарламасы  бойынша  білім  алған  мұғалімдердің  негізгі  міндеті  болғандықтан  желілік 

қоғамдастық аясында аудан мұғалімдерімен тәжірибе алмасу қажет.  

Басқа  мектеп  мұғалімдерімен  өз  тәжірибемізбен  бөлісуіміз  және  жоспарланған 

жұмысымыздың  нәтижелі  болу  үшін  ізденімпаздық  пен  жаңашылдық  жолында    жұмыс 

жасадық. 

Аудан  орталығындағы    М.Горький  мектеп-лицейінде        Шет  ауданы  бойынша      күзгі 

сессияда оқып жатқан математика және физика  пән мұғалімдерімен деңгейлік бағдарламаның 

негізгі  идеялармен  таныстыру,    сабақта  7  модульді  ықпалдастыру  мақсатымен  «Мұғалім-

көшбасшы» тақырыбына коучинг өткіздік.  Коучингке  аудандық мектептердің физика және 

математика мұғалімдері қатысты.  

«Мұғалім-көшбасшы» тақырыбын қорытындылау, ой қорыту үшін  Бононың «6 ойлау 

қалпағы» таратылып,  қалпақтардың түстері бойынша мұғалімдер өз ойларын ортаға салды.  

Рефлексия барысында әр мұғалім  инновацияны өз тәжірибесіне енгізу керек екенін айтты. 

Деңгейлік курс бағдарламасының қай модулін алсақ та күтілетін нәтижелер оқушылардың 

қалай оқу керек екендігін үйреніп, соның нәтижесінде еркін, өзіндік дәлел-уәждерін нанымды 

жеткізе алатын, ынталы, сенімді, сыни пікір-көзқарастары жүйелі дамыған және ақпараттық 

технологияларды тиімді пайдалана алатын білікті тұлға ретінде қалыптасуын көздейді. Кейбір 

мектептерде    деңгейлік  курсты  игерген  мұғалімдер  жоқ.  Осы  мектептерде  иновациялық 

технологияны  әріптестерге  тарату  мақсатында  «Оқу  үшін  бағалау  және  оқытуды  бағалау», 

«Дарынды және талантты оқушыларды анықтау »  тақырыптарында коугингтер өткізіп, оқу 

үрдісінде  дарынды  оқушыларды  анықтап  білім  беруде  жоғары  жетістіктерге  қол  жеткізу 

мәселелрі  қарастырылды.  Мектеп  мұғалімдері  өз  іс-тәжірибесінде  дарынды  оқушыларды 

қалай анықтаймыз, потенциалдық дарындылықты дамыту үшін балаға жағдай жасай аламыз 

ба, жоба қорғағанда оқушы сізді таңдайды ма,әлде сіз оқушыны таңдайсыз ба деген сұрақтар 

төңірегінде ой бөлісті. Постер қорғау барысында мұғалімдер   білім алушының оқу жетістіктерін 

бағалаудың жаңа жүйесі қажет екенін бөліп көрсетті. Ол үшін:

1.  Бағалаудың  қызметі  мен  қолда  бар  бағалау  жүйесінің  арасындағы  қарама-

қайшылықтарды жою керек

2.  білім алушының жеке білімділік жетістіктерінің  білім,білік, құзіреттілік т.с.с. өсімін, 

оның ілгерлеу динамикасын анықтау керек;

3.  тәжірибеге білімнің жаңа нәтижелерін енгізуге мүмкіндік беруі керек.

4.  Коучинг барысында әріптестеріміз қазіргі бағалаудың әлсіз жақтарын атап өтті: 

5.  Білім алушының бағалау дербестігін қалыптастыруға мүмкіндік бермейді . Оқытуды 

дербестендіруді қиындатады. 

6.  Көбіне  психологиялық  жайсыздық  әкеледі.  Толықтай  мұғалімнің  қолында 

жинақталғагн  бағалау  жүйесі  бала  мен  ата-анаға  бағытталған  психологиялық 

қысымның құралы болып қалып отыр.

7.  Ақпаратты  аз  береді.  Өзінің  жалпылық  сипаты  мен  бағасының  критериийлерінің 

жасырындалығы  білімнің  нақты  деңгейін  анықтай  алмайды.  Нені  жақсарту  керек, 

неге күш салу керек екенін оқушы ажырата алмайды. 

Коучингті өткізгеннен кейін жаңа стратегияларға деген мұғалімдердің қызығушылығы 

арта  түсті.  Мұғалімдер  осы  бағдарлама  бойынша  бірлесіп  жұмыс  ітегісі  келетінін  айтты. 

Мұғалімдер арасында желілік қоғамдастық орнады. 

Шет  аудандық  мұғалімдердің  тамыз  маслихатында  физика  секциясында  «Ауданда 

физика пәнін оқытудағы мәселелер»,  математика  секциясында «Мұғалім –көшбасшылығын 

дамыту» тақырыптарында чингтер өткіздік. Білім сапасы жан-жақты талқыға салынып, тамыз 

кеңесінің секциялық отырысына қатысушылар білім беру сапасы- мемлекетіміздің басты даму 

бағыттарының  бірі  болып  табылатындығына    көз  жеткізді.  Осы  коучинг  арқылы  коучингке 


34

5

қатысқан  мұғалімдер  деңгейлік  бағдарлама  идеяларымен  танысып,      өз  тәжірибелерін  ,  өз 

мектептеріндегі мұғалімдерге  тәжірибелерін өзгертуге  ҚАЛАЙ  көмектесуге болатынын және  

оқу үдерісін жақсарту үшін НЕ  істеу керек екенін түсінді.  

Білімді ұрпақ - болашақтың кепілі”,- демекші, қазіргі таңда елдің болашақ азаматтарын 

қалыптастыру  бағытындағы  білім  беру  мәселесі  -  мемлекетіміздің  басты  саясатының  бірі. 

Білімге, бүкіл оқу - әдістемелік жүйеге жаңа талаптар қойылу себебі, білім мен ғылымның ел 

дамуына оңтайлы әсер етуінде. Ол үшін ұстаз іс - әрекетін жаңа талап тұрғысынан ұйымдастыра 

отырып,  демократияландыруы,  оқыту  жүйесін  заман  талабына  сай  үйлестіре  алуы  керек. 

Мұғалім  өз  білім  -  білігін,  оқытудың  әдіс  -  тәсілдерін  үнемі  жетілдіріп  отыруы  және  жаңа 

педагогикалық технологияны меңгеруі тиіс деп білеміз. Сондықтан  Қазақстан Республикасы 

педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курстарының бірінші деңгей бағдарламасының 

мектептегі  еңбек  тәжірибесі  әртүрлі  мұғалімдерді  қатыстыру  арқылы  мұғалімдерге  мектеп 

жүйесін  жан  -  жақты  дамыту  үшін  қажетті  білімдер  мен  дағдыларды  беру  мақсатында  өз 

мектебімізге өзгеріс енгізуді жоспарладық. Бұл мақсатты орындау қиындық келтірді, дегенмен 

өз мектебіміз бен аймақ мектептеріне өзгеріс енгізуге ықпал жасадық.

Ендеше  келешекте  жан-жақты  дамыған,  өз  бетімен  білім  алатын,  алған  білімдерін 

сыныптан  тыс  жерлерде  пайдалана  алатын  құзыретті  тұлғаны  тәрбиелейтін  білікті,  жаңа 

форматты ұстаздар санының көбейетініне сеніміміз мол. Осы орайда жаңа форматты ұстаздар 

даярлайтын педагогикалық шеберлік орталығының да берері көп, маңызы зор. 



Әдебиеттер тізімі

1.  Уваров А.Ю.  Мектеп трансформациясы және  желілік қоғамдастықтар // Педагогикалық 

диалог,  №4.  2013. 85-88 б.  

2.  Тлеубекова Г.Б. Желілік қоғамдастық- физика пәні секциясында  «Ізденіс», Қарағанды,  

№16.  2015.  

3.  Әміржанова Н. Инновациялық білім ортасын қалыптастырудың маңызы.

4.  Қазақстан мектебі, №5. 2013.  3-6 б.

КӘСІБИЛІК ҰҒЫМЫНЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЖӘНЕ  

ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ЕҢБЕКТЕРДЕ ҚАРАСТЫРЫЛУЫ

Артигалиева А.Т. 

БҚИТУ, Орал қаласы

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ 

Аңдатпа

Мақалада  кәсібилік  ұғымының  педагогикалық  және  психологиялық  еңбектерде 

талданылуы  қарастырылған.  Кәсібилікке  берілген  педагог  ғалымдардың  пікірлеріне  шолу 

жасалып, талданды. Кәсібиліктің тұлға өміріндегі маңыздылығы ерекше аталып өтілді. 

Аннотация

В  статье  рассматривается  анализ  понятия  профессионализма  в    педагогических  и 

психологических  трудах.  Рассмотрены  и  проанализированы  взгляды  ученых  на  понятие 

профессионализма. Особо подчеркнута важность профессионализма в жизни личности.



35

Abstract

In the article the analysis of the concept of professionalism in pedagogical and psychological 

writings. We considered and analyzed the views of the scientists on the concept of professionalism. It 

emphasizes the importance of professionalism in the person’s life.

Қазақстан  Республикасының  «Білім  туралы»  Заңында  білім  беру  жүйесінің  басты 

міндеттерінің бірі ретінде «Ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен  практика   

жетістіктері   негізінде   жеке   адамды   қалыптастыруға,  дамытуға  және   кәсіби  шыңдауға  

бағытталған  білім  алу  үшін  қажетті  жағдайлар  жасау»  керектігі  белгіленген [1]. 

Соңғы он жылда кәсібилік мәселесі әр түрлі ғылым саласының зерттеу пәніне айналып 

отыр.  Кәсіби  әлеует  психологиялық-педагогикалық  феномен  ретінде  өзінің  маңыздылығын 

тану  жолында  айтарлықтай  сипатқа  ие  болып  келеді.  Кәсіби  қызметтің  түрлері  бойынша 

эмпирикалық  мағлұматтар  мен  теориялық  ақпараттар  жинақталған.  Психологиялық-

педагогикалық  зерттеулерде  кәсібилік  қарым-қатынас  пен  қызметте  өзін  көрсете  алатын 

кәсіби-тұлға сипатында қарастырылады (Е.А.Климов [2], А.К.Маркова [3], Л.М.Митина [4]).

Кәсіби  әлеует  —  педагогтың  негізгі  сипаты.  Кәсіби  әлеует  жоспарлаған  нәтижеге  қол 

жеткізу, өзінің қалауын шынайы түрде жүзеге асыру, әрекет ету, жасау, белсенді ойлау қабілетін 

дамыта отырып, кәсіби білім, білік негізінде анықталуы мүмкін. 

Кәсіби  әлеует  сапаларды  кәсіби  дайындау  үдерісі  барысында  алынған  табиғи  жүйе 

ретінде анықталады. Оны келесідей жүйеде қарастыруға болады:

ПКӘ = П

өзг

 + П

жек

 + П

дай

 + П

ие

ПКӘ — педагогтың кәсіби әлеуеті;

Ә

өзг


 — тұлғаның жалпы туа пайда болған қабілеттерімен шартталған әлеуеттің өзгермейтін 

бөлшегі;


Ә

жек


  —  практикалық  қызметте  және  кәсіби  дайындық  үдерісінің  соңғы  дамуында 

тұлғаның арнайы табиғи қабілеттерімен шартталған әлеуеттіңжекелей өзгеретін бөлшегі; 

Ә

дай


 — оқу орнында арнайы дайындалған әлеует көрсеткіші;

Ә

ие



 — педагогтың практикалық қызметі үдерісінде иеленетін әлеует бөлшегі.

Мұғалім шеберлігінің жүйелі сипаты өзіне мұғалім қызметінің және даярлығының көп 

деңгейлі  және  жоспарлы  аспектілерін  біріктіруші  «педагогтың  кәсіби  әлеуеті»  ұғымымен 

бейнеленеді.

Кәсіби әлеует – бұл:

берілген деңгейде өзінің міндеттерін орындауда педагогтың қабілетін анықтаушы табиғи 

және жүре пайда болған сапалар жүйесін біріктіруші педагог сипаты;

жетістіктер мен ойдың арақатынасын педагогтың жүзеге асыру қабілеті;

жоспарлаған нәтижеге қол жеткізу, өзінің қалауын шынайы түрде жүзеге асыру, әрекет 

ету, жасау, белсенді ойлау қабілетін дамыта отырып, кәсіби білім, білік жинағы. 

Педагогтың кәсіби әлеует жүйесі мұғалімнің дайындығына бағытталған және олардың 

кәсіби қызметімен анықталатын келесідей құрылымдық бөліктерден тұрады.

Кәсібиліктің қалыптасу мәселесі психикалық ресурстардың дамуы мен әлеуеті туралы 

сұрақтармен  тығыз  байланысты.  Бұл  көптеген  авторлардың  эмпирикалық  және  теориялық 

зерттеулерінде нақтыланады. Кәсібилік – ғалымдар белгілегендей, маңызды тұлғалық қырларға 

жүгінеді,  тұлғаның  әлеуетін  белсендендіреді,  екінші  жағынан  әлеует  қызметте  жүзеге  аса 

отырып, кәсібиліктің қалыптасуына әсер етеді [5]. 

Қазіргі  әдебиет  көздерінде  «кәсібилік»  ұғымы  кәсіби  қызметтің  жоғары  өнімділігін 

анықтау  үшін  қолданылады  [5].  Сонымен  қатар  кәсібилік  идеясын  тек  қана  маманның 

ептілігінің жоғары деңгейімен теңестіруге болмайды. Адамның кәсібилігі – бұл оның құндылық 

бағдарының, кәсіби мотивациясының ерекшеліктері болып саналады. 

Ғылыми  пікірталастар  мен  зерттеулер  анықтағандай,  адамның  кәсіби  қызметі  мен 



36

5

кәсібилігіне интегративті тұрғы құрылды. Қолда бар «кәсібилік» феномені туралы зерттеулерге 

жүгіне  отырып,  біз  Е.А.Климовтың  кәсібилікті  жай  ғана  білім,  білік  және  берілген  қызмет 

аумағында адам нәтижесінің жоғары деңгейі ретінде ғана емес, сонымен қатар адам санасын 

және  танымын  ұйымдастыру  жүйесі  ретінде  қарастырған  нұсқауын  бөліп  көрсетеміз.  Ол 

білім беру жүйесі ретінде кәсібилікті зерттеу тұрғысынан шыға отырып, оны қасиет, үдеріс, 

кәсіби адамның жағдайы ретінде қарастырады. Кәсібилік қасиет ретінде адам онтогенезінің 

кәсібилену үдерісінің нәтижесі болып табылады;  кәсібилік  үдеріс ретінде  кәсібилікке дейінгі 

кезең,  сәйкесінше,    кәсібилік  шеберлік,  «кәсібиліктен  кейінгі»  кезеңдерде  қарастырылады; 

кәсібилік  жағдай  ретінде  субъектінің  кәсіби  орта  көрсеткіштеріне  бейімделу  қызметін 

белсендендіреді  [2].  Ғалымның  ұсынған  бұл  тұжырымына  жүгіне  отырып,  біз  кәсібилікті 

кәсіби оқыту кезеңіндегі үдеріс ретінде зерттейміз. 

 Кәсібилікті зерттеуде әр түрлі тұрғылар бар. Мысалы, акмеологиялық мәнмәтіндерде 

еңбек субъектісінің сапасын суреттеу барысында жиі «шеберлік» және «кәсібилік» ұғымдары 

қолданылады. К.К.Платонов ойынша, шебер маман деп белгілі бір аумақта шығармашылық 

пен икемді дағдыға негізделген, кәсіби білім деңгейіне ие маманды есептеуге болады. Кәсіби 

қызметте  шеберлікке  жету  үшін  келесідей  қажетті  мүмкіндіктерге  ие  болу  қажет:  қабілет, 

арнайы  білім,  білік,  біліктілік  және  мотивация.  Көптеген  зерттеулерде  «шеберлік»  және 

«кәсібилік» ұғымдары теңестіріледі, бірақ кәсібилік кәсіби қызметтің жоғары сапасы ретінде 

қарастырылады. 

А.А.Деркач ойынша, кәсібилік – қызмет пен мінез-құлықтың әлеуметтік-кәсіби реттелу 

нормасы ретінде, маманға өзінің міндетін тиімді және сапалы орындауда белгілі бір міндетті 

артады [6]. 

Н.В.Кузьмина  өз  зерттеулерінде  кәсібилікке  келесідей  сипаттама  береді:  «Кәсіби 

қызмет – бұл кәсіби міндеттерді шешуде қазіргі заманғы мазмұн және құралдарды игере алу 

өлшемімен анықталатын, оны өнімді тәсілмен жүзеге асыратын берілген мамандық өкілінің 

сапалы сипаты» [7].

Қазіргі  заманғы  энциклопедияда  «кәсіби  қызмет»  ұғымы  келесідей  анықтамамен 

түсіндіріледі:  «кәсіби  қызмет  -  қызметті  жоғары  өнімділікпен  жүзеге  асыруға  мүмкіндік 

беретін, кәсіби міндеттерді шешу тәсілі және қазіргі заманғы алгоритмдерге ие болу, тиімді 

кәсіби білік пен дағдының әр түрлілігі, құзыреттілік пен жоғары кәсіби біліктілікті бейнелейтін 

субъект қызметінің сапалы сипаты» ретінде анықталады [8, 481-б.].  

Мәселен С.А.Дружилов кәсібилікті «түрлі қиын жағдайларда күрделі қызметті сенімді 

әрі  тиімді,  жүйелі  орындайтын  адамдарға  тән  ерекше  қасиет»,-  деп  түсіндіреді  [9,  86-б.]. 

«Кәсібилік» ұғымында қоғамда бар объективті талаптарға және стандарттарға сәйкес келетін, 

адамның кәсіби қызметінің психологиялық құрылымына ие болу деңгейі көрінеді. Адам бұл 

қасиетті    арнайы  дайындық  пен  ұзақ  мерзімді  жұмыс  тәжірибесінің  нәтижесінде  иеленеді 

немесе  иелене  алмайды.  Бұл  ғалым  кәсібиліктің  қалыптасуын  кәсіби  қызметте  зерттеді 

және  оны  адамның  қасиеттер  жиынтығы  ретінде  сипаттап,  индивидуалды  ресурс  ретінде 

адамның  кәсіби  дамуы,  кәсіпті  сәтті  игеру  мүмкіндігін  және  кәсіби  қызметтің  тиімділігін 

қамтамасыз етеді. Сол арқылы ғалым адамның рухани және ішкі дене күшін, оның қызметтік 

ұстанымын, өзін-өзі жүзеге асыру бағытын түсінеді. С.А.Дружилов адамның кәсіби дамуының 

индивидуалды  ресурсын  белгілі  бір  құрылымды  сипаттаушы  маманның  қасиеттер  жүйесін 

модель ретінде қарастырады [9, 104-б.].

Психологиялық-педагогикалық, 

акмеологиялық 

зерттеулерде 

көрсетілгендей 

(Н.В.Кузьмина,  А.К.Маркова,  В.А.Сластенин,  Л.С.Подымова)  дәстүрлі  түрде  кәсібиліктің 

дамуына  әсер  ететін  немесе  қайшы  келетін  міндеттер  мен  қағидаларға,  шарттар  мен, 

факторларға назар аударуда Н.В.Кузьмина мен А.А.Реан кәсіби қызметті кеңінен талдай келе, 

«акмеологиялық факторлар – бұл тұлғаның өздік қозғалысын кәсіби қызмет шыңына апаратын 

объективті себептер» - деп есептейді [7]. 


37

А.А.Деркач және Н.В.Кузьмина  маңызды факторларға мотивацияның жоғары деңгейі, 

жетістікке  жету  қажеттілігі,  тұлғалық  және  кәсіби  стандарттар    және    кәсібилік  шыңына 

жетуге ұмтылысты жатқызады. Кәсібилікті және қызметтің тиімділігін зерттеу  әдіснамалық 

принциптерге жүгінеді: жүйелілік (И.В. Блауберг, В.П. Кузьмина, В.П. Садовский, Э.Г. Юдин), 

үйлесімділік,  моделдеу  және  т.б.  Сонымен    кәсібиліктің  акмеологиялық  жүйесінің  болуы 

туралы толық негізге сүйене отырып айтуға болады [7].

«Педагогика»  энциклопедиясында  «кәсібилік»  ұғымына  былайша  анықтама  беріледі: 

кәсібилік  -  «тұлғаның  кәсіби  қызмет  міндетін  шешуге  жоғары  дайындығы.  Маманның 

кәсібилігі біліктілігін жүйелі түрде арттыру нәтижесі, шығармашылық белсенділігі, қоғамдық 

өндіріс пен мәдениет талаптарын қанағаттандыру қабілеті болып табылады» [8, 480-б.].

В.С.Безруковтың  педагогикалық  зерттеулерінде  көрсетілгендей,  кәсібилік  дегеніміз  – 

мамандығын игеру шеберлігі ғана емес,  сонымен қатар жоғары азаматтық көрегенділік, кәсіби 

парыз, сезім ерекшеліктері және жауапкершілік болып табылады. 

•  кәсібилік - кәсіби міндеттерді шешу құралы мен еңбек мазмұнын игеру деңгейімен 

анықталатын жұмысшы сапасы»;

•  кәсіби  шеберлік  -  шығармашылық  қызмет  элементтерімен  және  біліктілігімен, 

дағдымен,  кәсіби  білімге  ие  болудың  жоғары  деңгейімен  көрінетін  және  тәжірибе 

барысында қолға алынатын тұлға қасиеті;

•   кәсіби біліктілік - бұл маманның кәсіби дайындық деңгейі және белгілі бір еңбек 

түрін сапалы және қиындықпен орындауы [10, 46-б.].

Ю.П.  Поваренков  еңбектерінде  әлеуметтік-кәсіби  талаптарға  сәйкестік  деңгейі  және 

адамның  кәсіби  деңгейін  сипаттайтын  кәсіби  өнімділік  сияқты  жалпы  кәсіби  көрсеткіштер 

зерттелді.  Ю.П.Поваренков  өзінің  тұлғалық  әлеуетін  дамыту  және  өзінің  қажеттіліктерін 

қанағаттандыру  құралы  ретінде  кәсіби  қызметі  мен  адамның  кәсібі  үшін  маңыздылығын 

сипаттайтын кәсіби ұқсастық өлшемін көрсетеді [11].

Жаңа  педагогикалық  зерттеулер  «кәсібилік»  және  «құзыреттілік»  ұғымымен 

сәйкестендіріледі. Олардың ұқсастықтары мен ерекшеліктерін, анықтамаларына талдау жасап, 

біз олар өзара бірін-бірі толықтырушы ұғым деген қорытындыға келдік. Авторлар көбінесе 

кәсібилік  және  құзыреттілікті  бір  синонимдік  қатарда  анықтайды.  Олардың  арасындағы 

мәнді ерекшеліктер анықталған жоқ. Соған қарамастан, терминология бірыңғай еместігімен 

ерекшеленеді. 

Біз  тұлғалық  және  кәсіби  әлеуеттің  қалыптасуын  зерттеуде  еңбек  психологиясы 

аймағындағы ғалымдардың еңбектеріне жүгіндік. 

Көп  жылдар  бойы  адамның  жағдайын  зерттеу,  өндірістік  қызмет  үдерісінде  адамның 

жұмысқа қабілетін талдау оның әлеуетін зерттеумен анықталды. Еңбек психологиясындағы 

келесі  зерттеулер  «жұмысшы  жағдайы»  деген  түсінікті  көпқырлы,  психикалық 

құбылыстардың  тұлғалық  шартталған  жүйелілік  тұрғысынан  зерттеуді  жүргізуге  әкелді. 

А.И.Фукина,  В.Н.Юрченко,  Н.Г.Полянская,  М.В.Сорокина  және  т.б.  зерттеулері  тұлға 

қатынасының  жұмысшы  жағдайының  динамикасына  әсерін    көрсетті,  сонымен  қатар  осы 

жағдайларды детерминациялайтын факторлар кешенін тұлғалық қасиеттер орнында көрсетті 

(М.В.Дмитриева).

Мысалы, өндірістік психология үшін жұмысшылардағы осы немесе басқа да психикалық 

қасиеттердің көріну деңгейіне кәсіби жетістікке жету тәуелділігін зерттеу – бұл ең алғашқы 

мәселелердің  бірі  болып  табылады.  Бұл  тәуелділікті  табудағы  бірінші  мүмкіндік  тұлғаның 

индивидуалды-психологиялық    ерекшеліктері  мен  кәсіптің  оған  қоятын  талаптарын  табуға 

бағытталды.  Еңбек  психологиясы  бұндай  сәйкестендіруде  төменгі  өнімділікке  көз  жеткізе 

отырып, тұлғаның кәсіби маңызды қасиеттерінің құрылымын және оның қызмет құрылымын 

өзара  сәйкестендіруде  талдау  әдісін  құрастырды.  Бұл  уақытта  кәсіби  маңызды  қасиеттер 

кешені, олардың кәсіби жетістіктерінің өзара байланысының динамикасы зерттелді [11, 85-б.].



38


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   126




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет