Образование: исследование устойчивое развитие



Pdf көрінісі
бет95/126
Дата03.03.2017
өлшемі11,35 Mb.
#7397
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   126

Әдебиеттер тізімі

1.  Бидосов Ә. Математиканы оқыту методикасы.А.: Мектеп, 1989.

2.  Эрдниев  П.М.  Преподавание  математики  в  школе:  Из  опыта  обучения  методом 

укрупненных упражнений. М.: просвещение, 1978.

3.  Төлеубекова Р. Бала тәрбиесіндегі халықтық педагогика. А.: РБК, 1994.

4.  Табылдиев  Ә.  Халық  тағылымы  (қазақтың  халық  педагогикасы  және  тәрбие): 

Жаңылтпаш, санамақ, жұмбақ, мақал, мәтел, терме. А.:Қазақ университеті, 1992.

5.  Кожабаев  К.Г.  О  воспитательной  направленности  обучения  математике  в  школе.  

М. :Просвещение, 1998.


640

5

ОҚЫТУДА 7 МОДУЛЬДІ ЫҚПАЛДАСТЫРУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Рахимжанова Ж.М., Зиядина А.Т., Акказин А.О.

№34 жалпы орта білім беретін мектеп, 

Шығыс Қазақстан технологиялық колледжі, Семей қаласы

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ



      

Түйінді  сөздер:  тәлімгерлік,  ұстаным,  топтастыру,  тізбектелген  сабақтар  топтамасы, 

оқытудағы қиындықтар. 



Ключевые слова: наставничество, групповая работа, серия последовательных уроков, 

трудности в обучении. 



Кeywords: mentoring, group work, a series of consecutive lessons, learning difficulties.

Аңдатпа

Осы  мақалада  авторлар  өздерінің  тәлімгермен  жүргізген  жұмыстарының  нәтижесімен 

таныстырады. Іс – әрекеттегі зертеудің ерекшеліктері мен қатар 7 модульді ықпалдастырудың 

тиімділігі  қарастырылған.  Мақалада  көрсетілген  зерттеудегі  сабақтың  ең  басты  ерекшелігі 

–  топтасып  жұмыс  істеу  барысында  оқушылар  арасындағы  ынтымақтастық  орнатуы, 

мұғалімнің  оқушылардың  тапсырманы  өз  бетінше  игерулеріне  мүмкіндік  беруі,  сыныптың 

сабаққа толықтай қатысуы, оқушы мен оқушы, оқушы мен мұғалім арасындағы белсенді кері 

байланыстың орнауының тиімділігі көрсетілген. 



Аннотация

В  данной  работе  авторы  рассматривают  особенности  работы  с  наставниками.  Также 

акцентируют внимание на интегрировании 7 модулей в исследований в действий. Особенностью 

урока, проводимого в рамках исследования в действии являются – сотрудничество учеников в 

ходе групповой работы, участие всех учеников на уроке, эффективные методы обратной связи 

между учителем и учениками. 



Abstract

In this paper, the authors examine features of working with mentors. Also focus on the integration 

of 7 modules in research in action. The feature of the lesson conducted in the framework of action 

research are the collaboration of the students during the group work, the participation of all students 

in the classroom, effective methods of feedback between teacher and students.

      


Елбасы  Н.Ә.Назарбаевтың  «Қазақстан-2050»  стратегиясы  қалыптасқан  мемлекеттің 

жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында білім жіне кәсіби машық – заманауи 

білім  беру  жүйесінің,  кадр  даярлау  мен  қайта  даярлаудың  негізгі  бағдары  екені  ерекше 

атап өтілген [1]. Осыған орай оқыту мен оқу жүйесіне жеке тұлғаға бағытталған қарқынды 

өзгеріс  енгізу  мақсатында  жүргізіліп  жатқан  Педагогикалық  шеберлік  орталығы  Кембридж 

университетімен бірлесіп әзірлеген жаңа Бағдарламаны енгізушілер ұсынып, біз басшылыққа 

алған Мұғалімдерге арналған нұсқаулықта: «Тәлімгерлік – ұзақ уақытқа созылатын, тәлімгер 

мен  тәлім  алушы  арасында  сенімді,  жеке  тұлғаға  бағытталған  қарым-қатынас  құру  үдерісі. 

Тәлімгерліктегі  басты  ұстаным  –  қызмет  емес,  қарым-қатынас  болып  табылады,  оның 

барысында тәлімгер объективті тыңдаушы және бағыттаушы болады» деп анықтама берілген 

[2, 89- б.]. Біз осы зерттеу жүргізу арқылы мектепке өзгеріс енгіздік және осы өзгерістердің 


641

тиімді болғанын айта аламыз. 

Зерттеу мақсаты: тәлімгер мен тәлім алушы арасында сенімді, жеке тұлғаға бағытталған 

қарым-қатынас құру үдерісінде оқытуда 7 модульді ықпалдастыра отырып, оның ерекшеліктерін 

анықтау. Зерттеу барысында келесі әдіс – тәсілдерді басшылыққа алдық: тәлімгерлік үдеріс, 

Lesson study, тізбектелген сабақтар топтамасы, коучинг.

Міне осы жоғарыда айтылған теориялық негіздемені ұстана отырып, мектепте физика пәні 

мұғалімін тәлім алушы етіп таңдағанбыз. Еңбек өтілі – 25 жыл. Ол-жұмысына ынталы, қабілетті, 

жаңашылдыққа  құштар  маман.  Мектептегі  политехникалық  цикл  әдістемелік  бірлестігінін 

жетекшісі.  «Сабақты  қалай  жақсы  жеткізуге  болады?  Оқушы  тақырыпты  өз  бетінше  оқып, 

түсіне алады дегенге қаншалықты сене аласыз?» деген сұрақтарға тәлім алушымның айтуынша, 

өзі  түсіндірмесе,  кейбір  физикалық  тақырыптарды,  заңдылықтар  мен  формуланың  шығуын 

оқушылар меңгере алмайтынын, оны қалайда мұғалім түсіндіру керектігін айтатын. Сыныпты 

ашық сабақтарда ғана топтастыратынын, онда да топтарды жарыстыру керек болғанда топтық 

жұмыс беретінін айтатын. Бағалау кезеңінде сабақта 4-5 оқушы бағаланатынын айтып өтті. 

Зерттеушіліктегі келесі қадамымызды мұғалімнің жаңаша өткізілуге тиісті сабағына жоспар 

жасаумен жалғастырдық. Енді сабақты жоспарлау көп уақытты алды. Тізбектелген сабақтар 

топтамасының бір сабағын біз жарты күн отырып жасадық. Өзгертілген бірінші сабағын 10 

«В» сыныбында өткізді. Парталарды төрт топқа 5-6 оқушыдан отыратындай етіп дөңгелете 

қойған.  Топтарға  бөлгенде  балалар  көп  белсенділік  танытпады.  Сабақты  үй  тапсырмасын 

сұраудан бастады. Кешегі өткен «Электромагниттік индукцияны зерделеу» тақырыбы бойынша 

балалардың  дайындаған  таныстырылымдарынан  бастады.  Оқушылар  топта  дескриптор 

арқылы таныстырымдарды бағалау парағында бағалап отырды. Ой қозғауға арналған энергия 

түрлерін суреттер арқылы интербелсенді тақтадан көрсетіп берді. Жаңа тақырыпқа көшпес 

бұрын  «Білемін,  білгім  келеді,  білдім»  атты  әдіс  бойынша  жұмыс  жасады.  Жауаптарды 

тыңдап  тұрып,  мұғалім  оқушының  жауабы  жеткіліксіз  болса,  толықтыру  жасауды  сұрады: 

сұрақты кеңейтіп, ашық сұрақтар қойып тұрды. Диалогтік оқыту әдісін сабақтын үш кезеңіне 

сәйкес қолданды: бірінші, екінші топтарға дебат әңгіме жасауды, үшінші топқа кумулятивтік 

әңгіме жасауды, ал осы процесте орындалатын жұмыстарды есептеу формулаларын қолдану 

жөнінде зерттеушілік әңгіме құрастыруды төртінші топқа берді. Бұл жұмыстарды әзірлеуге 

он минуттан, қорғауға үш минуттан, пікір айтуға екі минуттан берілді. Ең бастысы, диалогтік 

әдісті тақырыпты түсіну, талдау, қолдану, жинақтау кезеңдерінде жүзеге асырды. Ал бағалау 

үшін тақырыптағы ең басты құндылықтарды тауып, сол бойынша анықтамаларды айтқызды: 

әр бала бір ереже тауып айтқанда, сабақты түсінгендері, дағдыларды меңгергендері көрінді. 

Осы  үдеріс  үстінде  бағалау  қорытындыларын  шығаруға  мүмкіндік  туды.  Сабақ  соңында 

оқушылар  рефлексиясы  тыңдалды.  Олар  бүгінгі  сабаққа  аса  риза  болғанын,  әсіресе  үш 

нәрсе қатты ұнағанын айтты: сергіту ойындарының керемет ұнағаны, тақырыпты топ ішінде 

талқылағандары, постер жасап қорғағандары қызықты болыпты. Мұғалім өз сабағы туралы 

пікір  айтып,  қорытынды  жасағанда,  бұл  сабақтың  ең  басты  ерекшелігі  –  топтасып  жұмыс 

істеу барысында оқушылар арасындағы ынтымақтастық орнатуы, мұғалімнің оқушылардың 

тапсырманы өз бетінше игерулеріне мүмкіндік беруі, сыныптың сабаққа толықтай қатысуы, 

оқушы  мен  оқушы,  оқушы  мен  мұғалім  арасындағы  белсенді  керібайланыстың  орнауы 

болғандығын  ризашылықпен  атап  өтті.  Ал  біз  сабақта  осы  іс-әрекеттердің  қалай  жүзеге 

асатындығына мән бердік. Сабақты бақылай отырып, соңында тәлімгермен бірлесе талдауға 

өзінің үйренгендігін, жеткен жетістіктерін сөзбен мадақтай отырып, кездескен қиындықтарын 

бірлесе шешудің жолдарын көрсетуге тырыстық. Алғашқы сабақты талдау барысында тәлім 

алушының кездескен қиыншылығы мынадай еді: уақытты тиімді пайдалана алмады, себебі 

тапсырманы тым көп қамтыпты және оқушыларды бағалаудың тіпті қиындау болды. Оқушылар 



642

5

өздерің асыра бағалаған, ал топтық жұмысты бағаласа, топ ішінде сәл ғана әрекет еткендер 

көппен  бірге,  еңбексіз  жақсы  бағаға  ие  болып  шыға  келеді.  Сондықтан  мұғалім  бастан-аяқ 

оқушылардың  жұмысын,  бағалау  процесін  назардан  тыс  қалдырмау  керектігін  түсініпті. 

Тізбектелген сабақтар топтамасын бейнетүсірілімге, фотоға түсіріп отырдық. Тәлімгерлік ету 

үдерісінің алты апталық кезеңінде мұғалім өзінің алған үлгісін, жаңалығын, қорытындысын, 

ұсыныс пікірін әріптестері алдында жұмыс нәтижесі ретінде таныстырылым жасап көрсетті.  

Әріптестері оның сабақтарына қатысып, пікір айтты. Тәлім алушы өз қорытындысын былайша 

тұжырымдады:

•  Жаңа тәсілдерді тиімді қолдану сабақтың нәтижелілігіне сендірді.

•  Өзімдегі  өзгерістерді  санмалап  айта  аламын:  балаларға  бұрынғыдай  ұрыспаймын, 

орынсыз  қатты  басқарудың  қажетсіздігін  түсіндім,  балаға  сенім  білдірдім  топта 

жұмысты  еркін  бөлісуге  жағдай  жасай  алдым,  сабаққа  дайындалу  уақытымды 

кеңейттім, тапсырманы топтарға, балаға қабілет, дарынына қарай бөлуді үйрендім.

•  Дегенмен бағалау мен топтық жұмыс жасау бірге тап болғанда, қиындық туатыны 

рас. Балалар өздерін артық бағалайды немесе бағалауды қарым-қатынас құралы етіп 

пайдаланады. Тақырыптың бәрі бірдей оңай меңгерілмейді.

•  Таңғалдырғаны:  бұрын  сабаққа  енжар  қарайтын  балалар  бір  топқа  жиылғанда,  өз 

ішінен бір топбасшы еріксіз алға ұмтылып шығады екен; топтағы талқылау барысында 

бұрын ортаға шығуға ұмтылмайтын балалара постер жасауға батылдық танытты.

•  Мен  әлі  де  теориялық  жағынан  дайындалуым  керек,  тәлімгермен  байланысты 

үзбеймін деп тұрмын, - деген болатын.

Тәлімгерлік етудегі іс-әрекетті жүзеге асыру барысында тәлім алушы мұғалімді жетістікке 

жетелеу үшін, үйретушінің бойында жеке басына қатысты құндылықтары жоғарыда тұру керек 

деп  білдік.  Бұл  жайында  мұғалімдерге  арналған  нұсқаулықтағы  тәлімгерлік  үдерісі  туралы 

сипаттамада  былай  делінген:  «Тәлімгер  тәлім  алушыға  күрделі  тапсырмалар  беріп,  қолдау 

көрсетуге; соның ішінде қажетті түйінді қасиеттерді: сенімділік, ортақтастық, шынайылық, 

адалдық танытуға дайын болады»[2, 26 б.]. Яғни,  тәлім алушымен осындай байланыста болуға 

тырыстық. Аз уақыттық тәлімгерлік қызметтің барысында біздің де,  тәлім алушының да алары 

көп болды деп ойлаймыз. Біз үйрете жүріп үйрендік. Әлі үйренетініміз, оқып танысатынымыз 

көп.  Бұл  біздің  Бағдарламаның  идеясын  іске  асырудағы  бірлесіп  істеген  жұмысымыздың 

бастамасы ғана. Біздің пікірімізше, тәлім алушы бұл тәжірибеден біраз нәрселер алды. Атап 

айтар болсақ, сыныпты топқа бөліп отырғызу арқылы тапсырмаларды топқа арнап негіздеуді, 

оқушының өз білімін өзі алуына мүмкіндік беруді, берілетін тапсырмаларды жүйелі, түсінікті 

нақты  етіп  дайындауды,  оқытуда  баяндаушы  емес,  оқушы  үніне  құлақ  асатын  тыңдаушы 

екенін  үйренді  деп  ойлаймыз.  Және  оны  өзінің  бізбен  кері  байланыс  жасаған  кезінде  айта 

кетті.  Біз  тәлім  алушының  қабілетті,  ынталы  болуы,  пікіріміздің  бір  жерден  шығуы,  бір-

бірімізге сыйластық пен ілтипат танытудың арқасында сәтсіздікке ұшыраудан гөрі, табысқа 

қол жеткізуіміздің басым болғанына қуандық.     Жақсы тәлімгер болу үшін коучтар мен тәлім 

алушылардың жұмысын бағалау принциптерін: әділдік, сенімділік, анықтылықты және бағалау 

критерийлерін  жетік  білу  маңызды.  Жұмыстарын  бағалау  мақсаты  тексеру  емес,  оқытудың 

қиындықтарын  анықтап,  әрі  қарай  оқыту  үшін  шешім  қабылдап,  түзету  және  тәлімгердің 

оқытудағы  өрлеуін  жетістіктерін  бақылау  екені  белгілі.  Ашкрофт  және  Фореман-Пектің 

(1994:54)  пікірі  бойынша:  «...өрлету  туралы  ой  (формативтік)  немесе  оқушының  оқудағы 

жетістіктері (суммативтік бағалау)»[4,12-б.]. Дегендей тәлімгердің жұмысы сабақ үйретудің 

жаңа  әдістемесін  үйреніп  жүрген  коучтар  мен  тәлім  алушылардың  қызметін  бақылап, 

формативті көмек көрсетіп барып суммативті шешім қабылдап бағалауды қамтып отыр. Бұл 

жерде құзырлы тәлімгерге Шульманның аталмыш «үш көмекшісінің» (Shulman.2007) міндетті 

түрде «іске кірісуі» ықтимал. Бұл жерде тәлімгердің бойында коучинг өткізу мен тәлімгерлік 


643

дағдылардың  да  болуы  маңызды  аспектің  бірі.  Мұғалімдер  немесе  оқушылар  ұжымында 

жағымды психологиялық орта қалыптастыру, ынтымақтастықта жұмыс жасату идеясын іске 

асыру  да  маңызға  ие.  Тәлімгердің  мақсаты  –  жас  ұрпаққа  білім  беру  үдерісінде  дәстүрлік 

әдістердің тиімді жақтарын пайдалана отырып, әлемдік оқу стандартына сай, жаңаша әдістеріне 

көшуге көмек-қолдау көрсету[5, 39-б.].Зерттеу жүргізілген әрбір уақытты ұтымды пайдалануға 

тырысып, құндылығын дұрыс бағалап, күнделікті атқарылып отырған ісімізге есеп беріп, сыни 

тұрғыдан қарап, өзімізді-өзіміз реттеп отыру жұмысымыздың басты шарттарының бірі болмақ. 

Мектебімізде өткізілген коучингтерде мұғалімдер АКТ пайдалану тиімділігін, сындарлы оқыту 

теорияларының, сұрақ қою стратегияларының бала ойын дамытуға әсерін,кері байланыстың 

білім беру үрдісін жақсартатыны туралы ойлар айтылды.

Мерсердің айтуынша, ұжымдық түсіну мен білім беруге қол жету аясындағы табысты 

талқылауларда әңгіменің зерттеушілік түрі басымдыққа ие болады. Мектебімізде де «Дарынды 

балалармен жұмыс жүйесін дамыту» атты коучингте мұғалімдерге көп әсерін тигізді. Мысалы, 

біздің мектепте дарынды бала жоқ деп бүкіл папкалардың бәрін қабілетті оқушымен жұмыс деп 

атағанбыз. Ал енді коучингтен кейін мұғалімдердің айтуынша біздің мектепте дарынды оқушы 

да бар, ал оны мұғалім анықтауға тиіс, және оны дамыта білу керек екендігін түсінгендерін 

айтты. Міне осы жұмысты ұйымдастыру да мектебіме оң әсерін беріп тиімді болды деп айта 

аламыз.

Коуч мұғалімдердің пікірлеріне тоқтала кетсек. 



1.  Мен  «Сіздің  топтағы  атқаратын  міндетіңіз»  атты  коучингқа  дайындық  үстінде 

бойымнан сенімсіздік пен қорқынышты байқадым. Мені ойландырғаны тәлімгерім 

екеуміз  таңдаған  тақырып  ұстаздарға  қызықты  бола  ма  деген  сұрақ.  Біздің  мектеп 

ұстаздарына  түрлі  тақырыптарда  коучингтар  өткізіліп  жүр.  Дегенмен,  алынған 

тақырып  олардың  көңілінен  шықты.  Тәлімгердің  берген  мәліметтерінен  кейін 

ұстаздарда  қызығушылық  туындағанын  байқаған  менің  бойымдағы  қорқынышым 

да  сенімсіздігім  де  бірден  сейілді.  Коучингты  жоспарлау  барысында  қатысушы 

ұстаздарды оқушы орнында сезінулерін талап еттік. Жоспарға сай ең алдымен бір-

бірімізге жағымды көңіл-күй тілеп коучингты бастап кеттік. Сауалнама таратылып, 

өздерінің  топтағы  орнын  анықтау  ұсынылды.  Көп  сұраққа  жауап  таба  алған 

қатысушыларымыз сауалнаманың қорытындысын өздері жасады. Қатысушылар топ 

туралы көрсетілген видеодан жағымды әсер алып, оң бағаға ие болды. Соңынан топқа 

бөліп, топтық жұмыс көрсетілді. Топтар «Сіз топпен жұмысты қалай көресіз? Сіздің 

топтағы атқаратын міндетіңіз» тақырыбына постер толтырды және қорғады. Қалған 

топтар стикерлер арқылы бағалады. Рефлексия ретінде «Блоб ағашын» таңдадық. Бұл 

стратегия да қатысушылардың көңілінен шықты. Ұйымдастырылған жұмыс түрлері 

өте қызықты, актуальді және оқушылармен жұмыс кезінде қолдануға тұрарлық деп 

танылды. Ұстаздар коучингке белсене қатысты. Өздерінің алған жағымды әсірлерін 

коучинг соңында жылы лебіздерімен білдірді. Маған осындай жұмыстар өте қатты 

ұнайды.  Тәлімгерім    мені  коуч  ретінде  таңдап  алғанына  ризамын  әрі  алғысымды 

білдіремін. Іс-тәжірибе арқылы үйренгенде ғана нәтиже болады деп ойлаймын. Өз 

сыныбыммен  де  жоғарыда  айтылған  жұмыстардың  бірнешеуін  қолданамын  деп 

шештім. 

2.  Бұл  өткізген  коучинг  менің  өзіме  өте  ұнады  және  мұғалімдер  де  қызыға  қатысты.

Барлығы  ықыласпен  тыңдай  отыра  және  өз  ойларымен  бөлісті.Талантты  және 

дарынды  балалардың  айырмашылығы  бар  екенін  анықтай  білдік.Тағы  да  осындай 

коучингтердің болып тұрғаны бізге жақсы деп ойлаймын.

Тәлім  алушы  мұғалімнің  жазбаларынан.  «Жеті  қадам»  жоспары  бойынша  «Физика» 

пәнінен  «Электромагниттік  индукция»  бөліміне  байланысты  сабақтар  тізбегін  өткіздім. 


644

5

«Шексіз ұзын соленоидтың магнит өрісінің индукциясы», «Электромагниттік индукция заңы», 

«Энергияның сақталу заңы. Магнит ағынының сақталу заңы. Ленц ережесі» тақырыптарында 

өткізілген сабақтар барысында төмендегідей мақсаттар алға қойылып: 

•  оқушыларды шексіз ұзын соленоидтың магнит өрісінің индукциясымен,   

•  магнит өрісінің индукция векторымен таныстыру;

•  оқушыларға электромагниттік индукция туралы түсініктеме беру; 

•  электромагниттік индукция туралы мысалдар келтіру; 

•  электромагниттік индукция туралы білімдерін еске түсіру мен қорыту; 

Мынадай міндеттер шешілді: 

•  шексіз ұзын соленоидтың магнит өрісінің индукциясы ішіндегі өрістің оның шетіндегі 

өрістен айырмашылығының бар-жоқтығын білетін болды;

•  есептер шығаруға машықтанды;

•  логикалық ойлау, еске сақтау қабілеттері артты;

•  топпен жұмысқа, адамгершілік пен өзара көмекке үйренді;

•  сабақ соңында оқушылар білімді пайдалану мен қолдануды орындай алды.

Сабақтардың  барысына  және  жоспарына  оның  тиімділігін  арттыратын,  білім  сапасын 

жақсартатын бірқатар жаңа технологиялардың әдіс-тәсілдері енгізілді. Мысалы, класста жайлы 

атмосфера құру, түсті қағаздар арқылы топқа бөліну, топ ережесімен танысу, топ басшыларын 

сайлау, мәтін бойынша дербес жұмыс жасау, оқығандарын бір-біріне түсіндіре алуы, постер 

толтырып,  флипчарт  жасауды  үйренуі,  сабақ  бойынша  өз  ойларын  жаза  білуі,  бағалау 

парағын  толтырып  өзін-өзі  бағалауды  үйренуі.  Жоғарыда  аталғандардың  барлығы  сабақтар 

тізбегінде жүзеге асты. Оқушылар өмір тәжірибесімен байланыстыра отырып өздігінен үйде 

презентациялар  дайындады,  сабақта  тест  сұрақтарын  құрастырды.  Зертханалық  жұмыс 

барысында  кейбір  техникалық  құралдардың  болмауы,  олардың  толыққанды  өтуіне  біршама 

кедергі болғандығына қарамастан оқушылардың танымдық белсенділіктері мен ізденушіліктері 

өте жоғары болды. Мұндай әрбір сабақ оқытушы мен оқушыдан шығармашылық қатынас пен 

жаңалықты үнемі талап ететіндігі көзге түсті. Мектепке енгізген өзгерістердің бірі Lesson stydu 

жүргізу. Біздің зерттеуімізге дейін осындай зерттеу түрін 9В, Д, 5А сыныптарында жүргізіліпті. 

Осы жолы біз 5Б сыныбын зерттеуге алдық. Осы мұғалімдер тәжірибесі саласындағы білімді 

жетілдіруге бағытталған ынтымақтастық тәсілін орта буында негізгі пәндер бойынша өткіздік. 

Математика,  қазақ  әдебиеті,  жаратылыстану  сабақтарының  оқыту  әдістемесін  жетілдіруге 

көп ықпал етті. А,В,С тобындағы оқушыларды терең зерттеп нәтижесі бойынша әдістемелік 

кеңес жүргіздік. Мұғалімдердің айтуынша, енді осындай зерттеу түрін жалғастырсақ деген ой 

тастады. Басқа да сыныптарды алып зерттеп көрсек деген ұсыныстар болды.

Қорытындылай  келе,  тәлімгермен    жүргізілген  жұмыстың  барлығы  бізің  алға  қойған 

SMART – мақсатымызға бағытталғанын айта кеткен жөн. Тәлімгер мен тәлім алушы арасында 

сенімді,  жеке  тұлғаға  бағытталған  қарым-қатынас  құру  үдерісінде  оқытуда  7  модульді 

ықпалдастыра  отырып,  оның  ерекшеліктерін  анықтау  арқылы  сын  тұрғысынан  ойлаудың 

дағдыларын  дамыттық.  Соның  ішінде:  бақылау,  талдау,  қорытынды,  интерпретация  екенін 

ұжымда оқу мен оқытуда тиімді пайдалану жолдары қарастырылды. Жаңа жорамал, балама 

түсіндірмелер  іздеуге  ұмтылдыру;  өзінікінен  өзгеше  пікірлерді  қарастыруға,  жан-жақты 

ізденіп,  өз  көзқарасын  кеңейтуге,  тақырыптан  ауытқымай,  қорытынды  мен  мәселеге  назар 

аударттыру, дәлелдер мен негіздерді іздеп, ұсынуға, өзгелерді тыңдай және ести білуге, өзге 

адамның жай-күйін байқағыштыққа баулу жұмыстарын қарқынды жүргіздік. 


645

Әдебиеттер тізімі

1.  Әлеуметтік-экономикалық  жаңғырту  -  Қазақстан  дамуының  басты              бағыты. 

Қазақстан  Республикасының  Президенті  Н.Ә.Назарбаевтың  Қазақстан  халқына 

Жолдауы.


2.  Мұғалімге арналған нұсқаулық.  Бірінші (ілгері) деңгей. Екінші басылым.     

           

www.cpm.kz

3.  Бейсенова Г. Жаңа ақпараттық технологиялардың тиімділігі //      Қазақстан мектебі.- 

№6. – 2006. 

4.  Курсалды тапсырмалар. Бірінші (ілгері) деңгей. Екінші басылым. www.cpm.kz.

5.  Неткалиева Г.Б. Жаңа форматтағы мұғалім – заман талабы \\ «Білім берудегі жоғары 

сапа  және  көшбасшылық  -  2013»  халықаралық  ғылыми-тәжірибелік  конференция 

жинағы. 2 том, 13-15 қараша 2013.

ТАК ЧТО ЖЕ ТАКОЕ КОУЧИНГ?

Рахмаил Э.М.

Центр Педагогического мастерства 

г. Петропавловск

РЕСПУБЛИКА КАЗАХСТАН



Андатпа

Берілген мақалада Қазақстандық мектептерде жалпы енгізіліп жатқан жұмыстың жаңа 

тәсілі  –  коучинг  бойынша  сұрақтар  қарастырылады.  Автор  аталған  тәсілді  толыққанды 

қолдануға  байланысты  түрлі  сұрақтарды,  сонымен  қатар  аталған  тәсілді      әріптестермен 

тиімді жүргізудің  түрлерін таңдаудағы  мәселелерді анықтайды.Мақалада коучинг ұғымын  

қате интерпретациялау, түсініктерді алмастыру мәселері көтеріледі, автор коучинг жүргізудің 

қай  түрі  түрлі  санаттағы  мұғалімдер  үшін,  яғни    деңгейлік  курс  (1,2,3  деңгей)  тамамдаған, 

өзгерістер енгізу үдерісіндегі (деңгейлік курстарда оқымаған), сонымен қатар белсенді емес 

(жаңа тәсілдерді енгізу үдерісіне белсенді қатыспайтын) мұғалімдер үшін аса тиімді екендігін 

анықтайды. Мақала деңгейлік курстарды жүргізетін тренерлер үшін, сонымен қатар бұл тәсілді 

тәжірибеде  белсенді  түрде  қолданылатын  сертификатталған  мұғалімдер  үшін  тәжірибелік 

жағынан маңызды болып табылады. 



Маңызды сөздер: коучинг, Дилтс пирамидасы, деңгейлік курстар

Аннотация

В данной статье рассматривается вопрос нового метода работы, внедряемого повсеместно 

в  Казахстане  –  коучинг.  Автор  изучает  вопрос,  касающийся  оптимального  использования 

данного  метода,  а  также  проблему  выбора  формы  проведения  данного  взаимодействия  с 

коллегами.  В  статье  поднимаются  проблемы  неверной  интерпретации  понятия  коучинга  на 

местах, подмены понятий, автор определяет, какой из видов коучинга может стать наиболее 

эффективным для разных категорий учителей: прошедших уровневые курсы (1, 2, 3 уровень), 

учителей,  вовлеченных  в  преобразования  (то  есть  те  учителя,  которые  курсы  не  прошли), 

а  также  учителей  пассивных  (те,  кто  не  принимает  активного  участия  во  внедрение  новых 

подходов).  Статья  может  иметь  практическую  значимость  для  тренеров,  работающих  на 

уровневых курсах, а также для сертифицированных учителей, которые активно используют 

этот метод в своей деятельности. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   126




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет