Кесте 2 – Шөп қоспаларының зерттеу жүргізілген жылдардағы екі жылдық орташа көк балауса және құрғақ масса өнімінің орташа көрсеткіштері, ц/га (2017-2018 жж.).
Нұсқалар
|
Көк балауса массасының өнімі, ц/га
|
Құрғақ массасының өнімі, ц/га
|
2017ж
|
2018ж
|
2017ж
|
2018ж
|
Түтікке шығу, гүлдену және масақтану кезеңі
|
Арпа, асбұршақ, шәй жүгері-судан шөбі буданы, судан шөбі, рапс
|
25,70
|
149,44
|
5,12
|
37,16
|
Арпа, асбұршақ, шәй жүгері-судан шөбі буданы, судан шөбі, пайза
|
37,72
|
177,6
|
8,95
|
57,06
|
Арпа, асбұршақ, шәй жүгері-судан шөбі буданы, судан шөбі, африкалық тары
|
53,34
|
190,6
|
10,31
|
45,49
|
Сүттеніп пісу, бұршаққынның қалыптасу және шашақтану кезеңі
|
Арпа, асбұршақ, шәй жүгері-судан шөбі буданы, судан шөбі, рапс
|
96,25
|
257,84
|
26,91
|
77,77
|
Арпа, асбұршақ, шәй жүгері-судан шөбі буданы, судан шөбі, пайза
|
108,30
|
262,48
|
30,69
|
80,36
|
Арпа, асбұршақ, шәй жүгері-судан шөбі буданы, судан шөбі, африкалық тары
|
95,86
|
288,38
|
28,42
|
86,73
|
Зерттелінген шөп қоспаларының екі жылдық орташа мәліметтері бойынша шабу мерзімдерін бір-бірімен салыстырғанда, дақылдардың сүттеніп пісу, бұршаққындардың қалыптасуы және шашақтану кезеңінде шабылған көк балауса өнімдері,дақылдардың түтікке шығу, гүлдену және масақтану кезеңдеріне қарағанда орташа 73,0-92,0 ц/га жоғары өнім қалыптастырған. Ал құрғақ массалары бойынша салыстырғанда, сүттеніп пісу, бұршаққындардың қалыптасуы, шашақтану кезеңдеріне қарағанда түтікке шығу, гүлдену және масақтану кезеңдерінде шабылған құрғақ массасына қарағанда орташа 22,52-31,20 ц/га жоғары қалыптастырған. Яғни түтікке шығу, гүлдену және масақтану кезеңдерінде өнімнің төмен болуына негізгі себеп өсімдіктердің бойларының аласа болуы [9-11]. Сүттеніп пісу, бұршаққынның қалыптасу және шашақтану кезеңдерінде ауа температурасы +17,5°С–ға төмен болғанымен жауын-шашын мөлшері 32,9 мм түсіп топырақтағы ылғалдылықтың молаюының себебінен дақылдардың жапырақ бетінің ауданы ұлғайып, әрі өсімдіктер биіктеп өсіп, көк балауса өнімін жақсы қалыптастырды [12-15].
Достарыңызбен бөлісу: |