Образования


Кесте 1 – Шөп қоспасындағы дақылдардың вегетациялық кезеңдеріндегі орташа өсу динамикасы,см. (2017-2018 ж.ж.)



бет16/248
Дата30.09.2022
өлшемі2,01 Mb.
#40969
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   248
Кесте 1 – Шөп қоспасындағы дақылдардың вегетациялық кезеңдеріндегі орташа өсу динамикасы,см. (2017-2018 ж.ж.)



Нұсқалар

Өсімдік биіктігі, см.

Түтікке шығу, гүлдену және масақтану кезеңдері

Сүттеніп пісу, бұршаққынның қалыптасу және шашақтану кезеңдері

2017ж

2018ж

2017ж

2018ж

Арпа, асбұршақ, шәй жүгері-судан шөбі буданы, судан шөбі, рапс

39,4

65,9

54,2

74,0

Арпа, асбұршақ, шәй жүгері-судан шөбі буданы, судан шөбі, пайза

39,7

66,7

51,0

79,4

Арпа, асбұршақ, шәй жүгері-судан шөбі буданы, судан шөбі, африкалық тары

47,7

65,2

64,4

80,4

Екі жылдық орташа мәліметтерін салыстырғанда, шөп қоспасындағы дақылдардың түтікке шығу, гүлдену, масақтану кезеңдеріне қарағанда сүттеніп пісу, бұршаққынның қалыптасу, шашақтану кезеңдерінде 8-12 см биік болды. Өйткені шөп қоспасындағы дақылдардың сүттеніп пісу, бұршаққындардың қалыптасу және шашақтану кезеңдері шілде айындағы түсетін жауын –шашынға сәйкес келіп, биоклиматтық жағдайлар әсер етті.


Жапырақ – өсімдіктің негізгі фотосинтетикалық мүшесі екені көпке белгілі . Жапырақ беті ауданының көлемі өсімдіктер үшін өте маңызды, себебі бұл көрсеткіш егістіктің фотосинтетикалық потенциалын, бір шаршы метр жапырақ ауданымен құрғақ масса жиналуы нәтижесінде, алынатын өнімінің деңгейін айтарлықтай анықтайды [8, 65-85 беттер]. А.И.Тютюнниковтың айтуынша өсімдіктердің көк балаусаның жинақталу динамикасына, оларды өсіру барысында яғни тіршілік кезеңдерінде су, жылу, климаттық жағдайларға байланысты, кез-келген өсімдіктің тіршілік массасының жинақталу динамикасына үлкен әсерін тигізеді [6, 48-бет]. Шөп қоспаларының құрамындағы әр түрлі (майлы, астық және бұршақ) дақылдардың бәрі бірдей кезеңде болмайтыны анық. Зерттеу жүргізілген екі жылдық орташа мәлімет бойынша алғашқы көк балаусаға шабу түтікке шығу, гүлдену және масақтану кезеңдерінде шабылды, ал екінші рет көк балаусаға шабу сүттеніп пісу, бұршаққындардың пайда болу және шашақтану кезеңдерінде шабылды. (Кесте 2). Көк балауса өнімін екі жылдық орташа бойыншасалыстырғанда, шөп қоспаларының құрамындағы астық дақылдарының түтікке шығу, гүлдену және масақтану кезеңдерінде ең жоғарғы көк балауса өнімін қалыптастырған африкалық тары дақылы себілген шөп қоспасында 119,25 ц/га, ал құрғақ массасы 22,1% құрады. Осы шабылған мерзімде ең төменгі көк балауса өнімін қалыптастырған рапс дақылы себілген шөп қоспасында орташа 85 ц/га болды. Нұсқалар арасында ең жоғары көк балауса өнімін жинаған африкалық тары дақылы себілген шөп қоспасы болып табылды. Яғни африкалық тары дақылы себілген шөп қоспасын бақылау нұсқасымен салыстырғанда 35,3ц/га жоғары өнім қалыптастырды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   248




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет