Образования



бет14/248
Дата30.09.2022
өлшемі2,01 Mb.
#40969
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   248
Кілт сөздер: шөп қоспасы, көк балауса, құрғақ масса, шабу мерзімі, өнімділік


Кіріспе. Бәсекеге қабілетті отандық мал шаруашылығы өнімдерін өндіру жолдарының бірі мал азығын өндіру саласын қарқындату үшін мықты жемшөп базасын құру арқылы оның өзіндік құндылығын төмендету барысында, зерттеу жұмыстары жүргізіліп келеді [1]. Сонымен қатар қазіргі таңда Қазақстанның құрғақ далалы аймағы жағдайында сүтті және етті мал шаруашылығында малдарды толыққанды азықтандыру үшін біржылдық мал азықтық шөптердің өнімділігін жоғарылатудың маңызы зор табылады. Себебі, Қазақстан Республикасында біржылдық мал азықтық шөптердің егіс алқаптары өнімділігінің төмендігімен ерекшеленеді, оған аталған мал азықтық дақылдардың түрлерінің жоғары және тұрақты өнімді мал азықтық дақыл түрлермен кеңейтілмеуі басты себеп болып табылады. Осыған байланысты, біржылдық мал азықтық дақылдардың түрлерін әр түрлі топырақ-климат жағдайларында жоғары, әр тұрақты және жоғары сапалы өнім беретін, агроклиматтық жағдайларды тиімді пайдаланатын шөп қоспаларын өсіру технологиясын жетілдіру қажет.
Шөп қоспа түрінде себу туралы ой ХХ ғасырдың 60-жылдарда пайда болып, 70-80 жылдарда кеңінен тарады. Сол кездері пайда болған және ең танымал аралас азық- сиыржоңышқа-сұлы қоспасы болды [2]. Ресей Федерациясында шөп қоспаларынегізінен екі–үш түрлі құрамдас дәнді-бұршақты және мал азықтық шөптерден жасалынады. Мысалы шөп қоспалардың құрғақшылыққа төзімді дақыл ретінде судан шөбін алсақ, судан шөбі + танаптық асбұршақ, судан шөбі + жаздық сиыржоңышқамен, судан шөбі+майлы шалғам және судан шөбі + мал азықтық асбұршақ. Судан шөбі жақсы көк балауса өнімін береді. Жоғарыда келтірілген шөп қоспаларының көк балауса өніміне қарайтын болсақ, жалғыз себілген судан шөбіне 207,7ц/га қарағанда, судан шөбіне қосымша танаптық асбұршақ -289,9, майлы шалғам 254ц/га т.б қосу арқылы яғни шамамен 50-80 ц/га дейін қосымша өнім алынды [3]. Дегенмен Ресейдің қара топырақ-климаттық жағдайында 2 құрамдас бөлікті мал азықтық шөптерден жақсы өнім алынғанымен, біздің Қазақстанның құрғақ далалы аймағы жағдайында, механикалық құрамы ауыр құмбалшықты, қара-қоңыр топырақта дәл осындай 2 дақылды құрамдас бөліктен жоғарыда келтірілген көк балауса өнімін алу мүмкін емес. Қазақстанда шөп қоспа ретінде бір жылдық дақылдардан асбұршақ пен арпаны және танаптық асбұршақ пен сұлыны себіліп, бір түрлі дақылға қарағанда 3-7 ц/га дейін артық өнім алынды. Еліміздің құрғақ далалы аймағы жағдайына бейімделген дәнді –бұршақты, майлы және мал азықтық дақылдардың құрамдас бөліктерін 2-3-тен 5-ке дейін көбейте отырып, жемшөп өнімділігін арттыру қажет болды. Құрамдас бөліктерін қоса отырып, таза дақыл түрін себуге қарағанда, тұрақты және жоғары өнім алуға әрі себілетін ауданды және себуге кететін шығынды үнемдеуімізге болады [4,5]. Тағы бір айта кететіні көк балауса өнімділігін жоғарылатып ғана қоймай, сонымен қатар мал азықтық қоректік құндылығы артады. Шөп қоспаларының құрамдас бөліктеріне отандық дақылдар ғана емес, шетелдік дәстүрлі емес дақылдардан Ресейден әкелінген африкалық тарының Согур сорты және пайза дақылының Красава сорты қосылып зерттелінді.
Қазақстанның құрғақ далалы аймағы жағдайында бір жылдық дақылдардан тұратын шөп қоспаларының көк балауса және құрғақ масса өнімділігін арттыру мақсатында шөп қоспаларының шабу мерзімін анықтау.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   248




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет