Образования


ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҚҰРҒАҚ ДАЛАЛЫ АЙМАҒЫ ЖАҒДАЙЫНДА ӘР ТҮРЛІ ШӨП ҚОСПАЛАРЫНЫҢ СЕБУ МЕРЗІМДЕРІНЕ ЖӘНЕ ҚҰРАМДАСЫНА БАЙЛАНЫСТЫ ХИМИЯЛЫҚ ҚҰРАМЫ



бет67/248
Дата30.09.2022
өлшемі2,01 Mb.
#40969
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   248
ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҚҰРҒАҚ ДАЛАЛЫ АЙМАҒЫ ЖАҒДАЙЫНДА ӘР ТҮРЛІ ШӨП ҚОСПАЛАРЫНЫҢ СЕБУ МЕРЗІМДЕРІНЕ ЖӘНЕ ҚҰРАМДАСЫНА БАЙЛАНЫСТЫ ХИМИЯЛЫҚ ҚҰРАМЫ
Курбанбаев А.И. 1, аға маманы, ауылшаруашылығы ғылымдарының магистрі,
Байтеленова А.А.2, аға оқытушысы, ауылшаруашылығы ғылымдарының кандидаты,
Абдирова А.Б.1 кіші ғылыми қызметкер, ауылшаруашылығы ғылымдарының магистрі


1Ы.Жақаев атындағы Қазақ күріш шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» ЖШС,
2Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті,Қазақстан Республикасы


Андатпа. Мақалада Қазақстанның құрғақ далалы аймағында, әр түрлі шөп қоспаларының себу мерзімдеріне және құрамдасына байланысты, қоректік құндылығы және химиялық құрамы көрсетілген. Зерттеу жүргізілген жылдардағы екі жылдық орташа мәліметтері келтірілген. Себу мерзімі ретінде, мамыр айының екінші және үшінші онкүндіктері таңдалды. Екі себу мерзімінде үш түрлі шөп қоспа: 1. арпа, асбұршақ, судан шөбі, шәй жүгері-судан шөбі буданы, рапс; 2. арпа, асбұршақ, судан шөбі, шәй жүгері-судан шөбі буданы, пайза; 3. арпа, асбұршақ, судан шөбі, шәй жүгері-судан шөбі буданы, африкалық тары зерттелінді. Себілген мерзімдердің ішінде, мамыр айының үшінші онкүндігінің шөп қоспаларындағы шикі протеин, азотсыз экстративті заттар (АЭЗ) дейін жоғары болды. Ал, шөп қоспаларының құрамдас бөліктеріне байланысты, ең жоғары көрсеткішті африкалық тары дақылы себілген шөп қоспасында шикі протеин 2,87 %, ал, пайза дақылы себілген шөп қоспасында, АЭЗ-2,74% мөлшері бақылау (рапс дақылы себілген шөп қоспасы) нұсқасынан 0,07-0,16% дейін жоғары болды. Шөп қоспалардың құрамындағы астық тұқымдас дақылдардың түтікке шығу және масақтану кезеңдері шілде айында түсетін жауын-шашынға сәйкес келіп, күшті жапырақтанып, шикі протеин, каротин, АЭЗ бақылау нұсқасына қарағанда,көп болды. Қазақстанның құрғақ далалы аймағында әр түрлі шөп қоспаларының қоректік құндылығы, химиялық құрамы, тиімді себу мерзімі ретінде мамыр айының үшінші онкүндігі болса, құрамдасына байланысты африкалық тары және пайза дақылдары себілген шөп қоспалары болып табылды.
Кілт сөздер: шөп қоспасы, каротин, шикі протеин, шикі май




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   248




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет