Материалдар мен әдістемелер.Зерттеу жұмысы – далалық жағдайда жүргізілді. Далалық тәжірибені орындау үшін Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы, Мақпалкөл ауылдық округіндегі «Ер-Әлі» ШҚ-на тиесілі егістік алқаптың топырағы шалғынды-батпақты, әрі күшті тұзданғанкүріш атыздары таңдалды. Сыналатын агротехникалық құрылым – топырақты терең өңдейтін ПЧ-4,5 чизель-культиваторы. Егілген күріштің сорты – Лидер. Себу нормасы – 250 кг/га.
Нәтижелер мен талқылаулар.Күріш өндірісінің тұрақты дамуын күріш және күріш ауыспалы егісі дақылдарын өсірудің су,-ресурс үнемдегіш технологияларын енгізу арқылы қол жеткізу көкейкесті мәселе болып отыр. Негізгі топырақ өңдеу сол жердің арамшөптеріне қарай 16-18см (қоға), 25-27см (күрмек, шиін) тереңдікке жыртылады. Бұны топырақ өңдеудің дәстүрлі технологиясы.
Көктемгі егіс егу науқаны кезінде таңдап алынған екі атызға да топырақты өңдеудің дәстүрлі технологиясы бірдей жүргізілді, соның бір атызына топырақ қабатын 45-55 см терең тілетін чизель-культиваторы, яғнитопырақты терең өңдеудің жаңа технологиясы жүргізілді.
Сурет 1 –Терең өңдейтін чизель-культиваторы және онымен егістік топырағын өңдеу
б
а
Сурет 2 –Тәжірибелік алаңның жоғарыдан қарағандағы көрінісі
(а – топырағы терең өңделген атыз; б – дәстүрлі технологияда өңделген атыз)
Өніп шыққан күріш өсімдігіне вегетациялық кезеңдеріне сәйкескүтіп баптау іс-шаралары уақытылы жүргізіліп отырылды. Әрі екі атыздағы өсімдіктерге фенологиялық және биометриялық талдаулар жасалынып, әрдайым бақылауда болды. Егіс топырағын дәстүрлі және терең өңделген топырақтағы өскен өсімдіктер мен берген өнімдеріндегі айырмашылықтар мен ерекшеліктерге мән берсек.
Кесте 1 – Шыққан өсімдіктерінің нұсқалар бойынша айырмашылықтары
Көрсеткіштер
|
Терең өңделген атызда
|
Дәстүрлі өңделген атызда
|
Өсімдік ұзындығы, см
|
115-125
|
70-80
|
Шығымдылығы, м2/дана
|
220
|
184
|
Масақтың тығыздығы, м2/дана
|
460
|
300
|
Масақ ұзындығы, см
|
12-13
|
9-11
|
Мың дәннің салмағы, г
|
31
|
31
|
Өнім, ц/га
|
72,5
|
49,0
|
1-кестеде көріп отырғанымыздай, топырағы дәстүрлі технологиямен өңделген атыздағы күріш өсімдігінің фенологиялық және биометриялық көрсеткіштері жаңа технологиямен өңделген атыздағы күріштен әлдеқайда төмен көрсеткіштер көрсетті. 2 кестеде екі танаптың топырақ жағдайының агрохимиялық сипаттамалары көрсетілген.
Достарыңызбен бөлісу: |