Кілт сөздер: еңбекті қорғау, еңбек қауіпсіздігін басқару жүйесі, өндірістік тәуекел, жазатайым оқиға, кәсіби ауру, сапа менеджмент жүйесі, қауіпті талдау, кəсіби қауіпсіздік пен денсаулық
Кіріспе. Өнеркәсіп орнында еңбекті қорғау саласындағы саясаттың негізгі мақсаты қызмет барысында жұмысшылардың өмірі мен денсаулығын сақтау, бұл еңбекті қорғаудың нақты тұжырымдамасын айқындайды. Осы мақсатқа жету үшін еңбекті қорғауды басқару жүйесін құру (ЕҚБЖ) және оның барлық құрамдас бөліктерінің нақты жұмыс істеуін қамтамасыз ету қажет. Қазіргі уақытта елімізде еңбекті қорғау жөніндегі іс-шараларды орталықтандырылған жоспарлау мен қаржыландыру жүйесін алмастыра отырып, еңбекті қорғаудың мемлекеттік басқару жүйесі қалыптасты.
Ұйымдардың барлық түрлері кəсіби қауіпсіздік пен денсаулық саласында (OH&S) қызметтің жақсы көрсеткіштеріне олардың саясаттарымен жəне мақсаттарымен жəне осы көрсеткіштерді көрсетумен үйлесетін қауіп-қатерді басқару арқылы қол жеткізу үшін жоғарғы мүдделік көрсетіп отыр.
Біздің еліміздің әлемдік қауымдастыққа кірігу процесі, заңдарды, стандарттарды, басқару қағидаттарын әлемдік нормаларға келтіру ұйымдардың басшыларынан басқару жүйесін кешенді жаңартуды талап етеді. ЕҚБЖ - ұйымның басқару жүйесі элементтерінің бірі, ал жұмыс орындарын аттестаттау - еңбекті қорғауды басқару жүйесінің негізгі.
Әрбір жеке ұйымдарда еңбекті қорғау талаптарын іске асыруға, оның қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған өз ЕҚБЖ қалыптасады. Өнеркәсіпте еңбекті қорғауды басқарудың типтік схемасы мынада түрде жүзеге асырылады:
еңбекті қорғау бойынша жергілікті құжаттарды әзірлеу (ұйым басшылығы арасында жауапкершілікті бөлу арқылы еңбекті қорғауды ұйымдастыру стандарттары, құрылымдық бөлімшелердің басшылары, олардың жауапкершілігін белгілеу, кәсіп және жұмыс түрі бойынша еңбекті қорғау жөніндегі нұсқаулық, басқа құжаттар);
ЕҚБЖ енгізу бойынша ұйымдастыру қызметі кәсіподақ ұйымының қатысуымен немесе бірлесіп (еңбекті қорғау бойынша нұсқамалардың барлық түрлерін жүргізу, қызметкерлердің біліктілігін арттыру және оларды еңбекті қорғау бойынша оқыту, ұжымдық шарт пен еңбекті қорғау бойынша келісімді дайындау және жасау, осындай тексеруге жататын қызметкерлерді алдын ала және мерзімдік медициналық тексеруді ұйымдастыру және өткізу және т.б.) жасалады;
еңбекті қорғау қызметтерін құру және нығайту, еңбекті қорғау жөніндегі мамандарды оқыту және аттестациялау;
еңбек жағдайлары бойынша жұмыс орындарында аттестациялауды жүргізу;
жұмыстардың техникалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету, өндірістік объектілерді қайта жаңарту, қызметкерлерге санитарлық-тұрмыстық қызмет көрсетуді жақсарту;
қызметкерлерді жеке және ұжымдық қорғану құралдарымен қамтамасыз ету;
бөлімшелерде және жұмыс орындарында еңбекті қорғау талаптарының сақталуын бақылау (екі және үш сатылы бақылау және басқа да әдістер арқылы);
еңбекті қорғау бойынша құжаттарды жүргізу.
Қазақстан Республикасы қазба байлықтарының көлемі мен мұнай шикізатының қоры бойынша әлемде алдыңғы қатарлы ондыққа кіретіні баршамызға белгілі. Пайдасымен бірге мұнай және газ өндірісінің қоршаған ортаға тигізетін зиянды әсерлері де аз емес. Мұнай өндіру, тасымалдау және өңдеу жұмыстары кезінде болатын табиғи немесе қолдан жасалған апаттардың салдары өз кезегінде мұнайлы облыстардың экологиялық жағдайының нашарлауына бірден бір үлесін қосуда. Жерге төгілген мұнай және мұнай қалдықтары, ілеспе газдарды жағуға арналған алаулар ауданы, суды, топырақты ластап, өсімдіктер мен жануарлар дүниесіне, адамдардың денсаулығына зиянын тигізіп қана қоймай, кейбір тіршілік иелерінің жойылып кетуіне септігін тигізетіні анық [1].
Қазіргі уақытта көптеген ұйымдарда нақты анықталған ЕҚБЖ жүргізіледі. Бұл саладағы жұмыстар негізінен жұмыс орындарындағы қауіпсіздікке, жазатайым жағдайға немесе еңбекті қорғау жөніндегі заңнама мен өзге де нормативтік құқықтық актілердің бұзылуын жоюды талап ете отырып, қадағалау және бақылау органы инспекторының ұйғарымына байланысты әбден айқын қауіп туындаған кезде жүргізіледі [2,3].