Образования



бет170/248
Дата30.09.2022
өлшемі2,01 Mb.
#40969
1   ...   166   167   168   169   170   171   172   173   ...   248
Байланысты:
ХАБАРШЫ (1) (1)

Қорытынды. Cыр елінде сыр сүлейлері қалыптастырған ақындық дәстүр жалғасын тауып, ілгері дамуда. Тарихымызды түгендемейінше рухани жаңғыру мүмкін емес. Ұлттық кодтты сақтауда сыр елінде қалыптасқан ақындық мектептердің ролі ерекше екені белгілі. Сол себепті бүгінгі таңда ақындық мектеп, дәстүр мен жалғастықты дәріптеп, сын елегінен өткізіп, елге паш етуде қыруар істер күтіп тұр. Бүгінгі күні ұлт тәрбиесі, ұрпақ тәрбиесінде тағылымы мол жыраулар мен ақындардың шығармашылығы, олар қалыптастырған мектеп, оның келешегі, ғибратық үлгісі жөнінде насихаттау жұмыстарын жүргізу кезек күттірмейтін іс деп білеміз. Қазақ әдебиетіндегі дәстүр жалғастығы, жаңашылдық, мәселесі аясында А.Сақыпұлы «Нұртуған шайыр» зерттеу еңбегінде:«Әр халықтың сан ғасырлық тарихымен бірге, оның төл мәдениетінің де сан ғасырлық шежіресі болады. Ұрпақтан ұрпаққа астасып жатқан халқымыздың сөз өнерінің де том-томдық шежіресі бары аян» [14,5 бет] деген тұжырым берген.
Халықтық-ұлттық жаратылысқа сөз өнерi шығармаларының ықпалын айтқанда Мағжан Жұмабаев: «Жаратылыстың құшағында, меруерт секiлденген көп шатырдың астында, хош иiстi жасыл кiлем үстiнде күнмен бiрге күлiп, түнмен бiрге түнерiп, желмен бiрге жүгiрiп, алдындағы малымен бiрге өрiп, сары сайран далада туып өсетiн қазақ баласының қиялы жүйрiк, өткiр, терең болуға тиiстi... Менiң ойымша, қазақ баласы математикаға емес, әдебиет, тарих, жағрафия, жаратылыс сықылды ғылымдарға зерек болуға тиiстi. Дәлелiм – қазақ баласының жаратылысы осыны тiлейдi. Баланың атаға тартуы рас болса, сиқырлы даланың баласы қазақ баласы да қиял құмар болуға тиiстi. Яғни, ол әдебиет, тарих сықылды қиялды көп керек қылатын ғылымдарға ұмтылуға тиiстi» [15, 180 бет] деген пікірі біздің айтпақ ойымызды сипаттайды. Қазақ даласының әр түкпіріндегі оқырман мен тыңдаушынының көркемдік кабілетін дамытып, ұлттық санасын қалыптастыруда ақындық мектеп дәстүрлерінің орны айырықша. Демек, қазақ әдебиетi тарихындағы халық тәлiм-тәрбиесiне негiзделген ел, замана, адам болмысы, үрпақ тәрбиесі жайлы шығармалар, өнер тұтастығы бір ақындық мектептердің поэтикалық-эстетикалық ықпалы ешқашан маңызын жоғалтпайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   166   167   168   169   170   171   172   173   ...   248




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет