Образования



бет205/248
Дата30.09.2022
өлшемі2,01 Mb.
#40969
1   ...   201   202   203   204   205   206   207   208   ...   248
Қорытынды
Жалпы алатын болсақ, аталған технологияның мағынасы – өзге пәндерді шет тілінде тілдік-пәнаралық байланыс арқылы оқыту. Айқындап айтқанда, кез келген оқу бағдарламасындағы арнайы пәнді бір уақытта екі тілде де оқыту (ана тілі және шет тілі)[6, 13 бет].
CLIL технологиясының басты ерекшеліктеріне мыналар жатады: CLIL сабағы – бұл шет тіліпәні емес;CLIL сабағы – бұл арнайы пәнді ағылшын тіліне аудару сабағы емес;CLIL сабағы грамматиканы оқыту мақсаттарын қарастырмайды.
Бұл әдісті қолдану нәтижесіндестудент:бірнеше тіл білетін, өзге ұлттардың салтын қадірлей білетін мәдениетті, отансүйгіш тұлға болып қалыптасады; бір уақытта екі тілді де меңгереді;толеранттық тұлға болып қалыптасады;өз білімдерін іс жүзінде қолдана білуге талпынады, үйренеді.
Мысалы, Басқару нысандары/ Объекты управления/ Мanagement objects тақырыбындағы шығармашылық кезеңінде (Саланың технологиялық процестерін автоматтандыру пәні) CLIL технологиясы арқылы студенттер ағылшын тілінде оқу дағдысын қалыптастыру үшін алғашқы тапсырмасында мәтін ішінен терминдерді тауып, олардың анықтамаларын баяндап беру ұсынылады. Содан кейінгі тапсырмаларда формулалар, шартты белгілер жазылып, түрлендіру, қорытындылау жасалды, тиісті сан-мәндерін қойып, есепті шығару, схемаларды талдау беріледі. Барлық орындалатын жұмыстар ағылшын тілінде жүргізіледі.
Студенттерге бұл әдіс түрі ұнады. Тапсырманы орындауға тілек білдірген студенттер саны көп болды. CLIL әдісінің басты мақсаты – оқытушының түсіндіруін азайтып, керісінше студенттердіңөзара сөйлеу дағдысын қалыптастыру. Әр сабақтың барысында «миға шабуыл» әдісін жүргізіп тұрған тиімді. Берілген терминге байланысты студенттер өз ойларын, идеяларын, сабақ тақырыбына байланысты сан алуан аспектілерін қамтитын болады. Осылайша студенттердің сөйлеу, ойлау дағдылары қалыптасып, шет тілінде сөйлеу тәжірибесі молаятынына көз жеткіздік. Студентке арналған тапсырмалар арнайы пән мазмұнына сәйкес, студент түсінетіндей күрделілік деңгейі бойынша құрастырылуы тиіс. Жалпы арнайы пән бойынша сабақтарымды жүргізе отырып, тақырыпқа байланысты келесідей тапсырмалардыберуді негізге алып жүрмін: схемаларды құрастыру немесе толықтыру, датчиктердің орналасу тәртібін дұрыс анықтау, бос орындарды толықтыру, нақты ақпаратты, анықтаманы іздеу, терминдерді, анықтамаларды, сөздерді табуға бағытталған түрлі ойындар.
Бұл әдісті өзім меңгере отырып, студенттерге де, оқытушыға да тигізер пайдасының мол екендігіне көз жеткіздім. CLIL әдісін қолдану студентке сабақ барысында тілдік дағдысын қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінде «Үш тілде білім беруді дамытудың бағдарламасы» қолға алынуда. Жобаның негізгі мақсаты: CLIL әдісінің элементтерін қолдану арқылы арнаулы пәндерді ағылшын тілінде оқыту. Ал мұның өзі елімізде білім беру мазмұны жаңарып, «Пәндік-тілдік кіріктіру технологиясы (CLIL): қадамнан қадамға» әдістемелік нұсқаулық оқытудың жаңашыл көзқарасы пайда болуын қалыптастыратыны сөзсіз.
Студенттерге оқытудың перспективаларын жиі көрсетіп отыру қажет. Оқу барысында әр студенттің жеке ерекшеліктерін ескерген, білім деңгейі бірдей студенттердің дифференциалды кіші топтарына біріктірген дұрыс. Студенттерге өмірлік жоспарларды іске асыру үшін қажет барлық нәрселерді үйренсе, әрбір адам өмірде өз орнын табатынын үнемі түсіндіріп отырғаны абзал.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   201   202   203   204   205   206   207   208   ...   248




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет