Зерттеу нәтижелері және талдау. CLIL әдісі бойынша оқытудың мақсаты оқу пәні мен шет тілін бір мезгілде қарастыру болып табылады, яғни тіл оқыту объектісі ретінде емес, басқа пәндерді тану құралы ретінде пайдаланылады. Осылайша, ана тілінде және шет тілдерінде оқыту бір тұтас болып қабылданады. Оқыту екі тілде жүргізіледі, оқу жағдайында оқытудың жағдайы мен мақсатына сай тіл қолданылады. CLIL әдісі бойынша шет тілі барлық оқу пәндері бойынша, ана тілінен басқа барлық сабақтарда қолданылуы мүмкін, яғни тіл оқыту нысанына емес, оның құралына айналады. CLIL технологиясы екі мақсатты көздейді, атап айтқанда – пәнді шет тілі және оқытылатын пән арқылы шет тілін оқыту [4].
Әрине, мұндай зерттеу тиісті пәнді ана тілінде толық алмастыра алмайды, бірақ ол оны айтарлықтай толықтыра алады. Сондықтан пән бойынша оқу материалдары студенттердің ана тілінде осы пәндегі білім деңгейінің өзекті деңгейінен сәл төмен күрделілік деңгейінде таңдалуы тиіс. Оқу материалдарын таңдау пәннің құрылымы мен ерекшелігіне тәуелді болады. Бұл ретте мәтінді өңдеу бойынша тапсырмалар студенттерді мәтіннің басты ойын түсіну, талқылау және тексеру процесіне тарта отырып, пәндік мазмұнына баса назар аударылуы тиіс.
Бұл мақалада, біз арнайы пән оқытушылары ретінде аталған оқыту әдістемесін қарастырғымыз келеді. CLIL әдісі ең табысты болып саналады, себебі ол бірден екі немесе одан да көп пәндерді оқытуды біріктіруге мүмкіндік береді, олардың бірі ағылшын тілі. Әдістемені қабылдау үшін бастапқы нүкте - әрбір студент ақылға қонымды және білімді тұлға екенін тану болып табылады, бірақ ол өз интеллектін тек ана тілінде білдіре алады. Шет тілінде қарым- қатынас жағдайында студенттер арнайы білім саласында-құрылыс, педагогика, медицина, электроника және т. б. білімдерін білдіре алмайды.Осы мамандықтар үшін шет тілін білмей, олар кәсіби контексте қарым-қатынас жасай алмайды. Сонымен қатар, студенттер қажетті мамандықтар бойынша ақпараттық ресурстарға қолжетімділіктен шектелуі және тиімді кәсіби өсуге мүмкіндік болмауы мүмкін [5, 65 бет].
Оқытушының әмбебаптығы-бұл CLIL әдісінің негізі талабы. Пәнді жеке тұлға емес, оқытушы пәнді оқытумен байланысты өз қызметін қалыптастырады. Бүгінгі студент-ертеңгі қоғамның мүшесі. Шығармашылық ойлауды мәселелерді жан-жақты қарастыру арқылы дамыту керек; танымдық есептерді әртүрлі тәсілмен табу, шығармашылық есептерді жиі қолданған дұрыс.
Осы әдісті іс жүзінде қолдану оның сәтті тұстарын айқындауға мүмкіндік берді. CLIL әдісінің ең негізгі сәтті тұстарының бірі екінші тілді меңгеруге деген студенттің ынтасы болып табылады. Бұдан басқа студент ағылшын тілінде оқи отырып, оның мәдениетін кеңірек білуіне мүмкіндік алады. Пәнді оқи отырып, оқылып жатқан тақырыптарға сай терминдерді сабақ сайын қайталау барысында және оларды отырып, студенттің белгілі пән бойынша сөздік қорының молаятындығына көзіміз жетті.
Тілдік дағдыны қалыптастырумен қатар CLIL әдісі оқытушыдан сабақтың қызықты да табысты өтілуіне байланысты жаңа идеяларды талап етеді.
Оқытушы студенттермен оқу жұмысын ұйымдастырғанда әртүрлі формаларды қолдануы, студенттің шығармашылық және жеке іс-әрекетіне басты назар аударғаны дұрыс. Бұл студенттің арнайы пәнді оқуына деген қызығушылығы мен ынтасын оятары сөзсіз.
Оқытушы студенттердің сөйлеу дағдыларын қалыптастыру барысында және топтық, жұптық жұмыстарды жүргізу барысында әртүрлі формадағы, деңгейдегі тапсырмаларды дайындауды күнделікті дағдыға айналдырады.
Әсіресе, ағылшын тілінде жазылған әртүрлі терминдерді сипаттау арқылы студенттердің ойлау, сөйлеу дағдыларының қалыптасуы көрінеді.