Образования



бет232/248
Дата30.09.2022
өлшемі2,01 Mb.
#40969
1   ...   228   229   230   231   232   233   234   235   ...   248
Байланысты:
ХАБАРШЫ (1) (1)

Аңдатпа. Қазақстан экономикасының тұрақтылығы көбінесе кәсіпорынның қаржылық қызметіне байланысты.
Әлемдік практика тәуекелдерді төмендетудің және олардың алдын алудың барынша мүмкін әдістерін әзірлейді, осыған қарамастан қаржы нарығының түрлі секторларында жұмыс істей отырып, көптеген тәуекелдермен беттесуге және шығындар мен кірістер алып келетін тәуекелдер арасында таңдау жасауға тура келеді.
Осы проблемаларға байланысты әрбір кәсіпорында тәуекелдерді басқарумен тікелей айналысатын функционалдық құрылым қалыптастыру қажеттілігі туындады. Аталмыш құрылым қазіргі заманғы талаптарға сәйкес тәуекел-менеджменті деп аталады. Тәуекел-менеджментінің құрылымын жоғарылату мен дамыту – кәсіпорын үшін ішкі бақылауының өте қажетті элементі болып табылады.Кәсіпорында тәуекел-менеджментін дұрыс ұйымдастыру, тәуекел-менеджмент құрылымының қызметін оңтайландыру, оның жұмысының негізгі принциптерін енгізу жөнінде практикалық ұсыныстар жоқтың қасы, сондай-ақ теория мен практика арасындағы алшақтық та сезіледі.
Осыған орай, мақалада Кәсіпорында тәуекел-менеджментті басқарудың тео­риялық ережелерін қорытындылау, осы процестерді талдау және оның тиімділігін бағалау, тәуекел-менеджменті жүйесін жетілдіру жолдары қарастырылады.
Кілт сөздер: банкроттық, тәуекелділік, тәуекел менеджмент, капитализациялау, ағымдық өтімділік коэффициенттері, меншікті қаражаттар, активтер, пассивтер, ықтималдылық.


Кіріспе. Банкроттық жайында шешімдер қабылдау үшін негіз ретінде баланс құрылымының қанағаттанарлықтай екенін бағалаудың белгілер жүйесі алынады. Ол Қазақстан Республикасындағы қанағаттанғысыз мемлекеттік кәсіпорындарды жою, қайта құру, қаржылық – экономиклық сауықтырудың механизмі жайындағы Ережемен (Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетінің 1994 жылғы 7 қыркүйегіндегі №1002 қаулысымен бекітілген), 1995 жылдың 12 шілдедегі Қазақстан Республикасының Экономика министрлігімен бекітілген кәсіпрындардың баланстық құрылымын бағалау тәртібі туралы Ережесімен белгіленген.
Осы Ережеге сәйкес Қазақстан Республикасының Мемлекеттік мүлік комитеті жанындағы кәсіпорындарды қайта құру Агенттігі «Төлем қабілеті жоқ кәсіпорынның қаржылық жағдайын тереңдетіп талдау бойынша әдістемелік ұсыныстар» жасады, оны аталған мемлекеттік органның директоры 1995 жылы 5 қазанда бекітті.
Бұл әдістемелік ұсыныстар қанағаттанғысыз кәсіпорындарды сауықтыру, қайта құру және жоюды орындау тәртібін бірдей әдістемелік жолмен жүргізуді қамтамасыз етті. Баланстың құрылымының қанағаттанарлығын бағалау мен талдау келесі көрсеткіштер негізінде жүргізіледі:

  • Ағымдағы өтімділік коэффициенті (жалпы жабу), ағымдағы активтердің (баланс активінің бөлімі) ағымдағы міндеттемелерге ( алдағы кезең табыстарын алып тастағандағы баланс пассивінің 3 бөлімі) қатынасымен анықталады. Ағымдағы өтімділік коэффициенті кәсіпорынның шаруашылық қызметін жүргізу және ағымдағы міндеттемелерді уақытында жабу үшін айналым қаражаттарымен жалпы қамтамасыз етілуін сипаттайды.

  • Меншікті қаражаттармен қамтамасыз етілу коэффициенті меншікті айналым қаражаттарының ( меншікті капитал минус ұзақ мерзімді активтер = баланс пассивінің бірінші бөлімі минус баланс активінің бірінші бөлімі) [1.526 б].

Әлемдік практикада қарыз алушылардың несиені өтеу қабілетін және төлеуге қабілетін бағалаудың көптеген әдістерін әзірледі. Олардың арасында кәсіпорынның банкроттыққа ұшырауын анықтау әдістемесі (Альтман әдісі – Z-талдау ) тиімді әрі көпшілікке танылған, шетелде несиелік тәуекелдің бағалау үшін Чессер әдісі [2. 628 б.].


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   228   229   230   231   232   233   234   235   ...   248




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет