Кілт сөздер: суармалы жерлер, жер асты суының денгейі, тұздану, жерлердің мелиоративтік жағдайы.
Кіріспе. Облыс аймағы жер бедерінің алуан түрлілігімен айрықшаланады және төрт анық айқындалған бөліктерге бөлінеді: солтүстіктік, оңтүстік-батыстық-жазықтық, оңтүстік-жазықтық және оңтүстік-шығыстық-таулы. Сырдария өзенінің жағына қараған Қаратау жотасының оңтүстік-батыс баурайлары жайпақ, кішігірім өзеншелермен жақсы суғарылады. Осы өзеншелердің, сонымен бірге Арыс-Түркістан каналы және Сырдария өзені арасында бұл жерде Түркістан және Кентау қалаларына бағынышты аймақтарда алаңы 71,06 мың гектарының шамасында суармалы жерлер алып жатыр. Оңтүстіктен бұл алқап тұзды көлдермен шектеледі, бұл осы алқаптың оңтүстікке қарай дамуын қиындатады. Мойынқұм құмдарына қарайлаған Қаратау жотасының солтүстік-шығыс баурайлары көбінесе тік, құзды, өсімдіктерге және ағын суларға жарлы. Мойынқұм құмдарымен және Қаратаудың солтүстік кертпешінің аралығындағы Созақ ауданының аймағында сұр топырақтармен төселген тау алдыңғы жазықтықтың онша еңді емес тілігі жайылып жатыр. Бұл бөлігі жер шаруашылығы үшін жарамды, бірақ суармалы судың жеткіліксіз мөлшерінен жеткілікті игерілмеген.
Облыстың оңтүстік-батысын Қызылқұм құмды шөлі алып жатыр, оңтүстікке қарай ол біртіндеп Мырзашөл даласының көтеріңкі жазықтығына өтеді. Сырдария мен Арыс өзеңдерімен, сонымен қатар, Достық және Қызылқұм каналдарымен суғарылатын бұл жерде өзендердің сатыларының жазықтықтарында көбіне мақталық учаскелері алып жатқан облыстың суармалы жерлерінің негізгі алабы бар[1-3].
Облыстың жазықты бөлігінде орналастырылған суармалы жерлерінің басты мелиоративтік мәселесі топырақтардың тұздануы, олардың сортаңдануы болып саналады. Тұздардың топырақтың үстінгі қабатында шоғырлануы келесі себептерге байланысты: топырақтың үстінгі қабатына тұзды жер асты сулар әкеледі; тау жыныстарының үгілу процесстерінен пайда болған тұздар жер бетіндегі сулармен рельефтың ойпаттарына келіп шоғырланады; үгілу және топырақ қалыптасудың бейтарапты және немқұрайлы заттар улы су ерігішті қосылыстарға өтеді; сорлар және тұзды көлдер мен теніздердің бетінен жел тамшы және қатты аэрозоль түрлерінде әкетеді (инпульверизация); топырақ қалыптасу мен төсеніш жыныстардағы тұздар тұшшы жер асты сулардан қайта еріп топырақ кесіндісінің үстінгі қабаттарында шоғырланады.
Мелиорация ауыл шаруашылық өнімдерін арттырып қана қоймай, сондай-ақ ауа райының әртүрлі болған жағдайының өзінде тұрақты өнім алудың негізін жасайды.
Мелиоративті іс-шаралардың кешендігі маңызды белгісі болып, суарылатын жерлерді жоспарлау болып табылады, яғни тепе-тең суаруға мүмкіндік береді, суармалы тақталардың дұрыс орналасуын жеңілдетеді, суармалы суды қолдануды көтереді, суаруды ауылшаруашылық жұмысының және жоғары механизацияны қолдану мүмкіндігін туғызады, соңында ауылшаруашылық мәдениетіндегі егістіктің көп болуына өз ықпалын тигізеді. Кез келген жерде суармалы жерлер суарудың бағытында жүреді [4-8].