Образования


Зерттеу нәтижелері және оларды талқылау



бет56/248
Дата30.09.2022
өлшемі2,01 Mb.
#40969
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   248
Зерттеу нәтижелері және оларды талқылау. Жалпы ағымдағы жылы зерттеу мәліметтерін талдай келе, барлық бақылауға алынған 574,4 мың га суармалы жерлерде агромелиоративтік зерттеу жұмыстары жүргізілді, гидрогеологиялық жұмыстарды орындау барысында 1071 бақылау құдықтарынан 17388 рет жер асты суынын деңгейіне өлшеулер жасалынды, сонымен қатар топырақ және жер асты, суармалы және қашыртқы суларынын химиялық құрамын анықтау мақсатында 7456 дана топырақ және су сынамалары алынып химиялық талдау жасалынды.
Суармалы жерлер топырақтарының тұздану дәрежесі мен түрін анықтау мақсатында далалық топырақ-тұздық түсірілім жұмыстары Мақтарал және Жетісай аудандарының 20,2 мың гектар суармалы жерлерінде және барлығы 16 тұрақты алаңшаларда тұздың өзгеруін, топырақ қабатының құнарлығын және ластануын бақылау орындалды. Суармалы жерлердің агромелиоративтік зерттеу жұмыстарының нәтижесінде Түркістан облысы және Шымкент қаласы аумағындағы суармалы жерлердің жалпы көлемі 574,4 мың га екені анықталды.
Пайдаланылмаған суармалы жерлердің себептерін анықтау барысында 7,9 мың га суармалы жерлердің топырағы түрлі дәрежеде тұзданған, 4,8 мың га суармалы жерлерде жер асты суының деңгейі шектеуден тыс жоғары, 14,5 мың га суармалы жерлерде судың жетіспеуі және 31,6 мың га суармалы жерлер басқа себептермен пайдаланылмағаны анықталды. Бұл пайдаланылмаған суармалы жерлердің көлемі өткен жылмен салыстырғанда 6,1 мың гектарға азайған.
Гидрогеологиялық бақылаулар нәтижелеріне сәйкес суару кезеңі біткеннен кейінгі кезеңде жер асты суының деңгейі шектеуден тыс жоғары болған суармалы жерлердің көлемі 88,9 мың га немесе жалпы суармалы жерлер көлемінің 15,0% құрады (сурет 1). Жер асты суының тұздылығы жоғары суармалы жерлер көлемі 68,5 мың га немесе жалпы суармалы жерлер көлемінің 14,0% құрап және олардың химиялық құрамы гидрокарбонатты-сульфатты және хлоридті-сульфатты екені мәлім болды.

Сурет 1 – а) суармалы жерлердін жер асты суынын деңгейі бойынша орналасуы, мың га; б) суармалы жерлердін жер асты суынын тұздылығы бойынша орналасуы, мың га

Су шаруашылығы мекемелерінен алынған мәліметтеріне сәйкес, ағымдағы жылы суармалы жерлерге бөлінген лимит су көлемі 4448,8 млн.м3 құрады. Суару кезеңіндегі су көздерінен алынған су 3051,86 млн.м3, ал егістікке берілген су көлемі 2235,59 млн.м3. Облыс бойынша орташа үлестік берілген су 3839 м3/га құрады.


Қазіргі уақытта қашыртқы жүйелері лайланып, қамыс өсіп кеткендіктен, су өткізу қабілеті төмендеген (сурет 2). Осыған байланысты, жақын орналасқан суармалы жерлердегі жер асты суының денгейі көтеріледі, бұл топырақтың тұздануына әкелуі мүмкін.







Сурет 2– «ВС-18-5-6» және «ВС-1-1-2-1» қашыртқылары тазалану кезеңі, Мақтаарал ауданы

Суармалы жерлердің мелиоративтік жағдайы, топырақтың құнарлығы, өсірілген дақылдардың өнімділігі мен сапасы суармалы сулардың сапасына және ирригациялық қасиеттеріне байланысты.


Талдау нәтижесінде суармалы сулардың ирригациялық қасиеттері мен жарамдылық дәрежесіне қарай барлық су көздерінің суларының сапасы жоғары. Жалпы 2020 жылы Сырдария өзені суының тұздылығы 1,01 г/л (Шардара ауданы) және 1,2 г/л (Отырар ауданы). Сырдария өзенінің тұздылығы өткен жылмен салыстырғанда 0,18 г/л көбейген, химиялық құрамы сульфатты-гидрокарбонатты. Қазығұрт ауданындағы Келес өзенінің бас жағында 0,65 г/л, ал Сарыағаш ауданында Келес-2 өзенінде 1,29 г/л, яғни соңғы жағында 1,37 г/л екені анықталды. Химиялық құрамы бойынша сулар Сырдария өзені бассейні бойынша сульфатты-гидрокарбонатты, ал Арыс өзені бассейні бойынша гидрокарбонатты-сульфатты.
Суармалы жерлерінің көбісінде тұздар топырақтың тамырлар жайылатын қабатына су тәртібінің ирригациялық-экссудативтік түріне байланысты түседі, яғни жердің өткізгіштігі нашар жағдайында суару кезінде тұзданған жер асты суларының жер бетіне көтеріледі.
Бақылаулар мәліметтері бойынша 2020 жылы жер асты суларының 2 метрден төмен жатқан жерлердің көлемі облыс бойынша 89 мың га, яғни суармалы жерлердің 15 пайызын құрады. 2019 жылмен салыстырғанда 5 пайызға өскен. Олардың көлемі жоғары Мақтаарал (аудандағы суармалы жерлерінің 41 пайызын құрайды), Жетісай (19 пайыз) және Шардара (58 пайыз) аудандарында. Әсіресе Шардарада бір жылдың ішінде жер асты суларының 2 метрден кем жататын жерлердің көлемі 43 пайызға өсті.
Стационарлық аланшаларда жасалған көп жылдық бақылаулардың мәліметтері бойынша, топырақтардың сор шаю мен суару жұмыстардан кейін топырақтың 0-100 см қабатынан тұз кетеді, әсіресе топырақтардың жоғарғы қабаттарынан. Ары қарай суару кезеңдерінің арасында және суару кезеңнің аяқталғанында тұздар топырақтың жоғарғы қабаттарына қайта бастайды. Оны 2-ші кестенің мәліметтері дәлелдейді. Кестеде бірнеше жылдарға есептелінген тұздардың маусымдық шоғырланудың коэффициенттерінің (ТМШК) нәтижелері келтірілген.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   248




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет