Бөлім бойынша жиынтық бағалау саны оқу бағдарламасына сәйкес анықталады
Егер бір тоқсанда бөлімдер саны 4 және одан да көп болса, БЖБ өткізу кезінде бөлімдер біріктіріледі, бір тоқсанда БЖБ саны 3-тен артық болмауы қажет
БЖБ жоспарлау уақытында 15-20 минуттан аспайтындай етіп жоспарлау қажет. 15-20 минут – бұл бағалаудың сабақтың тек бір бөлігінде өткізілетінін бейнелейтін шартты көрсеткіш.
Мұғалім БЖБ өткізу формасын (практикалық немесе шығармашылық жұмыс, бақылау, жоба, ауызша, эссе және т.б.) және қай сабақта өткізілетінін өзі анықтайды.
БЖБ тапсырмаларын құрастыру кезінде тек өтілген материалдарды ғана қамту керек
БЖБ үшін тапсырмалар мен дескрипторларды мұғалім өз бетінше құрастырады (әдістемелік нұсқаулықта берілген тапсырмаларды қолдануға рұқсат етіледі)
Соңғы БЖБ тоқсан аяқталуына 1 апта қалғанға дейін өткізу жоспарланады.
Мұғалімге кез келген қолжетімді және қолайлы формада (электрондық күнделік арқылы ақпараттандыру қарастырылуда) БЖБ нәтижелері туралы оқушыны, ата-ананы ақпараттандыру қажет