Очерктегі типтендіру мәселесі



жүктеу 256.29 Kb.
Pdf просмотр
Дата03.03.2017
өлшемі256.29 Kb.

М.Б.Шындалиева 

Филология ғылымдарының докторы, профессор 

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Астана қ, Қазақстан 

 

Очерктегі типтендіру мәселесі

 

Типтендіру  дегеніміз  –  дара  кейіпкер  жасау,  солардың  тағдыры, 

қылығы,  іс-әрекеті  арқылы  күрделі,  әр  алуан  байланыстар  мен  қарым-

қатынастарды  ашу.  Очерктегі  типтендіру  әдісі  туралы  ғалым  Тӛлеубай 

Ыдырысов  былай  дейді:  “Очерктегі  типтендіру  едәуір  дәрежедегі  біздің 

ӛміріміздің  мән-мағынасы  мен  сипатын  білдіретін  ақиқат  фактілер  мен 

оқиғаларды  дұрыс  біріктіріп  алуға  байланысты.  Егер  очеркист  айналадағы 

құбылысты  типтендірмесе, онда тек фактіні жай тіркеуші болып қана қалар 

еді. Ал оқушы очерктен фактінің  “психологиясын”, адамдардың аты-жӛнін, 

лауазымын  емес,  қайта  оның  ішкі  дүниесін  ашатын  қызықты  әңгімені 

іздейді” [1,54]. Бір жағынан типтендіру - ӛмірдегі тарихи құбылысты типтік 

характерлер  арқылы  қорытындылап  отыруы  шарт.  Кез  келген  жазушы  ӛмір 

кӛріністерін  қорытындылауды  типтік  характер  арқылы  жүзеге  асырады. 

Типтік  жеке  дара  ерекшеліктерімен  кӛріне  отырып,  дара  образдардың 

ерекшеліктері  арқылы  жалпыға  ортақ  белгілерімен  олардың  тенденциялық 

жақтарын  меңзейді.  Типтендіруде  қоғам  ӛміріне  тән  құбылыстар 

жинақталып,  сұрыпталады,  сол  арқылы  қоғамның  мәнді  жақтары  алынып, 

жалпыға  ортақ  ӛмірдің  шындық  кӛріністерінің  тенденциялы  жақтарын 

жинақтап  бере  алса  ғана  типтік  жағдайға  байланысты  типтік  кӛрініс 

туындайды. Бұдан шығатын қорытынды, очерктегі типтік жағдай мен типтік 

бейненің  арақатынасын  дұрыс  түсіну  үшін  оның  тетігін  шынайы  ӛмірден 

іздеу керек. Себебі, кӛркем очерктегі типтік образ жалпыға ортақ кӛріністің 

айқын белгілерін аңғартады. 

Типтіліктің  ӛзі  кӛркем  очеркте  әрбір  характерге  тән  болып  келеді. 

Ӛйткені әрбір характер айрықша белгілерімен, ӛзіндік сипатымен танытуды 

тілейді.  Тенденциялық  жақтарымен  алғанда  әр  характер  типтендіру  арқылы 

айқындалады. Очеркте алған характерін типтендіре алды ма жоқ па дегенде, 

оның  жауабын  нақты  шығармадан    іздеген  жӛн.  Бұған  М.Әуезовтің 

“Түркістан” солай туған” очеркінен бірер мысал келтірейік. Очеркте Алексей 

Иванович  Строгов  –  “Түркістан  совхозының  директоры  Алексей 

Ивановичтың  іс-әрекеті  совхоз  ӛміріне  тікелей  қатысты  болып  келеді  де 

оның ӛмірі тікелей  совхоз ішіндегі істі шешуге байланысты ӛрбиді. Жазушы 

Алексей  Иванович  характерін  жетілдіре  түсіп,  оның  білім-парасатына  кӛз 

жіберіп,  ӛрелі  іске  ақыл-айласы  жетерліктей  тұстарын  сәтті  кӛрсете  білген.  

Совхоз директоры Строговты қажырлы азамат ретінде кӛрсетіп, әртүрлі сын 

сағат  үстінде  ойландыра  да,  қобалжыта  да  алған.  Үлкен  істердің  басы-

қасында  жүрген  Алексей  Иванович  Строгов  жаңа  істердің  басталуы,  үлкен 

қиыншылықтардан  шығу  жолдары,  достық,  сыйластық,  ескі  мен  жаңаның 

арасындағы  тартыс  Алексей  Строговтың  тікелей  қатынасы  арқылы  ӛрістеп, 

ширығып  отырады.

 

Қаһарманды  жазушы  жақсы  жақтарымен  кӛрсете 



отырып,  оның  іс-әрекеттерін  нанымды  суреттейді.  Осы  мәселеге  орай 

академик Р.Бердібаев: “Типтік сюжет құра алмаушылықты үлкен кемшілікке 

санау  керек.  Басталуы,  ӛрбуі,  ӛсуі,  шиеленісуі  табиғи  шешімі  бар  сюжет 

жасалмай,  шығарма  селкем  шығатыны  сӛзсіз.  Сюжеттік  заңдылықтарды 

елемеуден туатын қырсық кӛп” [2],- дейді. 

Василий  Захварович  Матайбаев  –  директор  Строговтың  маңайындағы 

жақсы  шофер,  әйелі  де  жақсы  агроном.  Вася  Матайбаев  жеті  жасар  бала 

шағынды  1931  жылы  Семей  облысының  Ново-Шульба  ауданында  әке-

шешесінен    бірдей  айырылып  балалар  үйіне  түскен.  Одан  кейінгі  ӛмірі 

әскерге  барғанша  балалар  үйінде,  мектепте,  әр  алуан  интернатта  ӛткен. 

Соғыстан кейін механик – шофер болып келген Вася, Москва түбінде тірлік 

бастап,  орыс  қызы  Нинаға  үйленген.  Туған  жері  Қазақстанға  оралған  Вася 

Матайбаев  қинала  жүріп,  қиындыққа  қарсы  барады,  Вася  басындағы  ауыр 

кезең  шығарманың  ұзын  ырғасында  ӛзекті  мәселе  болып  ӛрілген.  Осы 

күрделі  жағдайлармен  қатар  бұл  очеркте  дос,  жолдас,  сүйген  жар,  әке-

шешеге деген қарым-қатынас, ӛмір түсініктері терең ашылған. Алған бетінен 

қайтпайтын, ӛз Отанына оралып қызмет етуді мақсат еткен Вася Матайбаев 

ойлана,  толғана  жүріп  ақырында  ӛз  мақсатын  орындайды.  Осындай  ӛршіл 

қазақ жасының белсенділігі, типтік характері очеркте шыққан. 

Очерктегі  типтендіру  шеберлік  мәселелерімен  тікелей  байланысты. 

Ӛйткені  типтілік  очерктегі  кӛркемдік  шынайылықты  танытады.  Жалпыға 

ортақ  құбылыстар,  ӛмірде  бар  кӛріністер  очеркист  қаламынан  жалпыға  тән, 

кӛпшілікке  ортақ,  ӛмірде  жиі    кездесетін  оқиғаларды  журналист  дұрыс 

типтендірмесе  ӛз  мақсатын  орындай  алмағаны.  Кейде  ӛмірде  некен-саяқ 

кӛрініс болып кездесетін оқиғалар кейіннен ӛзіндік даралығы бар, болашақта 

кӛпке  ортақ  боларлық  жайларды  жазушы  ӛз  очеркінде  типтендіруі  мүмкін. 

Типтендірудің  эстетикалық  күш-қуаты  да  осында.  Еңбектегі  ӛнегелі  ісімен 

құрметке  бӛленген  Жазылбек  Қуанышбаев,  Шығанақ  Берсиев,  Кәмшат 

Дӛненбаева,  Ұлы  Отан  соғысында  қаһармандық  ерлік  кӛрсеткен  Рақымжан 

Қошқарбаев,  Тӛлеген  Тоқтаров,  Мәлік  Ғабдуллин,  Бауыржан  Момышұлы, 

Қасым  Қайсеновтер  туралы  бірнеше  очерктер  жазылған  және  осы  адамдар 

арқылы  очеркистер  ӛмірдің  шындығын  танытатын  типтік  бейнелер  жасай 

білген.  Кез  келген  кӛркем  шығармадағы  бейнелер  ӛз  дәрежесінде 

типтендірілгенде ғана қоғамдық мүдде, Отан даңқын шыңға кӛтергенде ғана 

қазақ халқының рухани күш жігері шынайы кӛрінеді.

 

Типтендіру  ӛмір  кӛрінісінің  кӛшірмесі  емес,    оның  шешуші 



тенденциясының жақтарымен айқын характер ашқанда ғана толық мәнге ие 

болады. 1916 жылғы халық кӛтерілісін сипаттаған ақын-жазушылар ӛмірдің 

сол  бір  дәуірге  тән  құбылыстарын  жеке  геройлардың  басына  жинақтап, 

жалпыға  ортақ,  ӛмір  кӛріністерін  кӛркемдік  шыңына  кӛтеріп,  типтік 

жақтарын түйіндеуді нысана етіп қояды. 

Б.Майлин  мен  Ғ.Мүсіреповтің  “Батыр  большевик”  кӛркем  очеркіндегі 

Амангелді  Иманов  есіміне  байланысты  болған  оқиғаларды,  халық 

кӛтерілісінің  әр  қилы  жақтары  жан-жақты  кӛрінеді.  Кӛркем  очерктегі 

Амангелдінің  типтік  характері  ашылып,  әрекет,  күрес  үстінде  суреттеледі. 

Жау  қолына  түскен  батырдың  бетінен  қайтпай  қажырлы,  қайсар  мінез 



танытқаны  типтендіру арқылы жүзеге асады, себебі Амангелді образы дәуір 

тудырған ӛзіндік ерекшелігі бар, сандаған адамдардың мінез-құлықтарын ӛз 

бойына  сіңірген,  жұрт  мойындаған  типтік  бейне.  Тарихи  адамның  образын 

жасауда Б.Майлин мен Ғ.Мүсірепов қазақ халқының ӛмірін, тұрмыс-салтын 

кең  суреттеп,  Амангелдінің  қоғамдағы  салмағына  үңіле  отырып,  дәуір 

тынысын  айқын  тани  біледі.  Егер  типтілік  ӛмір  заңдылықтарын  кӛрсетеді 

десек,  ӛмір  заңдылығы  дұрыс  суреттелмесе  адам  характері  де,  образ  да  ӛз 

дәрежесінде  ашыла  алмайды.  Типтілік  ӛмірдегі  ӛзгерістердің  ұйытқысы 

болса,  сол  типтілікке  тән  негізгі  белгілерді  жинақтап,  қорытындыласа  ғана 

типтік характер ашылады. 1916 жылғы халық кӛтерілісі, оқиға бірлігі, дәуір 

тұтастығы  А.Иманов  бейнесі  арқылы  суреттеле  отырып,  Амангелдіні  күрес 

үстінде суреттеген авторлар жау қолына түскендегі, абақтыға жабылғандығы 

батырдың кӛздеген мақсатын баяндау арқылы екі автор үлкен шеберлікке қол 

жеткізен. Очеркистер типтік бейне Амангелді арқылы халықтық күрестегі ізгі 

арманды ӛзекті мәселе етіп қоя білген деуге болады. 

“Батыр  большевик”    кӛркем  очеркінің  бірінші  бӛлімінде-ақ  бала 

Амангелді  киіктің  асығындай  шымыр,  намысқой,  күрескер  екені,  он  тӛрт 

жастан  бастап  тентектікті  тыйып,  Таубай  деген  байға  қойшы  болып 

жалданып,  соңынды  сол  кездегі  озбырлыққа  қарсы  күрес  ашады.    Күрес 

үстінде жүрген Амангелді “ұры” атанып, Құсбек мырза ӛлімі, Абдығапардың 

оққа  ұшқан  қара  тӛбел  аты,  баяғы  Таубайдың  қойы  мен  құланы  бәрі 

есептеліп, Амангелдіге үш жыл түрме кесіледі. Осылай Амангелді қайнаған 

күрестің ортасында жүреді. Бұл очеркте Таубай, Абдығапар, Құсбек сияқты 

ел  ішінде  әңгір  таяқ  ойнатқан,  озбырларға  тойтарыс  беруші  күрескер 

Амангелді  жайлы  келе-келе  Амангелді  болыс-билерге  де  қарсы  шыға 

бастаған  батырдың  іс-әрекеттерін  авторлар  сәтті  шығарған.  “Елден  артық 

алым-салық  жинап  келген  ауылнайларды,  дау  бітіріп  пара  алып  жүрген 

билерді,  урядниктерді  талай  сабап,  қуып  жібереді.  Қысқасы  Амангелдінің 

кӛзін  жоймаса,  елдің  мырзаларының  да  алдынан  шығып  ӛңешіне  кӛлденең 

тұра  беретін  болды”  [3,303],  -  деп  алғашқы  ұрыс-тӛбелестен  басталған 

шайқас,  ұлғая  келе,  таптық  кек,  әлеуметтік  теңсіздік  мәселелеріне  ауысады. 

Би-болыстармен біржола бет шайысып алған Амангелді образында жаңа бет- 

бұрыс  байқалады.  Бай,  болыс-билерден  қуғынға  түскен  Амангелді 

жалғыздық  кӛрмейді,  ӛйткені  оның  арқа  сүйері  халық,  ел  азаматтары  әр 

уақытта  Амангелді  тӛңірегінен  табылады.  Қазақтың  бас  кӛтерер  жігіттерін 

импералистік  соғыстың  ӛртіне  айдап  салып,  окоп  қазуға  аттандырмақ 

болғанда оларға қарсы тұрып, қол жинайтын да Амангелді батыр. Жандарал 

Еверсманға  қарсы  сӛз  айтқан  батыр  қазақ  халқының  бойына  жиналған  кегі 

кернеп,  құлдық  қабын  жарып  жібергендей,  ақ  патшаға  атуға  сақталған  оғы 

осы арада атылғандай болады.  

Амангелді  Иманов  ӛмірде  болған,  дәл  осы  очерктегі  оқиғаларды 

басынан  кешірген  адам  екені  даусыз.  Мұнан  типтілікті  ӛмірде  бар 

протатиптік кӛшірмесі ғана деп түсінуге болмайды. Негізгі протатип жазушы 

кӛңілінде  тұрғанның  ӛзінде  оның  бойында  жетпей  тұрған  жеке  кӛрініс, 

қимылдарды  ондаған,  жүздеген  адамдар  бойынан  ала  отырып,  жинақтап 


типтендіреді.  Сондықтан  да  типтілік  деген  ортақ  құбылыстарды  ӛзіндік 

даралығымен нақыштау болса керек.  

“Типтілік  мәселесін  нақтылы  шығармаға  талдау  жасау  арқылы  сӛз 

еткенде оның әртүрлі қиындығы бар, негізінде типтілік проблемасы эстетика 

саласынан кӛрінетіндіктен тек қана шығарманың идеялық мазмұнын ашумен 

тынбайды, типтік характердің қалыптасуы     әлеуметтік ӛмірге байланысты 

дәуір шындығы қалай суреттелді деген сұрақтарға кӛркемдік шешім іздейді” 

[4,  91],  -  дейді  ғалым  М.  Хасенов.  Шындығында  да  нақтылы  шығармаға 

сүйене  отырып,  типтіліктің  теориялық  жақтарын  дәлелдеу  орынды  сияқты. 

Әсіресе  кӛркем  очерктегі  типтілік  мәселесі,  типтік  образ  жасау 

проблемалары жайлы осы уақытқа дейін аз сӛз болған.  

Ұлы  Отан  соғысы  тақырыбына  арналған  кӛркем  очерктердің  ӛн 

бойында  барлық  ұлттар  мен  халықтардың  ұл-қыздары  бір  жеңнен  қол,  бір 

жағадан  бас  шығарғаны  белгілі.  Батырлық,  табандылық,  қайсарлық 

кӛрсеткен ұл-қыздардың типтік образы қалай жасалған деген мәселеге тоқтау 

қажет сияқты.  

Бір  бағыттағы  образдар  типтік  жағдайға  байланысты  ӛзара  қанша 

ұқсастықтары  бола  тұра  ӛзіндік  айырмашылығымен  де  кӛзге  түседі.  Онсыз 

дұрыс типтік образ шықпайды. 

Б.  Бұлқышев,  Б.  Момышұлы,  М.  Ғабдуллиндер  ұрыс  шебінде  жүріп, 

патриоттық туындылар берді. М. Әуезовтің “Ерлік – елдік сыны”, “Отан ұран 

салғанда”,  “Ер  бауырларға  ел  сәлемі”,  “Асыл  елдің  алып  ұлы”,  “Москва 

берілмейтін  берік  қамал”  деген  публицистикалық  очерктерінде,  Ғ. 

Мүсіреповтің  “Ақиықтар”,  “Ел  жауабы”,  “Шегінбейік  бір  адым  да”,  “Ту  да, 

намыс та – біздің қолда”, “Совет одағының батыры”, “Батырдың анасы”, т.б. 

очерктерінде  соғыстың    талабына  үндес,  қаһарлы  кезеңге  тән  айшықты 

суреттеулер, ұтымды теңеулер кӛп. Ізгі күрес, зор мақсатты нысана еткен бұл 

очерктер  ӛрімделіп  бір  арнаға  құйылып,  шындық  оқиғаларды  кӛз  алдыңа 

елестетеді. 

М.  Әуезовтің  “Ерлік  –  елдің  сыны”  очеркінде  ерте  кездегі  қазақ 

халқының  ерлігі  мен  елдігін  еске  ала  келе,  қанішер  Гитлерді  Кеңес  халқы 

жеңетініне, халқына үлкен сенімі бар екенін күмәнсіз айтады. 

Типтілік  қашан  да  жеке  дара  образдар  немесе  әлеуметтік  қоғам 

құрылыстарына тән құбылыстарды қорытындылау арқылы, я кейіпкерлердің 

тіл  ерекшеліктері  тағы  басқа  түрлі  кӛріністерден  аңғарылып  отырады. 

Ғабиден  Мұстафиннің  “Алыптың  кереметтері”  [5,297]  кӛркем  очеркіндегі 

Жұмабек  Нұртазаұлы  сӛзге  кедей,  іске  бай,  тілі  шабан,  кӛкірегі  жүйрік 

екендігін  жазушы  бір  кӛргенде-ақ  таниды  және  әрбір  іс-қимылынан,  қысқа 

қайырған  сӛздерінен  оның  типтік  характерін  айқын  танытады.  Он  екі 

жасынан кулактардың жалшысы болып, 1916 жылы майданға қара жұмысқа 

алынып, одан Батыс Сібірге заводқа кіріп, жер қазу жұмысында бәйге алады. 

Тӛрт-бес ай қара жұмысшы, темір  құюшы болып жүріп-ақ, металлургияның 

жоғарғы  техникасын  тез  үйренген  Жұмабек  тек  ӛзінің  ынтасы  арқылы 

осындай  жеңіске  жетеді.  Очеркте  кейіпкердің  характері  ашық  бояумен 

тартымды  ӛрілген.  Қазақ  жігіттеріне  тән  сипаттар  Жұмабектің  характерінен 


әр  уақытта  байқалады.  Ол  ешқашан  бейнеттен,  үйренуден  қашпайтынын 

жазушы шынайы, тартымды суреттеп берген. Жұмабек Нұртазаұлының жан-

дүниесін,  психологиялық  толғаныстарын  шебер  берген  очеркист  сол  қоғам 

құрылысындағы  еңбек  адамдарының  типтік  образын  Жұмабек  арқылы 

танытады.  Ӛз  кейіпкерінің  сәтті-сәтсіз  сағаттарын  тебірене  баяндаған  автор 

үлкен  істі  меңгеру  үстіндегі  табандылық,  еңбекқорлық  қасиеттердің  бетін 

ашып,  еңбек  адамдарының  алдына  қойып  отырған  қоғам  талабы  Жұмабек 

образы арқылы ұштастырылып, типтендірілген деуге болады. 

Жоғарыдағы  шығармаларда  жазушылар  ӛздері  құптап,  ӛздері  ұсынған 

идеясын  ӛз  очерктерінің  бойына  жинақтаған.  Сол  арқылы  ӛмірдің 

тенденциялық  жақтары,  қоғамдық-әлеуметтік  мәселелермен  ұштастырып, 

кӛздеген  мақсаттарын  қадағалап,  батыр-ерлердің  небір  ауыр,  қысылтаяң 

шақтарда халықпен бірге екендіктерін ашып айтады. 

А.М. Горькийдің типтік образ жасау жӛніндегі пікіріне жүгінсек былай 

дейді:  “...  ӛнер  –  бір  нәрсені  не  жақтап  қостайды,  не  оған  қарсы  күреседі. 

Немқұрайды  қарайтын  ӛнер  жоқ  және  болмайды  да,  адам  фотографиялық 

аппарат  емес,  ол  ӛмір  шындығын  белгілеп  жазып  қоймайды,  не  оны 

жақтайды,  не  ӛзгертеді,  не  құртады”  [6,444].  Очерктегі  кез-келген  образ 

жасауда  жазушы  әсірелеуге  баруы  мүмкін.  Бірақ,  ол  әсірелеулер  ӛмір 

шындығымен тікелей қабысып, жазушының ізгі ниетін білдіруі тиіс.  

С. Мұқановтың “Кӛзі ашылған бұлақ” атты очеркінде Алматы облысы, 

Жамбыл  ауданының,  Дегрез  совхозының  директоры  Михаил  Кузмич 

Чурьков,  партия  ұйымының  хатшысы  Қасым  Қатпин  сияқты  адамдардың 

тынымсыз  күнделікті  ӛмірін,  тұрмыс-тіршілігін  ӛз  ортасы  мен  ӛз  дәуірінің 

тынысын  танытарлықтай  етіп  типтендірген.  Әсіресе  М.  Чурьков  жан-жақты 

суреттеліп,  әр  қырынан  кӛрінетін  тұлға.  Совхоз  адамдарын  басқарудағы 

айла-тәсілдерін,  қарапайым  халықтың  еңбегін  бағалай  білетін  қасиетін, 

табандылығын  әрі  нанымды,  ӛмір  заңдылықтарын  терең  таныта  отырып 

бейнелеген  деуге  болады.  Бұл  очеркте  М.  Чурьков  тағы  басқа  жеке-дара 

образдар  арқылы  сол  кездегі  ӛмір  шындығының  терең  сыры,  кезеңнің  зор 

қайшылықтары да ашылады. 

Типтілік  негізінен  кез-келген  шығарманың  жанрлық  ерекшеліктеріне, 

кӛтерген  тақырыбына  байланысты  әрқилы  сипат  алады.  Олай  болса  әртүрлі 

қоғамдық-саяси  ӛзгерістерге  орай  туған,  соғыс  тақырыбына,  тыңайған 

жерлерді  игеруге  арналған  зор  мақсатын  кӛздесе,  бірі  еңбек  адамдарының 

алдына қойған талабын, бірі Ұлы Отан соғысы кезіндегі ерлікті, яғни әлеумет 

ӛмірінде орын алған кӛріністі кӛркемдік шындыққа айналдырған. 

Очерктегі типтік характерлерді суреттеу тәсілінен, кейіпкер сӛздерінен 

де  анық  кӛрінуге  тиіс.  Автор  баяндауы,  кейіпкерлер  әрекетіне,  оқиға 

жағдайына үйлеспей жатса, шындық бұрмаланған болып шығады. Қоғамның 

тарихы  даму  процесінде  әлеуметтік  кӛзқарас,  эстетикалық  идеал  ӛзгеріп, 

адам  характерлері  де  жаңа  қасиеттерге  ие  болып  отырады.  Ӛткен  мен 

бүгінгінің  күресі  қоғамдық  идеалдың  ӛзгеруіне  сай  жаңа  характерді 

туғызады.  Бірақ  очерктегі  типтік  характерлердің  типтік  жағдайда  кӛрінуіне 

шығармадағы оқиға мерзімі шарт емес. Ол кеше, бүгін жазыла беруі мүмкін. 


Бірақ  жазылу  мерзіміне  қарамай-ақ  реалистік  очерктен  дәуір  шындығының 

сипатын кӛру қиын емес. Мысалы “Батыр большевик” ертеректе жазылса да, 

ӛткен  ӛмірді  терең  зерттеп,  батыр  жанымен  сырласа  алған  авторлар 

Амангелді характерін жан-жақты аша алған, толық тұлғасын жасап шыққан. 

А.  Иманов  ӛмір  сүрген  орта,  қазақ  халқының  сол  кезеңдегі  ӛмір  тіршілігі, 

қаһармандар  қақтығысы,  ескі  мен  жаңаның  тартысы  Таубай  бай,  Киікбай 

мырза, Ғазизов, Еверсман, Абдығапар, т.б. образдары арқылы ашылады. 

Ӛмірдің ӛзі тудырмаған образ типтік бола алмайды, яғни типтілік ӛмір 

қозғалысына  ұйытқы  боларлық  белгілерді  ашып,  жинақтап  қорытындыласа 

ғана типтік характер жасалады екен. 

Кӛркем очеркте де ӛмірді қаншалықты терең таныса, тәрбиелік маңызы 

да  арта  түседі.  Оқырман  кез-келген  шығарманы  қарағанда  ӛзі  ұнатқан 

кейіпкерінің  іс-әрекетін,  мінез-құлқын  жақтап  отырады  да,  сәтсіздікке 

ұшыраған  шақтарына  ӛкініш  білдіреді.  Сондықтан  да  типтендірілген 

образдар оқушының эстетикалық талғамын зорайтып, ӛмірдің ӛршіл жағына 

меңзейді. 

Қорытындылай  келсек,  очерктегі  типтендіру  дегеніміз    -  суреткер 

ӛмірдің  қай  саласын  қамтыса  да,  кӛтерген  тақырыбының  кӛркемдігіне  мән 

бере  отырып,  шындықты  танытуда  адам  образдарын  ӛзіндік  даралығымен 

екшеп шығуы керек.  

Әлеуметтік-қоғамдық мәселелерді сӛз ететін “Түркістан” солай туған”, 

замана  шындығын  танытуда  тарихи  адамдар  образын  жасаған  “Батыр 

большевик”,  қазақ  халқының  ерлігі  мен  елдігін  сӛз  еткен  “Ерлік  –  елдің 

сыны”  кӛркем    очерктерінде  замана  сипаты,  ӛмір  кӛріністері  шебер 

типтендірілген.  Бұл  шығармаларда  Отан  мүддесін  үнемі  жоғары  қоюға 

байланысты  желі  тартып  отыруы  да,  әлеуметтік  жағдайға  байланысты  да 

кӛрініс береді. 

 

Пайдаланған әдебиеттер тізімі: 



 

1.

 



Ыдырысов Т. Шеберлік бастауы. А: Мектеп, 1984. 

2.

 



Бердібаев Р. Роман туралы ойлар. // Қазақ әдебиеті. 1960, 20 

май. 


3.

 

Майлин Б. Ел сыры, А: Жазушы, 1994. 



4.

 

Хасенов  М.  Ұнамды  образ  және  типтендіру.  А:  Ғылым, 



1966. 

5.

 



Мұстафин  Ғ.  Ой  әуендері.  Әңгімелер,  очерктер.  А: 

Жазушы, 1984. 

 

6.

 



Горький М. Собр. соч. М., 1953. том 27, стр. 444. 

 

 



 

 

 



 

 

М.Б.Шындалиева 



      

 

 



 

 

 



 

 

 



     ф.ғ.к., доцент 

Очерктегі диалогтың шынайлығы 

  

Әдебиеттану  терминдерінің  сӛздігінде:  “Диалог,  сӛйлестіру  (грекше  -                



dialogos)  -  әдеби  шығармада  екі  кейіпкердің  немесе  бірнеше  адамның 

сӛйлесуі,  оларды  сӛйлестіру  тәсілі”  [1,79],  -  деп  анықтама  берілген.  Кӛркем 

очерктерде  де  шынайы  образдар  ашылуы  үшін  ӛмір  құбылыстары  мен 

оқиғаларын  терең,  тартымды  тілмен  жеткізу  үшін  диалог  пайдаланылады. 

Очерктегі  диалогта  кейіпкерді  жай  бір-бірімен  сӛйлету  арқылы  емес, 

керісінше,  адамдардың  қарым-қатынасы,  мінез-құлқы,  кейіпкерлердің 

эмоциясы, 

психологиясы, 

эмоционалдық, 

сюжеттік-композициялық 

жүйесінде диалогтың атқаратын рӛлі зор. 

Әдебиеттанушы  ғалым  Л.Боровой  кӛркем  шығармадағы  диалогтың 

қызметіне:  “...  адам  қалайша  бұлтарыс  жасайтыны  немесе  тасаланып 

бағатыны,  нені  түгел  айтып,  нені  бүгіп  отырғаны,  оның  ұғымынша  қандай 

нәрсені  атамаса  да  түсінікті  екені,  сӛйлеу  жүзінде  ол  қандай  мүмкіндіктер 

байқататыны аңғарылады” [ 2,188], - деп сәтті анықтаған. Кейіпкерлерді бір-

бірімен  сӛйлету,  ойландыру  тұстары  стильдік  амалдардың  ең  кӛп 

қолданылатын  түрі.  Кез  келген  очеркист  диалогты  орынды  пайдалана 

білгенде  ғана  кейіпкердің  мінез-құлқын  толық  аша  алады.  Әсіресе  кӛркем 

очерктерде  кейіпкердің  ауызекі  сӛйлеу  тіліне  тән  сӛздермен,  ретіне  қарай 

кӛбіне  қысқа,  шағын  сӛйлемдермен    диалог  берілсе  бұл  жазушының  тіл 

ӛрнегінің бір қыры.  

М.Әуезовтің  “Жуалы  колхозшысы”  очеркінде  мынадай  диалог  бар. 

Онда  Ванновка  жанындағы  кӛпірді  түзетуге  бара  жатқан  үш  жұмысшының 

диалогы егіс науқанындағы қарбалас ӛте сәтті шыққан:  

“ - Кӛктемді айтпағын. Қиын-ақ болған ет. Ӛзіміз адам боламыз деген 

ек. Масадай сенделіп қалмадық па? 

Қалдыбай ырғала түсіп:  

-  Қызық  ...  Сонда  да  егіс  жоспарын  толық  бітіріп  шықтық.  Мәмет 

кӛктем мен былтырғы қыстың күйінен үзіле алмай:  

-  Сонда  қатынның  еңбегі  жүдә  зор  болды.  Тегі  қатын  деген  берік  жан 

болады екен. Еркек порт кететін кӛрінеді. 

-  Сонау  таудан,  -  деп  Мәмет  бет  алдымыздағы    6-7  шақырым  жердегі 

Жыланды тауын кӛрсетіп, - рауаш, алға әкеп, ӛзіміз колхоз ісінде жүргенде ас 

қып беріп жүреді, қатын” [3,7 ], - деп кейіпкерлердің күнделікті  сӛйлесулері 

осындай  артық  сӛзсіз,  жасанды  ділмарсусыз  болып  келеді.  Бұнда  жазушы 

диалогты  ситуацияға  қарай  құрған.  Бұл  диалогтағы  тағы  бір  ерекшелік  – 

жергілікті  диалект  сӛздерді  де  орынды  жерінде  пайдаланып,  шындықты 

оъективті  тұрғыдан  пайымдаған.  Лексика  нанымдылығымен  суреттеудегі 

жазушы  басқа  кӛркем  очерктерінде  де  диалектік,  жаргон  элементтерді 

ұмытпай пайдалану арқылы персонаждардың ой әлемін сәтті ашады.    


        Очерктегі  диалог  арқылы  кейіпкерлердің  ішкі  сыры  аңғарылады.  Әр 

кейіпкердің  сӛз  саптауынан,  ой-толғанысынан,  сӛйлеу  ерекшелігіне  жан 

дүниесін  анық  байқауға  болады.  Кез  келген  жазушы  шеберлікке  ӛз 

кейіпкерлерін  мінез-құлқы  мен  ой-ӛрісіне  сәйкес  сӛйлете  білгенде  ғана  қол 

жеткізеді.  

С.Мұқановтың  “Сарыарқада”  атты  кӛркем  очеркінде  Ұланбелдің 

болашағына сүйсіне отырып, табиғатты  беріп, табиғат – адам, адам – табиғат 

бір-бірінің қимыл-әрекеті мен белгі-қасиеттерін  иемденіп жатады.  

“ - Бұдан қолайлы орын жоқ, - деседі әңгімелесушілерім. 

-  Күнгей  жағымыз  –  Мойынқұм,  теріскей  жағымыз  –  Бетпақдала.  Шу 

аяғының  бұл  тұсы  Мойынқұмның  да,  Бетпақ  даланың  да  орта  тұсынан 

килігеді, сондықтан қарым-қатынасқа ӛте қолайлы. 

-  Ӛнегесінің  бәрі  де  жақсы-ау  бұл  араның,  дейді  Сәлмен  Тасболатов, 

күле  сӛйлеп,  -  әттең  жазғы  масасы  мен  сонасы  –  ай!...  Масасы  бұлттай 

үйіріліп  буып  жібереді,  сонасы  жарып  жібереді!...  Ала  жаздай  Шу  бойында 

мал  ұстамайтын  себебіміз  сол!...”  [4,209].  Кӛрмеген,  танымайтын  жерлер 

туралы  мәліметтерді  бере  отырып,  автор  оқушының  ой-ӛрісін  кеңейтуге, 

табиғат құпияларын ұғынуға септігін тигізеді. 

Кез  келген  очеркист  ӛзін  қоршаған  орта  мен  кейіпкерлердің  сӛйлеу 

кезіндегі жүріс-тұрысы, қимыл-қозғалысын қатар қадағалай отырып, ӛмірлік 

кӛзқарас, рухани-тұрмыстық ӛлшемдер, адамгершілік-этикалық нормалардан 

хабар бере отырып шынайлыққа қол жеткізеді. 

Б.Майлиннің барлық очерктерінде   кейіпкерлерді ӛз атынан сӛйлеуінен 

баяндалып  немесе  қаһармандар  іс-әрекеттерінен  басталады.  Автор  оқиғаны 

баяндағанда  мейлінше  қысқа,  негізгі  мақсатқа бағындыра,  ӛте  ықшам  түрде 

диалогтарды сәтті пайдалануды жӛн санаған. Жазушы очерктерін оқығанда, 

ондағы диалогтарға үңілсек, ӛткен күндердің күйкі тіршілігі, жаңа заманның 

қазақ топырағына келуі кӛз алдына елестеп, зілсіз  күлкі шақырады. “Құлақ” 

атты кӛркем очеркіндегі Бекен мен әйелінің арасындағы  диалогта:  

“ - Әлгілердің “Құлақ” деп жатқаны кім еді? 

-

 

Мені айтады. 



-

 

Сен құлақ па едің? Қара шешей ашуланғанда: 



“Қаңғырған Телеу”  - дейтіні қайда? Осы сенің руың күніне бір ӛзгере 

бере ме? 

Бекен мырс етіп күліп жіберді. 

-

 



Ит-ау “құлақ” дегені – руы емес, бай деген сӛз. 

        - Солай ма ? “Қаңғырған Телеу деген сӛзін тастай беріп, қара шешей 

“құлақ”  деп  мазамызды  ала  ма  деп  қорқып  едім”  [4,34-35],  -  дейді.  Бұл 

диалогтан  персонаждың  ой-әлемі,  орыстың  “кулак”  сӛзін  “құлаққа” 

айналдырып алған қазақтың қарапайым әйелінің ой-түсінігін жеңіл юмормен 

сәтті баяндаған. 

Б.Майлиннің  “Жасасын,  Мұсабай!”  атты  очеркіндегі  Мұсабай, 

Мұхамедрахымдардың  тілдесулері  хабар  беру  сипатында  болғанымен,  сол 

кезеңнің  кӛңіл-күйінен,  кейіпкерлер  мінез-құлықтарынан  да  елес  береді. 

Артық  сӛз  жоқ,  диалогтың  кӛмегімен  сол  замандағы  асыра  сілтеушілік, 



келеңсіздікті сынауға бейімділік, моральдық-этикалық мәселелерге очеркист 

жауап іздеуге талпынады. 

“ - Алдынан шығыңдар, кілемге салып кӛтеріп әкеліңдер!,- дейді.  

Әзірейілдей жаланған епті жігіттер теңді шешіп, араби кілемді шаққа салып, 

дӛңеске қарай бет түзейді.  

-

 



Уа, бұл не? 

-  Сізді  кілемге  салып  кӛтеріп  алып  бармақшы,  -  деп  Мұсабайдың 

нӛкерлері жымың-жымың етеді” [5,225],- деп кеше ғана ауыл коммунисі, кешке 

дейін  сӛйлесе  де  шаршамайтын  Мұсабайдың  аз  күнде  болыс  болып  береке 

таппағаны,  кедейден  шыққан  белсенді  іскерлердің  келеңсіз  тұстары, 

Мұсабайдың  қарапайым  халықпен  қарым-қатынасы  жан-жақты  нақышпен 

ӛзгеше кӛмкерілген. Жазушы ӛмірдің ӛзіне үңіліп, оның әр қырын қаз-қалпында 

суреттейді.  Очеркистің  “Батыр  большевик”  кӛркем  очеркінің  “Ұры”  бӛлімінде 

Құсбек  мырзаға  кездескендегі  диалогтан  Амангелдінің  ой-санасы,  болмысы 

кӛрінеді және алдағы әрекеттеріне психологиялық мотивировка болады: 

“ - Астыңдағы ат кімдікі? 

-

 



Менікі. 

-

 



Сенікі емес, менікі болар! 

-

 



Сенікі болса, сен мініп жүрер едің ғой! 

-

 



Түс аттан! 

-

 



Бұл күнге дейін ешкім аттан түсіріп кӛрген жоқ еді... 

-

 



Мына мен түсірем ендеше! 

             -  Кім түскенін кӛрсетейін!- деп Амангелді жетегіндегі атты сауырға бір 

салып  қоя  беріп,  оған  тӛніп  тұрған  жігіттердің  бірін  олай,  бірін  былай  аттан 

аударып  тастап,  ойнап  шетке  шыға  келді”[5,301],  -  деген үзінді  де  кейіпкердің  

мінез-құлқын, қайсар қайтпастығы, рефлексологиялық қасиеті  ықшам, шынайы 

берілген. Амангелді Имановтың әділестіздікке күйініп, әділдік орнатпақ әрекеті, 

қазақ халқына адалдығы, жан ашуы жан-жақты қамтылған. Бейімбет қаламынан 

шыққан  очерктердегі  диалогтар  оп-оңай  және  кӛркем  жасалына  салады.  Бұл 

диалогтарда  үздік  сӛз  образы,  кӛркем  тіркестер  де  жоқ.  Қарапайым  жәй  ғана 

сӛздер  бола  тұра  ӛмір  шындығын  кӛз  алдыңа  алып  келетін  ең  керек  сӛздерді 

жинақы пайдалануға шебер. 

М.Мұқановтың  “Каспийге  саяхат”  кӛркем  очеркінің  тілі  кӛркем, 

бірнеше  бӛлімнен  тұратын  кӛлемді  шығармасы.  Бұл  очеркінде  жазушы 

кейіпкерлердің  ойын  беруге  келгенде,  санитарлық  самолетпен  ұшқанда  кең 

даланың  әр  жерінде  тау  сияқты  ӛркештенген  тұмандар,  итбалықтардың 

тіршілігі туралы Саламат Хайдаров екеуінің әңгімесі очеркітің екі-үш бетінде 

тұтас  берілген.    Қат-қабат  оқиғаны,  әр  түрлі  қаһармандарды,  бір-біріне 

ұқсамайтын  мінездерді,  қылықтарды,  ақыл-парасаты  да  әр  қилы  адамдар 

образы бұл очеркте кӛркемдікпен алға тартылған. 

Очеркке  ӛзек  болған  –  Каспий  теңізінің  маңындағы  ел-жұрттың 

тіршілігі,  күн  кӛрісі,  табиғат  жағдайы,  әйтеуір  бұралаңы  кӛп  тарау-тарау 

ӛмір. Бұл кӛркем очерктің басты қаһарманы – Сәбит Мұқановтың ӛзі, барған 

жері, басқан қадамын суреткер қырағы кӛзінен жазады. 

“- Шторм! – деді Иван Иванович, - бес-алты баллдай болу керек. Біраз 



күшейеді бұл. 

Менің мотормен бірге кеткім келді. 

-

 

Қойыңыз! – деп зыр ете қалысты серіктерім. – Шыдамайсыз, азап 



шегесіз. Және қауіпті де күшті. 

-

 



Сонда да барғым келеді, - дедім мен. 

-

 



Е, неге? 

-

 



Штромды бастан кешіру қажет. Әйтпесе, мен оның немене екенін 

қайдан  білем.  Сәті  түскенде  кӛріп  қалуым  керек”  [6,345],  -  деп  жазушы 

бірнеше  күн  теңіз  үстінде  жүріп,  теңіздің  сыры  мен  қырын  ұғуға,  балық 

түрлері,  уылдырық шашуынан  бірталай  мәліметтерді  тереңнен  толғап,  теңіз 

маңайындағы халықтың ӛмір шындығына сүңгиді. 

“Каспийге саяхат” очеркінде автор кӛрген-білгендерін, алған әсерлерін 

хронологиялық  тәртіп  бойынша  сӛйлескен  адамдарымен  арасындағы 

диалогтар  арқылы  әдемі  баяндаған.  Балықшының  шын  ӛмірін  білетін 

Саламат  Хайдаров,  Тәжиев  Сатанғұл,  Шапаев  Байғожа,  Сәлімжан,  Құмар, 

Әбдім  т.б.  кейіпкерлерімен  сӛйлесу  арқылы  автор  сыршыл,  ӛміршең 

диалогтар арқылы Каспий жағалауындағы қазақ тұрмысының бедерлі бейнесі 

алға тартқан. 

Кӛркем  очеркке  жеке  адам,  кӛпшілік  қауым,  оған  ерген  халық, 

қоғамдық-саяси  ӛзгерістер,  әлеуметтік  күрес,  арқау  болады.  Кӛркем  очерк 

диалогтар  арқылы  жаңа  қоғамдық  жағдайлары,  ӛмір  сүрген  орта  және  жеке 

адамның  ӛсу,  жетілу  жолдарын  кӛрсетуге  тырысады.  Ғабдол  Слановтың 

“Алтай  баласы”  кӛлемді  очеркі  Қасым  Аманжоловтың  Ұлы  Отан  соғысы 

кезіндегі  бастан  кешірген  ұлы  жорықтарының  тарихын  суреттейді.  Қан 

майданда болған қаһарман ұлдарымыздың атқарған алып қимылдары туралы 

мына эпизодты оқып кӛрейік: 

“Барлаушы баяндап тұр. Қасым да, серіктері де тыңдап отыр. 

-

 



Айттып болдың ба? 

-

 



Болдым... 

-

 



Ұсақ-түйек детальдарына дейін кӛзімізге кӛрсетіп бер. 

-

 



Қағазға түсірші. 

-

 



Ия, картасыз, кәне? 

Виктор отыра қалып, кӛрген-білгенін қағаз бетіне түсірді.  

-

 

Енді түсінікті, - деді Қасым. Әйтсе де... ол енді басшы бір серігін 



алып  қалып,  ӛзгесіне  лұқсат  етті.  Үш  кісі  оңаша  қалғанда,  Қасым  қайтадан 

сӛз  бастады  [7,269].  Талай  шабуылды  бастан  кешіріп  шыққан  жігіттердің 

сӛзінен  жер  бетіндегі  сұрапыл  соғыстың  қиындығын  автор  ашып  кӛрсете 

отырып,  “Тентек  қара”  Қасымның  партизандық  жорықтарын  қызғылықты 

баяндайды. 

Жазушының  “Шыңға  шырқап  барады”  очеркінде  М.Әуезов  туралы 

мынадай қысқа диалог бар: 

“-  Драманы  тұтас  басса  қайтер  еді?  –  дегенімізде,  Мұқаң  күлімдеп 

тұрып: 


-  Мысық  жеген  шектей  шұбатылып  қайтесіңдер.  Газетке  лайықты  да 

болмас”[4],- деп бізді де күлдіріп, бейнелі сӛзді айтқан кемеңгер жазушының 

шеберлігін осы бір-екі ауыз сӛзбен дәлелдеп береді. 

Қапан  Сатыбалдиннің  “Жамбылмен  жиырма  тоғыз  күн”  очеркінде  де 

диалогтарға кӛп орын берілген және мұнда кӛркемдік-эстетикалық заңдылық 

бар.  Уақыт  ырғағын,  хронологияны  сақтай  отырып  очеркист  баяндау 

жүйесінде  адамдардың  түсінік-нанымы,  мінез-құлқы  т.б.  қасиеттеріне үлкен 

мән  берген.  Жамбылдың  артта  қалған  тоқсаны  мен  алдағы  жүзін  сездіре 

бастағанын,  Отан,  туған  жерге  деген  сүйіспеншілігін  осы  ықшам  диалог 

арқылы шынайы берген. 

“- Е, Жәке, Мәскеу жақсы ма, Ұзынағаш жақсы  ма?, -деп қарттан сыр 

тартсақ, ол кісі: 

-  Мәскеу  жақсы  ғой.  Үлкен  астана,  шаһар.  Бірақ  Жамбылға 

Ұзынағаштай  жер  қайда?  –  Данышпанның  сӛзі.  -  Әрі  туған  жер  ыстық. 

Алматының  орны  бӛлек-ау!,  -  деп  қояды,  ойын-шыны  аралас”  [8,78].  Осы 

қысқа сұрақ-жауаптарда Жамбылдың бір сәттегі кӛңіл-күйі, елге сағынышы, 

тарлан  ақынның  таланты,  рухани-интеллектуалдық,  характерлік  сипаты 

дәлелденген  деуге  болады.  Автордың  “Мыңтеңге”  кӛркем  очеркінде  басты 

кейіпкердің  бейнесі  диалог  арқылы  ашылады.  Мыңтеңгенің  мінезі  сынық 

әйел  екені,  еркекпен  сӛйлескенде  ұялып,  әдеппен  ұяң  сӛйлейтіндігі,  арзан 

қалжыңға  үйір  еместігі  әйелдік  қасиетін  мың  есе  ажарлап  тұрғанын  айта 

келе: 


“- Жеңгей, мына Құрманбай сізді биыл Мыңтеңге емес, миллион теңге 

болады дейді ғой. Онысы не сӛз? 

-

 

Еңбегіміз жанса кім білсін, онан да қымбат болармыз. Бүгінде 



алдымыздан кӛлдің құрағындай жай ғой, - деді жымиып. 

-

 



Қалай, Отанға берген сертіңізден табылатын түріңіз бар ма? 

             -    Табылармын  деймін.  Жаздайғы  еңбектің  жемісі  кӛз  алдымызда  тұр 

ғой.  Адал  еңбегіміз  зая  кетпеген  сияқты”  [8,98],-  деп  қазақ  әйелінің 

бойындағы  жақсы  қасиеттерді,  сырды  талдай  отырып,  Мыңтеңге  жүзіндегі 

еңбекқорлық  рухани  қанағаттану  сезімін  ұтымды  кестелеген.  Мыңтеңгенің 

жан  дүниесіндегі  ӛзіне  деген  сенімділік,  сертке  адалдық,  кішіпейілділік, 

ұяңдық,  адал  мінез,  әлеуметтік  белсенділік  жолындағы  ілгері  басушылық 

қадамы айшықты кӛрсетілген деуге болады. 

Қапан  Сатыбалдин  очерк  жанрына  үлкен  үлес  қосқан  жазушы.  Оның 

очерктерінің  әрқайсысын  ӛз  кезінде  саяси  тәрбиелік  мәні  бар  мәселеге 

арнағанын, адам ӛміріне, тіршілігіне, асыл мұраттарына бағындыра жазғанын 

байқау  қиын  емес.  Жазушының  “Кетпенді  адам”  очеркінің  басты  кейіпкері 

Қашақбай  Сыр  бойында  күріш  ӛсірудің  қыр-сырын  жетік  білетін,  ауыл-

аймаққа  еңбегімен  танылған  азамат  ретінде  кӛрінеді.  Осы  Қашақбай  бір 

күнде  “Қызылтуға”  басқарма  болып  тағайындалғанда  кӛпшілік  тақымы 

толмай,  қомсынып  бұл  қалай  болар  деген  күдікті  қаймықпай  жеңген 

Қашақбайды жазушы ойын ашық айта алатын адам екенін тӛмендегі үзіндіде 

сенімді суреттейді:  



“ - Жолдастар, - деп бастап, ол сӛзге кірісті. – Жолдастар, мен ӛздерің 

күнде  кӛріп  жүрген  бригадир  Қашақбаймын.  Менің  ӛмірім  де,  ӛнерім  де, 

білімім де ӛздеріңе аян. Менің сендерден жасырын ештемем жоқ. Үлкен аға, 

кіші  іні  бәріңіз  де  мені  білесіздер.  Міне,  бүгін  орталарыңда  отырмын.  Ең 

алдымен айтарым, ынтымақ керек. Түсініп, сыйласып жұмыс істейік. “Бірлік 

жоқ жерде, тірлік жоқ” деген ғой бұрынғылар. “Сен салар да, мен салар, атқа 

жемді кім салар”  сияқты жаман әдеттен арылайық. Ол бізге де, колхозға да 

пайда  бермейді.  Тәртіпті  болайық.  Менің  бәрінен  бұрын  сіздерге  қоятын 

тілегім  осы  –  тәртіп”  [8,109].  Топ  жарып  үйренген  шешендердей  кӛсіліп, 

қысылмай,  қымсынбай  сӛйлеген  кейіпкер  түсінік-нанымы,  адамгершілігі, 

намыстан  құр  алақан  еместігі  осы  үзіктен  кӛрініп  тұр.  Автор  ӛз  кейіпкері 

арқылы  жұмысшы,  еңбекқор  елдің  мінез-құлық  психологиясының 

типологиясын жинақтап, ӛршіл адамдық мұраттарды аша білген. 

Қорыта  айтқанда,  кӛркем  очеркте  диалогтың  рӛлі  ерекше,  ӛмірлік 

шындықты  жан-жақты,  терең  ашып  кӛрсетуде  септігін  тигізетін  кӛркемдік 

элементтердің  бірі.  Жоғарыда  байқағанымыздай,  заман  тынысы  мен  адам 

характерлерін,  ӛмір  заңдылықтарын  нанымды  бейнелеуде  диалогтың 

атқаратын қызметі зор. 



Пайдаланған әдебиеттер тізімі 

1.

 



Әдебиеттану терминдерінің сӛздігі. /Құрастырушылар: З.Ахметов, 

Т.Шаңбаев. А: Ана тілі, 1996. 

2.

 

Боровой Л. Путь слова. М: 1974. 



3.

 

Әуезов М. Очерктер және кино-әңгіме. 8 том. А: Жазушы, 1981. 



4.

 

Мұқанов С. Таңдамалы шығармалар жинағы. А: Жазушы, 1978. 



5.

 

Майлин Б. Ел сыры. А: Жазушы, 1994 



6.

 

Мұқанов С. Таңдамалы шығармалар. 13 том. А: Жазушы, 1978. 



7.

 

Сланов Ғ. Замана шежіресі. А: Қазақстан, 1970. 



8.

 

Сатыбалдин Қ. Таңдамалы шығармалар. 4 том. А: Жазушы, 1975. 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



Филология ғылымдарының кандидаты, доцент Шындалиева   

Меңдігүл Бұрханқызының “Очерктегі типтендіру мәселесі”,  

“Очерктегі диалогтың шынайылығы” атты мақалаларына 

ПІКІР 

М.Б.Шындалиева  очерк  жанрының  поэтикасын  зерттеп  жүрген 

жас  ғалым.  “Очерктегі  типтендіру  мәселесі”  атты  мақалада  ӛмірдегі 

болып  жатқан  құбылыстарды  кӛркем  очеркте  типтік  характерлер 

арқылы  кез-келген  жазушы  ӛмір  кӛріністерін  қорытындылауда  типтік 

характер  арқылы  жүзеге  асыратынын    ғылыми  тұрғыдан  дәлелдейді. 

Суреткер  ӛмірдің  қай  саласын  қамтыса  да,  кӛтерген  тақырыбының 

кӛркемдігіне, шындықты танытуда адам образдарын даралауда да осы 

типтендіруді пайдаланатынын кеңінен әңгіме еткен. 

Екінші 


ғылыми 

мақала 


“Кӛркем 

очерктегі  диалогтың 

шынайылығы”  деп  аталып,  диалогтың  қызметі,  маңызына  тоқталған 

автор  ғылыми  аппараттарды  орынды  пайдаланған.  Әсіресе  очерк 

жанрындағы  диалогты  пайдаланудың  артықшылықтарына  тоқталып, 

белгілі  жазушылардың  кӛркем  очерктерінен  сәтті  мысалдармен  ӛз 

ойын орынды дәлелдейді. 

М.Б.Шындалиеваның  жоғарыдағы  екі  ғылыми  мақаласын  да 

Л.Н.Гумилев  атындағы  Еуразия  ұлттық  университетінің    “Еуразия 

университетінің Хабаршысына” басуға болады деп ойлаймыз. 

 

Академик Р.Н.Нұрғали 



14.06.04. 

 


 

Каталог: bitstream -> handle -> data
data -> С. торайғыровтың публицистикасы
data -> «Қазақ» газетіндегі ұлт-азаттық көтеріліс туралы мақалалардың маңызы
data -> Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-нің халықаралық қатынастар факультетінің магистранты
data -> Ұстаз ғалымның абыройы
data -> Интеллигенциясы: тарихи
data -> ТҮрік тілін үйренудегі ортақ СӨздер және олардың фонетикалық ерекшеліктері кумашева Назым
data -> Сборник материалов IX международной научной конференции студентов и молодых ученых
data -> Очерктің тілі мен стилі
data -> Бағдарламасы, ұлттық рухани байлықты жалпы адамзаттық мәдениетпен
data -> Сборник материалов IX международной научной конференции студентов и молодых ученых


Поделитесь с Вашими друзьями:


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет