Очерктер, ой-толғамдар қилы кезеңдер



Pdf көрінісі
бет3/5
Дата02.01.2017
өлшемі348,06 Kb.
#989
1   2   3   4   5

ОҚУ, ӨСУ ЖОЛЫНДА

1913  жылы  еді.  Сол  кезде  менің  оқытушылық  жұмысында  болғаныма  да  он  үш,  он  төрт

жыл  болып  қалған-ды.  Жазушылық  жұмысымен  айналысқаныма  да  бес-алты  жыл  болған.

Екі-үш кітабым да басылып шықты. Жас отыздың төртеуіне келді. Демек бұл ақыл орнығып,

дүние танып қалған шақ еді, өткен өмірге көз жіберіп қарасам, талай-талай белестен асқан

сияқтымын.  Бір  кездегі  көшпелі  қараңғы  ауылдағы  сауатсыз,  езілген  жоқ-жұқа  кедей

шаруалардан  шыққан  «жаман»  Көбейдің  «Ынжық»  баласы  бұл  кезде  əрі  оқытушы,  əрі

жазушы болыпты. Қадірлі ағамыз, баға жетпес қамқорымыз Ыбырайдың:

«...Оқысаңдар, балалар,

Шамнан шырақ жағылар.

Тілегенің алдыңнан

Іздемей-ақ табылар».

Тілеуінің себебі осы екен ғой деген қорытындыға келдім.

Алайда шығар биік əлі қашық жатыр еді. Оқыту жұмысында да, жазушылық жұмысында

да мəз боларлық əлі ешнəрсе жоқ сияқты көрінетін. Кейінгі ұрпаққа «мынау менің сіздерге

қалдырған үлгім» дерлік ауыз толтырып айтарлықтай істегенім де, бергенім де жоқтың қасы

тəрізді  еді.  Əлі  де  көп  оқу,  көп  үйрену,  көп  іздену,  жетіле  беру  керек  сияқты  еді.  Мен  өз

тұсымнан  оқып  білімімді  толықтыра  берейін  деген  ойға  келдім.  Бұрын  менің  қолымнан

түспейтін 

кітаптар: 

Пушкин 

Лермонтов, 



Крылов, 

Салтыков-Щедрин 

Толстой,

Чернышевский,  Белинскийлердің  шығармалары  болса,  енді  солармен  қатар,  орыстың  ұлы

педагогы Константин Димитриевич Ушинскийдің, Петр Францевич Лесгафттың (1837-1909

ж.  ж.)  еңбектерін  оқыдым.  Лесгафт  езінің  педагогикалық  мəселелер  жөнінде  балалардың

үйдегі тəрбиесі, əсіресе оқу жасына дейінгі балаларды тəрбиелеу мəселесі жөнінде еңбектер

жазған  адам  еді.  Бұл  еңбектерінің  елеулі  кемшіліктері  бола  тұрғанымен  құнды  жақтары  да

бар еді.

Оқытушы  үшін  тəжрибе  мен  педагогикалық  ғылымды  ұштастыра  білуде  өз  пəнін

ойдағыдай меңгеру, педагогикалық шеберлікті арттырып, барған сайын жетіле беру бірден-

бір қажетті шарт болып табылады. Осыны ұғынғандық маған тереңдей оқуға қайта ой салды.

Мен  жоғарыда  Пресногорсковскіге  екі  класты  орысша-қазақша  мектепте  1919  жылдың,

күзіне дейін болдым дедім. Осы мектепте түңғыш рет менен оқып, менің тəрбиемде болған

балаларды бір қатары осы күнде əр алуан қызмет атқарып жүр.

Бірақ  мен  оқытушы  ғана  емес,  жазушы  да  едім.  Бұл  өнерді  тастап  кету  мүмкін  емес.

Алайда  сол  жылдардың  өзінде-ақ  кеп  отырып,  кеп  ойланып  жұмыс  істеуге  мүмкіндік

бермейтін  бас  ауру.ы  пайда  болды.  Кацеленбогин  деген  бір  білімді  дəрігер  маған  ой



еңбегімен əсіресе жазу жұмысымен айналысуды тоқтатуың керек əйтпесе өлесің деді.

Бұл,  шынында,  бала  оқытуды  да  қой,  жазу  жұмысын  да  доғар,  сөйтіп,  ауылға  барып

жатып ал деген сөз еді. Шынымды айтайың дəрігерлерді қанша құрметтейтін болсам да, мен

əлгі  үлкен  дəрігерден  қатты  түңіліп  шықтым.  Осыдан  кейін  бірнеше  жыл  бойына  басым

ауырады деп дəрігерлерге баруды да қойдым.

Сонымен  бұрынғыша  бала  оқытып  жəне  бір  роман  жазбақ  болып,  оның  уақиғасын

ойланып, жоспарын жасадым. Елдегі дау-жанжал: жер дауы, жесір дауы сияқты мəселелерге

құлақ  тігіңкіреп,  қазақ  аулындағы  қайшылықтарды,  əдет-ғұрыпты,  ескілік  пен  жаңалықтың

арасындағы күресті зерттеп жүрдім. Бұл 1913-1915 жылдар еді.


«АЙҚАП»

«Айқап»  журналы  1911  жылы  шықты.  Бұл  журналдың  алғашқы  номері  қолыма  тигенде,

менен  артық  қуанған  адам  болды  ма  екен?  Мені  журналдың  ұстаған  бағыты  мен  мазмұны

қуантқан  жоқ,  сол  кезде  журналдың  қазақ  тілінде  шығуының  өзі  қуантты.  Қазақ  халқының

қоғамдық  ой-пікірінің  ұйтқысы  болып,  таза  қазақ  тілінде  журнал  шығып,  онда  қазақ

халқының  сол  кездегі  тіршілігі  мен  келешегі  туралы  мəселелер  қозғалуының  өзі  ол  кезде

қуанарлық іс еді.

Осы  жерде  журналдың  ұстаған  бағыты  мен  мазмұны  туралы  өз  пікірімді  айтып  етуді

керек  деп  білемін.  Біздің  кейбір  тарихшыларымыздың  да,  əдебиет  зерттеушілеріміздің  де

басылып  шыққан  еңбектерінде:  «Айқап»  журналы  бұқарашыл  бағыттағы  журнал  болды,  ол

өз  төңірегіне  бұқарашыл  ағартушыларды  топтады,  сөйтіп,  ол  сол  кездегі  «Қазақ»  газетінің,

демек  буржуазияшыл  ұлтшылдардың  тілі  болған  газеттің  бағытына  қарсы  шығып,  күрес

ашты деген сияқты пікірлер айтылады. Менің ойымша, осы пікірлерде біраз үстіртіндік бар

сияқты.  «Айқап»  журналына  əлгі  айтылған  пікірлер  тұрғысынан  қарайтын  болсақ,  онда  біз

ол  журналды  біраз  асыра  бағалап,  əсірелеп,  дəріптеушілік  істеген  болар  едік.  Рас,  «Айқап»

журналы  қазақ  халқын  қоныстандыру,  көшпеліліктен  отырықшылыққа  айналу,  Ыбырай

Алтынсарин  негізін  қалап  кеткен  оқу  жүйесін  дамыту  сияқты  (балаларды  орысша  оқыту,

мұның  ішінде  қол  өнершілер  мектебін  ашу  арқылы  өндіріс  мамандарын  дайындау  —

машинист,  слесарь,  токарь,  балташы,  т.  б.)  жəне  тете  оқу  секілді  прогресшіл  маңызы  бар

келелі  мəселелерді  көтеріп  отырды.  «қазақ»,  газеті  журналдың  бұл  пікіріне  мүлдем  қарсы

болды.  Тек  осының  өзі-ақ  журналдың  реакцияшыл  ұлтшылдар  басқарған  «Қазақ»  газетіне

қарағанда,  демек  қазақтың  буржуазияшыл  ұлтшыл  оқығандарының  ұстаған  бағытына

қарағанда, прогресшіл бағытта болғандығын көрсетеді.

Алайда  журнал  өзінің  жалпы  ұлт  мəселесі  жөніндегі,  қазақ  халқының  ұлт  азаттығының

тағдырын  шешетін  мəселе  жөніндегі  өзінің  саяси  бағыты  жағынан  белгілі  бір  нақты

программасы бар, берік саяси бағыты бар, ұлтшылдық бағытқа мүлдем қарама-қарсы күрес

жүргізген журнал болды деу — шындықтан қашық кеткендік болар еді. Өйткені бұл журнал

ұлт азаттығы мəселесі, қазақ аулындағы əлеуметтік маңызы бар басқа да маңызды мəселелер

жөнінде  «Қазақ»  газетінің,  ондағы  буржуазияшыл  ұлтшыл  оқығандардың  пікіріне  қарама-

қарсы күрес көтеру дəрежесіне жете алмаған саяси өресі аласа журнал еді.

Осымен  қатар,  журнал  қазақ  халқының  ұлт  азаттығы  қозғалысының  тарихи  тағдыры

туралы  да  белгілі  бір  айқын  пікір  айта  алмады.  Кейде  тіпті  бұл  журнал  «Қазақ»  газетін

дəріптеп,  оның  тілегін  тілеген  мақалаларды  да  басып  отырды.  Журналдың  саяси  бағытын

көрсететін бірнеше мысалдар келтірелік:

«Айқап»  журналының  1913  жылы  шыққан  7  номерінде:  «Біздің  бақытымызға  қарай»

«Айқап»  мырза  шықты...  бір  «Айқаптың»  сөзін  кім  тыңдайды  деп  тұрғанда,  құдайтағала

жүрген жерін оңдап, айтқанын ем қылғыр Қазақ» деген мырза шықты...» деп, одан əрі қарай

жұрттың  үміті  осы  екі  «мырзада»  деп  жазады.  Егер  «Айқап»  журналы  қазақ  халқының

тарихи  тағдырын  шешетін  принциптік  мəселелер  жөнінде  «Қазақ»  газетіне  бітіспес  қарсы


болған болса, онда əлгі айтылған сөзсымақтар басылмаса керек еді. Сірə, екеуінің арасында

оншалық бітіспес қайшылық жоқ қой деп ойлаймын.

«Айқап»  журналы  кейде  тіпті  кісінің  күлкісі  келетін  дəрменсіздік  те  жасайтын.

Журналдың  əлгі  айтылған  номерінде,  «Сауалдарға  жауап»  деген  белімде,  дін  туралы

қойылған бес түрлі сауалға қайтарылған жауаптан үзінділер келтірелік:

1) «Алланың, адамды жаратқандағы мақсаты не?

Жауап:  өзінің  аллалығын  танытпақ:  Өзі  алла  болып  тұрып...  аллалығын  өзі  ғана  біліп,

ешкімге белгісіз болып тұруы лайық емес, соның үшін адамды жаратты.

2) Адамға тіршіліктің ең, керегі не үшін?

Жауап: ... адамға тіршіліктің ең керегі алланы тану үшін.

3) Ең жақсы адам не қылған кісі?

Жауап: алланы таныған адам ең жақсы кісі болу керек...» делінген.

Журналдың осы номерінде «Қазақ даласынан» деген мақалада, бұрынғы Қапал уезіндегі

атақты  бай,  қажы,  он  сегіз  жыл  болыс  болған  жат  таптың  шонжар  екілі  Тұрысбек

Мамановты  мақтайды.  Рас,  Тұрысбек  мектеп  салдырған  адам.  Бірақ  əңгіме  мектеп

салдыруда  емес  қой.  Өйткені  нағыз  реакцияшыл,  панисламшы  татар  байларының  ішінде  де

мектеп  салдырған  адамдар  болды.  Журнал  бұған  қарамастан  Əлгі  Тұрысбекті  былай  деп

мақтайды:

«Өзі  тірі  күнінде  Құдайберген  Тəңірберген  деген  балаларын  һəм  Есенғұл  деген  інісін

оқытып...  татар  қарындастарымыздың  жақсы  сəудегерлерімен  таныстырып,  балаларын

саудаға үйреткен... Марқұм он сегіз жыл болыс болып, бір тыйын пара алмай, лауға... бір ат

мінбей, орынсыз қазақтық бір қойын жемей еткен орны ұжмақта болсын...» деп көпіртеді.

Ең  ақырында,  «Басқармадан  жауаптар»  деген  бөлімінде  журнал  бір  авторға  мынадай

жауап қайтарыпты:

«Қолына  келген  газет,  журналды  болыс  бəйбішесіне  береді  екен  бəйбішесі  майлық

қылады екен»,— деп жазушыға журнал: «Сөзіңізге нана алмадық, хакім кісі неге өйтсін?» —

депті.

Басқасын былай қойғанда да, осы келтірілген үш түрлі фактінің өзі де журналдың саяси



идеялық бетінің дəрежесінің қандай екенін айқын көрсетпей ме?

Мен  бұл  жерде  «бүйректен  сирақ  шығарып»  отырғаным  жоқ,  сол  сияқты  «Айқап»

журналының  белгілі  мөлшердегі  прогресшілдік  жағын  да  жоққа  шығаруды  кездеп  отырғам

жоқ;  мен  тек  нақтылы  болғандарға  негіздеп,  журналдың  идеялық  мазмұны  дəрежесінің

төмен  екендігін  көрсетіп  өткім  келді.  Өйткені  мен  сол  журналдың  үзбей  оқушысы  болған

сезінген адаммын. Сондықтан да, ол журнал туралы үндемей өтуді лайықсыз көрдім. Біздің



тарихшыларымыздың  да,  əдебиет  зерттеушілеріміздің  де  «Айқап»  журналын  əлде  де

тереңірек зерттеп, оған дұрыс баға беретіндігінде менің ешқандай күмəнім жоқ.

Тағы да айтып өтуім керек. Мұсылман дінін оқытуға алғашқы рет балта шабылып, халық

ағарту ісі жөнінде төте оқу «Үсул жəдит» яғни «Жаңа əдіс», дейтін жаңа беталыс күшейген

кезде  «Айқап»  журналы  қазақ  тілің  татар,  парсы,  арап  тілдерінен  тазартып,  қазақтың  сап

күмістей  таза,  өзіндік  тілін  қалыптастыру,  қазақ  тілінде  «Жаңа  əдіс»  мектептерін  ашу

жөнінде  елеулі  мəселелер  көтерді.  Журналдың  көп  авторларының  бірі  мен  болдым.  Бірақ

менің  жазғандарым,  көбінесе,  ел  хабарлары:  Оқу,  ағарту  жұмысы,  жер  дауы,  ауылдағы

əлеуметтік мəселелер жөніндегі ұсақ хабарлар еді.

Жалпы  алып  айтқанда,  «Айқап»  журналы  өзінің  аз  өмірінің  ішінде  қуғын-сүргінге

ұшырай отырып, қаржы жағынан да қысым көре отырып,  қазақ  халқының,  келешегі  туралы

бірсыдырғы  маңызды  мəселелер  қозғаған  журнал  болды.  Екінші  жағынан  саяси-əлеуметтік

мəселелер  жөнінен  ұсақ  буржуазиялық  ережеден  аса  алмай,  революциялық  ұлы  ойға

шығандай  алмай,  күйгелектік  дəрменсіздік  жалтақ  мүсəпірлік  те  білдірген  журнал.  Сөйтсе

де, ол қазақ халқының қоғамдық ой-пікірін қалыптастыруда, қауым санасына қозғау салуда

едəуір қызмет атқарды. Мұны бекер дей алмаймыз.



«БАҚЫТСЫЗ КҮНДЕРДІҢ БІРІ»

Мен  ауру  болсам  да,  жазушылық  жұмысымды  тастай  алмадым.  1913  жылы  21  февраль

күні  орыс  патшасы  Романовтар  ұрпағының  патша  болып  таққа  отырғанына  үш  жүз  жыл

толуына  байланысты  Федоровкада  поп,  кулактар,  мещандар  шіркеуге  апарып  намаз  оқып,

өздерінше  «той  ұйымдастырып»,  осы  тойдың  ақыры  мастардың  көше-көшеде  қызыл  шеке

төбелестерімен аяқталған еді.

Сол күні кешке мен «Бақытсыз күндердің бірі» деген өлең жазбақшы болдым. Бұл менің

ойымша, астарлы сөзбен патшаны шенейтін өлең болуы керек еді. Бірақ өлең шықпай қойды.

Мен  көптен  ойланып  жазғалы  жүрген  романымның  басын  жазуға  кірістім.  Сонда  ең

алдымен  романның  атын  ойлағанда,  осы  əлгі  шықпай  қалған  өлеңнің  атына  жақындатып

«Бақытсыздардың бір күні» деп атадым. Мен бұл романды біресе қолыма алып, біресе қойып

кетіп,  екі-үш  жыл  бойына  жазып  жүрдім.  Бірақ  роман  аяқталмады.  1919  жылдың  жаз

айларында  мен  Сұлтанмахмұт  Торайғыровтың  «Қамар  сұлу»  романы  мен  «Кім  жазықты»

поэмасын  оқып  шығып,  үлкен  əсер  алдым.  Жазып  жүрген  романымды  Əжібайдың  көп

əйелінің  күнделік  өмірлеріндегі  трагедиясы  сияқты  бір  аянышты  өмірді  суреттеу  ретінде

толықтырып, бұрынғы қолжазбадағыдан басқашарақ етіп жазбақшы болдым. Бірақ сол жылы

күзде қолжазба жоғалып кетті.

Менің  ойымда  «Қалың  малдан»  кейін  көп  əйел  алушылыққа  қарсы  бір  роман

«Əмеңгерлікке» қарсы бір роман жазуым керек еді. «Бақытсыздардың бір күні» романының

тақырыбы  —  осы  ойланылған  романдардың  алғашқысы,  яғни  көп  əйел  алушылық

тақырыбына арналған роман еді. «Қалың мал» романында əңгіме əйелі өлген шалдың қалың

мал  беріп,  он  бес  жасар  қызды  алуы  баяндалса,  «Бақытсыздардың  бір  күні»  романында

əңгіме бір адамның екі-үш əйел алуы жайында еді. Роман уақиғасының желісі ілгеріде «Қара

бақсының хикаясы» деген тарауда айтылған уақиғаның негізінде құрылған еді.

Жоғалып  кеткен  қолжазба  бойынша  романның  бас  қаһармандарының  тап  өздері  де

(прототиптері)  бар  еді.  Мəселең  мұндағы  Рахима  деген  қыздың  прототипі  «Қара  бақсының

хикаясындағы» əңгіме болатын қыз еді де, Мұқамеджан деген жігіттің прототипі сол қызды

байдан  алып  кететін  жігіт  еді.  Осы  сияқты  бұндағы  сөз  болатын  байдың  прототипі  де  сол

«Қара бақсының хикаясында» айтылатын біз Кішіқұмға бара жатқанда түсетін байдың кейпі

еді.


Бұл  романда  1905  жылғы  революция  кезіндегі  қазақ  аулында  болған  əралуан  уақиғалар,

қазақ  кедейлеріне  орыстың  жұмысшы  табының  жəне.  кедей  шаруаларының  ықпалы  қандай

болғандығы  кең  қамтылған.  Мұнда  сол  кездегі  қазақтың  əдет-ғұрпы,  салты  да  толық

суреттелген  еді.  Əсіресе  бақсы-балгерлердің  қулық-сұмдықтары,  дүмше  молдалардың

ауылда  кітап  ашып,  ауру  адамға  ішірткі  жазып  ішкізіп,  тұмар  жазып  беруі  сияқты  өрескел

көзбояушылықтары  əшкереленген  еді.  Бірақ  романның  аяғы  біткен  жоқ-ты.  Барған  сайын

меңзетіп  əкеткен  ауру  оны  аяқтауға  мүмкіншілік  бермеді.  Сонымен  роман  1919  жылдың

күзіне дейін де бітпей келіп еді.



Осы  қолжазбам  басқа  да  қолжазбаларыммен  кітаптарыммен  бірге  жоғалып  кетті.  Оның

жоғалуы  былай  болды:  1919  жылдың  жаз  айларында  демалысқа  қайттым  да,  күздей

Федоровкаға  бара  алмай  қалдым.  Мен  Федоровкадан  кетерде  барлық  кітаптарымды  жəне

қолжазбаларымды  буып-түйіп,  өзімнің  пəтер  үйімде  қалдырып,  есікті  құлыптап  бекітіп

кеткен  болатынмын.  Пəтер  үйдің  есігін  ашқызып,  ремонт  жүргізіпті.  Осы  кезде  ме,  немесе

сол  менен  кейін  пəтерге  кірген  адамдар  тұрғаннан  кейін  бе,  əйтеуір  қайта  оралғанымда

төсек-орындарым  да,  кітаптарым  да,  қолжазбаларым  да  жоқ  болып  шықты.  Қанша

сұрастырсам да, іздесем де таптырмай қойды.



«АТТАН ШАҚА!..»

Қазақстанда  патша  өкіметінің  отаршыл  саясатының  барған  сайын  ашықтан-ашық  талау-

тонау  сыры  ашыла  бастады.  Патша  өкіметі  жерсіз  отырған  орыс  шаруаларын  Қазақстан

жеріне  лек-легімен  көшіре  бастады.  Осы  орыс  шаруаларының  келуіне  байланысты

қоныстандыру  мəселесі  кең  өріс  алады...  Поселкелер  салынды.  Қоныстандыру  мəселесі

Қазақстанның  солтүстік  облыстарында,  əсіресе  бұрынғы  Қостанай  уезінде  күшті  болды.

Шақа  деген  жоғарыда  айтылған  бір  рулы  елдің  жеріне  де  орыс  шаруалары  көшіп  келе

бастады.  1914  жылы  Сауытбай,  Сандыбай,  Дəндібайларға  қарайтын  Қарағайлы  (қазіргі

Сосновское  селосы)  деген  жерге  бір  топ  орыс  шаруалары  көшіп  келіп,  поселке  салып,

орналаса  бастады.  Бұл  Сауытбай,  Сандыбайларға,  əрине,  қатты  батты.  Осыған  байланысты,

олар қазақ шаруаларын көшіп келген орыс шаруаларына қарсы айдап салмақшы болды.

Салмұғамбет деген болыс ( Сауытбайдың інісі) өзімен ауыз жаласқан уезд басшыларына

барып,  Қарағайлыға  орналасқан  орыс  шаруаларын  əкімшілік  жолымен  көшіруге  қағаз  алып

келеді.  Бірақ  орыс  шаруалары  кешуден  бастартады.  Енді  Салмұғамбет  ру  туын  көтеріп,

шақалықтарды  жинап,  Қарағайлыдағы  орыс  шаруаларын  күшпен  көшірмекші  болады.

Салмұғамбет бастаған топ мұның үшін қазақ аулында шаруалардың арасында ұлтшылдыққа

негізделген  үгіт-насихат  жүргізіп,  ұдайы  қазақ  шаруаларын  орыс  шаруаларына  айдап

салумен болады. Олар қазақтарды орыстарға қарсы айдап салғанда, əңгіме патшада да емес,

үкімет орындарында да емес, «жүгенсіз кеткен» орыс шаруаларында, сол орыс шаруалары өз

беттерімен  жерімізді  тартып  алып  жатыр  деп  түсіндіреді.  «Ел  боламыз,  ата  қонысымызды,

жер-суымызды  сақтап  қаламыз  десек  орыс  шаруаларының  салған  поселкелерін  қиратып,

өздерін қуып жіберелік» деп үгіттейді. Олар «Қазақ» газетінде номер сайын осы бағытта үгіт

жүргізіп, ұлттық алакөздікті қоздырып, қазақ шаруаларын орыс шаруаларына қарсы күреске

көтермек болып, əрекеттеніп бақты.

Бұрын  халықты  ұлтшылдық,  мұсылманшылдық  бағытта  үгіттеп  келген  ұлтшылдардың

əрекеті  мұндай  жағдайда,  əрине,  бұрынғыдан  да  күшейе  түсті.  Мұсылманшылдық  бағытта

жазылып,  басылып  шыққан  кейбір  өлең-жырлар  да  халықты  уламай  қалған  жоқ.  Мəшһүр

Жүсіп  Көпеевтің  1907  жылы  шығатын  «Хал  —  ахуал»  жəне  «Тірілікте  көп  жасағаннан  не

көрдік?» деген кітапшалары да осындай кертартпа, зəрлі кітаптар еді. Мұнда «Дін мұсылман

ояныңдар...»,  «Бас  көтер,  дін  мұсылман  балалары...»,  «Орысты  біздің  қазақ  күндемейді,

үстінен  басып  етсе  —  үндемейді...»  деген  сияқты  əрі  панисламизмді,  əрі  ұлтшылдықты

қоздыратын пікірлер барды.

Бірақ  дұрысында,  орыс  еңбекшілері  қазақ  еліне  өздерімен  бірге  орыстың  егіншілік

кəсібін  де,  мəдениетін  де  ала  келді.  Орыс  поселкелері  салынуына  байланысты  мектептер

ашыла  бастады.  Фелдьшер,  дəрігер  пайда  болды,  магазиндер  ашыла  бастады.  Алыс-беріс

сауда базары жуықтады. Бұл жағдайларды қазақ еңбекшілері көрмей қалған жоқ. Сондықтан

олар  Сауытбайлардың  азғыруына  көне  қоймады.  Қайта  керісінше  ауыр  тұрмыс  екі  елдің

орыс  жəне  қазақ  кедей  шаруаларының  арасын  тез  жақындастырып  жіберді.  Сөйтіп,  бұл

жөнінде  патша  үкіметінің  де,  Сауытбай,  Сандыбайлардың  да  ойлағандары  іске

аспайтындығы  айқын  біліне  бастады.  Қазақ  кедей  шаруалары  орыс  шаруаларымен  бірігіп



егін салып, егіншілік кəсібімен айналыса бастады.

Мəселен  менің  ағаларым  Қарағайлыдағы  (Сосновское  селосы)  Батурин  деген  шаруамен

бірігіп егін салып, бірер жылдың ішінде-ақ онымен ашына аралас, дос адамдар болып кетті.

Осы  Батуриннің  баласы  Алексей  Батурин  қазірде  де  менің  өз  інімдей,  дос  жігітім.  Менің

ағаларым  сияқты,  .  басқа  да  қазақ  кедейлері  кешіп  келген  орыс  шаруаларының  арасынан

өздеріне  дос  адамдар  тапты.  Демек  «келімсек»  орыс  шаруаларына  біздің  ауылымызда  екі

түрлі көзқарас болды. Сондықтан да Салмұғамбет болыс жұртты бірден өзінің соңына ертіп

əкете  алмады.  Дегенмен  саяси-санасы  төмен  шаруа  емес  пе,  Сауытбайлардың

азғырындысына еріп, ұлтшылдықпен уланған шаруалар да болмай қалмады.

1915 жылы еді. Ұмытпасам, август айының іші болу керек. Мен ауылда болатынмын. Бір

күні таңертең:

— Шақа, Шақа!

— Аттан аттан!

—  Аттан  Шақа!  —  деп  ұран  салып,  дүрлігіп  біздің  ауылға  бір  топ  атты  адамдар  шауып

келді.

Бұлар  Қарағайлыдағы  орыстардың  үйлерін  қиратып,  өздерін  дүрелеп  қуып  тастап,  ата



қонысымызды  қайырып  аламыз  деп  шыққан  Қоңырша  ауылдың  адамдары  екен.  Оларды

Салмұғамбет болыстың өзі бастап келіпті.

—  Өлсек  те,  тірілсек  те  бір  боламыз.  Мен  ұрысқа  өзім  бастап  кіремін!—деп,

Салмұғамбет  болыс  айқай  салып  .күр.  Жұрт  жиналып  қалды.  Бірқатар  адамдар

Салмұғамбеттің сөзіне еріп, аттарын да даярлай бастады. Мен Салмұғамбетке барып:

—  Мынауыңыз  жөн  болмас,  ақсақал,  заң  жолымен  амал  қолдану  керек.  Əйтпесе,  кісі

бөлісетін ұрыс болады ғой,— дедім.

Болыс қолын бір-ақ сілтеп:

—  Орысша  оқымақ  түгіл,  шоқынған  болсаң  да,  аулақ  жүр!  Мен  Қарағайлыны  өзім  үшін

қайырып  алғалы  жүрген  жоқпын.  Қарағайлыны  мен  бүкіл  Шақаға  таспадай  тіліп,  бөліп

беремін. Орыс алғанша, өз бауырым алсын — деген демагогияға салды.

— Қашаннан бері сіз осындай халық қамқоршысы болып қалып едіңіз?—дедім мен зілді

кекесінмен. Болыс маған үн қатпай «Шақа, Шақалап» айқайлай берді.

Мен  жиналған  жұртқа,  «Ей,  қараша,  халайық!  Сол  отырған  орыс  шаруаларынан  қайсың

зəбір-жапа  шегіп  едің  сұрап  барсаң  балаңа  нан  егініңді  салуыңа  соқасың  кір-қоңыңды

кетіруіңе  моншасын  бергеннен  басқа  сендерге  не  жаманшылық  істеп  еді.  Болмаса  мына

аузымен  жарылқап  тұрған  болыстан  қайсың  қанша  рахат  пен  пайда  керіп  едің?  Сол  қазір

орыстың өздеріндей кедей-кепшігі мекендеп отырған Қарағайлы қайсыңның жайлауың мен



қыстауың  болып  еді,  не  қызығын  көріп  едің?  Күні  неше  сол  көлге  су  ішуге  барған  жалғыз

сиырыңды жер басқаны үшін барымтаға алып, сұрап барсаң өзіңді таяққа жығатын осы азуы

алты  қарыс  байлар  емес  пе  еді.  Ендеше  бұлардан  бүгін  не  жақсылық,  күтпексіңдер?

Тараңдар!», дедім.

Біраз  жұрт  ошарылып  тарасты  да,  біразы  болыстың  cosine  құлақ  қойып,  соңынан  ерді;

біздің ауылдан да бірсыпыра адам ерді.

Менің  інім  жəне  бір-екі  ағам  Қарағайлыдағы  Батуриндікіне  кеткен  еді.  Басқа  да  кедей

қазақ  шаруалары  сол  поселкедегі  кейбір  орыстармен  бірлесіп,  егін  орып  жатқан-ды.

Сонымен біздің Бəшең аулынан бір топ адам Салмұғамбетке ермей, өз алдына бір топ болып

сол  поселкеге  барды.  Менің  туыстарым  Батуриннің  үйін  қорғады.  Бұлардан  басқа  да  орыс

шаруаларымен  бірлесіп  егін  салып  жүрген  бірқатар  кедей  шаруалар  да  өздерінің  орыс

достарын қорғасты.

Дегенмен  Салмұғамбет  бастаған  топ,  поселкенің  шет  жағындағы  оқшау  тұрған  бір  үйді

қамап  алып,  есік-терезелерін  қиратып,  адамдарын  дүркіретіп  үйден  қуып  шықты.  Одан

шығып  тағы  бір  үйді  осылай  етті.  Ешбір  қаперсіз,  хабарсыз  орыс  шаруалары  бастарын  қоса

алмай  қалды.  Осыны  пайдаланып,  болыс  бастаған  топ  он  шақты  үйді  қиратып,  адамдарын

көшеге қуып шығарды.

Бір  топ  адам  Батуриннің  үйіне  де  шапқылап  келіп  еді,  бірақ  сайланып  тұрған  біздерді

көріп,  тайып  кетті.  Сол  арада  мылтық  атылды.  Аттылар  жалт  беріп  кейін  шегінді.  Тағы  да

бір кешеде мылтық атылды. Мылтық енді жиі-жиі атыла бастады. Мылтықтың даусынан беті

қайтқан Салмұғамбет тобы поселкені тастап, ауылға қарай тартты.

Бұл  уақиға  1915  жылы,  август  айында  болған  еді.  Қазір  осы  Қарағайлыда  гүлденген

жақсы  колхоз  бар.  Айта  кетуім  керек  Алексей  Батурин  1942  жылы  Қарағайлыдан  армия

қатарына  алынып,  майданға  кеткен  болатын.  1943  жылы  Алексейден  маған  хат  келді.  Ол

маған жазған хатында: «Өзіңіз білесіз, менің үйімде бас көтерген адам жалғыз ғана Пелагея

(Алексейдің əйелі), балаларды оқыту қиын болып тұрса керек. Мишкам да жеті жасқа келіп

қалды,  оны  да  оқыту  керек.  Сірə,  сіз  біздің  үйді  қасыңызға  көшіріп  алып,  өзіңіз

қараспасаңыз  болмас.  Сізге  көп-көп  өтінішім:  Мишканы  оқыта  көріңіз»  депті.  Үйі

Қарағайлыда еді. Ол біздің, ауылдан 12 километрдей жерде.

Əрине,  мен  оның  өтінішін  бар  ықласыммен  орындадым.  Алексей  1946  жылы  армиядан

қайтып  келді.  Келген  соң  ол  қайтадан  өзінің  бұрынғы  мекені  Қарағайлыға  көшіп  кетті.

Алексеймен арамыздағы достық, осындай туыстық, жарастық дəрежеге жеткен. Əрине, мен

бұл бір уақиғаны мақтан үшін емес, сол бір алыстағы, революциядан бұрынғы эпизодты еске

алуға байланысты ғана айта кетіп отырмын. Əйтпесе, бүгінгі біздің заманымызда кез келген

совет азаматы солай ететіндігіне менің көзім жетеді.


ОРЫС ЖҰМЫСШЫЛАРЫНЫҢ

ҚАЗАҚ КЕДЕЙЛЕРІНЕ ХАТЫ

1914 жылы еді. Соғыс басталды. Көршілес орыс шаруаларынан армия қатарына алынған

орыс  жігіттері  күн  сайын  топ-тобымен  соғысқа  кетіп  жатты.  Көп  кешікпей-ақ  орыс

селоларында  кемпір-шал,  əйел,  бала-шаға  ғана  қалды.  Сол  жылы  бітік  шыққан  егін  де

жиналмай жайқалып қала берді.

Соғыс  қазақ  халқына  да  салмағын  сала,  ауыртпалығын  арта  келген.  Қалың  қара

бұқараның  басына  үлкен  ауыртпалық  түсті.  Қазақтың  малын  «салық»  деп  бір  алды,  «азық

үшін» деп екі алды, «көмек үшін» деп тағы да алды, «армияға керек» деп жақсы аттарын да

сыпырып алды.

Соғыс туралы елде əралуан дақпырт, лақап бар еді.

— Герман патшасы Россияны өзіне қаратып алмақ екен — десті біреулер.

—  Орыс  патшасы  Стамбулды  алып,  «Ая  София»  мешітінің  мұнарасының  басына  крест

қондырмақшы  екен.  Бірақ  Герман  патшасы  Стамбулды  Россиядан  қызғанып,  орыс

патшасына қарсы соғыс ашыпты,— десті біреулер.

Орыс тілінде шығатын ресми газеттер бұл соғысты «Отан қорғау соғысы» деп даурықты.

Ал  «Қазақ»  газеті  бірден-ақ  лепіріп,  соғысты  жақтап  шықты.  Газет  тіпті  бұл  соғыс  —

«əділетті соғыс» деп көкіді.

Күздің  күні  еді.  Мен  Федоровкада  оқытушы  едім.  Оқу  басталғанына  да  біраз  болып

қалған-ды. Бір күні осы поселкедегі бір қарапайым қазақ жігіті маған тасқа басылған екі-үш

қағазды  əкеліп  берді.  Оқып  қарасам:  «Орыс  жұмысшыларының  қазақ  кедейлеріне  хаты»

деген  листовка  екен.  Хаттың  аяғына  ешкім  қол  қоймапты.  Мен  оны  түгел  оқып  шықтым.

Листовкада:  «...бұл  соғыс  —  помещиктер  мен  капиталистердің  пайдасына  бола  жүргізіліп

жатқан  соғыс.  Бұл  соғыстың  көздейтіні  —  басқа  елдің  жерін  жаулап  тартып  алу,  басқа

елдердің  халықтарын  құлдану,  талау.  Бұл  жиһангерлер  соғысы.  Бұған  біз,  орыс

жұмысшылары,  қарсымыз.  Қазақ  кедейлері,  сіздер  де  бұл  соғысқа  қарсы  болыңдар,  ешбір

көмек көрсетпеңдер!» деп жазылған екен.

— Мұны кім берді? — деп сұрадым жігіттен.

— Ешкім де берген жоқ, тауып алдым,— деді жігіт.

— Қайдан?

— Көшеден. Немене екен езі? Не жазыпты?—деп сұрады жігіт.



Мен жігітке сенер-сенбесімді білмедім, əйтседе мұны басқалар да оқысын деген оймен:

—  Мұнда  не  жазылғанын  кейін  айтармын.  Сен  ең  алдымен  ешкімге  көрсетпей,  мына

қағаздарды қай жерден алсаң, сол жерге апарып таста, өйткені иесі бар шығар, — дедім.

— Жыртып тастасам қайтеді? — деді жігіт.

—  Жоқ,  жыртпа,  қайдан  білесің,  иесі  бар  шығар?  Іздеп  жүруі  мүмкін  алған  жеріңе

апарып таста.

— Жарайды, апарып тастайың— деді жігіт.

— Иə, сүйт, апарып таста.

— Мұның өзі газет пе, немене? — деді жігіт тағы да.

— Кейін айтам дедім ғой, ең, алдымен тауып алған жеріңе апарып тасташы.

— Жақсы,— деді де жігіт шығып кетті. Бірақ осыдан кейін ол қайта оралмады.

Мен ол листовканың тарихын революциядан кейін ғана білдім. Мұны жазған Троицкідегі

большевиктердің  астыртын  ұйымы  екен.  Авторы  Дм.  Одинцев  болса  керек.  Бірақ

листовканың  Федоровкаға  кім  арқылы  келгені  маған  күні  бүгінге  дейін  белгісіз.  Білетін

адамдар  бұл  листовкалар  Федоровкаға  (мұнда  екі  класты  орысша  —  қазақша  мектеп

болғандықтан) əдейі жіберілген адам арқылы жеткен болуы керек деп жорыды.

Соғыстың  мəнін  түсіндірген  тың  пікір  айтқан  соғыс  туралы  менің  көзқарасымды

өзгерткен осы листовка болды.



ҰЛТШЫЛДАРДЫҢ МАСҚАРА

БОЛУЫ

1916  жыл.  Қазақ  жігіттерін  майданға  қара  жұмыс  істеуге  алмақ  болған  патшаның  25

июньдегі  жарлығы  шықты.  Бұрыннан  зығырданы  қайнап  отырған  қалың  халық  бұқарасы

тегіс дерлік атқа мінді. Жер-жерлерде халық бұқарасы патшаға жəне оның үкіметіне қарсы

бас көтеріп, ереуіл жасауда еді.

Бұл  қозғалыс  шаруалардың  стихиялық  көтерілістерінің  бірі  еді.  Мұның  жеңіске  жете

алмайтындығы белгілі. Бірақ өз халқын жақсы көретін əрбір адам, əсіресе оқыған көзі ашық

адам осы халықпен бірге болуға тиіс еді. Дəл осы шақта, ел басына күн туып, қиын-қыстау

кезеңге  душар  болған  заманда,  жайшылықтағы  «ұлтым»,  «жұртым»  деушілердің  бірқатары

уақиғаға  қатынаспай  бұғып  қалды.  Олардың  бұқпағандары,  өздерін  қазақ  халқының

«қамқоры» деп санап жүретін сабаздар, енді жалт беріп патша үкіметіне болысып кетті. «Ақ

патшаның  əмірін  екі  етуге  болмайды.  Қазақтың  ақ  патшадан  аяйтын  малы  да,  жаны  да

болмау  керек»,  деп  олар  өздерінің  кім  екендерін  əшкерелеп,  ашықтан-ашық  қазақ  халқын

сатты.  Буржуазияшыл  ұлтшылдардың  басшылары  «ақ  патшаның  əмірін  бұлжытпай  орындау

жөнінде» үндеу де жазып таратты. «Қазақ» газетінде көтеріліске қарсы мақалалар басылып

отырды.


Сонымен  қазақтың  буржуазияшыл  ұлтшыл  оқығандары  халық  алдында  империалистік

соғысты жақтап бір масқара болса, 1916 жылғы Аманкелді Иманов бастаған қазақ халқының

патша өкіметіне қарсы көтерілісіне дұшпандық жасап, патшаға болысып, екі масқара болды.

«Қазақ»  газеті,  ақырында,  Түркістан  өлкесіндегі  көтерілісті  аяусыз  басу  үшін  жіберілген

патшаның  оң  көзі,  барып  тұрған  реакцияшыл  жендет,  Түркістан  өлкесінің  қандыбалақ

генерал-губернаторы  Куропаткинді  мақтап  жазды.  Куропаткиннің  Түркістан  өлкесіне

генерал-губернатор болып келгенін өзбек қазақ, қырғыз сияқты халықтар үшін үлкен бақыт

деп түсіндірді бұл газет. Қазақтың ұлтшыл оқығандарынан бұрыннан-ақ іргемді аулақ салған

мен  енді  «Қазақ»  газетінің  басшыларынан  да,  оның  төңірегіне  топталған  қазақтың  барлық

оқығандарынан да мүлдем түңілдім.

Осындай,  екіталай  кезеңде  қазақ  халқының  нағыз  адал  ниетті  бір  үлкен  досы  бар  екені

анықталды.  Осы  көтеріліс  кезінде  Қостанай,  Троицкі  жəне  тағы  басқа  қалалардағы

большевиктердің астыртын ұйымдары көтерілген халықты қолдап, халық арасына өз тілінде

басылған листовкалар таратып, жон сілтеп отырды.

Бұл  кезде  бізбен  көрші  Торғай  уезінде  қазақ  халқының  ардагер  батыры  Аманкелді

Иманов бастаған көтерілістің даңқы ел арасына кең тарап кеткен еді.

Июльдің аяқ кезінде шығар деймін бір күні біздің ауылға үш-төрт жүз атты адам сау етіп

келіп  қалды.  Басшылары  біздің  үйге  түсті.  Олар  Қайсар  жəне  Ділім  Төлегенов  деген

ағайынды  екі  жігіт  еді.  Оларды  мен  бұрын  да  білетін  едім,  олар  да  мені  жақсы  білетін-ді.

Үйге келіп түсіп отырғаннан кейін көп кешікпей-ақ Қайсар сөз бастады:



—  Спандияр,—  деді  Қайсар,—  шешінген  судан  тайынбайды  деген  біз  патша  өкіметінің

жергілікті  ұлықтарымен  шайқасуға  белді  бекем  будық!  Екі  өлмек  жоқ.  Қарусыз  майданға

барып  қырылғанша,  өз  елімізде,  туған  жерімізде-ақ  қырыламыз.  Бүгін  біз  болыспен  есеп

айрысқалы  шықтық.  Болыстың  шаңырағын  ортасына  түсіріп,  үйін  өртеп,  өзін  бауыздап

өлтіреміз  де,  жігіттердің  аты-жөні  жазылған  тізбені  алып,  өртеп  жібереміз.  Бір

қатарымыздың Аманкелдіге барып қосылу да ойымызда бар. Патшаның езі болмаса да, осы

біздің  болыстағы  оның  оң  көзі  болып  отырған  болысты  өлтіреміз.  Ақты-қараны  танитын

оқыған  адамсыз  ғой,  осыған  не  айтасыз?  Бұл  бір.  Екіншіден  сіздің  ауылдың  жігіттеpi  бізге

қосыла ма, жоқ па, өзіңіз қайтесіз? Біз осыны білгелі келдік.

— Көпшілік не айтады? — дедім мен.

— Көпшіліктің айтатыны осы.

–  Мен  айтайын  енді,—  деді  Ділім,  інісінің  сөзін  бөліп,—  болыстың  қолындағы  тізімді

тартып  алу  керек.  Сол  сияқты,  патша  өкіметіне  қарсы  шайқасып  та  көру  керек.  Еркімізбен

майданға бармайық. Өлсек осы жерде, өз елімізде өлейік. Мұның бəрі де дұрыс. Аманкелдіге

барып қосылатын жігіттер болса, оларға да қой демелік. Ал бірақ болысты өлтірудің қажеті

болар  ма  екен?  Оны  өлтіргеннен  келер  не?  Оны  өлтіру  өкімет  орындарынан  елге  отряд

шығарып,  халықты  қырғынға  ұшыратуға  себеп  бола  ма  деп  қорқамын.  Осыны  ойланып

көрелікші. Бір итті өлтіргенмен ертеңіне оның орнына тағы бір итті отырғызбай ма? Одан да

болыстың  үйіне  ат  қойып  қорқытып,  жігіттердің  аты-жөні  жазылған  тізімді  алып  кетсең

соның өзі тыныш емес пе. Осыған сіз қалай қарайсыз. Спандияр? Кəні, осыған ақылыңызды

айтыңызшы.

—  Туысқандарым,—  Дедім  мең—  не  істесеңдер  де  мен  сендермен  бірге  боламын.

Халықтан бөлініп, бұғып қалып жан сақтар жайым жоқ. Мен сияқты, осы ауылдың жігіттері

де дайын отыр. Олар да сіздермен бірге болады. Бірақ болысты өлтіру не өлтірмеу мəселесін

үстіртін  шешпесек  деймін.  Өйткені  оны  өлтіргенмен  орнына  тағы  бір  сондай  сұмырайдың

отыратыны  даусыз.  Олай  болса,  ең  алдымен  баралық,  жігіттердің  талабын  айталық.  Егерде

ырыққа  кенсе,  жігіттердің  талабын  орындаса,  онда  өлтірмей-ақ  қоялық.  Ал,  егерде  ырыққа

көнбесе, жігіттердің талабын орындамаса, онда обалы өзіне.

— Мұны енді бара көреміз, бірақ оны бауыздау керек-ақ! Ауылыңыздың жігіттері дайын

ба? — деді Қайсар.

— Дайын болу керек.

— Онда не отырыс бар? Аттаналық!

— Мақұл.

Сыртқа  шықтық.  Күн  сəске  түс  болып  қалған  еді.  Біздің  ауылдың  жігіттері  де  атқа

мінісіп дайын тұр екен. Маған да бір атты ерттеп, əзірлеп қойған екен. Мен де атқа міндім.

Төрт  жүзден  аса  адам  бес-алты  шақырым  жердегі  Мырзахмет  аулына  қарай  тартып  кеттік.

Кеп кешікпей-ақ жігіттер болыстық үйін қамап та алды.


Қайсар  бастаған  бір  топ  жігіт,  шапқылап  келген  бойларында-ақ,  болыстың  үйін

сойылдап, уықтарын қиратып, үзік туырлықтарын сыпырып алды.

— Шық, азғын! Сыртқа шық! — деп бұйырды.

— Тізбемізді бер, малғұн!—деп жігіттер үйді сабалап жүр.

Болыс  қаперсіз  отыр  екен.  Оның  мүлдем  есі  шығып  кетіпті.  Аузын  буған  өгіздей,  тырп

етпей үйден шықпай жатып алды.

Жігіттердің бірқатары аттарынан түсе-түсе қалып:

—  Тізімді  əкеп  бер,  жаныңның  барында!—десіп  үйдің  есігіне  қарай  жүгірді.—

«Тоқтаңдар! Сабыр етіңдер!» — деп Ділім де болыстың үйінің есігіне қарай барды. Дəл осы

кезде аттан қарғып түсіп, Қайсар Ділімге:

— Болысты арашаламақшы болдың ба енді! — деді. Бірақ Ділім оған қараған жоқ, үйге

кіріп кетті де, лезде тізімді алып шығып, атына мінді.

—  Міне,  тізім!  —  деп  Ділім  оң  қолын  көтеріп  жігіттерге  тізімді  көрсетті.  Осы  арада

Қайсар да атына қайта мініп алды.

— Тізімді алып шығыпты!

— Ə, онда жарады!

— Тізім қайда—оқып көрсінші!

— Болысты, болысты шығару керек үйден!

—  Қыл  шылбырды  салу  керек  мойнына  азғынның!  —  десіп,  жігіттер  əлі  болыстың  үйін

қамалап тұр. Мен тізімді қолыма алып, оқып көрдім де, жігіттерге қарап:

—  Жігіттер,  мынау  кəдуілгі  тізім.  Сіздерге  керегі  осы  тізбе  еді  ғой.  Оны  Ділімнің

болыстан тартып алып шыққаны рас. Тізбе қолымызға түсті,— дедім.

—  Ендеше  қайталық!  —  деп  Ділім  ауылға  қарап  тарта  берді.  Жігіттердің  алды  қайта

бастағанын көріп, Қайсар бастаған бір топ жігіттер де  болыстың  аулынан  дүркіреп  шығып,

елге қарай бет бұрды. Біздің ауылдағы 1916 жылғы көтерілістің шарықтау шегі осы болды.

Осы  уақиғадан  кейін  де  біздің  ел  екі  ай  бойына  аттан  түспеді.  Солтүстік  аймақтың

болыс-болыстарындағы  болған  көтеріліске  қатысқан  жігіттермен  бірге  біздің  ауылдың

бірқатар  жігіттері  Аманкелдіге  кетті  де,  ел  ішінде  қалып  қойған  бір  қатары  майданға

алынды.

Қазақ  халқының  еңбекші  бұқарасы  патша  өкіметіне  осылай  қыр  көрсетіп,  оған  сырт



жағынан  қатты  бір  соққы  берді.  Осы  соққы  беру  ісіне  қазақтың  буржуазияшыл  ұлтшыл

оқығандары  мен  байлары  қатыспай  қалғаны  былай  тұрсың  тіпті  оған  қарсы  болды.  Олар

патшаның сөзін сөйлеп, оның сойылын соғып, көтерілген халыққа қарсы арсылдап, етегінен

алып жүрді. Бірақ сонда да қазақтың еңбекшіл бұқарасы патша өкіметіне де, өз байларына да

қарсы  шығып,  кім  дос,  кім  қас  екенін  жақсы  сезетіндігін  патшалық  құрылыспен  қазақтың

билеп  төстеуші  үстем  табымен  өзінің  қас  жау  екенін  көрсетті.  1916  жылғы  көтеріліс  қазақ

халқының ұлт-азаттық қозғалысының ұзына бойындағы бір жаңа беталысы болды.

Көтеріліс  маған  үлкен  əсер  етті.  Қалың  халық  бұқарасының  патша  үкіметіне  қарсы

көтерілуі  халықтың  сана-сезімінің  оянғандығын  айқын  көрсетті.  Əрине,  қалың  халық

бұқарасының  бұл  көтерілісі  таңданарлық  іс  емес  еді.  Өйткені  ол  бір  шырпы  тисе,  лап  ете

түскелі тұрған от сияқты, толғағы пісіп жеткен енді бір сылтау, түрткі керек болып тұрған

көтеріліс еді.

Марксизм  ғылымынан  бейхабар,  қоғамның  даму  заңымен  орыс  жұмысшы  табының  ұлы

азаттық күресімен жақсы таныс емес, маған да, мен сияқтыларға да қазақ халқының еңбекші

бұқарасының  патша  үкіметі  мен  өз  байларына  соншалықты  ашынып,  ұйымдасқан  түрде

қарсы  шығуы  жаңалық  болып  көрінді.  Алайда  кедей  үйде  туып  өскен  байлардың  қорлық-

зорлығын  көрген  мен  секілді  адамға  бұл  көтеріліс  қанаушы  атаулыны  бұрынғыдан  да  гөрі

қатты  жек  көруге,  өз  тағдырын  еңбекші  бұқараның  тағдырымен  байланыстырып,  əрдайым

солармен  бірге  болуға,  демек  еңбекші  бұқараның,  мақсатты  тілегіне  үн  қосып,  өліспей

беріспейтін  күреске  бөлді  бекем  буып  шығуға  себепші  болды.  Мен  қазақ  халқының  ұлт-

азаттық  қозғалысының  ендігі  жерде  орыс  халқының  ұлы  азаттық  күресімен  ұштасып

күшеюін тіледім.


МЕН ЖАЗУДЫ ҚАЛАЙ ҚОЙЫП

КЕТТІМ

Менің жолдастарым менен: «жазуды неге қойып кеттіңіз?» — деп көп сұрайды. Орынды

сұрау. Бірақ мен жазуды өздігімнен «осыны қояйыншы» деп қойып кеткен адам емеспін.

Мен  жоғарыда  көп  əйел  алушылық  жəне  əмеңгерлік  туралы  екі  роман  жазбақшы

болғанымды,  оның  бірін  жазып  бола  келген  де,  жоғалтып  алғанымды  айттым.  1916  жылғы

көтерілістен  кейін  қолыма  алған  «Бақытсыздардың  бір  күні»  деген  романды  бітірейін  деп

жүргенімде  жоғалтып  алғаннан  кейін  қазақ  аулындағы  əлеуметтік  мəселені  кеңінен

суреттейтін  «Қисық  кегі»  деген  роман  жазу  ойымда  болды.  Бұл  романда  1880  жылғы

Қисықтың  соққыға  жығылып  өлуінен  бастап  1916  жылғы  көтеріліске  дейінгі  қазақ

аулындағы  əлеуметтің  таптық  қайшылықты  суреттемекші  едім.  Сонымен  қатар  «Қазақ

аулындағы  тұңғыш  мектеп»  деген  аңызды  жазбақшы  едім.  Бұлардың  тақырыбы,  сюжеті  де,

идеясы  да,  басты-басты  қаһармандары  да  дайын  еді.  Бірақ  науқастығымнан  осылардың

бірде-бірін жаза алмадым.

1913—1914  жылдарда-ақ  жоғарыда  айтқан  бас  ауруы  пайда  болды.  Сол  кездің  өзінде

маған ой еңбегімен айналысу, əсіресе жазу жұмысымен шұғылдану қиын болған. Дəрігерлер

де  тыйым  салған  еді.  Бірақ  мең  қиын  бола  тұрса  да,  дəрігерлер  тыйым  сала  тұрса  да,  жазу

жұмысымен  шұғылдана  бердім.  Алайда  «Бақытсыздардың  бір  күні»  атты  романды  жазу

үстінде маған жазудың ендігі жерде қиын соғатындығына көзім жеткен еді.

Бері келе ауру асқынып маған ой еңбегімен əсіресе жазу жұмысымен шұғылдануға тіпті

мүмкіншілік  бермей  қойды.  Қаншама  талаптансам  да,  қаншама  ауруға  көнгім  келмесе  де,

асқынған ауру қолды байлады.

Сонымен ауру бірден-бірге асқынып, мені өз дегеніне көндіре  бастаған  кезде  оған  1916

жылдың  уақиғасы  келіп  қосылды.  Ел  басына  түскен  ауыртпалық,  азаматтарынан  айрылып

жылаған  жұрттың  зары,  əрине  менің  де  жанымды  жеді,  көкірегіме  улы  дерт  отын  жақты,

уайым-қайғы  басты.  Бұл  хал  менің  ауруымды  бұрынғыдан  да  күшейтіп  жіберді.  Дəрігерлер

енді  жазу  жұмысымен  айналысуды  мүлде  қой  деп  үзілді-кесілді  тыйым  салды.  Тұрып

жүргенімнен  де  жатуым  көбейді.  Сөйтіп,  мен  бірте-бірте  жазу  жұмысынан  шеттеп  қала

бердім. Ендігі жұмысым жалғыз оқытушы ғана болу еді. Дəрігерлер бұл жұмысқа да белгілі

бір шек қоюды талап етті, мұның үстіне олар екі-үш жыл демалысқа шығып, емделуге кеңес

берді. Міне, менің жазу жұмысын тоқтатуымның негізгі себебі осы еді.

Алайда оқытушылық жұмысынан қалғам жоқ. Дəрігерлер екі-үш жыл демалысқа шығуға,

емделуге  кеңес  бере  тұрса  да,  бірер  жыл...  əлі  де  бір-екі  жыл  істейін  содан  кейін  көрермін

деген оймен оқытушы болып істей бердім.

Осылайша  аурумен  арпалысып  жүріп,  орыстың  үлгілі  (классик)  педагогтерінің

еңбектерін  тереңдей  зерттеп,  қалған  өмірімді  түгелдей  оқу  жұмысына  арнауға  бел


байладым.

1917  жылы,  март  айының  бас  кезі  еді.  Бір  күні,  таңертең,  мектепке  келе  жатсам,  есік

алдында екі оқытушы тұр екен олар мені көрді де:

—  Ура!  Спандиярды  құттықтаймыз!  —  деп  менің  қолымды  қатты  қысып  амандасты  да,

екеуі  мектеп  бастығының  үйіне  қарай  жүгіріп  кетті.  Мен  тіпті  мұның  не  екенін  де  түсіне

алмай таңданып қала бердім. Бірақ кешікпей-ақ білдім: Николай патша тағынан түскен екен.

Қуаныш қойынға сыймай кетті. Бостандық таңы атты, теңдік заманы туды деп ойладық.

Сез  бостандығы  басталды.  Жиын-жиылыстар  көбейді.  Шешендер  де  молайды.  Бірақ

бостандық,  əлеуметтік  теңдік  іс  жүзінде  бола  қоймады.  Патша  тағынан  тайған  шақтағы

қуаныш ұзаққа созылмады.



АУЫТҚУШЫЛЫҚ...

Күні  кешегі  «ақ  патшаның»  сөзін  сөйлеп,  сойылын  соғып  жүрген  сабаздар,  патша

тағынан  тайысымен  шетінен  тағы  да  «елшіл»,  «жұртшыл»  бола  қалысты.  Буржуазияшыл,

ұлтшыл оқығандардың газеті өзінің басшыларын дəріптей бастады. Оларды «қазақ халқының

қамқорлары»  етіп  көрсетіп,  осы  кенеттен  пайда  болған  кеп  «қамқорларды»  қазақ  халқын

өгіздей  өрге  сүйреп,  қолын  теңдікке  жеткізетін  адамдар,  қазақ  халқын  «автономиялы»  ел

ететін адамдар, «қой үстіне боз торғай жұмыртқалаған» заман орнатып беретін адамдар деп

даурықты.

1916  жылғы  қазақ  халқының  көтерілісі  кезінде  ол  «қамқорлар»  империалистік  соғысты

жақтаған  «ақ  патшаның  əмірін  екі  етпеңдер»  деп  патша  өкіметі  жағына  шығып  кеткен

көтерілісті басушы, жазалаушы отрядтарды қолдаған патша өкіметінің жендеттері еді. Олар

бүкіл жұртқа белгілі екіжүзді сұрқиялар еді.

Олар  «елім»,  «жұртым»  деген  «автономия»,  «ұлт  бостандығы»  деген  сияқты  сөздерді

пайдаланды,  уақытша  үкіметтің  жергілікті  əкімшілік  орындарына  орналасты,  баспа  сөзді

пайдаланды,  қазақ  халқының  «қамын  жеген  адамдар»  болып  көрініп  ауылдың  əлді-ауқатты

тобын ездерінің соңына ертіп, сол топқа арқа сүйеді.

Олар  өз  алдына  тұрсың  бір  кезде  өздерінің  жазған  еңбектерінің  идеялық  мазмұны

жағынан  менімен  бағыты  да,  сарыны  да  бір  болған  ақын-жазушылар  да  əлгі  буржуазияшыл

ұлтшылдардың  даурықпа  сөзіне  алданып,  солардың  жетегіне  еріп,  байшыл  ұлтшылдыққа

қарай  ауытқыды.  Олардың  ішінде  қазақтың  көрнекті  ақындары  Сұлтанмахмұт  Торайғыров,

Сəбит  Дөнентаев  сияқты  адамдар  да  болды.  Олар  Октябрь  революциясына  дейін  тіпті

революцияның  алғашқы  жылдарында  да  алашордашылардың  шылауында  болды.  Тек

социалистік  революцияның  əділеттілігіне  көзі  жеткеннен  кейін  ғана  олар  1919—1920

жылдарда совет өкіметіне қарай ойыса бастады.

Бұрынғы  патша  өкіметінің  отаршыл  саясатының  ащы  зардабын  тартқан  қазақ  халқының

бір  бөлек  көзі  ашық  деген  азаматтары  да  алғашқы  кезде  буржуазияшыл  ұлтшылдардың

лепірген  жел  сөздеріне  еріңкіреп  отырды.  Бірақ  большевиктер  партиясының  орталық

қалаларда шығатын газеттері, журналдары, əралуан саяси кітаптары жалпы саяси жағдайды

тез аңғартты.

Большевиктер партиясының соғысты тоқтату туралы, жер мəселесі туралы, ұлт мəселесі

туралы, совет өкіметі туралы саясаты қалың халық бұқарасының көкейіне қонымды, сезіміне

сіңімді  бірден-бір  дұрыс  саясат  еді.  Сондықтан  да  еңбекші  бұқара  көп  кешікпей-ақ

буржуазияшыл  ұлтшылдардың  лепірген  жел  сөздеріне  құлақ  аспайтын  болды.  Еңбекші

бұқара совет өкіметін аңсап күтті.

Ұлтшыл  оқығандардан  ертерек  түңіліп  іргемді  аулақ  салған  мең  олардың  қазіргі

даурықпайтының  көкіме  демагогия  екенін  білдім.  Төңірегімдегі  кедей  шаруаларға

ұлтшылдар  сөзінің  құрғақ  демагогия  екенін  түсіндіруге  тырыстым.  Бірақ  көптен  миды


кеміріп,  əбден  қажытып,  меңдетіп  тастаған  ауру  менің  сол  кездегі  саяси  қоғамдық  өмірде

үгіт-ағарту  ісінен  де  гөрі  белсенді  қызмет  істеп,  қолма-қол  іс  атқаруыма  негізгі  кедергі

болды.  Мен  дертімнен  етек  басты  болып  ауылдық  жердегі  мектептің  төңірегінен  əрі  ұзай

алмадым.


Сонымен  күндер  өтіп  жатты.  Сөз  бостандығы  бар  сияқты.  Бірақ  сөзден  басқаға  əлі

бостандық  жоқ  еді.  Мал  да,  жер  де  байлар  меншігі  боп  қала  берді.  Баяғы  жалшы  —  əлі

жалшы, баяғы кедей — əлі кедей, баяғы мырза — əлі мырза еді.


«ҚАМҚОР № 3»

Август айының аяқ кезі еді. Сауытбайдың аулында бүкіл Обаған болысының азаматтары

қатысқан  жиылыс  болды.  Жиылысқа  мен  де  қатыстым.  Бекет  Өтетілеуовты  көріп  аман-сау

сұрасқаннан кейін:

— Бұл не жиылыс екен? — деп сұрадым.

— Естіген жоқсың ба? —деді ол,— М. келді ғой.

— Иə?

— Не иəсі бар? Сол сөз сөйлейтін көрінеді.



— Не айтады екен?

— Кім білсін?

— Сөзден басқа беретіні бар ма екен?

—  Кім  білсін.  Айтпақшы,  оны  сен  кермеген  де  шығарсың  əлі.  Көріп  сəлем  беріп,

амандасып шықпаймысың, — деді Бекет.

— Жарбақтап қайтемін? Шығады ғой, реті келсе, осы далада-ақ сөйлесермін.

—  Өзің  біл,  мен  кіріп  біраз  отырып  шықтым.  Сені  де  сұрады,  біледі  екен.  «Баяғыда  бір

роман  жазып  еді  ғой,  ол  кісі»  деп  бір  күліп  қойды.  Тегі,  кіріп  шыққаның  теріс  болмас  еді.

Жаман болсың жақсы болсың əйтеуір, «азамат» қой.

— «Баяғыда бір роман жазып еді ғой»,— деп күлді деймісің?

— Иə, солай деп күлді.

— Азамат» дегенің кекесінің бе, шының ба?

— Кекесін болғаны несі ? Шыным,— деді Бекет.

— Сен де кеттің бе?

— Қайда?

— Соларға.

— Соларың кім?

— «Алаштың азаматтарына».



— Жоқ-ə, сонда да əйтеуір?..— деп Бекет күмілжіп қалды.

— Сонда да «қамқор» дейсің, бе?

— Өз əлінше қамқорсымақ қой,— деді күліп Бекет.

—  Қателесесің,  Беке,—  дедім  мең—  «қамқорсымақ»  емес,  «қамқор  №  3».  Дəл  осындай

«Қамқордың»  бұрын  да  бір-екеуі  келіп  кеткен  еді.  Даурықпа  сөзден  басқа  немен  кенелте

қояр дейсің?

— Мұны тауып айттың — «№ 3» екені рас.

Жиылыс басталды. «Қамқор № 3» шаршы топтың алдында шешендікке салынып, өтірікті

шындай  ғып,  лепіріп  соғып  тұр.  Жұрт  тыңдап  отыр,  баяғы  құр  жел  сөз:  «ұлт»,  «жұрт»,

«автономия»,  тағы  басқа  осылар  сияқты  күнде  естіп  жүрген  жел  сөздер.  Оның  баяндамасы

бітті. Сұраулар беріле бастады:

— Мырза,— деді Салмұғамбет болыс,— қазақ өз алдында хұкүмет болғанда, əркімнің ата

қонысы,  мекені,  жер-суы,  мал-мүлкі  өзінің  еркінде,  былайша  айтқанда,  ешкімнің  ортағы

жоқ, өзінікі болып қала берді ғой.

— Əрине қала береді.

— Өркенің өссін— деді Салмұғамбет.

Мен күліп жібердім. Бекет маған күбірлеп: «қой, қой» деп мені бір түртіп қойды.

—  Екінші  сұрағым  бар,—  деді  болыс,—  қазақ  өз  алдына  хұкүмет  болғанда,  ол  хұкүмет

халықты бай-кедей деп алаламайды ғой?

—  Жоқ,  —  деді  «қамқор»,—  біз  қазақ  халқын  алаламаймыз.  Бізге  оның  байы  да  бауыр,

кедейі де бауыр. Бізге бəрібір.

— Өмір жасың ұзақ болсың қамқорым,— деп қойды бір бай.

— Алым-салық сияқты əралуан төлемдер, бай-кедей демейінше түңлікке түседі ғой ? —

деп сұрады болыс.

— Əрине.

— Онысы несі?

— Ол қалай ? — деген күбір естілді.

Мен оған мынадай бірнеше сұрақ қойдым:

—  Ескі  əдет-салтқа,  атап  айтқанда:  қалың  мал,  көп  əйел  алушылық  сияқты  əдеттерге


тыйым салына ма?

— Хұкүмет халықтың ежелгі əдет-ғұрпы мен салтанатына тыйым сала алмайды.

Олар, халықтың мəдениеті өсе келе, өзінен-өзі қалуға тиіс:

— Қазақ тілінде мектептер ашу жөнінде не істелмекші?

—  Қазір  əңгіме  мектепте  емес,  ел  туралы,  елдің  ел  болып  қалуы  туралы  болып  отыр,—

деді «қамқор».

—  Жергілікті  өкімет  орындарының,  басшылық  жұмысына  қазақ  даласындағы  бұрынғы

патшаның атаман шабармандарын өткізбеу туралы қандай амал қолданылмақшы?

— Анықтау етіп айтыңызшы, «атаман-шабармандар» дегеніңіз кімдер ?

Бұрынғы патшадан чин алған шекпен киген атақ алған би, болыс, шонжарларды айтамын

— дедім мен.

— Құрметтім,— деді ол,— сіз айтып отырған би, болыс патшадан чин алғандардың бəрі

бірдей  жаман  адамдар  емес,  олардың  ішінде  де  ақ  ниет,  адал  жүрек  адамдар  бар.  Сіз  бен

бізден  гөрі  оларды  халық  жақсы  біледі.  Демек  олардың  ішінен  сүйгендерін  сайлайды  да,

сүймегендерін сайламайды. Бұл халықтың өз еркіндегі іс,— деді «қамқор».

— Хақ сөз,— деді болыс.

— Сонда, «алаш хұкүметінің», патша өкіметінен айырмасы қандай болады? — дедім мен

тағы да.


Бекет «қой» деп мені тағы да түртіп қалды.

«Қамқор»  сыпылдап  қоя  берді.  Ол  еткен  кездерде  «қамқорлардың»  патшаға  қарсы  сөз

айтып  «бақтыда  отырғандарың  өзінің  де  Семей  түрмесінде  бірнеше  күн  отырғанын  айта

келіп, ақырында:

—  Болашақ  «хұкүметімізге»,  оның  басшыларына  əлден  осылай  қарайтын  болсақ,  қазақ

үшін  жарғақ  құлағы  жастыққа  тимей,  азуы  алты  қарыс  Николай  патшамен  арпалысып,

жанын  оқтың  ұшына  байлап,  абақтыда,  айдауда  болып  келген  халықтың  қамқорларына

пəленшеге, түгеншеге тіл тигізетін болсақ, онда ел болудан қалған екенбіз...— деп жəне тағы

сол сияқты баяғы лепірген сөздерді айтып, біраз даурығып алды.

Бір екі-үш гимназистер «қамқорларға» тіл тигіздің деп маған килігіп, қатты-қатты сөздер

айтты.

—  Мен  жай  оқытушымын  түсінбеген  шығармын  дедім,  ал  түсінбеген  болсам,  ашу



шақырмай-ақ,  сөкпей-ақ,  түсіндіру  керек  емес  пе?  Ол  ең  алдымен  сіздің  міндетіңе  емес  пе

еді? Соғыс басталғанда кейбір қамқорсынып жүрген оқығандарымыздың арасында патшаны



жақтап  шыққан  адамдар  да  болды.  Олар  1916  жылы  патшаның  жазалаушы  əскерлері  қару-

жарақсыз  момын  халықты  қырып,  қызыл  қанға  бояп,  қазақ  ауылдарына  өрт  қойып  жүрген

кезде, патшаны, оның Куропаткин сияқты жендеттерін дəріптеп үндеу жазып, «ақ патшаны»

жақтап, халыққа қарсы шыққанды. Мен айтсам осындай адамдардан сақ болайық деймін...—

дей бергенімде, «қамқор» орнынан тұрып маған қарап:

— Сіздің, есіміңіз кім еді?—деді.

Мен атымды айттым.

— Иə, баяғы «Қалың мал» романын жазатын жігіт екенсің, ғой?

— Дəл өзі.

—  Енді  түсінікті,—  деді  ол,—  сонымен  «заманың  түлкі  болса,  тазы  болып  шал»  деген

бар емес пе, замандасым. Заманның күйіне қарай билеу керек болатынын да ұмытпау керек.

Тойып  секіру  бар,  тоңып  секіру  бар,  оны  да  айыра  білу  керек...—  деп  алыстан  орағыта,

көмескі мақал-мəтелдермен ақталуға тырысты.

Бірақ  мойындауымыз  керек:  патшаны  дəріптеп,  Куропаткин  сияқты  жауыз  жендетті

мақтау — масқара болу ғой,— дедім мен.

«Қамқор»  мұны  естімеген  кісі  болып  қана  құтылды.  Осыдан  кейін  жиылыс  көпке

созылған жоқ, ешбір қаулы қарарсыз жабылды да, жұрт тарай бастады. «Қамқор № 3» қазақ

халқының  «қамқорларының»  бағытың  көздеп  отырған  мақсатын  түсіндіре  шыққан  екен.

«Қамқорлардың»  сыры  жұртқа  мəлім  болды.  Ол  əлеуметтік  мəселелерді  қозғағысы

келмейтіндігін көрсетті. Халық ағарту ісі, мектеп мəселесі жөнінде бір ауыз сөз айтқан жоқ.

Оның  көкейтесті  сарыны  тек  қана  «хұкүмет»  болды.  Оның  сөзін  тек  ауылдың  билеп-

төстеушілері  мен  байлары  ғана  түсінді.  Тіпті  осы  жиылыстың  алдында  ғана  əрі-сəрі  болып

жүрген Бекет те былай шыға беріп:

— Мынанікі демагогия,— деп салды.

—  Орысшаңды  білмеймін  —  деді  Дүйсембек  деген  шаруа,—  мынауың  қой  терісін

жамылған қасқыр ма деймін.

— Түлкі деңіз, өзі де «заманың түлкі болса, тазы боп шал» деді ғой,— деді тағы да біреу.

—  Қазақты  жарылқайтын  сарбаздар  осылар  болса,  оны  да  көрдік...—  деді  қолын  сілтеп

тағы бір шаруа.

— «Бостандық, теңдік» деп жүргендердің езі не боп кетті? — деді тағы да Бекет.

— Не болсың алдау, бос саз болып шықты ғой,— деді екінші бір жігіт. Бұл жиылыстың

жұртқа еткен əсері осындай болды.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет