Өңдеу Мамандығы: «Мейірбике ісі» Курсы: 2 Семестрі: 3



бет10/57
Дата26.12.2023
өлшемі0,66 Mb.
#143544
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   57
Адамгершілікке кайшылық — адамға карсы бағытталған — түсік түсіру, еңбектегі адамдардың кұкығын сақтамау (мүгедектер, кант диабетімен, жүрек ауруларымен ауыратын аурулар, және т.б. ), адамдарға жасалатын тәжірибелер еңбек ақысының, жәрдем ақысының, тұрмыстык жағдайдағы жеңілдіктерінің берілмеуі, түрме камауындағы адамдарға жағдай жасамау, емделудің жэне дәрігерлік тексерілудің кымбатшылығы.
Ынтымақтастық және өзара көмек корсету кағидалары — кандай да бір көлемдегі жұмысты аткарудағы медицина кызметкерлерінің белсенді катысулары. Ол үшін аралас орта буынды медицина кызметкерлерін мамандықтарын игеруі керек (мысалы, процедура кабинетінің, физиотерапия кабинетінің кызметтері және т.б.).
Ұжымдык қағидасы-пациенттерге көмек көрсетуде медицина кызметкерлерінің бірігіп жұмыс аткаруы.
Сонымен, медициналык этиканың негізгі мэселелері болып ауру адамға жэне коғам игілігіне адал кызмет корсету, кандай да іс-әрекетгерде адамгершілік кағидаларын ұстану, өз еңбегіндегі ізгі салт-дәстүрлерді жаңғыртып отыру, медицина кызметкерлерінің еңбектегі тәрбиеленуінің амалдарын өңдеп және талқылауы болып табылады.
Орта буынды медицина кызметкерлерінің құқығы
- Мейірбике (акушер, фельдшер) өзінің жұмысын бөлім меңгерушісі бекіткен кесте бойынша аткарады;
- Пациенттің "ауру тарихына" орындаған іс шараларын тіркейді, қажет болған жағдайда жедел көмек көрсетеді, дәрігерді шақыртады;
- Палатанын, бөлмелердің, ваннаның, дәретхананың, тумбочкалардың санитарлық-эпидемиологиялық режимін, тағамдардың дұрыс сақталуын қадағалайды;
- Аға мейірбикеден (акушер, фельдшер) керек дәрілерге талап кағазын жаздырып алады;
- Дәрігермен бірге пациенттердің ем алу шарасына қатысып, пациенттердің қал жағдайын хабарлап, әрі қарай пациенттерді күту және емдеу туралы нұскаулар алады;
- Пациенттердің ауру тарихындағы дене кызуын, процедураларын, анализдерге дұрыс жолдама жазу және жапсыру барысын кадағалайды;
- Жаңадан түскен пациенттерді аурухананың ережесімен таныстырады;
- Бөлмеде пациентке керек тамақ, диета туралы талаптарды уақытында толтырып аға мейірбикеге береді;
- Бөлім меңгерушісіне күнде пациенттің жағдайы туралы, шықкан пациенттердің кұжаттарын толтыруға көмектесу.
- Кезекшілікті тапсыру кезде жаңадан түскен пациенттермен танысып, олардың жағадайлары туралы жалпы мәлімет алады;
- Кіші медицина кызметкерлерінің жұмысын кадағалайды;
- Санитарлық-ағарту жұмысын жүргізіп, пациентке арналған денсаулык бұрышын ұйымдастырады;
- Мейірбике (акушер,фельдшер) әрдайым өз білімін дамытып, санатын жоғарлатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   57




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет