Өңдеу Мамандығы: «Мейірбике ісі» Курсы: 2 Семестрі: 3



бет9/57
Дата26.12.2023
өлшемі0,66 Mb.
#143544
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   57
10. Жаңа сабақты түсіндіру : 54 мин (30%)
Жоспар:

  • Этика және деонтология ұғымына түсінік.

  • Қабылдау бөліміндегі этика және деонтологияның негізгі қағидалары.

  • Ынтымақтастық және өзара көмек корсету кағидалары

  • Орта буынды медицина кызметкерлерінің құқығы

Әрбір медицина қызметкерлерінің науқаспен өзара – қарым қатынасы жақсы жағымен көзге түсіп, биязы мінезімен, парасаттылығымен, адамгершілігімен, жылы сөздерімен, тартымды әңгімесімен сырқат адамды көңілдендіріп отырса, оның ойын ауруынан басқа бағытқа аудара білсе, онда науқастын қабылдап жатқан дәрі – дәрмектері бойына дарып шипасын тигізуі сөзсіз.


Этика дегеніміз, мінез «әдет- ғұрып» деген сөзден шыққан философиялық түсінік бойынша адамдардың мінез – құлқы, әдептілігі туралы ілім.
Этика – адам баласын адамгершілік, кішіпейілділік , әдептілікке оқытады.
Медициналық деонтология дегеніміз – медицина қызметкерлерінің адам алдындағы, қоғам алдындағы атқаруға кәсіптік парызы мен өтеуге тиісті борышы.
Қабылдау бөлімшесі медбикесінің этика және деонтологиясының негізгі қағидалары:

  1. Әділдік

  2. Адалдық

  3. Рахымдылық

  4. Адамгершілік

  5. Қайырымдылық

  6. Қамқорлық

  7. Қайғысына ортақтасу

  8. Еңбекқорлық

  9. Кішіпейілділік

Пациенттердің күтімі және емделуінің нәтижесі қабылдау бөлімшесі медбикесінің және орта буынды медицина қызметкерлерін бір – бірімен , дәрігерлермен кіші медицина қызметкерлерімен, мекеменің басшыларымен қарым –қатынастарының дұрыстығы ұжымның жайлы климатымен кадрлар тұрақтылығына тікелей байланысты.




Медицина қызметкерлерінін жұмысындағы негізгі этикалық қағидалары:
• адамгершілік кағидасы;
• медицинаның мәселелері мен мақсаттарымен медицина кызметкерлерінің кылыктарының сәйкестендірілуі кағидасы;
• ұлтына, нәпсіне, жынысына тәуелсіз медициналык көмек көрсету барлык медицина қызметкерлерінің арасындағы ынтымактастық және өзара көмек көрсету кағидасы;
Адамгершілік:
1. Қандай да бір теорияның, ілімнің, ғылымның бастапкы негізгі ой желісі;
2. Заттарға деген көзқарас, сенімдері. Қатаң кағиданы ұстану. Басқа бір жағдайдан кағидадан бас тарту.
3. Қандай да бір кұрылғының негізгі ерекшелігі.
Кағидалар, бір максатпен көзделген тәрбие беруде жеке тұлғаның ішкі кажеттіліктеріне айналады. Жоғары өнеге және адамгершілік кағидалар жеке тұлғаның Отанына деген адалдыққа, ұжымдык ұлттык, адамгершершілікке қойылған мақсатка жетуге тәрбиелейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   57




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет