Науқасты емдеуде сөздің қызыметі әр дайым жоғары. Кейде науқас көзінше медициналық қызметкер көбірек сөйлеп кояды, ол ятрогенияға /науқасқа диагнозы жөнінде теріс пікір пайда болған психогендік немесе невроздык ауру) әкеліп соқтырады, ол медициналық қызметкердің теріс түсіндірген сөзінен немесе мінез құлкынан шығады. Ятрогенді аурудың себептеріне жалпы және медициналық мәдениеттің жетіспейтіндігі. Кез келген ауру жағдайында да науқастың психикасын бұзбауы тиіс. Сөз науқасты емдеп кана қоймай оны жаралауы да мүмкін екені мейірбике есінді сақтап науқас көзінше түсініксіз терминдерді айтпауға тырысу керек.
Медицина қызметкерлері мен науқастың ортасындағы қарым-қатынастың маңызы зор. Егер науқас байсалды да, тыңғылықты істейтін медицина қызметкерін байқаса ол өзін сенімді қолда екенмін деп сезініп, тыныштанады. Егер оның үстіне сырқат тек жоғары дәрежелі маманды ғана емес, оған қатысты ізгі, ак жүрек адамдарды көрсе, онда оның қызметкерлерге деген ерекше ілтипаты оянып, оларға деген сенімі арта түседі., ал бүның өзі емдеу кезінде жақсы нәтиже береді. Науқастармен қарым-қатынаста болғанда олардың жасын еске алу керек.
1.Мектеп жасына дейінгі балалар тобы; а) олар өздерінің науқас екенін сезініп, түсінбейді;
б) ауырып тұрған жерін толығымен айтып жеткізе алмау;
в) науқастанған кезде пайда болған белгілерден күшті әсер алу;
д) емдеу және диагностика процедураларын қорқынышпен қабылдайды; Мейірбикелер осы жастағы наукас балалармен жұмыс істегенде, алдыменен балаларды тыныштандырып оларды түрлі ойындармен қызықтырып ауру екендігін естен шығаруы тиіс.
2.Жас өспірімдер жасындағы науқастар тобы: а) өзінің ауру екенін мойынсынбау;
б) саулығына қауіп тудыратын жағдайларға назар аудармау;
в) ауруға және оның кешуіне көңіл бөлмеу;
Бұл жастағы науқастармен жұмыс кезінде мейірбике өте абайлы болуға тиіс.
3. Жұмыс істеуге жарамды жастағы науқастар тобы; а) Бұл жастағы науқастармен жұмыс кезінде мейірбике әрбір сөзіне, жүріс тұрысына назар аударып абай болуы керек. Атқаратын манипуляцияға өте көніл аудару керек. Науқастың кәсібін, мінезін есепке алу керек.