8. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру. 28 мин (30%)
Санитарлы - эпидемиологиялық тәртіптің түсініктемесі
Дезинфекция, асептика антисептика түсініктемесі
Санитарлы- эпидемиологиялық тәртіптің негізгі мақсаттары
ЕПҮ- дағы медбикенің санитарлы- эпидемиологиялық тәртіпті қамтамасыз ету
Қазақстандағы ЕПҰ-дағы санитарлы- эпидемиологиялық тәртіпті сақтау негізгі нормативті құжаттары.
9. Жаңа сабақты түсіндіру : 54 мин (60%)
Жоспар:
Емдеу - профилактикалық мекемелердін бөлмелерін тазалау мәселелері
Егу бөлмесін генеральды тазалау
Медбикенін функциональды міндеттері
Медбикенін сыртқы көрінісіне және киіміне қойылатын талаптар
Емдеу бөлімінің палаталары кең, жарық, кем дегенде 6 адамға есептелген. Палаталар ең қажетті жиһаздармен – кереуетпен, тумбалармен, табуреткалармен жабдықталған. Аурухананың барлық жихаздары металдан және ағаштан жасалған, олар тегіс және оңай жуылады.
Мейірбикенің жұмыс орны. Аурухана бөлімінде 25-30 төсекке бір мейірбике бекітеледі. Мейірбикенің жұмыс орны мейірбике бұрышы деп аталады. Мейірбике бұрышы мынадай заттармен жабдықталуы тиіс:
науқастардың ауру тарихын сақтайтын стол;
жұмсақ орындық;
дәрі – дәрмектер мен аспаптар сақтайтын шкаф.
А және Б тізіміне кіретін дәрілерді сақтайтын шкаф;
тез бұзылатын ерітінді дәрілерді сақтайтын тоңазытқыш;
науқастарға дәрі – дәрмек тарататын жылжымалы кішкене стол;
қол жуғыш және сүлгі.
егер бөлімде емшара кабинеті болмаса, онда арнайыстол қойылып, сол жерде дәрі егіледі және бұл жерде стерильді материалдар салынған бикс болуы керек;
мейірбике бұрышында жергілікті телефон және палатамен байланыс жасалған (сигнал, жарық таблосы), егер науқаснашарлап жәрдем керек болған жағдайда мейірбикені шақырады, сонымен бірге аурухананың басқа бөлімдерінің телефон номерлері жазылған тізімі бар, тіптен кезекші слесарь, электрик және басқалардың да телефон номерлері болады.
Емдеу-профилактикалық мекмелердін бөлмелерін тазалау мәселелері аурухананың кауіпсіздігін сақтауда маңызды орын алады.
Емдеу-профилактикалық мекемелердің (ЕПМ) бөлмелеріндегі беткейлерді санитарлы өңдеу, аурухана ішілік инфекция (АІИ) -ны алдын алуға бағытталған санитарлы -эпидемиологияға карсы шаралар тізбегінің бір бөлігі болып саналады. Науқастар ЕПМ - ге келгенде бірінші болып бөлмелердің тазалығына мән береді. ЕПМ бөлмелеріндегі беткейлерді санитарлык өңдеу дегеніміз- оларды ластанудан, шаңнан, биологиялык субстраттардан тазалау және дезинфекциялау. Дезинфекция дегеніміз- беткейлердегі инфекция ауруларының коздырғыштаран жою.
Өкінішке орай, (ЕПМ) бөлмелеріндегі беткейлерге санитарлы өндеуді жүргізуге бір қатар мәселелер кедергі келтіреді. (ЕПМ) бөлмелері «аурухана, босану үйлері және т. б. емдеу стационарлары эксплуатациясынын және қондырғылардын, жабдықтардың санитарлык ережелері» талаптарына бөлмелерінің ауданы мен саны жағынан ғана емес, сонымен қатар сапасы жағынан жиі сәйкес келмейді. ЕПМ тазалауға арналған арнайы техникалык құралдармен қамтамасыз етілмеген. ЕПМ-де жиі сұйык сабыны бар контейнерлер, қағаз салфеткалар, сүлгі, дәретхана қағазы жок болады. Тағы бір мәселелердің бірі, санитарлык өңдеуді жүргізетін кіші медицина кызметкерлерінің жетіспеушілігі. Олардың орнына медбикелер немесе басқа кездейсоқ адамдар жүмыс істейді. Нәтижесінде, барлык бөлмелердің өңдеуі сапасыз, ретсіз болады. ЕПМ бөлмелерін санитарлы өңдеу- жуу әсері бар дезинфекциялаушы құралдарды қолдану арқылы жасалады. ЕПМ бөлмелеріндегі беткейлерді дезинфекциялау құралдары келесі талаптарға сәйкес келуі керек:
Бөлме температурасында АІИ-лардын көзі болып табылатын
бактерияларды, вирустарды, саңыраукүлактарды жоюды қамтамасыз ету.
Жуу қасиеті болуы керек.
Салыстырмалы төмен улылығы болуы ( 4-3 класс қауіптілігі) және қоршаған ортаға зиянсыз болуы керек.
Материалдың алуан түрлерімен сәйкес болуы керек.
Тұракты, өртке кауіпсіз болуы керек.
Органикалық ластануға жабысқыш әсері болмауы керек.
Дезинфекциялаушы шараның эпидемияға карсы әсерін алу үшін қолданылатын дезинфекциялаушы кұралды дұрыс тандау керек. Бұл үшін медицина қызметкері нақты дезинфекциялаушы құралдын негізгі қасиеттері мен ерекшеліктерін жақсы білуі керек. Бөлмелер беткейлерін санитарлы өңдеу тәртібі (еден, кабырғалар, есіктер және т. б. жиһаз, аппараттар, приборлар, жабдыктар беткейі), жуу немесе дезинфекциялаушы заттарды қолдану кажеттігі, өңдеуді жүргізу жиілігі ЕПМ және нақты бөлмелердін функционалды колданылуына байланысты болады.
ЕПМ бөлмелерінде нормативті документтерге сәйкес тазалау тәулігіне 2 рет жүргізіледі. Тазалауға жуу немесе жуу-дезинфекциялаушы заттар колданады.
Операциялык блок, диагностикалық, таңу, босану, егу, манипуляция жасайтын бөлмелерді генеральды тазалау аптасына 1 рет, жұкпалы ауруханаларда - 7-10 кұнде 1 рет жасалады.
Медицина қызметкері өңдеуді жасаудан бұрын колданатын заттың әдістемелік нүсқауымен танысуы керек, антимикробты әсеріне, улылық параметрлеріне (науқас бар кезде затты колдануға болады ма, оны қолданған кезде сақтану шаралары) заттың өзіне тән ерекшеліктеріне мән беру керек.
Дезинфекциялаушы ерітінділерді - вентиляциясы жаксы істейтін арнайы бөлмеде жасайды. Ерітіндіні жасайтын мед.қызметкер арнайы киімде: халат, калпак, дәкелік таңғыш, резеңке қолғап, егер нұсқаулар болса, респиратор, корғаныс көзілдірік киіп, жұмыс істейді.
Палаталарды және басқа функционалдык бөлмелерді, кабинеттерді генеральды тазалау бекітілген график бойынша айына 1 рет қабырға, еден, барлық жабдықтарды жуумен, жиһаз, светильник шаңнан тазаланып сүртілуімен жүргізіледі.
АУРУХАНА ПАЛАТАЛАРЫН КҮНДЕЛІКТІ ТАЗАЛАУ.
Мақсаты:
Санитарлы – гигиеналық талапты сақтау
АИІ алдын алу
Жабдықталуы
Шелек
Швабра
Тазик
Жөке
Таза ветошь
0,5 % кальций гипохлориды немесе 0,8 % дезефект немесе 0,5 % дезопрев болмаса 0,015 % диафлор немесе 0,5% лизоформин 3000 ертінділері
халат
қалпақ
алжапқыш
резина қолғабы
өлшейтін ыдыс
Орындалу:
калпақ, халат, алжапқыш резика қоғаптарды кию
ертіндінен біреуін дайындау: 0,5 % кальций гипохлориды немесе 0,8 % дезефект немесе 0,5 % дезопрев болмаса 0,015 % диафлор немесе 0,5% лизоформин 3000 ертінділері
бөлмеде ылғалды тазалауды жүргізу: ертіндінің біреуіне малынған таза ветошьпен сүрту (заттар, терезе алды, раковина, еденді, қабырғаларды жуу).
тазалау инвентарін дезинфекциялау: жөке, ветошты 1 % кальций гипохлорид ертіндісіне 1 сағатқа салып қою немесе 0,1% диахлор ертіндісіне 1 сағатқа немесе 0,5% дезапреф 1 сағатқа, 1 % дезапрефке 30 мин немесе 0,25% лизоформин 3000 ертіндісіне 4 сағатқа немесе 2-3 % дезефект ертіндісіне 1 сағатқа салып қою соңынан шаю, құрғату
Достарыңызбен бөлісу: |