ә) көрнекі және дидактикалық құралдар: өзіндік жұмыстарға арналған кестелер, тест тапсырмалары, жағдайлық есептер, сөзжұмбақ.
б) оқыту орны: № 1, 2, 3 бөлмелер.
6. Әдебиеттер:
Негізгі (Н)
Мейірбике ісінің негіздері Мұратбекова С.Қ. – Астана, 2007.
Қосымша (Қ)
1. Мейірбикелік іс бойынша тәжірибелік сабақтарға арналған әдістемелік нұсқаулар. С.К. Мұратбекова, ҚұспановаА.Р, Ахметова К.А.-Көкшетау, 2006.
7. Ұйымдастыру кезеңі: 10 мин (6%)
Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.
Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
Сабақтың мақсаты мен міндеті.
8. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру. 28 мин (15%)
Емдеу - профилактикалық мекемелердін бөлмелерін тазалау мәселелері;
Егу бөлмесін генеральды тазалау
Медбикенін функциональды міндеттері
Медбикенін сыртқы көрінісіне және киіміне қойылатын талаптар
9. Жаңа сабақты түсіндіру : 54 мин (30%)
Жоспар:
Бөлмелерді жинастыру реті
Құрамында хлоры бар дезинфекциялаушы заттарды дайындау ережесі
Процедуралық және интенсивті терапиялық кабинеттердегі санитарлы – эпидемияға қарсы тәртіп
Бөлмені жинастыру. Бөлімшенің барлық бөлмелері тәулікте екі рет дезинфекциялық ерітіндіні ( хлор ерітіндісі )қолдану арқылы жиналтырылады. Жұқпалы бөлімшенің бокстары тәулікте үш рет дезерітіндіні қолдану арқылы жинастырылады. Науқас шығарылғаннан кейін, бөлме және бокстағы барлық заттары қайталап залалсыздандырылады. Бөлменің барлық жинастыру аспаптарын таңбалау тиіс. Дәретхананы жинастыруға арналған аспаптар тек қана дәретханада сақталынады.
Палаталар, егу бөлмелері, іс – шара бөлмелеріндегі, операциялық және басқа бөлмелердегі ауаны тазарту сынап – кварцтық және сынап – күлгін сәулелі лампалардың көмегімен жүргізіледі.
Дезинфекциялаушы заттар ретінде әдетте хлор қосындылары (хлорамин, кальций, натрий литий гипохлориді және т.б.) қолданады. Хлордың микробтарға қарсы қасиеті хлордың суда ерігенінде бөлінетін хлорлы қышқылдың әсеріне байланысты.
Құрамында хлоры бар дезинфекциялаушы заттарды дайындау ережесі:
Хлор әгінің ерітіндісін дайындау: 10л суға 1кг хлор әгін араластырып еріту (1шелек хлорлы су, хлор әгін ағаш саппен еріту керек)
Осы сұйықтықты 1 тәулікке дейін тұндырады.
Дайын болған сұйықтықты қоңыр түсті шыны ыдысқа құйып, тығынмен жақсылап жабу керек ( осылайша 10 % хлорлы су дайындалады, оны қараңғы жерде 5-6 тәулікке дейін сақтауға болады)
Хлор әгінің жұмысшы ерітіндісін дайындау:
0,1% - 100мл 10% хлорлы әк ерітіндісін 9,9 л суға араластыру керек;
0,2% - 2000мл 10% хлорлы әк ерітіндісін 9,8л суға араластыру керек;
0,5% - 500мл 10% хлорлы әк ерітіндісін 9,5л суға араластыру керек;
1% - 1л 10% хлорлы әк ерітіндісін 9л суға араластыру керек;
2% - 2л 10% хлорлы әк ерітіндісін 8л суға араластыру керек;
Дезинфекциялаушы заттармен жұмыс атқару кезінде: қолдану кездерінде сақтанудың барлық шараларын пайдалану керек: барлық жұмыстарды халат, резеңке қолғап, қорғаушы көзілдіріктер, алжапқыш, респираторлар киіп жасау керек.
Қазіргі кезде жаңадан ашылған Аналит, Дезэффект, Лизоформин, Септокаль, Микроцид, Гигацепт және т.б. сияқты дезинфекциялық заттар қолданылады. Осы заттардың әрқайсысын дайындауға арналған араластыру және қолдану ережелері бар.
Ауруханалардағы бөлмелер міндетті түрде ылғалмен тазаланады. Тазалауға араналған құрал – саймандар - еден жуғыш таяқ, шелек, сүрткіш және т.б. белгіленуі керек. Күнделікті және негізгі тазалау түрлері бар. Күнделікті тазалау кунде 2 реттен кем емес және қажет кезінде атқарылады. Негізгі тазалау: еденді, қабырғалар мен төбені жуу аптасына 1 рет жүргізіледі. Ылғалды тазалау үшін 0,5% хлорлы әк ерітіндісі немесе 1 % хлорамин қолданады. Осы ерітінділер әр науқастан кейін кушетканы, клеенкадан жасалған жапқыштарды, төсек орындарын сүрту үшін де қолданылады. Кушеткадағы төсек әр науқастан кейін ауыстырылып отыруы керек.
Бөлмелердің ауасын тазалау тәулігне 3-4 реттен кем болмау керек, ал дезинфекциялық заттармен ылғалды тазалау 2 реттен кем болмауы керек.
Дәрі егу, операциялық, манипуляциялық және т.б. арнайы бөлмелерді ылғалды тазалаудан кейін кварцілеу өткізіледі.
Тері және шырыш жабындыларымен және науқастың қанымен немесе басқа биологиялық сұйықтықтармен жанасқан барлық медициналық құралдар стерильденеді. Белок, май және басқа механикалық кірлерден, дәрілік заттардан тазалау үшін медициналық құралдар стерилизацияға дейін өңдеуден өткізіледі. Стерилизацияға дейінгі өңдеу үшін жуғыш заттар қолдануға болады.
Дезинфекциялау тәртібі міндет жүктелген мекемелердің орналастырған тәртібі бойынша арнайы нұсқауларға жүгініп жүргізіледі. Іріңді ауруларда, туберкулез, вирусты гепатиттер кезінде химиялық дезинфекция жүргізу әдістерінің ерекшеліктері бар. Химиялық әдіспен өңделгеннен кейін дезинфекциялаушы заттың иісі толығымен кеткенге дейін ағып жатқан су астында жуылуы керек. Термометрді дезинфекциялаушы сұйықтықта (1% хлорамин ерітіндісі, 3% сутегі асқын тотығының ерітіндісі «Дезаксон-1») ұстап, сосын сумен шайып құрғақжерде сақтайды. Қолды шаруа сабынымен жуу керек, инфекциялы науқасты қарағаннан кейін 0,2% хлорамин ерітіндісімен немесе «Дезаксон-1» ерітіндісімен 2 минут бойы өңделеді.
Дәрі егу бөлмесінде көк тамырға дәрі енгізуге арналған шприцтер мен жүйелерді жинап стерилизацияға дейінгі дайындық жүргізеді, егер қолданған құралдар тек бір реттік қана болса олардыжоюға дайындайды. Көп реттік қолдануға арналған құралдар бір ыдысқа салынып дезинфекциялаушы сұйықтықпен жуылады. Әрі қарай оларды дезинфекциялы сұйықтығы ( 0,5 % хлорамин ерітіндісі, 0,5% хлорлы әктас ерітіндісіне 30-60 минутқа дейін немесе 2,5% Дезэффект ерітіндісіне 1 сағатқа, 2,5% Лизоформин ерітіндісіне 1 сағатқа дейін) бар басқа ыдысқа немесе кез келген басқа дезинфекциялаушы ерітінділерге жалпы нұсқауларға сай салынады.
Достарыңызбен бөлісу: |