Санитарлык эпидемиялогияға карсы тәртіп дегеніміз -аурухана ішіндегі жұқпаның таралуының алдын алуға бағытталған санитарлык профилактикалык және эпидемияға карсы іс-шаралардың жиынтығы.
Емдеу сауыктыру мекемелерінің эпидемиялык тәртібі онын бағытына карай анықталады.
Санитарлык профилактикалык іс - шаралардың жиынтығын ұйымдастыру мен жүзеге асыру жауапкершілігі емдеу сауықтыру мекемесінің бас дәрігеріне, бас мейірбикеге (акушер, фельшер) және бөліміндегі аға мейірбикеге (акушер, фельдшер)жүктеледі.
Емдеу сауықтыру мекемесіндегі санитарлық эпидемиялогияға қарсы тәртіпті қамтамасыз ететін іс - шаралардың бірі дезинфекция.
Емдеу бөлімінің емдік сақтандыру тәртібі Ауруханаға түскен пациент өзінің күнделікті өмір ырғағынан айырылып, жакын адамдардан алшақтап, күнделікті жұмысынан тыс калып, коркыныш сезімдер, үрей пайда болып мазасы кетеді. Кейбір жағдайда мінезіне байланысты депрессия, невроз пайда болады.
Сондықтан бөлімшедегі тәртіпті ұйымдастыруда пациенттердің жеке касиеттерін ескеріп отыру керек: пациенттерге палаталарға жекелік касиеттері және ауруына карай колайлы микроклимат жасау.
Бұл емдеу және сактандыру шаралары емделушілердің күші мен саналарына тыныштык беруге арналады, келесі тәртіптен тұрады:
1. Емделушінің психикасын сақтандыру тәртібін камтамасыздандыру;
2. Ішкі күн тәртібі ережесін катаң сактау;
3. Қозғалыс белсенділігінің тиімді тәртібін камтамасыздандыру. Бөлімде тыныштыкты сактау керек, акырын сөйлесу керек,
емделушілерге радио және теледидарды қатты қоюға рұксат берілмейді, кіші медициналык кызметкерлер бөлмелерді жинау барысында, күндізгі және кешкі демалыс уақытындағы тыныштыкты бұзбауы керек. Емделушілерден бөлімдегі күн тәртібінің сакталуына талап ету керек. Медицина кызметкерлерінің негізгі кағидасы медициналык этика мен деонтологияны сактау.
Пациентке айткан сөздің оның денсаулығының жақсаруының үмітін тудыратынын әрқашанда естен шығармау керек. Пациенттер үшін тұрмыстық қалыпты,мәдени көңіл көтеру жұмыстарын ұйымдастыруға (әңгімелесу,әдебиеттер оқу, кино көру) көп көңіл бөлу.
Бөлмелерді жақсы жарықтандыру-әсіресе кешкі уакытта көз жанарына катты әсер етпейтіндей болуы керек.
Бөлме температурасы -18-20°С, бөлмені үнемі желдетіп отыру, салкын кезде жылы көрпе таратып отыру.
Залалсыздандыру дегеніміз бұл - аспаптарда, таңу материалдарында микроағзалар мен олардыц спораларын толық жою болып табылады.
Науқасты күту және емдеу кезінде қолданылатын кез келген заттар толық дезинфекцияланбаса, басқа адамдарға ауру жұқтыра алады. Жеткіліксіз залалсыздандырылған аспаптарды қолдануы сарысу, гепатит, ЖИТС, стафилококк және басқа инфекцияларды дамыта алады.
Біздің елде "Медицинаға белгіленген өнімдерін дезинфекциялау және залалсыздандыру" тараулын стандарты енгізілді (42-21-2-85 ГОСТ). Осы стандарттан дезинфекциялау мен залалсыздандырудың әдістері, дәрілері мен тәртіптері белгіленді.
Қазіргі емдеу мекемелерінде орталықтандырылған залалсыздандыру бөлімшелер (ОЗБ) ұйымдастырылды. ОЗБ-да ашық түрде медициналық өнімдерін залалсыздандыруға болмайды. Ашық түрде құрғак ауа шкафында залалсыздандыруға болады.
Вирусты гепатитпен (Боткин ауруы) ауырған науқастарға процедуралык кабинетте барлық шприцтер мен инелерден бөлек алдын-ала залалсыздандырылған тазарту және залалсыздандырудан өткен жеке шприцтер мен инелер беріледі. Процедуралық кабинетте бөлімшедегі вирусты гепатитпен ауырған науқастардың тізімі болу керек.
Майлы (жирный) шприцтер мен инелерге крафт-пакеттер арналады. Майлы ерітінділерді енгізуге арналған шприцтерді басқа шприцтермен араластырмайды. ОЗБ-ға залалсыздандыруға тапсырғанда процедуралық мейірбике майлы шприцтері бар орағыштарды белгілейді, себебі олар бөлек салынады.
Барлық катетерлер мен сүңгілер залалсыздандырылады, бірақ ЖИТС-тің нұсқауларына байланысты орталықтандырылған. Залалсыздандырудың алдында алдын-ала залалсыздырылған тазартудың алғашқы үш кезеңі өткізіледі.
Зақым келтіре алатын және шприцті кабықпен қатынаста болатын медициналық аспаптарды пайдалану процесінде олардың жеке түрлері және егу препараттары қанмен, жарамен катынаста болатын барлық өнімдер залалсыздандырылады.
Алдын-ала залалсыздандырылған тазартудан кейін залалсыздандыру өткізіледі.
алалсыздандыруды өткізу шарттары
Залалсыздандыруды фильтрлі, не фильтрсіз қорапшада, бөз, пергамент немесе дымқылдыкты өткізбейтін қапшықты қағаздан жасалған қорапшада, Е маркалы автоматтарда бұйымдар орағыштарға арналған кағаз қорапшада, ОКМВ - 120 маркалы темір бұйымдарға арналған орағышты қағазда, екі қабатты тығыздалған қағаздан жасалынған екі қабатты жұмсак орағышта өткізеді.
Қолданылатын жабдықтау: бу стерилизаторы
Сапаның бақылауы бензой қышқылының көмегімен тексеріледі: бу стерилизатор ішіне 132° температура, 2 атм қысымын-да 20 минуттың ішінде балқитын бензой кышқылының кристалдарымен шишаға салынады.
Орағыш түрлері:
а) крафт-пакет.