Міндеттері:
• Медициналык документтерді дайындап толтыруға;
• Халык жэне пациенттердің арасына авторлык ағарту жүмысын жүргізуге;
• Пациенттерге дәрігерге дейінгі шүғыл жәрдем беруге;
• Зерттеуге керек материалдарды дұрыс жинауға;
• Пациенттерге күтім заттарын тазалау үшін антисептикалық ертіндісін даярлауға, пациенттердің жеке басының тазалығын сактауға арналған ертінділер мен амалдарды атқаруға;
• Жағдайы ауыр пациенттерді күтіп-бағуга, дене кызуын өлшей білу және кызуы өте жоғары пациенттерді күтіп, бакылауға;
• Оңқа, шипа кағазын, компресс, жылыткыш, мұзды мұйык, сүлік коюға:
• Дәрілерді жаздырып алу, есепке алып отыруға, сактауға;
• Пациенттердің ауру тарихынан дәрігердің тағайындаған дәрілердің дұрыс жазып алып, оны таратуға;
• Тері астына, тері ішіне, бұлшык етке , көк тамырға ине егуге, бір рет колданатын жүйені кұрастыру және ол арқылы тамшылап дәрі жіберуге;
• Көк тамырдан кан алуға, канның тобын анықтауға;
• Қан кеткенде оны уакытында анықтауға;
Дәрінің бір-бірімен үйлеспейтіндігінің белгісін аныктап, шұғыл көмек көрсетуге даяр болуға;
• Тамырдың соғуын анықтап, тыныс алуын санауға, қан қысымын өлшеуге;
• Он екі ішектен сөл алып, асқазанды тазартуға;
• Клизма жасауға, тәуліктік диурезді есептеп отыруға;
• Ренимациялык іс шаралар көрсетуге
• Медицина кызметкерлері жүмыс орнында тәртіп сақтап, сабырлык танытып, мейіріммен жұмыс аткаруға;
Орта білімді медицина кызметкерлері жұмыс барысында жіберген қателері үшін, этикалык принциптерді орындамағаны үшін және жұмысқа кешігіп, калып келгендіктері үшін әкімшілік алдында жауап береді.
Медицина қызметкерлерінің мәдениеттілігін екі түрге бөлеміз:
Ішкі мәдениеттілік - ол орта буынды медицина кызметкерлерінің өз жүмысына жауапты қарап, медициналық заттарды үкыпты ұстауы көпшілікпен жүмыс істей білуі.
Сыртқы мәдениеттілік - сырткы келбеті, кішпейілдігі, сөйлесе білу немесе тіл табыса білуі.
Жалпы орта буынды медицина кызметкерлері адал, әділетті, қайырымды болуы керек.
Медицина кызметкерлерінің келбетіне ертеден көңіл бөлген Гиппократ II былай деген: «жаксы маман болумен қатар медицина кызметкерлері мәдениетті, денесі, киімі таза болуы керек».
Сырт тұлғасы:
1) Үстінде таза ақ халат, ақ калпак болуы керек
2) Жайлы өкше, былғары аяк киім болу керек
3) Қолдың тырнағы кыска алынған, косметика жағылмаған (иіс май керек емес, өйткені кейбір пациенттердің аллергиясы болуы мүмкін).
4) Пациенттерді мұқият тыңдап, сыпайы сөйлесуі керек.
Достарыңызбен бөлісу: |