б) оқыту орны: № 1, 2, 3 бөлмелер.
6. Әдебиеттер:
Негізгі (Н)
Мейірбике ісінің негіздері Мұратбекова С.Қ. – Астана, 2007.
Қосымша (Қ)
1. Мейірбикелік іс бойынша тәжірибелік сабақтарға арналған әдістемелік нұсқаулар. С.К. Мұратбекова, ҚұспановаА.Р, Ахметова К.А.-Көкшетау, 2006.
7. Ұйымдастыру кезеңі: 10 мин (6%)
Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.
Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
Сабақтың мақсаты мен міндеті.
8. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру. 28 мин (15%)
Науқастарға санитарлы-гигиеналық тазартуды жүргізу
Науқастың терісін, шашын, көрінетін сілемейлі қабықтарын қарау
Науқастың тырнақтарын алу, қырындыру
Науқастардың гигиеналық ваннаны қабылдауы
9. Жаңа сабақты түсіндіру : 54 мин (30%)
Жоспар:
Қабылдау бөлімінің құжаттары
Қабылдау бөлімінде толтырылатын негізгі медициналық қүжаттар
Қабылдау бөлімшедегі мейірбикенің лауазымды міндеттері
Қабылдау бөлімшедегі мейірбикенің лауазымды міндеттері:
- жұмыс орнын дайындау, процедуралық кабинетіне арналған барлық қажетті заттарын аға мейірбике алады;
- науқастың бағытымен танысу және кезекші дәрігердің кабинетіне апару;
- өзі келіп түскен науқастың шағымдарын тыңдау жөне кезекші дөрігерге жіберу;
- түскен науқастардың дене қызуын өлшеу, (стационарлық 003 формасы);
- науқас картасын төлқұжаттық бөлімін толтыру, науқастарды педикулезге қарау;
- дәрігердің бағыттарын орындау;
- процедуралық қарау және таңу кабинеттерінде жұмыс істегенде асептика және антисептика ерітінділерін сақтау;
- нұсқауларға сәйкес шприцтерді, аспаптарды және материалдарды залалсыздандыруы;
- оңашалау бөлімдерінде табылатын науқастардың жағдайын байқау және оларды зерттеуіне және емдеуіне байланысты дәрігердің көрсеткіштерін уақытымен орындау;
- дәрігердің көрсеткіштері бойынша консультант және зертханашыны шақыруын жүзеге асыру;
- жедел консультациялардың кедергі жағдайларына тиісті шараларын орындау үшін кезекші дәрігерге хабарлау;
- санитарлық-эпидемиологиялык станциясына жұқпалы аурулар және педикулез жайлы уақытында телефонограммаларды, белсенді шақыруларды беру;
- жедел және реанимациялық дәрігерге дейінгі көмек көрсете білу;
- зертханалық зерттеулеріне арналған зәр, нәжіс, құсық массаларын және жуу суларын алуын іске асыру;
- нашақорлық және қуаттылығы бар заттарын қолдануын тіркеу, сақтау және жазба жасау ережелерін сақтау;
- медициналың құжаттамаларын анық жүргізу;
- кіші медицина қызметкерлердің жұмысын басқару, кабинеттерін жинастыру, санитарлық өңдеуін өткізу, науқастарды тасымалдау ережелерін сақтау, т.б. бойынша кіші медицина қызметкерлердің жұмысын бақылау;
- медициналық мүліктердің, аппаратуралардың, тану материалдарының сақтығын камтамасыз ету;
- идеологиялық-саяси деңгейін котеруге жүмыс істеу (оз ісін жетік білу, коршілес мамандықтарын үйрену, жұмыс тәртібі бұзылуын болдырмауы).
Қабылдау бөлімінің құжаттары:
Науқастарды қабылдау журналы
Педикулезі барын тексеруге арналған журналы
Кездейсоқ жағдайларды тіркеу журналы
Гопитализацияға қарсылық білдірушілерді тіркейтін журнал
СЭС-қа жедел хабарландыру
Ауруханадан шығатын статистикалық картасы
№ 003/у ауру тарихы
№ 001/у науқастарды қабылдау журналы және госпитализацияға
қарсылық білдірушілерді тіркейтін журнал
Қабылдау бөлімінде толтырылатын негізгі медициналық қүжаттар:
Ф ОО1У-пациентті қабылдайтынын және кабылдамайтынын тіркеу журналы. Бұл журналға пациеттің толык аты-жөні, туған жылы, айы, күні, мекен жайы, кім жібергені, жіберген жердің диагнозы, кабылдау бөлімінің диагнозы, кабылдау бөлімінде берілген көмек, кай бөлімге түскені толтырылады.
Достарыңызбен бөлісу: |