Өңдеу Мамандығы: «Мейірбике ісі» Курсы: 2 Семестрі: 3



бет24/57
Дата26.12.2023
өлшемі0,66 Mb.
#143544
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   57
Байланысты:
МІН-практика-2курс-3-сем-каз

6. Әдебиеттер:
Негізгі (Н)
Мейірбике ісінің негіздері Мұратбекова С.Қ. – Астана, 2007.
Қосымша (Қ)
1. Мейірбикелік іс бойынша тәжірибелік сабақтарға арналған әдістемелік нұсқаулар. С.К. Мұратбекова, ҚұспановаА.Р, Ахметова К.А.-Көкшетау, 2006.
7. Ұйымдастыру кезеңі: 10 мин (6%)

  • Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.

  • Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

  • Сабақтың мақсаты мен міндеті.

8. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру. 28 мин (30%)

  • Аурухана ішіндегі инфекцияның алдын алу

  • Алдын алу (профилактикалык) антисептика дегеніміз?

  • Аурухана ішілік инфекцияда амбулаторлық көмек;

  • Стационарлық медициналық көмекті жүйелі бақылау.

9. Жаңа сабақты түсіндіру : 54 мин (60%)
Жоспар:

  • Медициналық қалдықтар анықтамасы

  • Медициналық қалдықтарға жататындар

  • Медициналық қалдықтардың қауіптілік дәрежесі

"Медициналық қалдықтарды жинауға, зарарсыздандыруға, сақтауға, тасымалдауға және көмуге қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар" санитарлық-эпидемиологиялық ережелер және нормаларды меншік түріне қарамастан жеке және заңды тұлғалардың орындауы міндетті. Осы санитарлық ереже медициналық қалдықтарды жинау, зарарсыздандыру, сақтау, тасымалдау және көму тәртібін белгілейді.


Осы санитарлық ережеде мынадай терминдер және анықтамалар пайдаланылды:
1) медициналық қалдықтарды көму - әрі қарай қолдануға жатпайтын, қоршаған ортаға зиянды заттардың түсуін болдырмау мақсатында жіберілген және оларды қайтып қолдану мүмкіндігін болдырмайтын, залалсыздандырылған медициналық қалдықтарды оқшаулау, зиянсыздандыру;
2) медициналық қалдықтар - медициналық қызмет көрсету және медициналық қол әрекетін жүргізу үрдісі барысында тізілетін қалдықтар;
3) медициналық қалдықтармен жұмыс істеу - медициналық қалдықтарды жинауға, залалсыздандыруға, сақтауға, тасымалдауға байланысты жұмыстың түрлері;
4) медициналық қалдықтарды зарарсыздандыру - механикалық, физикалық, химиялық немесе биологиялық іздеу арқылы медициналық қалдықтардың қауіпті қасиеттерін азайту немесе жою;
5) қондырғы - медициналық қалдықтарды ұсақтауға және зарарсыздандыруға, кәдеге жаратуға, өртеуге арналған арнайы технологиялық жабдық;
6) медициналық қалдықтарды сақтау - тасымалдау және жою мақсатында алып кеткенге дейін арнайы жабдықталған контейнерлерде медициналық қалдықтарды ұстау.
4. Медициналық қалдықтарға:
1) стационарларда, емханаларда, дәрігерлік амбулаторияда, диспансерлерде, медициналық пункттерде, егу кабинеттерінде;
2) жедел және шұғыл медициналық көмек ұйымдарында, қан құю станцияларында;
3) клиникалық - диагностикалық зертханаларда, санитарлық-эпидемиологиялық сараптама зертханаларында, патологиялық - анатомиялық зертханаларда;
4) ғылыми-зерттеу институттарында және медициналық саладағы оқу орындарында;
5) фармацевтік өндіріс нысандарында;
6) сауықтыру ұйымдарында (саяжайларда, профилакторияларда, демалыс үйлерінде, пансионаттарда);
7) сот-медициналық сараптау ұйымдарында;
8) ауруларға ұзақ уақыт күтім жасайтын ұйымдарда;
9) емдік-косметологиялық ұйымда тізілетін қалатын қалдықтар жатуы тиіс.
5. Нысандарда медициналық қалдықтармен жұмыс істеуге күнделікті бақылау жүргізетін жауапты маман (эпидемиолог, бас дәрігердің мейірбике ісі жөніндегі орынбасары, бас дәрігердің орынбасары) тағайындалуға тиіс.
6. Нысанның жауапты маманы жұмыс орнында қызметкерлерді медициналық қалдықтармен жұмыс істеудің қауіпсіз ережелеріне оқытып, оның орындалуын бақылауы керек.
7. Нысанның басшысы аумақтық мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау органдарының келісімі бойынша медициналық қалдықтармен жұмыс істеудің сызбасын осы санитарлық ережеге 1-қосымшаға сәйкес бекітеді.
8. Нысанның жауапты адамдары осы санитарлық ережеге 2-қосымшаға сәйкес үлгі бойынша журналда медициналық қалдықтардың санын және сапасын күнделікті есепке алуды жүргізеді.
9. Медициналық қалдықтарды көлік құралдарына тиеген сәттен бастап белгіленген жерде оларды қабылдағанға дейін тасымалдауды жүзеге асыратын адам олармен жұмыс істегенде қауіпсіздік шараларын сақтауға тиіс.
Медициналық қалдықтар қауіптілік дәрежесі бойынша қауіптіліктің 5 класына бөлінеді:
А класы - қатты тұрмыстық қалдықтарға ұқсас, қауіпті емес медициналық қалдықтар;
Б класы - қауіпті (қатерлі) медициналық қалдықтар;
В класы - төтенше қауіпті медициналық қалдықтар;
Г класы - құрамы бойынша өнеркәсіптік қалдықтарға ұқсас медициналық қалдықтар;
Д класы - радиоактивті медициналық қалдықтар.
Медициналық қалдықтардың морфологиялық құрамының сипаты осы санитарлық ережеге 3-қосымшада келтірілген.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   57




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет