«адам экологиясы»



бет1/5
Дата23.04.2023
өлшемі101,13 Kb.
#85863
  1   2   3   4   5

БАҒДАРЛАМА элективті курс
«АДАМ ЭКОЛОГИЯСЫ»
7-сынып оқушыларына арналған аптасына 1 сағат, барлығы 36 сағат
Қасымова Гүлмира Ахылбековна
Алматы қаласы «№24 лицей» КММ-нің биология пәні мұғалімі

Пікір жазғандар: Қыз ҰПУ Б,ҒК ,проф м.а Ануарова Л.Е шебер педагог Мұратбекова Ж.К

Түсініктеме хат мазмұны
2020 жылдың 18 тамызында Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мектептерде экологиялық білімді енгізудің маңызын, ол жобаның қалай жүзеге асырылатынын ерекше атап өтті. «Көбейтұз көлінің ластануына және Каспий теңізіндегі итбалықтарды ұруға байланысты қоғамдық резонанс тудырған экологиялық мәдениет пен экоогиялық тәрбиенің маңыздылығын тағы бір мәрте көрсетті. Бұл бағытта түрлі институттар жұмыс атқаруы тиіс., дегенмен білім беру мекемелерінің рөлі мен орны ерекше. Балаларға ерте жастан бастап табиғатты аялауды, қоршаған ортаға ұқыпты қарауды, ресурстарды ұтымды пайдалануды үйрету аса маңызды.»,- деп жазды министр Facebook парақшасында.
Экологиялық мәдениеттің бастауы білім мен тәрбиеде жатыр. Сондықтан, экобілімді де, экомәдениетті де ең алдымен, мектептен бастау керек.
.Адам экологиясы - биосфера мен антропожүйе (адамзаттың құрылымдық деңгейлері, оның топтары мен индивидтері) арасындағы қатынастардың жалпы заңдылықтарын, табиғи және әлеуметтік ортаның адамға және адамдар тобына әсерін, өмір сүру жағдайларын және адамдардың күнделікті өмірін зерттейтін күрделі пән. Табиғат пен адам арасындағы үйлесімділікке тұрақты даму моделінің шеңберінде қол жеткізу адам өзінің іс-әрекетінің айқын көрсетілген экологиялық бағытын анықтайтын өзін-өзі дамытуда экологиялық және әлеуметтік жетілуге жеткенде ғана мүмкін болады. Мұны табиғатты маңызды жеке басымдылықтар мен құндылықтар қатарына қосатын құндылық бағдарларының, көзқарастарының, дүниетанымдық позицияларының кешенділігі қамтамасыз етеді, бұл адамды өзінің қызметі мен өзін-өзі дамытуында табиғатпен белсенді, кең және үйлесімді өзара әрекеттесуге бағыттайды. Сондықтан «Адам экологиясы» элективті курсы міндетті түрде адамның қоғамдағы өмір сүру жағдайлары мен өмірін, «адам-табиғат» және «қоғам-табиғат» жүйелеріндегі қатынастар тарихын, адамдардың денсаулығына байланысты мәселелерді және оған табиғи және әлеуметтік ортаның әсері, экологиялық мәдениет, демография, урбанизация, экологиялық білім, экологиялық құқық және басқа әлеуметтік және әлеуметтік-экономикалық мәселелерді қамтиды.
Ұсынылып отырған «Адам экологиясы» элективті курсы 7-сынып оқушыларына арналған
Элективті курс 36 сағатқа есептелген. Элективті курсты оқыту барысындағы басты мақсат оқушыларды табиғатты аялауға, оның қарапайым заңдылықтарымен танысып, үйренуге, өз беттерінше туған өлкесінің табиғатына, оның экологиялық жағдайына баға беріп, шешім қабылдай білуге баулу болып табылады. Оқырмандар экология және табиғат қорғау туралы жан-жақты жүйелі білім алады. Экология курсы бойынша практикалық жұмыстар оқушылардың өз бетімен білім алуына және өзіндік ғылыми-зерттеу-ізденіc жұмыстарын жүргізу дағдыларын қалыптастыруға арналған.
Курсты меңгерту барысында оқушылардың теориялық білімдерін практикада сынауға мүмкіншілік беріліп, зертеушілік, іскерлік, ізденгіштік, еңбексүйгіш қасиеттері қалыптасады, оқушылардың танымдық және интеллектуалдық қабілеттерін дамытады, оқушының жеке қызығу мүмкіндіктерін ашады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет