9. Жаңа сабақты түсіндіру : 81 мин (30%)
Жоспар:
Тасымалдау түрлері
Каталкада науқасты тасымалдау ережелері.
Шок жағдайындағы науқастарды тасымалдау ерекшеліктері.
Науқастарды жатқызып, отырғызып тасымалдау
Тасымалдау 2-ге бөлінеді:
1.транспортабельді - жатқызып, отырғызып, жартылай отырғызып тасымалдау.
2.транспортабельді емес - оларды тез арада реанимациялық бөлімғе ауыстырады.
Тасымалдау әдісін дәрігер белгілейді.
Орташа жағдайдағы науқастар палатаға өздері жаяу немесе мед.қызметкерлерімен бірге барады. Ауыр халдегі науқасты носилкада жаткызып тасымалдайды. Сондай-ақ кресло каталканы қолдану керек.
Қабылдау бөлімінен алыс корпустарға науқастарды жеткізу үшін казіргі уакытта көптеген ауруханалар арнайы транспортгармен камтамасыз етілген.
Каталкада наукасты тасымалдау ережелері.
Әрбір каталка таза төсек-орын жапқыштармен және одеялмен төселген болуы керек. Төсек-орын жапқыштарын әр науқастан кейін ауыстырып түрады. Одеялоны кағып, жұкпалы аурулардан кейін дезинфекцияға жібереді. Лифт болмаған жагдайда ауыр халдегі наукастарды носилкада 2 немесе 4 адам апарады. Басы алға карап түрады. Носилканын төменгі аяктарын көтереді. Наукасты түсіргенде аяғын алдына қаратып, носилканың төменгі аяқтарын көтереді.
Шок жағдайындағы науқастарды тасымалдау ерекшеліктері.
Шок жағдайындағы ауыр халдегі науқасты санитарлык өңдеусіз бөлімшеге жібереді. Онда интенсивтік қадағалау палатасы бар. Қимылдауға болмайтын науқастарды носилкадан тесекке ақырын ауыстыру ережелерін сақтайды: носилканы кереуеттің басына аяк жағымен қояды. Егер палата алаңы кішкентай болса, носилканы кереуетке параллель қойып, ал медицина кызметкері носилка мен кереует ортасында наукаска бет жағымен қарап түрады.
Миына қан кұйылған науқасты носилкаға арқасымен жаткызып тасымалдайды. Есінен айрылған науқасты тасымалдағанда кұсык массаларынын тыныс алу жолдарына түспеуін кадағалау керек. Осыған карай наукастың басын бір бүйіріне бүрады. Жүрек -кан тамыр ауруымен ауыратын наукастарды ауыр ентігу кезінде носилкада жартылай отырып тасымалдайды, өйткені суыққа өте сезімтал, оларды жылы орап, аяк-қолдарыыа грелка кою керек. Жедел миокард инфарктыңда да носилкада тасымалдайды. Жедел қан тамыр жетіспеушілігі кезінде басы аяғынан төмен болуы керек.
Каталка болмаған жағдайдагы тасымалдау.
1 адам тасымалдау кезінде науқас санитардың мойнынан ұстанды;
2 адам тасымалдау кезінде біреуі наукастың аяғын және жамбасын, екіншісі арқасын және басын үстайды;
3 адам тасымалдау кезінде біреуі аяғын, келесі - белін, аркасынын жартысын, үшіншісі арқасын және басын үстайды.
Науқастың жағдайына байланысты тасымалдау әдісін дәрігер белгілейді ( зембілмен, қолмен, лифтімен, жаяу).
Науқасты ауыстыру 3 адамға қолайлы. Каталканың жоғарғы жағын төсектің аяқ жағына келтіріп қою керек.
Үш адам аурудың бір жағында тұрсын: біріншісі қолын науқастың басы мен денесінің астына , екіншісі белінің, үшіншісі – белден төмен, тізенің жанынан ұстаңыз.
Бір мезгілде ауруды көтеріп, аурумен бірге каталкаға қарай 90ºС –қа бұрылыңыз.
Көрпенің бір жағына каталкадағы науқасты жатқызыңыз, екінші жағымен жабыңыз. Басының астына жастық салыңыз.
Науқасты бөлмеге бас жағынан кіргізіңіз.
Бөлмеде: каталканың жоғарғы жағынтөсектің аяқ жағына әкеліңіз.
Үшеулеп науқасты көтеріп, 90ºС –қа бұрылып, төсекке жатқызыңыз. Емделушіні, әрине тасымалдаған қолайлы.
Каталканы төсектің жанына әкелудің басқа тәсілдері бар: көлденеңнен, жақыннан, кезекпен.
Ең қолайлы тәсіл: көлденеңнен және жақыннан болып есептеледі.
Достарыңызбен бөлісу: |