Физикалды зерттеулер: үлкен көлемдегі Ценкер дивертикулы мойынды қараған және пальпация кезінде анықталуы мүмкін. Ол мойын аймағындағы басқан кезде азаятын жұмсақ консистенциялы томпаю түрінде болады. Аспаптық зерттеулер: Бариймен өңеш пен асқазаның контрастты рентгенографиясы (рентгеноскопия) (тұрған жағдайда) – дивертикулды анықтауға, оның мөлшерін, онда барийдің тоқырау ұзақтығын, өңештің моторлы бұзылыстарын, асқынулардың болуын анықтайтын негізгі әдіс; Кеуде клеткасының жалпы рентгенографиясы – үлкен көлемдегі дивертикулдар кезінде өңешпен байланысы бар ауа мен сұйықтыққа толған стриктураны анықтайды; құрсақ қуыс мүшелерінің УДЗ-сы (бауыр, өт қабы, ұйқы безі, көкбауыр, бүйрек) – көрсеткіш бойынша; эндоскопиялық эзофагогастроскопия (ЭФФГС) – үлкен қауіп, себебі дивертикулдың перфорациясының жоғарғы қаупі бар әсіресе өңештің мойын аймағында орналасқан кезінде); ФБС, спирография, кеуде клетка мүшелерінің рентгенографиясы – көрсеткіш бойынша;
эпифреналды (диафрагмаүстілік). Абдоминалды (диафрагмаасты) өңеш дивертикулдары мүлде кездеспейді.
I. Жұтқыншақ-өңеш дивертикулдары
Олар жұтқыншақтың өңешке ауысатын жерінде жұтқыншақтың төменгі бөлігінің артқы қабырғасында түзіледі. Бұл жерде жұтқыншақ пен өңештің әлсіз дамыған бұлшықеттердің екі аймағы бар.
Біріншісі Ланнье — Геккерман үшбұрышы деп аталады, жұтқыншақтың төменгі қысқышы мен оймақтәрізді-жұтқыншақ бұлшықет арасында орналасқан.
Оймақтәрізді-жұтқыншақ бұлшықет пен өңеш бұлшықет арасында екінші әлсіз аймақ бар, ол Лемера — Киллиан үшбұрышы деп аталады.