Өңеш дивертикулдары


Диагностикалық критерийлері



бет2/8
Дата30.03.2023
өлшемі1,48 Mb.
#77680
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Өңеш дивертикулдары

Диагностикалық критерийлері

  • Физикалды зерттеулер:  үлкен көлемдегі Ценкер дивертикулы мойынды қараған және пальпация кезінде анықталуы мүмкін. Ол мойын аймағындағы басқан кезде азаятын жұмсақ консистенциялы томпаю түрінде болады. Аспаптық зерттеулер:  Бариймен өңеш пен асқазаның контрастты рентгенографиясы (рентгеноскопия) (тұрған жағдайда) – дивертикулды анықтауға, оның мөлшерін, онда барийдің тоқырау ұзақтығын, өңештің моторлы бұзылыстарын, асқынулардың болуын анықтайтын негізгі әдіс;  Кеуде клеткасының жалпы рентгенографиясы – үлкен көлемдегі дивертикулдар кезінде өңешпен байланысы бар ауа мен сұйықтыққа толған стриктураны анықтайды;  құрсақ қуыс мүшелерінің УДЗ-сы (бауыр, өт қабы, ұйқы безі, көкбауыр, бүйрек) – көрсеткіш бойынша;  эндоскопиялық эзофагогастроскопия (ЭФФГС) – үлкен қауіп, себебі дивертикулдың перфорациясының жоғарғы қаупі бар әсіресе өңештің мойын аймағында орналасқан кезінде);  ФБС, спирография, кеуде клетка мүшелерінің рентгенографиясы – көрсеткіш бойынша;
  • Топографиялық орналасуына байланысты жіктеледі:
    • жұтқыншақ-өңеш (фарингоэзофагеалды, шекаралық) Ценкер дивертикулдары;
    • бифуркациялық (эпибронхты);
    • эпифреналды (диафрагмаүстілік). Абдоминалды (диафрагмаасты) өңеш дивертикулдары мүлде кездеспейді.
  • I. Жұтқыншақ-өңеш дивертикулдары
  • Олар жұтқыншақтың өңешке ауысатын жерінде жұтқыншақтың төменгі бөлігінің артқы қабырғасында түзіледі. Бұл жерде жұтқыншақ пен өңештің әлсіз дамыған бұлшықеттердің екі аймағы бар.
  • Біріншісі Ланнье — Геккерман үшбұрышы деп аталады, жұтқыншақтың төменгі қысқышы мен оймақтәрізді-жұтқыншақ бұлшықет арасында орналасқан.
  • Оймақтәрізді-жұтқыншақ бұлшықет пен өңеш бұлшықет арасында екінші әлсіз аймақ бар, ол Лемера — Киллиан үшбұрышы деп аталады.
  • Ценкер дивертикулдар этиологиясы
  • Этиологиялық факторлар көптеген:
  • эмбрионды даму ақаулары,
  • туа біткен факторлар,
  • бұлшықет талшықтарының жүре пайда болған дефектілері,
  • кілегей қабат жарақаттары,
  • омыртқа зақымдалуы,
  • бұлшықеттердің туа біткен гипотониясы,
  • жұтқыншақ немесе өңештің қабыну процестері және т.б.
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет