Өңеш дивертикулы деп (ӨД) өңеш қабырғасының шектелген томпаюын айтады. Олар негізінен 40 жастан үлкен пациенттерде, әсіресе әйелдерде жиі анықталады. Жиілігі бойынша тоқ ішек пен ұлтабар дивертикулдарынан кейін үшінші орында кездеседі.
Шағымдар мен анамнез: - өңеш дивертикулдардың клиникалық көріністері оның орналасқан жеріне байланысты. Ең айқын симптоматиканы жұтқыншақ-өңеш ауысу жерінде орналасқан Ценкер дивертикулдары береді; - өңештің ценкердің дивертикулдары кезінде дисфагия ерте дамиды – өңеш арқылы қатты және сұйық тамақ өтуіне қиындықтың болады. Тамақ қалдықтары дивертикулда жиналып, ол ауыз қуысына шірік иісі бар қорытылмаған тамақтың қайтып келуімен жүреді. Регургитация жатқан дене жағдайында байқалуы мүмкін. Осыған байланысты пациенттер оянған кезде жастықта шырыш пен тамақ қалдықтарын жиі көреді. Сонымен қатар пациенттер тамақтың жыбырлауына, жұтқыншақтың тырналуына, тамақта жұтылмаған тамақ кесегін сезіміне, құрғақ жөтелге шағымдануы мүмкін. Жиі жүрек айну, гиперсаливация, дауыс тембрінің өзгеруі байқалады. «Блокада феномені» дамуы мүмкін, бұл кезде тамақ қабылдаған соң беттің қызаруы, тұншығу сезімі, бас айналу болады, естен тануы дамиды. Бұл жағдай негізінен құсудан соң басылады; - үлкен емес (2 см дейін) өңештің бифуркациялық және диафрагмаүсті дивертикулдары симптомсыз болады. Үлкен көлемді дивертикулдар дисфагиямен, қорытылмаған тамақтың ауызға қайта келуімен, аэрофагиямен (ауаны жұтумен), төс артындағы ауырсынулармен, жүрек айнуымен, түнгі жөтелмен көрініс береді. Өңештің бифуркациялық дивертикулдың клиникалық көріністерін Вальсава сынамасымен туғызуға болады; - өңештің төменгі бөлімінің дивертикулдары кезінде асқорыту бұзылыстар клиникасына қосымша рефлекторлы ентігу,тахикардия, бронхоспазм, жүрек аймағындағы ауырсынулар, ЭКГ өзгерістері қосылады; - өңеш дивертикулдары дивертикулитпен және оның асқынуларымен – мойын флегмонасы, медиастинит, өңеш-медиастиналды жыланкөздің түзілуі, сепсис бірге болуы мүмкін . Тамақ массаларының аспирациясымен регургитация созылмалы бронхит, аспирациялық пневмония, өкпе абсцессі дамуына әкелуі мүмкін. Өңеш дивертикулдары кезінде басты қауіпке кілегей қабатының эрозиясы, эзофагеалды қан кету, өңеш полиптерінің түзілу, өңеш рагының дамуы жатады.