Д.Б. Каргин, Г.Т. Мерзадинова, Р.З.С афаров, Б.Б. Махмутов Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Нұр-Сұлтан, Қазақстан ЕҰУ мысалында ғалымдардың ғылыми-инновациялық қызметіне педагогикалық жүктеменің әсер ету дәрежесі туралы Аңдатпа. Бұл мақала ғылым мен инновация саласындағы инновациялық саясатты жүзеге асыру ая-
сында жоғары оқу орындарының оқытушыларының ғылыми-инновациялық қызметіне педагогикалық
жүктеме дәрежесінің әсер ету проблемасына арналған. Авторлар «Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ» про-
фессорлық-оқытушылық құрамының қызметін талдау негізінде профессорлық-оқытушылық құрамның
оқу жүктемесі деңгейі мен оның ғылыми-инновациялық қызметі арасындағы байланысты анықтады, со-
нымен қатар Қазақстан ғылымының дамуына арналған сындарлы ұсыныстар берілді.
Түйін сөздер: корреляция және регрессиялық талдау, ғылыми басылым қызметі, инновациялық қы-
змет, оқу жүктемесі, коммерциализация.