Сценарий «Нашақорлыққа жол бермейік!»



Дата15.06.2023
өлшемі98,03 Kb.
#101612
түріСценарий
Байланысты:
нашакорлык


Сценарий «Нашақорлыққа жол бермейік!»
Кезеңдер:
1. «Нашақорлық-қоғам қасіреті» - видеоролик көрсету арқылы жиналыс тақырыбын болжату. https://www.youtube.com/watch?v=PVGJHYSJQ60
2. Наркологиялық центр дәрігерінің лекциясы
3. Мектеп ДТЖО және инспектор сөзі
4. Жағдаятты сұрақтар беру
5.Қосымша білім беру педагогінің презентациясы
Сабақ мақсаты: Оқушыларды салауатты өмір салтын ұстануға үйрету.
Ғасыр дерті болып саналатын зиянды әдеттер – темекі шегу, есірткі заттарды пайдаланудан аулақ болуға шақыру.
Адамгершілік, имандылыққа тәрбиелеу.

Нашақорлық дегеніміз не?
● Нашақорлық - заманымыздың дауасыз індеті.
● Нашақорлық – есірткі заттарды пайдалану.
● Нашақорлық – психикалық ауру.
үңіліп, айналасын торып, ғасыр індеті жүр. Есірткі - химиялық тұрғыдан алғанда улы заттар мен олардың қосындылары болып табылады
ІІ Мағынаны тану:

«Ғасыр дерті »
СПИД Есірткі


Шылым Арақ

Жүргізуші
: Әр қоғамның өзiнiң бас ауыртар iрi-iрi мәселесi болады. Қоғам өркендеп адам ой-санасы дамыған сайын оған төнер дерт кесел де ғаламаттай қуаттанып, бой бермес бас асаудай күшейе түсетiн түрi бар. өкiнiштiсi сол қарап отырсаңыз осындай ем қонбайтын кеселдi, дерттердi адамдар өздерi ойлап табады. Жастар арасында есірткі пайдалану етек алып бара жатыр Наркоман - “нарке” деген грек сөзінен шыққан.
“Тығын”, “қозғалыссыз”, “ес ауысу” деген мағына береді.
Есірткі заттар адам ағзасының ең кішкентай бөлшегі биомембраналарға әсер етеді.
● Биомембраналар сұйық кристалл түрінде өмір сүреді.
● Есірткі заттар оларға әсер етіп, жасушалардың өлуіне әкеп соқтырады.
● Жасушаның өлгені бүкіл ағзаның өлгені болып табылады.

Есірткіні ермек үшін пайдаланып көргісі келгендер азап торына қалай түсіп қалғанын өзі де білмей қалады.
Нашақорлар – ауру адамдар, олар есірткі заттар үшін түрлі қылмыстар жасайды.
Есірткі зат нашақордың барлық ақыл - ойын билеп алады.
●“Ұрла, өлтір, алда, әйтеуір мені қолға түсір, әйтпесе мен сенің жаныңды қинаймын” – деп жанын қысқанда, ол өзінің не істеп қойғанын білмейді.
● Сондай кезде өзінің туған ата - анасын да құрбан етіп, есірткінің әмірін орындайды.
ІV. Жағдаят сұрақтар:

  1. Адам темекіні бір рет тартқанда қандай күйде болады? Осыдан кейін тағыда тартқысы келедіме, жаман әдетті неге тастап кетпейді?

  2. Барлық адам темекінің зиян екенін біледі, бірақ оны неге тоқтатпайды?

  3. Біздің ағзамызға темекі шегу қаншалықты қауіпті?

  4. Қазіргі қыздар шылым шегуге неге құмар?

  5. Әйел адам ағзасына темекі қалай әсер етеді?

Үндеу!
Жас жеткіншек! Сіз өзіңізді – өзіңіз құрметтеуге тиіссіз. Бойыңыздағы бар қабілетіңізді тек жақсылыққа бағыттай біліңіз. Зиянды әдеттерден, ішімдіктен, шылымнан, есірткіден аулақ болыңыз. Бойыңызды ластамай, жан – дүниеңізді таза ұстаңыз. Өзіңіздің бос уақытыңызды пайдалы іске арнаңыз. Ар-намыстарыңызды биік ұстаңыздар. Өз тағдырыңыз – өз қолыңызда. Адам өмірге бір-ақ рет келеді, оны жақсы етіп сүру сіздің қолыңыздан келеді. Өзіңізге сеніңіз. Өзіне сенімді адам ғана өзгелердің теріс әсеріне бағынбай, өзін сақтай алады.
Денсаулығыңыз мықты болсын, спортпен айналысыңыз. Сіз ел үшін керексіз. Өйткені сіз – тәуелсіз еліміздің болашағысыздар!
Зейін қойып тыңдағандарыңызға рахмет!


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет