Қоғамды ақпараттандыру үрдісінің білімді ақпараттандырудың дамуына әсері



бет5/7
Дата31.12.2021
өлшемі71,38 Kb.
#22604
1   2   3   4   5   6   7
Біріншісі – білім қызметінің барлық түрлерінің тиімділігін арттыру.

Ал екіншісі — ақпараттық қоғамда адамды өмірге қатыстырудан, ақпараттық технологияларды кәсібиқызмет пен күнделікті өмірге пайдаланудан тұратын білімді ақпаратандыру айтамыз. Ақпараттық және телеқатынастық технологияларды пайдалану олардың деңгейін тек сапалы түрде көтеріп қана қоймай, сонымен қатар бітірушілер кәсіпкерлігінің артуына да әсер ететіндігі баршаға мәлім.

Кез келген педагогикалық технология-ақпараттық технология болып табылады. Оқу-тәрбие үрдісінде білім беруді ақпараттандыру үшін ақпараттық технологияға көшу қажет. Білім берудегі жаңа ақпараттық технология дегеніміз: оқу мен оқу-тәрбие материалдарының, үйретуге арналған есептегіш техника мен аспаптық құралдарының жиынтығы; есептегіш техника құралдарының оқу үрдісіндегі ролі мен орны, мұғалімдер мен оқушылардың еңбегін жетілдіруде оларды пайдаланудың түрі мен әдістері туралы ғылыми білімнің жүйесі; мұғалімдердің өз жұмыстарының әдістері мен ұйымдастыру түрлерін толықтай өзгертуге, оқушылардың жеке қабілеттілігін дамытуға, оқытудағы пән аралық байланысты күшейтуге, оқу үрдісін ұйымдастыруды ұдайы жаңартып отыруға мүмкіндік береді.[15]

«АКТ құралдары» дегеніміз – микропроцессорлық және жаңа АКТ негізінде қызмет атқаратын, ақпаратты таратудың жаңа құралдары мен жүйелері, ақпаратты жинақтау мен олардың қорын жасау, сақтау мен өңдеу, оларды жан — жақты таратуды, одан қалды компьютерлік жүйелердің ақпараттар қорына енуді қамтамасыз ете алатын программалық, программалық — аппараттық және техникалық құралдар мен құрылымдарды айтамыз. АКТ — ға жататындар: ЭЕМ, дербес компьютерлер, терминалдық құралдардың жинақтары, жергілікті есептеу жүйелері, мәтіндік және графикалық ақпараттардың құрылымдары, көлемі үлкен мұрағаттық ақпараттарды сақтау құралдары, аудиовизуалдық ақпарттарды бақылайтын құралдар мен құрылымдар, машиналық графика жүйелері, программалық кешендер, жергілікті желілер, әлемдік деңгейде ақпарат алмасуын қамтамасыз ететін қазіргі кездегі байланыс құралдары.[16]

Ақпараттық-коммуникациялық технологияны оқу үрдісіне қолданудың міндеттері:

ақпараттық және телекоммуникациялық техникалық құралдармен қамтамасыз ету;

ақпараттық-коммуникациялық технологияны оқу үрдісіне қолданудың мүмкіндіктерін айқындайтын практикалық шараларды анықтап, жүзеге асыру;

оқу-тәрбие процесiне жаңа ақпараттық технологияны енгiзудi қамтамасыз ету бойынша ғылыми

iзденушiлiк және оқу-әдiстемелiк жұмыстарын жүргiзу;

мектеп пәндерi бойынша жасақталатын жалпыға мiндеттi бiлiм стандарттарының және оқу-әдiстемелiк кешендерiнiң мазмұнын ақапараттық технологияны пайдалану мүмкiндiктерiмен жетiлдiру бiлiм берудi басқаруда ақпараттық жүйенi құру;

бiлiм беру мекемелерiнiң қызметкерлерi үшiн программалық-техникалық құралдарды қамтамасыз ету және мультимедиялық программаларды, электрондық оқулықтарды жасақтау;

педагог кадрларды жаңа ақпараттық технологияны өз қызметтерiне еркiн пайдалана бiлуге дайындау және жүйелi түрде бiлiктiлiктерiн көтеру.



Ақпараттық-коммуникациялық технологияны оқу үрдісіне қолданудың негізгі қағидалары:

оқыту мен тәрбиелеудiң жылдамдығы(интенсификация) ;

бiлiм мен тәрбиенiң бiрiздiлiгi;

қоғамның әрбiр мүшесi үшiн алынатын бiлiмдер мен мәлiметтердiң түсiнiктiлiгi;

жеке тұлғаның интеллектуальдық және шығармашылық қабiлеттерiн дамыту;

жалпы компьютерлік сауаттылық;

модульдігі.

Ақпараттық-коммуникациялық технологияны оқу үрдісіне қолдану жағдайында күтілетін нәтижелер:

ақпараттық-коммуникациялық технологияны қолдану арқылы бiлiмнiң сапасын көтеру;

ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың мүмкіндіктерін оқу үрдісіне енгізу арқылы білім беру мазмұнын жаңарту;

ақпараттық-коммуникациялық технологияның мүмкіндіктерін оқу үрдісіне қолдану саласы бойынша оқушылардың мамандыққа баулу механизмін құру;

біздің еліміздегі және шет елдердегі жинақталған ақпараттық ресурстарға жедел ену;

мультимедиялық электрондық оқулықтарды, виртуальдық лабораторияларды және бақылау программаларын жасақтап, қамтамасыз ету;

отандық білім беру жүйелерін біртұтас әлемдік ақпараттық білімдік кеңістікке ену арқылы сабақтастыру;

білім берудің телекоммуникациялық желілерін құру;



республиканың білім беру мекемелерін басқарудың біртұтас ақпараттық желісін құруға негіздеп, білім берудің басқарудың ақпараттық желісін құру.[17]

«Ақпараттық мәдениет дегенiмiз — адамға ақпараттық кеңістіктің қалыптасуына қатыcyғa және ол кeңicтіктe epкін бағдарлай алуға, ақпараттық өзара ic-әрекетке түсуге мүмкiндiк беретiн бiлiм деңгейi. Э.Л.Семенюктiң пiкiрi бойынша «ақпараттық мәдениет — адамның, қоғамның немесе оның бiр бөлiгiнiң ақпааттармен жұмыс iстеудiң барлық түрлерi — ақпараттарды алу, өңдеу, жинақау және осының негiзiнде сапалы жаңа aқпаратты құру және практикалық қолдану бойынша жетiлу деңгейi». Педагог ақпараттық мәдениетiн қалыптастырy және дамыту – ұзаққа созылатын, педагогтың aқпараттық және педагогикалық қызметінің интеграциялау үрдісі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет