Қоғамды ақпараттандыру үрдісінің білімді ақпараттандырудың дамуына әсері



бет7/7
Дата31.12.2021
өлшемі71,38 Kb.
#22604
1   2   3   4   5   6   7
Қорытынды

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында: «Білім беру жүйесінің басты міндеті — ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, оқытудың жаңа технологиясы мен инновациялық әдіс-тәсілдерді енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу», — деп білім беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттері атап көрсетілген .Аталған міндетттерді жүзеге асыру үшін оқытудың заманауи технологияларын енгізу арқылы және оларды тиімді пайдалану секілді мәселелерді анықтап алу, білім беру жүйесіндегі басты ұстаным ретінде әркімнің өзінің білім алуға деген жеке әлеуетін қоғамда барынша пайдалануға көмектесетін оқыту жүйесін дамытуды қамтамасыз етуді көздейді.[22]

Қазақстанда білім беруді жаңғырту — бүгінгі заманның талабы. Қазіргі таңда жаңа технологиялармен оқыту жүйелі түрде жолға қойылып келеді. Еліміздегі білім беру жүйесін жетілдірудің басты мақсаты — еліміздегі білімнің сапасын және бәсекеге қабілеттілігін арттыру болып табылады. Бұл мақсатқа жету үшін төмендегідей міндеттер қойылуда.

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2050» атты ұзақмерзімді стратегиясында да білім беру мәселесіне қатысты біраз пікірлер айтылды. Жолдауда еліміздің ұзақ мерзімді дамуындағы негізгі басымдықтарды бірі ретінде білім беру саласы қарастырылған екен. Бұл маңызды құжатта ұсыныс ретінде 2050 жылға дейін әлемдегі дамыған 30 мемлекеттің қатарына енуі үшін жеке және мемлекеттік білім беру мекемелері ұсынатын оқыту қызметтерінің арасындағы алшақтыққа жол беруге болмауы қажеттігі, білім беру жүйесі жалпы ұлттық күйінде қалуға тиіс екені ерекше аталған. Еліміздегі білім жүйесін дамыту — дәуір талабы екенін «Қазақстан-2050» Стратегиясы да айқындап берді.



Сол себепті Қазақстанның білім беру жүйесі санға ғана емес, сапаға негізделуі — ол бүгінгі күн талабы. Педагог кадрларының біліктілігін көтеру жұмыстарын жандандыру және білім сапасын тексеруде тәуелсіз сарапшылар рөлін күшейту жұмыстары жүргізілуде. Бір сөзбен айтқанда, еліміздің болашағының бүгінгіден де нұрлырақ болуына ықпал етіп, алға апаратын күші білімге байланыстылығы айқын көрінуде. Білім мен ғылымның дамуы — адамзат өркениетінің өлшемі. Білім саласы үнемі жетіліп, жаңарып отыруды қажет етеді. Біз өмір сүріп отырған қазіргі кезең — бұл жаңа дәуір, жаңа көзқарасты, жаңашылдықты талап ететін кезең. Соның ішінде, білім саласында болып жатқан жаңа өзгерістердің мәні мен маңызы зор..[23]

Ақпараттық кеңістікті кеңейтіп, әлемдік қоғамдастыққа мүше болу жағдайында білім беру саласында елдің саяси-экономикалық даму деңгейінің критерийлері ретінде адами ресурстарды қалыптастырудағы рөлі артып отырған кезеңде білім беру жүйесін жаңа талаптарға бағдарлаудың маңызы зор болып табылады. [24]

Қорыта келе, қазіргі талаптың басты міндеті — педагог мамандардың кәсіби құзырлығын қалыптастыру мен біліктілігін үздіксіз арттыруды, ғылыми- әдістемелік қызметтің жаңашылдығын, түрлері мен әдістерін іздестіруді қамтамасыз ету, оны үйлестіре білу болып отыр. Сондықтан қазіргі заманауи білім беруде әр оқушының қабілетіне қарай білім беруді, оны дербестікке, ізденімпаздыққа, шығармашылыққа тәрбиелеуді жүзеге асыратын жаңартылған педагогикалық технологияны меңгеруге үлкен бетбұрыс жасалуда. Өйткені, мемлекеттік білім стандарты деңгейінде оқу үрдісін ұйымдастыру жаңа педагогикалық технологияны ендіруді міндеттейді.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет