Қоғамдық-гуманитарлық бағытындағы «Қазақ әдебиеті» пәнінен білім алушылардың оқу жетістіктерін баллдық-рейтингтік бағалау бойынша тапсырмалар жинағы



бет13/16
Дата21.09.2022
өлшемі168,24 Kb.
#39778
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16
Байланысты:
Қазақ әдебиеті тапсырмалар

Бағалаукритерийі



Тапсырма №



Ойлау деңгейінің дағдылары

Дескриптор



Балл



Әдеби шығарманың композициялық ерекшелігін ажыратады;



1



Жоғары деңгей

-оқиғаның басталуын анықтайды; - байланысын көрсетеді; - шиеленісін анықтайды;
- шарықтау шегін көрсетеді;
- шешімін табады;
- ойын білдіреді;
- себебін түсіндіреді;
- мысалдармен дәлелдейді;
-қорытынды шығарады.

20







Шығарманы басқа туындылармен салыстырып, тарихи және көркемдік құндылығына мысалдар келтіреді

2

білу, түсіну, қолдану

Шығарма мазмұнын ұқсас шығармалармен салыстырады

20

Айырмашылығы мен ұқсастығына мысалдар келтіреді

20

Мазмұндас туындылармен салыстырып, әдеби сын жазады

3

білу, түсіну, қолдану

-берілген пікірді негізге алады;
-идеясы ұқсас шығармалар табады;
-өзара салыстыру жүргізеді;
-әдеби сын жазады

40













100

5 Білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау тапсырмалары


Тақырыбы: Тарихтың шертіп пернесін


Оқыту нәтижелері:Көркем шығармалардан алған үзінділерді ғаламдық тақырыптағы өзекті мәселелермен байланыстырып, шығармашылық жұмыс жазу.
Бағалау критерийлері: Әдеби шығарманың композициялық ерекшеліктерін ажыратады;
Ойлау дағдыларының деңгейлері: білу, түсіну, қолдану
Орындау уақыты:15 мин


1. С.Сейфуллиннің «Сыр сандық» өлеңіндегі кейіпкерлердің мінезінің жинақтық сипатын талдаңыз.



Шығармадан үзінді

Кейіпкер мінезінің жинақтық сипаты

Өмір шындығының көрінісі




2. Шығарманың композициялық құрылысын сәйкестендіріңіз. Шығармада көтерілген мәселенің маңызын түсіндіріңіз.



Композициялық құрылымы



Сюжет

Көтерілген ғаламдық
мәселенің маңызы

Оқиғаның басталуы

Қасым төренің балалары Есенгелді мен Саржан шайқастары. Абылай ұрпақтарының ежелгі арманы. Қазақ сұлтандарының алауыздығы. Байтабын мен Ақбөкен және Серғазы хан оқиғасы. Жоламан батырдың қақтығыстары.




Оқиғаның дамуы

Жүрісі шұғыл көштің көрінісі Қоқан хандығы мен Ресей империясының қазақ жерін өз иеліктеріне қосып алу мақсатындағы жымысқы ойлары мен тартыстары. Сейтеннің жауға қатар шапқан үзеңгілес досы Ожардың опасыздығы.




Оқиғаның шарықтау шегі

Жоламан батыр бастаған Табын руының көші. Ел басына төнгелі тұрған бүліншілік. Елек сорындағы тұзды Россияға жеткізетін жаңа жол. Жаңа Елек пен Орынбордың арасына жиырма тоғыз бекініс. Ақ патша мен оның өкілдерінің қазақ батырларының хаттарын жауапсыз қалдыруы. 1835, яғни Қой жылғы ереуіл Қараөткел мен Жайық арасындағы ең үлкен ереуіл.




Оқиғаның шиеленісуі

Орынбор әскери губернаторынан сұраған бітім. Кенесары мен Обручев арасында бітім сөз кезіндегі Қоқан құшбегісінің орыстарды Кенесарыға қарсы арандатуы.Әбілғазы мен Таймасқа жорытқан Кенесарының түсі. Ұлы жүз бен қырғыз жерінде Кенесарыға құрылған қақпан. Кекіліктау бауырынан тапқан ажал.




Оқиғаның шешімі

Ташкент құшбегі Бегдербектің Есенгелді, Саржанға жасаған зұлымдығы.Қасым төренің билікті Кенесарыға беруі. Кенесары анты. Тәуелсіздік жолындағы жорықтар.




3. «Қаһар» романынан берілген үзіндіде қандай ұлттық және адамзаттық құндылықтар берілген? Шығармадағы құндылықтардың әлемдік тақырыппен үндестігін анықтап, мысалдармен дәлелдеңіз.


1. Ағыбай белбеуін мойнына салып, екі қолын көкке көтере, тізерлей отырып,ағыл-тегіл жылаған қалпы Есенгелді, Саржанның қаза болған суық хабарды естіртті. Суық хабарды естісімен Күнімжан қара шашын жая, екі бүйірін таянып, жоқтау айтады.
2. Қасым төре бір түннің ішінде у ішкендей боп жүдеп шықты.Үлкен мұрны сарғылт жүзі көгілдір тартып, қою қызғылт сақалы қырау басқандай бозарып, қатігез Қасым төре емес иленген терідей жұмсарып, көзінде ғана ызы мен ашу қалдығы қалғандай. Жас кезімде Көкшетауды мекендеген ақ бураны садақпен атып өлтіріп едім.Сол ақ бураның киесі атты ма деп ойлайды.
3. Есенгелді мен Саржанымды да сол ақ бураның киесі атты ма? Олай болса, Алла Тағала жолыңа ақсарбас айтып, мойныма бұршақ салып тілеймін: қаһарыңды, өзге балаларымнан аулақ ет!.. қыран қартайып өлмейді, қайғырып өледі, – дейтін еді Бұқар жырау». Қасым төре күміс қынды сапысын, Абылай хан ұстаған тік киік мүйіз мосысы бар білтелі күлдірмамай мылтығын берді, алақанын жайып ақ батасын берді.
4. Кенесары: «Мен тұтас бір халық уақтанып, ер жүректігі жойылып, илеген терідей болбырап кетеді дегенге сенбеймін... Тікен шыққан жерге тікенек шығады, гүл өскен жерге гүл өседі...» Қазақта «Алпыс күн атан болғанша, алты күн бура бол» деген мақал бар, зорлыққа мойын ұсынар жайым жоқ, өмірім жеткен жерге дейін алысып өтем» - деп шарболаттай шамырқанып ойын шарт түйді.






Құндылықтардың маңыздылығы

Әлемдік тақырыппен үндестігі

Мысал

1-үзінді










2-үзінді










3-үзінді










4-үзінді










4. Сұрақтарды негізге ала отырып, ««Бесатар» ұлт-азаттық тарихи шындықты шынайы суреттеген трагедиялық шығарма» тақырыбында әдеби эссе жазыңыз. Сөз көлемі – 120-150 сөз.
1) Шығарманы автор неге «Бесатар» деп атаған?
2) Тақырыбы мен идеясында қандай үндестік бар?
3) Шығармада қандай тарихи оқиға суреттеледі?
4) Отарлау саясаты қандай оқиғалар арқылы берілген?

Шығарма үзіндісін идеямен байланыстырыңыз.


Жұртпен кекесiн мен кекке, оқ пен отқа сүйенiп, сөйлесуге болмайды. Мақсұт кетiсу болса әңгiме басқа. Бiрақ iшiнде сiз де бар, өзiм көрген көп ауғанның құлқынын мен бiлем. Өлсе кетер бұл өлкеден. Осы себептi де ел үстiне әңгiр таяқ ойнатып, елдiң өңменiне бесатар кезену емiп отырған үрпiнi шайнағанмен бiрдей




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет