Қоғамдық өмір жүйесіндегі саясат Саясат түсінігі. Саясатты анықтаудағы негізгі әдістер. Саясаттану



бет1/4
Дата07.02.2023
өлшемі129,75 Kb.
#65757
  1   2   3   4
Байланысты:
Та ырып №3. о амды мір ж йесіндегі саясат. (1)


Қоғамдық өмір жүйесіндегі саясат
1.Саясат түсінігі. Саясатты анықтаудағы негізгі әдістер.
Саясаттану - қоғамның саяси саласын, оның даму заңдылықтарын, қазіргі саяси өмірді ұйымдастыруды, басқаруды, оның құрылысы мен жұмыс істеуін зерттейді. Саясаттану дегеніміз қоғамдағы саясаттың мән жайын түсіндіретін яғни ондағы адам мен қоғамның ара-қатынасын айқындайтын тұжырымдамалардың жиынтығын дәйектейтін ғылым. Әрбір ғылым белгілі бір әдістерге сүйенеді. Әдіс деп зерттеу жүргізуді ұйымдастыру тәсілін айтамыз. Саясаттанудың мұндай тәсілдеріне – салыстырмалы, жүйелеу, социологиялық, тарихи, бихевиористік, нормативтік, аксиологиялық және т.б. жатады.
Салыстырмалы әдіс дегеніміз әртүрлі елдердегі саяси жағдайларды зерттеп, соғын салыстырма жасау дегенді білдіреді. Олардың ерекшеліктері мен мүмкіндіктерін жіктеуге септігін тигізеді. Ондағы саяси тұрақтылық пен оның шешімдерін бағалауға, қажетті тұстарын қабылдауға мүмкіндік жасайды. Саясаттанудың салыстырмалы әдісі туралы ерекше айта кету қажет. Оны саясаттануға тән әдіс деп қарауға болмайды, бірақ ол жалпығылымдық әдіс, өйткені салыстыру барлық ілімдерді тануға апаратын жол. Салыстыру әдісі, әлемді тану сияқты өте көне. Бұл әдіспен 158 грек қалаларын зерттеуге, ондағы басқару формаларын салыстырган Аристотельдің «Саясат» кітабында кеңінен қолданған. Қазргі заманғы батыс саясаттану ғылымында да салыстыру әдісі ең жақсы дамыған бағыт болып есептеледі. Әңгіме саяси жүйелер мен институттардың және т.б. салыстыра отырып зерттелуі туралы. Бұл әдістің өзіміздің Қазақстан Республикасында алатын маңызы зор. Себебі еліміздегі жүріп жатқан саяси реформалардың нәтижелі болуына басқа елдердің озық тәжірибесін пайдаланып, тиімді тұстарына салыстырма жасау арқылы қоғамға енгізу жеңісті шешім болмақ.
Жүйелеу әдісі дегеніміз қоғамдағы саяси құбылыстарды басқа күрделі құрылымдардың құрамдас бөлшегі ретінде қарастырып, оны құрайтын элементтердің әлеуметтік ортадағы орны мен қызметін және басқа құбылыстармен байлынысын зерттеуді білдіреді.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет