4.Саяси қызметтің негізгі түрлері мен бағыттары. Қазақстан Республикасының қоғам модернизациясы кезеңіндегі саясаты. Саяси Модернизация (франц.-жаңғырту) дегеніміз - артта қалған елдердің алдыңғы қатардағы елдердің деңгейіне жетуге бағытталған мемлекеттің саясаты,яғни саяси жүйенің әлеуметтік мақсаттарға бейімделу қабілетінің үнемі және табысты дамуы, сонымен бірге үкімет пен халық арасында тиімді байланыстың механизмдерін қалыптастыру болып табылады.
Модернизацияның негізгі мақсаты - белгілі бір жетістік пен табысқа жету, нарық пен азаматтық қоғам қағидаларына негізделген әлемдік экономика стандарттарына жету. Саяси модернизация теориясы, басқаша айтқанда, саяси даму теориясы саясатты талдаудың дербес бағыты ретінде өткен ғасырдың 50-жылдарында ғана айналысқа енді. Ол дәстүрлі саяси жүйенің жаңа заманға, жаңа жағдайларға бейімделу үрдістерін, мемлекеттік жүйе мен қоғамдыөзгертуге сеп болатын саяси өзгерістердің ішкі механизмдерін зерттеді.
Қазақстанның саяси модернизация Қазақстан 1991 жылы өз тәуелсіздігін жариялап, социалистік жүйеден бас тартқан уақытта-ақ саяси модернизацияның жолына түскен болатын. Саяси өмірде жүйелік, сапалық өзгерістер қарқын алды. Дәстүрлі қоғамнан жаңа жағдайларға бейімделу, өту процестері үздіксіз жүргізілді. Мемлекеттік жүйе түбегейлі өзгерді, жеке меншік пайда болды. Өзін-өзі еңбекпен қамтамасыз ете алатын тұрғындардың саны көбейді, нарыққа ерік берілді. Шетелдік инвестицияның келуі қоғамның саяси санасына да оңды ықпал етті. Осындай жағдайда жаңа саяси модернизация жүйесі саналуан мүдделердің басын қосып қана қоймай, жаңа әлеуметтік топтардың талаптарының үддесінен шығып, әлеуметтік жағынан әркелкі қоғамның тұтастығын қатамасыз етуі керек болатын. Саяси модернизацияға байланысты Г.Алмонд пен Л.Пайдың классикалық анықтамасына сүйенсек, Қазақстандағы саяси дамуды үздіксіз жетілудің үлгісі ретінде көруге әбден болады.
Классикалық теория бойынша саяси модернизацияның үш белгісін бөледі:
1) Саяси жүйе институттарының құрылымдық айырмашылығы және олардың міндет бөлінісі (Қазақстандағы мемлекеттік жүйе орнықты, басқарушы орталықтардың міндеттері мен өкілеттіктері айқындалған. Билік бұтақтары бөлінген, негізгі заңдық базасы жасалған. Мемлекеттік басқару түрі анық - күшті президенттік билікке басымдық беретін президенттік-парламенттік республика);
2) Саяси жүйенің өмір сүру және топтаса білу қабілетінің өсуі.(Қазақстандағы билік 20 жыл ішінде, өзі тап болған түрлі кедергілер мен тәуекелдерге қарамастан, өмір сүру қабілетінің аса жоғары екенін дәлелеп келеді);
3) Тең құқылыққа, тепе-теңдікке ұмтылыс. Бұл белгі бойынша да Қазақстанда заңдық тұрғыдан азаматтардың теңдігіне кепілдік берілген, алайда, жемқорлық, жершілдік, заңдардың өз деңгейінде орындалмауы наразылық туғызары анық. Десе де мемлекеттік идеология заң алдында барлығы теңәрі жауапты деген ұстанымнан ауытқыған емес.