3.Жаңа тақырыпты түсіндіру: 20 мин(22%)
Мақсаты: жаңа сабақ бойынша түсінік беру. 1.1Тақырып жоспары:
1.Соғыстан кейінгі экономиканы қалпына келтіру және тоталитаризмнің нығаюы.
2.КСРО – сыртқы саясаты.
3.Жеке басқа табынуды әшкерелеу.
4.Тоқырау кезеңі.
5. М.С.Горбачев және оның «қайта құру» мен «жариялылық» саясаты.
6. ТМД-ның құрылуы.
Ақпараттық дидактикалық бөлім. 50- жылдардың басында Еуропа елдері өңдірістің соғыстан бұрынғы деңгейін қалпына келтірді. 50 – 60 жылдары батыс елдерінің көпшілігінің экономикасы өте жылдам қарқынмен дамыды. Сол кездің өзінде «италян ғажабы», «батыс герман ғажабы», «жапон ғажабы» деген терминдер пайда болды.1948 -1963 жылдары Франция 4,6 % ГФР 7,6 % ,Италия 6 % , Голландия 4,7 %, Ұлыбритания 2,5 % біршама артты.
Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін АҚШ, Еуропа елдерінде қаржы былығы болып, соны қайталамас үшін екінші дүниежүзілік соғыс болып жатқан кездің өзінде валюталық тұрақтандыру шараларын қабылдаған болатын.
1944 жылы Бретон-Вудсте БҰҰ конференциясында 44 елдің өкілдері қатысқан бретонвудс валюталық жүйесін құрды. Конференцияға қатысушылар басқа валюталардың курсы бағытталатын доллардың тіркелген алтын мағынасын тіркеуге келісті. АҚШ «Маршалл жоспары» бойынша батыс еуропа елдеріне 1948-1952 жылдары 13 млрд.доллар көмек берді.
АҚШ екінші дүниежүзілік соғыстан кейін оқшаулану саясатынан бас тартып, ашық рыноктық саясатқа көшті.
1947 жылы 23 индустриялды ел Сауда мен тарифтер туралы Бас келісімге қол қойды. 1995 жылы СТБК орнына Бүкілдүниежүдзілік сауда ұйымы құрылды.
1950-1970 жылдары Еуропада сауда көлемі 18 млрд. 129 млрд. өсті. Жаңа техника мен технология дамыды. Мұнай экономикалық өрлеудің басты күшіне айналды. Осы жылдары мұнайды өңдіру алты есе артты. Таяу Шығыста, Африкада, Азияда арзан мұнай көздері ашылды.
Экономикасы жоғары елдерде халықтың әлеуметтік жағдайына көп көңіл бөлді. Білім саласына, денсаулық сақтауды дамытуды, көп балалыққа берілетін, зейнетақы, степендия т.б Егер Еуропада 1945 жылы 5 млн автомобиль болса, 1970- ші жылы 100 млн. жетті. Ауылшаруашылығында да жұмыс қолы азайды. Ауылшаруашылығы толығымен техникамен жабдықталды, ал ауылшаруашылығынан босаған адамдар денсаулық сақтау, білім т.б қызметтерге ауысты. 1970-ші жылы батыс елдерінде кемелденген индустриялды қоғам аяқталды.
1974-1975 жылдары 1980-1982 жылдары Еуропаны, АҚШ-ты, Жапонияны экономикалық дағдарыс қамтыды. Алпысыншы жылдардың аяғында доллармен жапон валютасы иена, ГФР-маркасы, швейцар франкі бәсекеге түсті. АҚШ-тан кейін француздардың,ағылшындардың да алтынға теңелген валюталардың құны төмендеп кетті.
80-ші жылдардың екінші жартысында ғылыми техниканың дамуының екінші кезеңі басталды. Еңбек құарал жабдықтары компьютерленді. Бұл деген сөз түрлі құралдар адамсыз өнім шығара беретін болды. 80-90-жылдары батыс елдерінде жұмыссыздық 5 – 11% жетті. 70- 90 жылдары әлеуметтік саясатқа жұмсалатын шығындардың ары қарай өсуі әлеуметтік елдер үшін ауыр тиді. Дәл осы кезде жұмыссыздардың саны одан да өсіп, әлеуметтік қамсыздандыру бұрынғыдан да күшейтілді. Америкаға келсек, АҚШ дүниедегі еңқуатты мемлекетке айналды. Америка әскерлері Германияға, Жапонияға, Италияға орналастырылды. 1945 жылы АҚШ президенті болып, Гарри Трумэн тағайындалды. Реконверсия немесе кері қайта құру бойынша соғыстан кейін 12 млн. солдаттың 1млн. ғана қалды. АҚШ 1950 жылы басталған Корея соғысына араласты. 60 жылдары орын алған Вьетнамдағы соғыста бес жүз мыңдай американ әскері соғысып жатты. 70-ші жылдары орын алған экономикалық дағдарыс АҚШ-та да орын алды.
1980-1988 жылдары үкімет басына Р. Рейган келді. Рейганның кезінде жұмыссыздардың саны 10 млн. 7 млн. дейін азайды.
1986-шы жылы АҚШ пен КСРО арасында қысқа қашықтықта ракеталарды жою туралы келісімге Вашингтонда қол қойылды. Ауғанстаннан кеңес әскерлері шығарылғаннан кейін 1991-ші жылы КСРО мемлекеті ыдыраған соң «қырғи –қабақ» соғыс аяқталды.