Қоғамдық пәндер кафедрасы «Дүние жүзі тарихы» пәні бойынша әдістемелік нұсқау Мамандығы



бет22/38
Дата25.04.2023
өлшемі403,5 Kb.
#86877
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   38
Байланысты:
дүниежүзі-тарихы-1-курс

3.Жаңа тақырыпты түсіндіру: 20мин(22%)
Мақсаты: жаңа сабақ бойынша түсінік беру.
1.1Тақырып жоспары:
1.Екінші дүниежүзілік соғыстың салдары.
2.Соғыстан кейінгі бейбіт реттеу.
3.БҰҰ. құрылуы.
4.Нюрнберг соты.
5. «Қырғи-қабақ» соғыстың басталуы.
Ақпараттық дидактикалық бөлім.
Екінші дүниежүзілік соғыс өзінің көлемі жағынан адамзат тарихындағы теңдесі жоқ оқиға болды. Соғысқа 1,7 млрд. халқы бар 64 мемлекет қатысты. Тек КСРО-ның өзінде қайтыс болған адамдар саны 27 млн. адамға жетті. Германияның тұтқындар лагерінде 11 млн. адам қырылды. 12 млн. еуропалықтар туған жерінен айырылды.
Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде материалдық шығындар да көп болды. Ауыл шаруашылығы да күйзеліске ұшырады. Сондықтан кейбір елдерде аштық орын алды.
Соғыстан кейінгі Еуропадағы басты мәселе фашизмді тамырымен жойып, қантөгіс соғыстың айыпкерлерін жазалау болды.
Соғыстан кейінгі мәселелер туралы келісімге АҚШ, Ұлыбритания, Франция басшылары Қырым, Потсдам конференцияларында қол қойған болатын.
Германияны жеңген мемлекеттер окупациялап, ұзақ уақыт бақылауда ұстап, көрші Франция бақылап, Берлин төрт аймаққа бөлінді.
1949 жылы Германияның территориясында екі мемлекет батыс аймақта ГФР, шығысында ГДР мемлекеттері пайда болды. 1961 жылы екі мемлекеттің ортасында Берлин қабырғасы тұрғызылды.
Тек 1990 жылы Германияның бірігуіне байланысты төрт жақты келісім өз күшін жойды.
БҰҰ. 1945 ж. Сан-Францискода құрылған болатын. БҰҰ. жарғысы 1945 жылы 24 қазанда күшіне енді. БҰҰ.жарғысында оның мақсаттары жазылды. Халықаралық бейбітшілікті, қауіпсіздікті қолдап, халықарлық дауларды бейбіт жолмен шешу, адам құқықтарын нәсіліне ұлтына, жынысына қарамай қорғап қолдау т.б көрсетілген.
Соғыстан кейінгі реттеу мәселесінің ішіндегі ең маңыздыларының бірі басты соғыс қылмыскерлерінің үстінен жүргізілген сот процестері болды. Нюрнберг процесінде басты мәселе бейбітшілікті бұзып, басқыншылық соғыс жүргізген нацистерге айып тағылды. Трибунал он екі айыпталушыны өлім жазасына, қалғандарын қамауға алды. Бұл Еуропаны фашизмнен тазартудың бастамасы болды. Соғыстан кейінгі алғашқы жылдарда Германияда қылмыскерлерге екі млн.-нан астам сот істері жүрді. Кішкентай Бельгияда 600 мыңнан астам іс қаралып, 80 мыңға жуық сот істері жүргізілді. Францияда коллаорационистерге (соғыс кезінде басқыншылармен ынтымақтастық жасаған адамдар) 120 мыңнан астам үкім шығарылды. Кейбір қылмыскерлер Латын Америкасын паналады.
Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін екі ірі мемлекет КСРО мен АҚШ ең қуатты елдерге айналды. Екі ұлы мемлекет қарама-қарсы тұру идеясын ұстады. Американ журналисі бұл қақтығыстарды «қырғи-қабақ» соғыс деп атады.
Қырғи-қабақ соғыс Ұлыбританияның бұрынғы президенті У.Черчилльдің 1946 жылы 6 наурызда АҚШ президенті Г. Труменнің қатысуымен сөйлеген сөзінен басталады деп есептелінеді.
1945 жылы Хиросимаға АҚШ-тың тастаған атом бомбасы тек соғыстың актісі ғана емес, «қырғи-қабақ» соғыстың актісі болды.
КСРО атом бомбасын жасап, 1949 жылы Қазақстанда алғашқы сынағын жасады. АҚШ сутегі бомбасын 1952 жылы сынақтан өткізсе, КСРО бір жылдан кейін іске асырды. АҚШ стратегиялық бомбалаушы ұшақтар жасаса, КСРО құрлық арлық ракеталар жасап шығарды.
1949 жылы Солтүстік Атлантика шарты ұйымы (НАТО) құрылды. Ол өз мақсатын - Батыс елдерін Германияның қайта өрлеуінен қорғау деп жариялады. ГФР НАТО-ға 1955 жылы қосылды. КСРО-ның басшылығымен екінші саяси соғыс одағы Варшава Шарты Ұйымы құрылды. Бұл екі соғыс одақтарының арасында соғыс болып кету қаупі 1990 жылға дейін жалғасты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   38




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет