3.Жаңа тақырыпты түсіндіру: Мақсаты: жаңа сабақ бойынша түсінік беру. 1.1Тақырып жоспары:
1.Соғыстан кейін Тәуелсіздік алған Африка елдері.
2.Алжир Халық демократиялық Республикасының құрылуы.
3.Революцияға дейінгі Эфиопия.
4. Африка елдерінің экономикалық даму бағыты.
Ақпараттық дидактикалық бөлім Екінші дүниежүзілік соғысқа дейін отар территорияларда жер бетіндегі халықтың үштен бірі өмір сүрді. Соғыста Италия, Германия жеңілгеннен кейін олардың отар елдеріне тәуелсіздіктерін алуға жағдай туды. Ол мемлекеттерге көрші жатқан Францияның, Ұлыбританияның отар елдері де тәуелсіздіктерін талап етіп күрес жүргізді. Отар елдерді бұрынғыдай күшпен ұстап тұру мүмкін болмай қалды. Басқа мемлекеттерге қарағанда Африка елдері отаршылдықтан кейінірек босатылды.
1968 жылы Англия Суэцтен Шығысқа қарай орналасқан соғыс базаларынан кететіндігін жариялады. Франция 1946-1954 жылдардағы Вьетнамда болған соғыста жеңіліп тізе бүкті. 1956 Марокко мен Тунис тәуелсіздік алды. 1962 жылы Алжир сегіз жыл соғысып ақыры өз тәуелсіздігін жеңіп алды. Алжир халқы 130 жылдан астам француздардың отарында болды. 1954 француздарға қарсы күресті бастады. Жұмысшылар мен еңбекшілер Ұлттық азаттық майдан құрды. Француздар АҚШ көмегіне сүйенді. 1,5 млн. алжирлік қазаға ұшырады, 2 млн.түрмелерге жабылды. 1962-ші жылы Франция атысты тоқтату туралы Эвиан келісіміне қол қойды. Осы жылы қыркүйекте Алжир Халықтық Демократиялық Республикасы құрылғанын жариялады. Алжир үкіметі жеке меншікті шектеп, мемлекеттік меншікті ұлғайту шараларын жүргізді. Бұрынғы феодалдардың жерлері ұлттандырылды. Бюджеттің отыз пайызы оқу- ағарту ісіне жұмсалды.
70- ші жылдарда азаттық қозғалыс Африканың солтүстік- шығысында да қанат жайды. Эфиопия жартылай капиталистік, жартылай феодалдық ел болды. Халықтың 93 % сауатсыз болды. Балалардың 15 % жуығы мектепке бармады. Жұқпалы аурулар көбейді. Хлықтың медициналық көмекке қолы жетпеді.
1974-ші жылы халық революция ұйымдастырып, император құлатылды. Революциядан кейін аграрлық реформа қабылданды. 1984 ж. Эфиопия жұмысшы партиясы құрылды. 1987 Эфиопия Халық демократиялық Республикасы болып жарияланды.
Бұрынғы Италияның отарлары алғашқыда БҰҰ. қамқорлығына алынып, 1951 Ливия, 1960 Сомали тәуелсіздіктерін алды. Осман империясы ыдырағаннан кейін бірнеше араб мемлекеттері пайда болды. 1932 Ирак, 1936 Египет мелекеттері пайда болды. 1945-1946 жылдары Франция Сирия мен Ливанға иелік етуден бас тартты. Африканы отарсыздандыру процесіндегі шешуші оқиғалар 1960 жылдары орын алды, сондықтанда бұл жыл тарихта «Африка жылы» деген атпен қалды.
Африка территориясы негізінен Англия мен Францияның иелігінде болды. 1960 жылы қырық бестей ел тәуелсіздік алды. Португалиядағы авторитарлық режим құлағаннан кейін Ангола мен Мозамбик күрес нәтижесінде тәуелсіз ел болды. Ең соңында 1990 жылы Намибия бостандық алды.
Африканың отарсыздануы тайпалар арасында қақтығыстар нәтижесінде жүзеге асты. Жаңа мемлекеттердің көпшілігінде билік басына әскери диктатуралар, монархиялық режимдер, азғана билеуші партиялар басқарады. 80- жж. Африка халқы дүниежүзі халқының шамамен 10 % құрады. Дүниежүзілік өнеркәсіп өнімінің 1% құрады. Африканың сыртқы қарызы жыл сайын өсіп отырды. 1950-1982 жж. 6 млрд –тан 32 млрд. долларға өсті. Африка халқының арасында босып жүрген босқындар өте көп. Тәуелсіздік алу қай елдің болса да еркін өмір сүруіне жағдай туғызады. Орталық және Оңтүстік Африка елдері бытыраңқы толық қалыптаспаған ел болып қала берді.