3.Жаңа тақырыпты түсіндіру: 20 мин.(22%)
Мақсаты: жаңа сабақ бойынша түсінік беру. 1.1Тақырып жоспары:
1.ХІХ ғ. аяғы ХХ ғ. басындағы капиталистік елдердегі саяси жағдай.
2.Капитализмнің дамуындағы жаңа құбылыстар.
3. «Көмір мен болат индустриясы» дәуірінің аяқталуы.
4. ХІХ ғ. аяғы ХХ ғ. басындағы алдыңғы қатарлы елдердің әлеуметтік экономикалық дамуы.
5. ХІХ ғ. аяғы ХХ ғ. басындағы Азия елдері.
Ақпараттық дидактикалық бөлім. Соғыстың басталуына 1914 ж. 28 маусымында Сараевода Босния мен Герцеговинадағы австрия тағының мұрагері эрцгерцог Франц-Фердинандтың өлтірілуі сылтау болды. Террористік актіні іске асырушы Гаврило принцтің ұлты серб болып шықты. Австро-Венгрия өкіметі Германияның мақұлдауымен Сербияға ультиматум қойды. Ультиматумның талаптары Сербияның тәуелсіздігіне нұқсан келтіретіндей еді. Серб үкіметі Ресейдің келісімі бойынша барлық талаптарға келісті. Бірақ бұл есепке алынбады.
28 шілдеде Австро-Венгрия әскері Сербияға, 1 тамызда Германия Ресейге, 3 тамызда Францияға соғыс жариялады. Келесі күні соғысқа Ұлыбритания қатысты. Жапония Германияға соғыс жариялады. Оның мақсаты Германияның Тынық мұхиттағы отар жерлерін басып алу еді. Германия өз жағына Туркияны, Болгарияны тартты. Осылайша Бірінші дүниежүзілік соғыс басталды. Немістер француздардың территориясына Бельгия арқылы басып кіріп, күзге дейін жаулап алмақшы болды. Соғыстың бұл жоспарын біраз уақыт бұрын генерал Шлиффен жасады. Бірақ бұл жоспар толығымен іске аспай қалды. Осы кезде Франция Ресейге Шығыс майданда соғыс ашуын өтінді. Сол арқылы Париж жаудың басып алу қаупінен аман қалды.
1915 ж. Германия мен Австро-Венгрия Шығыс майдандағы соғысты күшейтіп, Ресейді соғыстан шығарып тастамақ болды. Германия Ұлыбританияға қарсы сүңгуір қайықтар қолданды. Германия Ипр түбінде химиялық қару –газды қолданды. Ол кейін «иприт» деп аталды.
1916 ж. Верден маңында үлкен шайқас болды. Бір жылда 1 млн. аса солдат қаза болды. Верденде соғысып жатқан Германияны әлсірету мақсатында ағылшындар Сомма өзенінің бойындағы қорғаныс шебін бұзуға әрекет жасады. Ағылшындар осы кезде алғаш рет танкілерді қолданды. Осы жылы Шығыс майданында соғысты генерал Брусилов жүргізді.
1916 ж. бастап соғыс қимылдарындағы стратегиялық бастама Антантаға көшті. Германия Африка мен Тынық мұқиттағы отарларынан айырылды.1917 ж. АҚШ Германияға соғыс жариялады.
Соғысқа қатысып жатқан елдердің барлық күші майданға жұмылдырылды. Барлық жерлерде карточка жүйесі енгізілді. Соғысып жатқан елдердің наразылығы өсті.
Ресейде 1917 ж. революция болып патшаны тақтан кетірді. Орнына Уақытша үкімет келіп, жүргізген реформалары халықты қанағаттандырмай, билік кеңестердің қолына көшті. 1918ж. 3 наурызда Брест келісім шарты бойынша Ресей соғыстан шығып, біраз жерлерінен айырылып, Германияға контрибуция төледі. Бірінші дүниежүзілік соғыста көптеген бұрын қолданылмаған жаңа қарудың түрлері: газдар, самолеттер, пулеметтер, бомбалар, танктер қолданылды.
1918 ж. соғыста Германия 800 мыңнан астам солдаттарынан айырылды. АҚШ соғысқа кіріскеннен кейін Антанта одағының күші басым болды. Германияның жақтастары жеңілетінін біліп, Болгария мен Осман империясы қыркүйек айында соғыстан шығып кетті.
1918 ж. 9 қарашада Германияда революция басталып, республика болып жарияланды. Революция Австро-Венгрияны да қамтып, нәтижесінде бірнеше мемлекет Чехословакия және Югаславия пайда болды.
1918 ж. 11 қарашада Компьен орманында Германия жеңілгенін мойындап келісімге қол қойды. Брест бітімі жарамай қалды.
Қорыта келгенімізде еуропа өркениетінде дағдарыс орын алды. Ресей, Австро-Венгрия, Германия, Осман империялары ыдырап, жаңа мемлекеттер пайда болдды. Соғысқа 38 мемлекет қатысты. 10 млн. адам опат болды. Соғыс шығындары үш жүз млрд. долларға тең болды.