3.Жаңа тақырыпты түсіндіру: 20мин(22%)
Мақсаты: жаңа сабақ бойынша түсінік беру.
1.1Тақырып жоспары:
1.Соғыстан кейін бітім шарттардың жасалынуы.
2.Соғыстан кейін Еуропа елдерінде болып өткен революциялар.
3. Соғыстан кейінгі АҚШ.
4.Дауэс жоспарының енгізілуі.
5.Еуропа елдерінде фашистік топтардың пайда болуы.
Ақпараттық дидактикалық бөлім. Бірінші дүниежүзілік соғыстың жеңімпаз елдерінің конференциясы 1919 ж. 18 қаңтарда Версаль сарайында болды. Конференцияға 27 ел қатысып, Кеңестік Ресей шақырылмады. Конференцияға қатысқан елдер әрқайсысы өз пайдасына шешпек болды.
В. Вильсонның талап етуімен Париж конфернециясында халықаралық бейбітшілікті қамтамассыз ету мақсатында Ұлттар Лигасын құру туралы шешім қабылданды. Лиганың ең жоғарғы органы – Ассамблея. Кеңестің тұрақты мүшелері болып бес мемлекет-АҚШ, Ұлыбритания, Франция, Италия, Жапония сайланды.
Версаль бітім шарты бойынша Германия барлық отарларынан айырылып, Антанта елдеріне репарация төлеуге міндетті болды. Германия Эльзас пен Лотарингияны Францияға қайтарды. Саар облысын басқару он бес жылға Ұлттар лигасына берілді. Отар елдерін Англия, Франция, Жапония өзара бөлісті.
Шарттың әскери баптары мынадай болды: Герман басштабы таратылды, әскерінің саны жүз мың адаммен шектелді, су асты флотын, ірі су үсті кемелерін, танк құрамаларын, әскери авиация иеленуге тыйым салынды. Антанта елдеріне 132 млрд. алтын марка репарация төлейтін болды. Бұл неміс халқы үшін үлкен ауыртпалық еді. Версаль бітімі туралы келісімге 1919 ж. 28 маусымында қол қойылды.
1921-1922жж. Вашингтон конференциясы болды. Конференцияға Ұлыбритания, Франция, Жапония, Италия, Бельгия, Португалия, Голландия, Қытай қатысты. Вашингтон конференциясында қаралған мәселелер Версаль шартын толықтырып, Версаль-Вашингтон жүйесін құрады.
Еуропа халқы да соғыстың аяқталуына қатты қуанды. Қаншама адам үйінен айырылып қаңғып қалды. Халық жұмыссыз қалып, аштық та болды. Соғыстан кейін Еуропа елдерінде жаңа партиялар мен қозғалыстар қалыптасты.
1918-1919 жылдары Батыстың кейбір капиталистік елдерінде оңшыл радикалдық экстремистік қозғалыс пайда болды, олар жалпы фашизм деп аталды.
1919 ж. ақпанда Веймар қаласында Құрылтай жиналысы болып, конститутция қабылдады. Германия тарихында Веймар деп аталатын жаңа кезең басталды.
1919 ж. 21 наурызда Венгрия кеңес республикасы жарияланды. Осы жылдың тамыз айында бұл республика қайта құлады. 1918ж. Чехословакия мемлекеті пайда болды. Осы жылы Югославия мемлекеті де пайда болды. 1921 ж. Польша республикасы пайда болды. 1919-1920жж. Латвия, Литва, Эстония буржуазиялық-демократиялық республикалар орнады. Қорыта айтқанымызда Еуропа елдерінде соғыстан кейін бірнеше тәуелсіз мемлекеттер пайда болды.
1924 ж. америкалық банкир Дауэс халықаралық несие-қаржы және сауда қатынастарын қалпына келтірудің стратегиялық жоспарын жасады. 20-шы жылдардың екінші жартысында барлық капиталистік елдер экономикасын соғыстан бұрынғы дәрежесінен асырып түсірді. Әсіресе АҚШ экономикасы жедел дамыды. Салыстырмалы түрде Англия артта қалды. Бірақ экономикада тұрақтылық болмай, сұраныс пен ұсыныстың тепе-теңдігінің сақталмауының нәтижесінде 1924 ж. 24 қазанда Нью-Йоркте экономикалық дағдарыс басталды. Соғысқа ең соңында қатысқан АҚШ ең бай, қуатты мемлекетке айналып шыға келді.
1923 ж. 8 қарашада Мюнхенде фашистердің бір тобы фашистік диктатураны орнату ұрандарымен көшеге шықты. Адольф Гитлердің басшылығымен болған фашистердің бұл бүлігі «сыра бүлігі» деген атақ алды, себебі олар жиналыстарын үнемі сыраханада өткізді. Германия Дауэс жоспарын пайдалану арқылы соғыстан бұрынғы дәрежесінен асып түсті.
20-шы жылдары Англия экономикасын қалпына келтіру баяу болды. Химия өнеркәсібі жылдам дамығанымен кеме жасау, көмір өңдіру артта қалды.
Франция соғыстан жеңімпаз мемлекет болып шықты. Соғыстан кейін экономикасы жылдам дамыды. Себебі репарацияның көп бөлігі француздарға бөлінген еді.
Италия соғыстан әлсіреп шықты. Мұнда фашистік ұйымдар 1919 жылдан бастап құрылды. Оның неізін қалаушы Бенито Муссолини болды.