4.Жаңа тақырыпты бекітуге арналған сұрақтар: 20 мин.(22%)
1.Жаңа тақырыптар бойынша негізгі түйінге тоқталу.
2.Негізгі терминдер мен тезистерді практика дәптеріне түсіру.
5.Сабақты қорытындылау.3 мин.(3,3%)
1.Оқушыларды бағалау.
2.Сабақтың тақырыбы: Екі дүниежүзілік соғыс аралығындағы Шығыс елдері.
6.Үй тапсырмасы: 2мин.(2.2%) 1.Жоғарыда көрсетілген әдебиеттерден үй жұмысына дайындалу.
2.Қосымша жұмыс:
Реферат тақырыбы:
1.Соғыстан кейінгі Қытай мемлекеті..
2.Соғыстан кейінгі Жапония мемлекеті.
№ 7 сабақ І.Тақырыбы: Латын Америка елдері
ІІ.Оқу сағаты-2 90 мин (100%)
ІІІ.Сабақтың түрі: аралас
ІV.Сабақтың мақсаты: -Оқушыларға ХХ ғ. басында латын елдерінің тауарларына деген сұраныстың күшейіп, Аргентина, Бразилия, Чили сияқты мемлекеттердің күшейіп, демократиялы қоғам қалыптаса бастағанын түсндіру.
- Соғыстан кейін латын елдерінің экономикасы алға жылжығаны мен экономикасының шын мәнінде басқа елдерге тәуелді болғаны туралы айту.
-Оқушыларға Латын Америка елдері мен АҚШ Екінші дүниежүзілік соғыстан бұрын ынтымақтастық келісіміне қол қойғаны туралы түсіндіру.
V. Пәнаралық байланыс: Этнография ғылымы, жағрафия, археология ғылымы, қазақстан тарихы.
VІ. Сабақтың әдістемелік қамтамассыз етілуі:
а) әдебиеттер:
Қазақстан тарихы 11-кл.Алматы «Мектеп» 2007 ж
Дүниежүзі тарихы 10-сынып
ХХғасырдағы дүниежүзі тарихы. 11-сынып 2005 ж.
б) тесттер, кестелер, қима қағаздар
Оқыту орны: аудитория
VІ. Сабақтың барысы 1.Ұйымдастыру кезеңі 5мин(5,5%)
Мақсаты:Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу, сабаққа дайындығын тексеру, сабаққа дайындығын қалыптастыру.
1.Үй жұмысын тексеру:10мин (11%)
2.Сабақтың тақырыбы бойынша жан-жақты сұраулар қою: 30мин.(33%)
1.Түркияда болған революцияны қашан кім ұйымдастырды?
2.Кеңестік Ресей не себепті Иран, Түркия, Ауғанстан елдеріне қаржылай көмек берді?
3. Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін де неліктен Шығыс елдері отаршылдықта қала берді?
4.ХХ ғ. басында Азия елдерінің ішінде дамыған елді ата.
5.Сунь Ятсен дегеніміз кім?
6. Үндістанда тәуелсіздік алу үшін күрес жүргізген тарихта аты қалған тұлғаны ата?