1.Үй жұмысын тексеру: 10 мин.(11% )
2.Сабақтың тақырыбы бойынша жан-жақты сұраулар қою. 30 мин.(33%)
1. ХІХ ғ. аяғы ХХ ғ. басындағы Еуропа елдеріндегі демографиялық өзгерістердің болу себебі?
2. Мемлекеттің экономикадағы рөлінің артуына не себеп болды?
3. Басты мемлекеттер арсында дүниені қайта бөлісу күресі неліктен күшейді?
4. Имперализм дегеніміз не?
5. Ағылшын-бур соғысы қай жылдарды қамтыды?
6. Германияда ұлтшылдық пен шовинизм өсуінің себептері?
3.Жаңа тақырыпты түсіндіру: 20 мин. (22%)
Мақсаты: жаңа сабақ бойынша түсінік беру. 1.1Тақырып жоспары:
1.ХІХ ғ. аяғы ХХ ғ. басындағы капиталистік елдердегі саяси жағдай.
2.Капитализмнің дамуындағы жаңа құбылыстар.
3. «Көмір мен болат индустриясы» дәуірінің аяқталуы.
4.ХІХ ғ. аяғы ХХ ғ. басындағы алдыңғы қатарлы елдердің әлеуметтік экономикалық дамуы.
5.ХІХ ғ. аяғы ХХ ғ. басындағы Азия елдері.
Ақпараттық дидактикалық бөлім. ХІХ ғ. аяғы ХХ ғ. басында Еуропа, Америка елдерінде Конститутциялық құрылыс нығайып, сайлау құқықтары кеңейтіліп, парламенттік жүйенің нығаюына мүмкіндік туды. Әйелдерді манципатциялау (еркектермен құқығын теңестіру) үшін, әлеуметтік заңдар үшін демократиялық қозғалыстар күшейді, шіркеудің рөлі төмендеді. Капиталистік елдерде демографиялық өзгерістер күшейді. Еуропада халқы 1870-1914 жж. аралығында 300-450 млн. өсті. 1880 ж. Еуропа халқының саны 1,5 млн. асатын сегіз қала болса 1914 ж. олардың саны 29 жетті. ХІХ ғ. соңы мен ХХ ғ. басында орын алған капитализмнің белгілері- жеке меншік, нарық қатынастары, пайда , бәсеке, экономикалық шешім қабылдаудың еркіндігі.
ХІХғ. аяғы ХХғ. басында Африкадағы, Азиядағы, Тынық мұқиттағы жерлерді басып алу жөніндегі бәсеке өрши түсті. ХІХ ғ. 80-ші жылдары Африканың он пайызы ғана еуропалықтардың иелігінде болды. 1900 ж. Африканы жеті еуропалық елдер өзара бөлісіп алды. Ірі Африка елдері-Нигерия, Кения, Уганда, Танганьика, Родезия, Египет, Судан Англияның отарына айналды.
Франция Мадагаскарды, Батыс және Орталық Африканың бір бөлігін иемденді.Германияға Шығыс пен Оңтүстік-Батыс Африкадағы территориялар мен Того, Камерун тиді. Италия Ливия мен Сомалидің бір бөлігін, Бельгия Конгонды басып алды. ХХ ғ. басында оларды қайта бөлісу күшейді.
ХХ ғ. басында ауыр өнеркәсіпті дамыту негізінен аяқталды. Темір жол құрылысы кеңейді. Аса ірі кемелер салыну ісі де өрістеді. ХХғ. басында Ұлыбритания, АҚШ, Германия, Франция, Бельгия елдері технологиялық дамудан алдыңғы қатарға шықты. Жедел индустриялану жолына Швеция, Италия, Ресей, Автро-Венгрия, Канада, Жапония елдері түсті.
Экономикадағы жаңа процестермен байланысты капиталистік елдерде дамудың басты бағыты жаңа техника мен жаңа технологияны дамыту болды. ХІХ ғ. соңында мынадай жаңалықтар ашылды. 1876 ж. телефон, 1897 ж. телеграф, 1877 ж. кинематограф, 1876-1895 жж. генераторлар мен электроматорлар, 1886 ж.алғашқы автомобиль, 1903ж. тұңғыш самолет ойлап шығарылды. Әскери техника жедел қарқынмен өсті. Аталған жаңалықтарды капиталистік елдерде алдыңғы топтағы адамдар ғана қолдана алды. ХХғ. басында экономикалық күш қуатты іске асырудың екі бағыты анықталды.
Бірінші мүмкіндігі-күш-қуатын қауіпсіздігін нығайтуға, территорияларды басып алуға жұмсау. Екінші мүмкіндігі әлеуметтік реформалар жүргізу болды.
1913ж. Еуропа елдерінде өңдірісте жарақат алғандарға жәрдем көрсетудің әр түрлі жүйелері енгізілді. 1911ж. Англияда жұмыссыздықтан сақтандыру енгізілді. 1913 ж.Швецияда бірінші рет зейнетақы берілетін болды. Барлық индустриалды елдер ғылымға, денсаулық сақтауға көбірек көңіл бөле бастады. ХХғ. басында дамыған капиталистік елдерде Индустриялдық өркениет қалыптасты.
ХХ ғ. басында Еуропа мен Азия елдерінің арасында алшақтық күшие тусті. Дәстүрлі шығыс қоғамында мемлекеттік билік пен жоғарғы билеушінің рөлі күшті болды. ХІХ ғ. аяғы ХХ ғ. басында шығыс елдерінде де темір жолдар мен порттар, фабрикалар салынды. Бірақ батыстан айырмашылығы сөз жүзінде дербес іс жүзінде шетел капиталына тәуелді елдерге айналды. ХХ ғ. басында ұлттық өнеркәсіп мануфактуралық деңгейде қалды. Шығыс елдерінде отаршылдыққа қарсы көтерілістер Қытайда, Кореяда, Үндістанда, Персияда, Вьетнамда, араб елдерінде орын алды. Азия елдерінде бір мезгілде нәтижесіз революциялар болып өтті.
1911-1912 ж. Синхай революциясы, 1908 ж. Жастүріктер революциясы, 1905-1911 ж. Иран буржуазиялық революциясы, 1910-1917 ж. Мексикада революциялар болды.
ХХ ғ. басында Еуропада екі әскери одақ құрылды. Үштік одақ 1882 ж. құрылды. Оған кіретін мемлекеттер: Германия, Италия, Австро-Венгрия. 1904ж. француздар мен ағылшындар Антанта шартына қол қойды. 1907 ж. Антантаға Ресей қосылды. Аталған екі одақтың арасында ХХ ғ. басында соғыс оты тұтануға дайын еді.