3.Жаңа тақырыпты түсіндіру: 20 мин.(22%)
Мақсаты: жаңа сабақ бойынша түсінік беру. 1.1Тақырып жоспары:
1.Ресейдегі ақпан, қазан революцияларының болуы.
2.Кеңестердің билікке келуі.
3. Жаңа экономикалық саясатқа көшу.
4.Ауыл шаруашылығын ұжымдастыру.
5.Индустрияландыруды жүзеге асыру.
Ақпараттық дидактикалық бөлім. Қазан революциясынан кейін Ресейде пролетарлық мемлекет құрылысы басталды. 1918 жылы қаңтарында Ресей Кеңестер Республикасы деп жарияланды. Мемлекеттің экономикалық саясаты жеке меншікті жою болды. Әлеуметтік салада большевиктердің әрекеттері ақысыз білім беру, дәрігерлік көмек көрсету, сегіз сағаттық жұмыс күнін енгізу, балалардың еңбегін қанауға тыйым салу болды. Сыртқы саясаты негізінен соғысты аяқтауға бағытталған.
Большевиктер билікке келгеннен кейін меншік иелері, дворяндар қарсы шықты. 1918 жылы басталған Азамат соғысы шетелдік интервенциямен қосылды. Контрреволюциялық күштердің арасында Англияның, Францияның, Италияның, Жапонияның, Польшаның әскерлері соғысты.
Қызыл Армия әскерлері ақтардың әскерін ғана талқандамай, шетел басқыншыларында елден қуып шықты. 1920-шы жылы Азамат соғысы аяқталды.
Бірінші дүниежүзілік соғыс, революциялар, азамат соғысы елге көп шығын әкелді. Өнеркәсіп өнімдерін шығару жеті есе, ауылшаруашылық өнімдері екі есе азайды. 1921ж. кейбір аймақтарда егіннің шықпай қалуына байланысты аштық жайлады.
1921 ж. наурызында РКП –ның Х сьезі соғыс коммунизм саясатын жаңа экономикалық саясатпен ауыстыруға шешім қабылдады.
Ресей көп ұлтты мемлекет. Оның басты проблемасының бірі ұлт саясаты болды. 1917 ж. Кеңес үкіметі Финляндияның, 1918 ж. Польшаның тәуелсіздігін жариялады. Бұрынғы Ресей империясының орнына Украйна, Белоруссия, Әзірбайжан, Грузия, Арминия, Закавказье, сияқты бірнеше мемлекеттер өмір сүрді.
1922 ж. 30 желтоқсанында Кеңестердің бірінші сьезі КСРО-құрылуы туралы Шарт пен декларацияны бекітті. 1924 ж. КСРО - тұңғыш конститутциясы қабылданды.
1925 ж. БКП-ның ХІҮ сьезі елді индусрияландыру бағытын жариялады. 1928-1932 жж. бірінші бесжылдық жоспар қабылданды. Бұл жоспар толығымен жүзеге аспады. Дегенмен осы жылдары 1500 аса өнеркәсіп салынды. Екінші бесжылдық 1933-1937 жж. қамтыды. Бұл кезде 4,5 мыңнан аса жаңа зауыттар мен фабрикалар салынды. Болат өңдіру үш есе, электр қуатын өңдіру екі жарым есе, көмір өңдіру 3,6 есе, мұнай екі жарым есе артты.
Ауылшаруашылығын ұжымдастыруға бағыт алу 1927 ж. бастап жүзеге асырылды.1936 ж. жаңа конститутция қабылданып, ол сталиндік конститутция деген ат алды. 30-шы жылдары жаппай жазалау кең етек алды. 1937-1938жылдары жүз мыңдаған жазықсыз жандар құрбан болды. КСРО сыртқы саясатта АҚШ, Франциямен дипломатиялық қатынас орнатты.
1939 жылы 23 тамызда шабуыл жасаспау туралы келісімге қол қойды.