Саяси жүйенің жіктелуі жөнінде ғалымдар арасында ортақ пікір жоқ. Олар бұл мәселеге әр жақтан қарайды, әр түрлі өлшемді (критерийді) пайдаланады. Мысалы, марксизм формациялық көзқарасты басшылыққа алып (өндіріс тәсілінің және қоғамның таптық құрылымының өзгешеліктеріне қарай) оны құлдық, феодалдық, капиталистік және коммунистік саяси жүйе деп бөледі.
Ал У. Ростоу және т.б. "экономикалық есу сатысы" деген тұжырымдаманы алға тартады. Олардың ойынша, адамзаттың даму тарихы мынадай бес сатыдан тұрады: