Оқылым дағдыларын дамытуға арналған мәтіндер 1-мәтін.Мәтінді оқып, астындағы тест тапсырмаларын орындаңыз. Гүл сыйлау арқылы бір-бірімізге деген ыстық сезімізді,шынайы достығымызды білдіреміз.Гүлді үлкенге де, кішіге де, замандасқа да, әртіске де, әншіге де ұсынамыз.Бірақ әрбір жағдайда әр түрлі гүл ұсынылады.Осыны ескерген жөн.Гүлдесте жасаудың ережелерін сақтау қажет. Бұл ережелерді сақтамаса,гүлдердің эстетикалық сәні жоғалады.Гүлдестені бір гүлден немесе әр түрлі гүлдерден де жасауға болады.
Гүл шоқтарының ішінде қызыл гүл әрқашан ерекшеленіп тұрады. Қызыл сары және сары түстерде өмір,сәуле,қуаныш деген ұғым бар.Көгілдір және көк түсті гүлдер сары,қызғылт сары, ақ және ақшыл қызыл түсті гүлдермен жақсы үндестік табады.
Туған күнге арналған гүлдестінің көлемі шағын, ал тойға көлемдірек бір ғана гүл түрінен жасалған шоғын немесе гүлді себетке салып тарту ету жарасымды. (101)
1.Гүл сыйлау нені білдіреді? А)шынайы достықты
В) мәдениеттілікті
С)ұқыптылықты
Д) үндестікті
Е) сезімді
2. Мәтінде қандай антоним сөздер бар? А) замандас,құрбы
В) үлкен,кіші
С) гүлдес, гүл шоғы
Д) туған күн, мерейтой
Е) үндеседі,байланысады
3.Мәтінде қандай синоним сөздер бар? А) шағын,үлкен
В) сақтайды, жоғалады
С) гүлдес, гүл шоғы
Д) өмір,қуаныш
Е) сән,эстетика
3.Мәтіндегі негізгі ой қандай? А) Гүл сыйлау арқылы бір-бірімізге деген ыстық сезімізді,шынайы достығымызды білдіру.
В) Гүл шоқтарының ішінде қызыл гүл әрқашан ерекшеленіп тұрады
С) Гүлдесте жасаудың ережелерін сақтау.
Д) Гүлді үлкенге де, кішіге де, замандасқа да, әртіске де, әншіге де ұсыну.
Е) Туған күнге арналған гүлдестінің көлемі шағын болу керек.
4.Мәтін неге үйретеді? А)құрметтілікке
В)мәдениеттілікке
С)сыпайлылыққа
Д)білімділікке
Е)татулыққа
5.Мәтіннің тақырыбы А) Гүл сыйлау- шынайы достықтың белгісі
В) Гүлдесте жасаудың ережелері
С) Гүл сыйлай білесіз бе?
Д) Гүл-өмірдің сәні
Е) Гүл шоқтарының ерекшелігі